П/п Наименование дисциплины


Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы ҚАРА КӨЗ



бет13/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
бірінші жартысы

201
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
ҚАРА КӨЗ
Шіркін-ай жақындығы қандай еді, 
Құрбының өзі теңдес маңдайы еді. 
Ахау, айым, қара көз айым, 
Кез болған кезең жерде сəулетайым.
Бағдаттай кең шаһарда гүл жазира, 
Мақсатқа жетемін бе, уа, дариға. 
Ахау, бұлбұл, мойның бұрғыр, 
Бұралып тал шыбықтай жолда тұрғыр.
Лағыл тас су түбінде жатады алтын, 
Суының беті жылы, түбі салқын. 
Суынан сол лағылдың сүзіп алып, 
Азырақ көрер ме еді бар рахатын. 
Ахау, айым, жорға тайым, 
Кез болған кезең жерде, қалқатайым.


202
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
«ЖАЛҒЫЗТАУ»
«Бісміллə» — деп бастайын, 
Жадымда алып алланы. 
Бісміллə жүрсе аузыңда, 
Жан тəніңнің қорғаны, 
Дəулет пен бақ, ауру, сау, 
Бір алланың пəрмені. 
Шешен деп айтса, біреуді, 
Аузына құдай салғаны. 
Тіл жақсысын бермесе, 
Пəнденің нешік дəрмені? 
Қайырсыз пəни сұм дүние, 
Баяны жоқ жалғаны. 
Жеріне жетіп шаппаса, 
Ешкім бабын таппаса, 
Жүйріктің кетер арманы.
Жүйріктіктің белгісі, 
Артында үлгі қалғаны. 
Қас ақымақтың белгісі, 
Қиюсыз сөзге нанғаны. 
Жомарттықтың белгісі, 
Мұхтар жи нашар алғаны.
Жұрты келсе үймелеп 
Кетпесе дұшпан кимелеп, 
Маңдайдан шырақ жанғаны. 
Дариялықтың белгісі, 
Шөлдеген мақұлық тойғаны. 
Қорқақтықтың белгісі, 
Айтқан бір сөзден танғаны. 
Ақсүйектің белгісі, 
КОНСПЕКТ

 

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі ірі тұлға, ғалым, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, аудармашықазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы, аса көрнекті қазақ ақыны – Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 5 қыркүйекте Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде өмірге келген.



Ахмет он үш жасынан бастап әділетсіздіктің ащы зарын тартқан. Әкесі Байтұрсын інісі Ақтас екеуі ауылына келіп ойран салған, қарапайым адамдарға зорлық-зомбылық көрсеткен ояз бастығы Яковлевтің басын жарып, қамшының астына алып сілейте сабағаны үшін он бес жылға сотталып, Сібірге жер аударылған. Бұл кезде Ахмет он үш жаста болған. Көкірегіне шемен болған осы оқиға Ахметтің «Анама хат» өлеңінде:

 

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

 

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам, –

 

деген жолдармен берілген.



 

Ауыл молдасынан хат таныған А. Байтұрсынов отаршыл озбырларға қарсы күресу үшін орысша оқу қажет екенін түсініп, Торғай, Орынбор қалаларына барып, білімін толықтырып отырған. Өз ұлтының бостандық жолындағы рухани басшысына айналған А. Байтұрсыновтан сескенген патша жандармдары оны сегіз ай Семей түрмесінде қамауда ұстап, кейіннен Қазақстанда тұру мүмкіндігінен айырып, Орынборға жер аударған. Осылайша елім деп еңіреген, халқым деп қабырғасы қайысқан нар тұлға Ахмет әке тағдырын өз басынан кешірген. Ел-жұртты оятудың бірден-бір жолы бұқаралық ақпарат құралы екенін түсінген А. Байтұрсынов 1913 жылы Орынборда тұңғыш қазақ баспасөзі – «Қазақ» газетін ашқан. 1918 жылы жабылғанға дейін, А. Байтұрсыновтың өзі айтқандай, газет «... халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болған.

 

А. Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» деген Абай туралы мақаласы арқылы Абайтанудың ғылым ретінде қалыптасуына негіз салған.



 

А. Байтұрсынов – ақындық пен аудармашылықты тең ұстаған дарынды тұлға. А. Байтұрсыновтың әдеби, ғылыми мұрасын үш салаға бөліп қарастыруға болады: 1) өлеңдері; 2) аудармалары; 3) тіл және әдебиеттану саласындағы еңбектері.

 

А. Байтұрсыновтың аудармалар жинағы 1909 жылы «Қырық мысал» деген атпен Петерборда басылып шыққан. Жинаққа орыстың мысалшысы И.А. Крыловтың мысалдарынан аударған қырық мысал топтасқан. «Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа», «Қайыршы мен қыдыр», «Ат пен есек» мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды меңзейтін оқиғалар, адамдар психологиясындағы іс-әрекеттер көрініс тапқан. «Қырық мысал» жинағындағы қырық өлеңнің әрқайсысы әр алуан оқиғаны баяндап, қырық түрлі ғибратпен, тұжырыммен, түйінмен аяқталып отырған. Мысалы, «Өгіз бен бақа» мысалында суды қанша сімірсе де өгіздей бола алмай қарны жарылып өлген көлбақаның іс-әрекеті арқылы «Әлін білмеген әлек» деген нақылды насихаттаса, «Қара бұлт» мысалы кедей, жарлыға қайырым жасамайтын сараң байларды сынай отырып, «Бай байға құяды, сай сайға құяды» деген ойға негізделген.



 

А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағы «Маса» деген атпен 1911 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан. Жинаққа енген өлеңдерге Ахмет Байтұрсыновтың өз басынан кешкен ауыр күндер, қуғын-сүргін, жоқтық пен қиыншылық арқау болған. А. Байтұрсынов жеке бастың мұң-шерімен шектеліп қалмаған, жинаққа енген өлеңдерінде ел тағдыры, халық қамы, бостандық, әлеуметтік-қоғамдық, азаматтық идеялар айтылған. «Туысыма», «Досыма хат», «Қазақ қалпы», «Қазақ салты», «Көк есектерге», «Жұртыма», «Қарқаралы қаласына», «Жиған-терген» өлеңдері Абай үлгісімен жазылған. Ақынның «Анама хат», «Жауға түскен жан сөзі» өлеңдері бостандықты, азаттықты армандаған, қорлық-зорлыққа мойымайтын азаматтың тұлғасын суреттесе, «Қазақ салты», «Қазақ қалпы» өлеңдерінде қазақ халқын шарпыған отаршылдықтың өртіне, «еспесі жоқ қалтылдақ қайық мініп, теңізде жүрген» халықтың ауыр халіне наразылық білдірген. «Маса» жинағында А.С. Пушкиннен аударған «Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің», «Ат», «Данышпан Аликтің атасы», «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», И.А. Крыловтан аударған «Сорлы болған мұжық», «Қаздар» шығармалары да берілген.

 

А. Байтұрсынов қоғамдағы әр түрлі оқиғаларға, халықаралық жағдайға, заң, жер мәселесіне байланысты көптеген мақалалар да жазған. А. Байтұрсыновтың тілші, әдебиетші ретінде жазған мақалаларының ішіндегі оқшау тұрған «Қазақтың бас ақыны» мақаласы – Абайтанудың ғылым ретінде қалыптасуына қосылған қомақты үлес. А. Байтұрсынов ел аузындағы фольклорлық шығармаларды да жинап, өңдеп бастырған. Соның бірі – Шоқанның досы, әйгілі орыс ғалымы Г.Н. Потанинге тарту еткен, 1923 жылы Мәскеудегі «Күншығыс» баспасынан шыққан «Ер Сайын» жыры. А. Байтұрсынов жинап, сұрыптап бастырған екінші фольклорлық мұра – қазақ тарихының 400 жылдық мерзімін қамтитын, 1926 жылы Мәскеуде жарияланған «23 жоқтау» атты трагедиялық жырлар жинағы.



 

Ахмет Байтұрсыновты ғалым, әдебиеттанушы, тілші, зерттеуші ретінде танытатын күрделі туындысы – 1926 жылы Ташкентте шыққан «Әдебиет танытқыш» еңбегі. «Әдебиет танытқыштың» бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталған. Кітаптың бір тарауы жазба әдебиет мәселелеріне арналған.

 

Ахмет Байтұрсынов есімі қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы, қазақ әдебиетануындағы әдеби терминдердің баламасын ойлап тапқан ғалым, көрнекті ақын, аудармашы ретінде қазақ әдебиеті тарихында өшпестей болып жазылған.



 

Қоғамда әділетсіздік бел алып тұрған 1929 жылы бір рет ұсталып, лагерьде ұзақ азап көрген А. Байтұрсынов 1937 жылы репрессияға ұшырап атылған.

 

Қазақ халқына «Оян, қазақ!» деп ұран салған қоғам қайраткері, ақын, жазушы, Міржақып Дулатов 1885 жылы Торғай өңірінде дүниеге келген. Екі жаста анасынан, он екі жаста әкесінен айырылған Міржақыптың бүкіл ғұмыры жоқшылықпен, әділетсіздікпен күрес үстінде өткен.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет