Практикалық конференциялардың материалдары және ақындардың арнау өлеңдері мен жыр-дастандары енгізілген



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата29.01.2017
өлшемі13,56 Mb.
#2961
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Еженханұлы Б. Қабанбай батырға қатысты жаңадан табылған сегіз манжу 
құжаты. – Алматы, 2012. – 91-б.
2. Цин Гаоцзун шилу清高宗实录(影印本), Пекин, Чунхуа Шуцзуй баспа-
сы. – 1986.  – 555-ц.
3. Еженханұлы Б. Қазақ хандығы мен Цин патшадығы арасындағы саяси-
дипломатиялық қатынастар туралы қытай мұрағат құжаттары, І том. – Алматы: 
Дайк-Пресс, 2009. – 460-б.
4. Мұқан Қ., Қайыржан К. Ауд., құраст. Цин әулеті сарай жылнамаларындағы 
қазаққа қатысты деректер(清实录哈萨克史料). – Куйтун: Іле халық баспасы, 
2009.  – 171-б.
5. Сыдықов М.Қ. Тоғыз таңбалы найман – Қаракерей шежіресі. І том. – 
Павлодар,  2009. – 659-б.
6. Алтай аймағының тарихи материалдары – 阿勒泰文史资料 (Қытай 
халық саяси мәслихат кеңесі Іле Қазақ автономиялы облыстық комитетінің Ал-
тай аймақтық қызмет комитеті құрастырған). І том. – Алтай, 2006. – 400-б.
7. «Дала мен қала» газеті, 2013 жыл 7 қаңтар, – № 1(482) сан. – 11-б.
8. Әбдірахман К. Хан батыр Қаракерей Қабанбай. – Астана, 2005. – 
236-б.
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУДЫ ҰЛЫҚТАУ – 
ҰРПАҚТЫҢ ПАРЫЗЫ
(«Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» қайырымдылық 
қорының төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор 
Бекет ТҰРҒАРАЕВТЫҢ сөзі) 
Қазақта «Алтын кездік қап түбінде жатпайды» деген  қанатты сөз бар. 
Мұның мағынасы кең, ұғымы терең.  Біздің халқымыздың тарихында та-
лай-талай жол бастаған  көсемдер, қол бастаған батырлар, сөз бастаған 
шешен дер, көңілдегі көрікті ойды өлең тілмен жеткізе білген ақын-жыраулар 

263
Қожаберген жырау – 350
болған. Алайда, біз олардың бірін білсек, бірін білмей келдік. Оған әр түрлі 
жағдайлар себеп болды. Ең бастысы біреудің боданында болғандықтан басы-
мызда билік, қолымызда мүмкіндік болмады. Сондықтан да өз заманының озық 
ойлы ағартушы ғалымы, ұлы Шоқан: «Әр халықтың кемеліне келіп, өсуі үшін ең 
алдымен азаттық пен білім керек»  деп көрегендікпен болжап айтты. 
Ата-бабаларымыз өмір бойы аңсаған, осы жолда күресіп, қаншама  тері 
мен қанын төккен  азаттық пен еркіндікке біз ХХ ғасырдың аяғында қол 
жеткіздік.  Басымызға бақ болып қонған тәуелсіздік, Қазақстанның өз алдына 
дербес мемлекет болуы саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуымызға ғана емес, 
өткен тарихымызды түгендеп, қилы-қилы «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұмыт 
бола жаздаған қайраткерлеріміз бен тұлғаларымызды тірілтіп, олардан қалған 
мұраларды зерттеуге де даңғыл жол ашты. Осы орайда тәуелсіздіктің алғашқы 
жылдарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  
«...Бүгінде біз бұрмаланған тарихтың үйінділерінен өзіміздің түп-тамыры-
мызды іздеуге мәжбүрміз. Мұнда әңгіме халқымыздың қандай да бір 
бүркемеленіп, дәріптелген тарихы емес, бастан кешкен әр алуан, әрі шынайы 
оқиғалары жайында болып отыр» деп айтқаны бар еді. 
Тіпті, тым алысқа бармай-ақ, әйгілі зұлмат «37 жылдың» құрбаны болған: 
Шәкәрім Құдайбердиев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып 
Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды арыстарымызды 
беріде «бетбұрыс» пен «қайта құру» заманында ақтап алып, туған  халқымен 
қайта қауыштырғанымыз әлі естен шыға қойған жоқ.
Өздеріңіз жақсы білетіндей, кез келген мемлекеттің, елдің дамуы мен өсіп-
өркендеуінде мәдениеттің, тарихтың, өнердің, жалпы рухани саланың алар орны 
ерекше. Жүріп өткен жолымызда, тәуелсіздіктің артта қалған жиырма жылдан 
астам уақыты ішінде экономика мен әлеуметтік саладағы жетістіктерімізге  қоса,   
руханиятта да ауыз толтырып айтарлықтай бірталай игілікті шаралар мен өнегелі 
істер атқарылды. Арғы замандағы хан Абылайдың абыройын асқақтатып, 
Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбайды тұғырына орнаттық, елдің 
бірілігі мен татулығын көксеген Төле, Қазбек, Әйтеке билердің шешендік өнерлері 
мен дипломатиялық шеберліктерін қайта жаңғырттық. Бергі тарихымыздағы 
ұлы Абайдың, жырау Жамбылдың 150 жылдықтарын, кемеңгер қаламгер 
Мұхтар Әуезов пен ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдықтарын, күллі 
түрік жұртының түпқазығы болған Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей-
тойларын кең көлемде атап өттік. Бұлар арқылы ұлттық сана-сезімімізді оя-
тып, ізбасар ұрпақтың санасына сәуле түсірдік. Арнайы қабылданған «Мәдени 
мұра» стартегиялық бағдарламасының аясында да талай шаруалар тындырылып, 

264
        Қожаберген жырау – 350
жүзеге асырылды. 2000  жылы  «Мәдениет жылы» деп жарияланды. Бұл да 
ба рымызды бағалап, жоғымызды түгендеуге ықпал етті. Мәдениеттің мәртебесі 
көтерілді. Осындай ұстаным мен саясат, бағыт-бағдар өзге тұлғалар мен қатар 
Қожаберген жырау бабамызды «алтын кездіктей қап түбінен шығарып»,  қай-
та тануға шарапатын тигізді. «Мәдениет жылы» деп жарияланған сол 2000 
жылдың  аяғында, яғни желтоқсанның 19-21 күндері Қазақстан Ұлттық ғылым 
академиясының ұйымдастыруымен Петропавл қаласында «Қожаберген жырау 
Толыбайсыншыұлының  Отан тарихы мен қазақ поэзиясында алатын орны» де-
ген тақырыпта алғаш рет республикалық ғылыми-теориялық конференцияның 
болып өткенінен көпшілік хабардар.  Айтулы ғалымдар мен мамандардың, 
білікті тарихшылар мен әдебиетшілердің басын қосқан аталмыш алқалы жиын 
Қожаберген жырау бабамызды жұртшылыққа тереңірек таныстыра түсті. Тари-
хымыз бен әдебиетіміздегі алар орнын бағалап көрсетті. 
Ақиқатын айтсақ, біз бұған дейін Қожаберген жырау есімін «Елім-ай» 
әні мен «Елім-ай» дастаны арқылы еміс-еміс естіп келдік. Соның өзінде ол 
шығармалардың мәні мен маңызы зор болатын. Өйткені, тасқа қашалып, қағазға 
жазылмағанымен ұлан-ғайыр даланы алып жатқан қазақ сахарасының тари-
хы ұрпақтан-ұрпаққа осындай өлең-жыр, ән мен күй, қисса-дастан, толғаулы 
термелер арқылы жетіп отырды. Ол мұралар ауыз әдебиетінің құнды  туын-
дылары болып қана қоймай, оларда халқымыздың ғасырлар қойнауындағы 
тыныс-тіршілігі, көшпелі тұрмыстағы салт-дәстүрі, бастан кешкен оқиғалары, 
мұңы мен сыры, қайғысы мен қуаныштары жатты. «Елім-ай» эпопеялық дас-
таны қазақ халқының сыртқы жауларға тойтарыс беруге бағытталған жарты 
ғасырлық әділетті күресін, азаматтық соғысын баяндап қана қойған жоқ, жас-
тарды отаншылдыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа үндеген әскери-патриоттыққа  
тәрбиеледі.
Парасат-пайымы биік, отаншылдығы жоғары тарихшыларымыз бен 
әдебиетшілеріміздің зерделі зерттеулерінің арқасында Қожаберген бабамыздың 
жырау мен ақындығына қоса, ел басына күн туғанда жауға шапқан батыр, қол 
бастаған баһадүр, жеті жұрттың тілін білген елші-дипломат болғанын танып 
білдік. Батыр, қолбасшы дейтініміз, ол халқының тәуелсіздігі мен бостандығын 
бәрінен жоғары қойып:
Шабуылы жау қалмақтың күшті екен деп,
Кетпеңдер жаудан қорқып, тарап бәрің.
Кеудеңде шыбын жаның болса егер,
Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын! –  

265
Қожаберген жырау – 350
деп қаруластарын бірлікке, ерлікке шақырды. Бұл – нағыз отаншылдықтың  
биік үлгісі.
Үш ғасырға созылған қазақ-қалмақ шапқыншылығының халқымыздың 
өміріндегі ауыр кезең болғанын, мұнда жан берісіп, жан алысқан, қаншама қан 
төгілген шайқастар болғанын тарихтан жақсы білеміз. Тауымыз шағылып, та-
уанымыз қайтып, амалсыз елден, жерден ығысып, «Ақтабан шұбырынды, 
Алқакөл сұламаға» ұшырайтынымыз осы тұста. Бұл халқымыздың бостандығы 
мен тәуелсіздігі жолындағы елдік пен бірліктің, батырлықтың  таразыға түсіп, 
сыналар шағы еді. Соғыстың барысы тарих сахнасына талай ержүрек батырлар 
мен қаһармандарды, сардарлар мен қолбасыларды шығарды. Қожаберген баба-
мыз да сондай баһадүрлердің бірі ғана емес, бірегейі болды. Ол 1688-1710 жыл-
дар аралығында, яғни, 22 жыл бойында қазақ, қарақалпақ, ноғай ұлыстарының 
жасақтарын бастаған қолбасы, Орталық Азия деңгейіндегі  әскери қайраткер 
болып танылды.
Енді бір деректер Қожабергеннің жастайынан нағашысы Жалаңтөс баһа-
дүр Сейітқұлұлының ұрпақтарының қолында өсіп, Үргенші, Бұқара, Самарқанд 
медреселерінде оқып, араб парсы тілдерін меңгергенін айғақтайды. Сондай 
сауаттылығының, зеректігінің арқасында ол өзiне дейінгi  ақын-жыраулары-
ның өлең жырларын, медреседе тәлім алғанда кезінде шығыстың жетi 
жұлдызы атанған Жәми, Низами, Науаи, Физули, Фирдауси, Сағди, Рудаки 
шығармаларын оқып, солардан ғибрат алды. Бұған қоса көне дәуірдегі  Рашид 
ад-Дин, Мырза Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри және өзiнен аз бұрын 
өткен Әбiлғазы баһадүр хан сияқты ғұламалар жазып қалдырған шежiрелерiмен 
таныс болды. Бұл оның дүние танымын, ой-өрісін кеңейтті дейді.
Тәуке хан тұсында Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтары мен парсы, түрікмен 
елі арасында елшілік қызмет атқарғаны, 1688 жылы Әз Тәуке бастаған 
барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожаберген жырауды ордабасы етіп 
сайлағаны осындай білім мен біліктілігінің арқасында оған көрстеліген құрмет 
пен сенім болатын.
  Әз Тәукенің тапсырмасымен атақты «Жеті Жарғыны» ақ былғарыға 
түсіртіп, бұл тарихи оқиға жайында:
Әз Тәукеге қызмет қып, 
Жаздым «Жеті Жарғыны».
Салыстырып талдадым
Бергі менен арғыны, – 

266
        Қожаберген жырау – 350
деген жыр жолдарын қалдыруы Қожабергеннің өз заманының зиялы заңгері 
болғанын білдіреді. Мұндай мемлекеттік істерге білікті де білімді көзі ашық, 
озық ойлы, келешекті де болжай білетін көрген азаматтың тартылытыны  талас-
сыз шындық.
«Жақсының аты көпке ортақ» деп текке айтылмаған. Ақындар, әдебиетті 
зерттеуші ғалымдар Қожаберген бабамызды өзінің «жырау» деген тіркесі айтып 
тұрғандай ең бірінші кезекте өз дәуірінің талантты да дарынды ақыны-жыршы-
жырауы болды деп еншілейді. Бұған талас жоқ. Себебі, Қожаберген жыраудың 
артында оқырман қауымның көңілінен берік орын алған, әдебиетшілердің 
ла йықты бағасына ие болған әйгілі «Елім-ай» дастанынан басқа  «Баба тілі» 
дастанының алғашқы бөлімі, «Ататек» тарихи жырының, «Қуаныш» атты 
өлеңінің, «Ер Қойлыбай» дастанының үзінділері, «Жастық», «Кәрілік», 
«Өсиет», «Наурыз басы», «Насихат өлеңдері» сияқты ондаған шығармалары 
бізге мұра болып қалды. Бұл туындылардың әлі де талай толықтырылып, 
қаншама ғылыми зерттелер мен іргелі ізденістердің тақырыптары болар анық.
Қай кезде де жалпы адамзаттың даму тарихында әрбір адамның өмірдегі 
орны мен мәні қоғамдық қатынастар арқылы айқындалып, елге, халыққа 
жасаған қызметіне қарай бағаланып отырған. Қайтпас қайсар батыр, қаһарман 
қолбасшы, білімге шақырған ағартушы, шежіреші шешен, елдестірген елші 
Қожаберген бабамыздың халқына сіңірген еңбегі орасан зор, ақын-жырау 
ретіндегі қалдырған мұрасы мол. Ол қандай да құрмет көрсетуге де лайық. 
Тарихи тұлғаның өмірі мен қызметін насихаттау мақсатында құрылған біздің 
«Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қорының 
шама-шарқынша жұмыс істеп, бірталай игілікті шараларды атқаруға ұйытқы 
болып келе жатқанын айта кеткім келеді. Мәселен, осы қордың бастамасы-
мен Қожаберген жыраудың туған жеріндегі қорымда жерлестері оған арнап 
күмбез орнатты, құран бағышталып, ас берілді. Жамбыл ауданының орталығы 
Пресновка селосындағы қазақ мектебінің алдындағы алаң Қожаберген аты-
мен аталып, ескерткіш бюсті орнатылды, мектепте мұражайы ашылды. Осы 
сияқты, Петропавл қаласындағы №6 қазақ орта мектебі де ұлы  жыраудың  
есімімен аталады. Қордың қолдауымен: «Қожаберген жырау», «Елім-ай», 
«Баба тілі», «Өнерпаздар әулеті» деген тәрізді кітаптар басылып шықты. Олар 
жұртшылыққа кеңінен таратылып, оқырмандар жылы пікірлеріне ие болды. 
Мұндай өнегелі шаралар мен шаруалар әлі де жалғасын таба бермек. Республи-
ка көлемінде жыраудың 350 жылдық мерейтойының аталып өтуі де баба рухына 
адалдық пен құрметтің, биік ілтипаттың белгісі. 
Жалпы Қожабергендей тарихи тұлғаға қандай құрмет көрсетсек те көптік 
етпейді. Жақында бір топ зиялы азаматтардың атынан үкіметке Петропавл 

267
Қожаберген жырау – 350
қаласындағы әскери институтты даңқты қолбасшы Қожаберген Толыбайұлы-
ның атымен атау жөнінде ұсыныс жасалды. Егеменді ел ретінде дамуымыздың 
айшықты нышаны болып отырған Астанада Қожаберген батырдың еңселі 
ескерткіші тұрса айбынымызды асқақтатып, мереймізді өсіре түсер еді.
Қорыта айтқанда, Қожаберген Толыбайұлы сияқты даңқты тұлғалардың 
есімін ұлықтап,  атқарған істерін, насихаттап, қалдырған мұрасын ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізіп отыру – әр буынның, әр қайсысымыздың ортақ азаматтық 
міндетіміз бен парызымыз.
Өйткені, өсемін, өркендеймін деген әрбір ел «өткенін еске алып, бүгінмен 
өмір сүріп, болашақты ойлап отыруы керек».
  Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
2013 ж.
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУДЫҢ БАҺАДҮРЛІК 
ӨМІРБАЯНЫ: ЗАР-ЗАМАН ТУЫНДАТҚАН 
КӘСІП-НӘСІП ПӘЛСАПАСЫ
( Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ХАА академигі, философия 
ғылымдарының докторы Дәуренбек ӘУБӘКІРДІҢ сөзі) 
Ел-жұртыңды сүйер болсаң, менше сүй деп айтардай ғибраты мен амана-
тын қалдырған ұлы бабаларымыздың бірі Қожаберген Толыбайсыншыұлы 
екендігіне кеш те болса, бүгіндері анық-қанық болып отырмыз. Біреуге біреу 
нанын бөліп берсе де, жанын ұсақтап, үзіп бере алмайды! Бүгінгінің сөзімен 
айтсақ, ешкім де басқа үшін жыр-дастан жазып, күй шығарып, ән құрастырып 
бермейді, арнауы мүмкін, шым-шымдап жымқырып алуы да, айтпай-ескертпей 
иемденіп кетуі де ықтимал, бірақ ақыл-ойын басыбайлы біреудің қанжығасы-
на байлап берді дегенді естімеппіз. Сондықтан да, XVII-XVIII ғасырлардағы 

268
        Қожаберген жырау – 350
зар-заманда «Елім-айлап» жүз жасаған Қожаберген Толыбайсыншыұлы 
бабамыздың, оның тікелей ұрпағы XIX ғасырда азғана ғұмыр кешсе де, «Елім-
жерім» деп орыс империясы алдында тайсалмай, өзін жанпида еткен Сегіз серінің 
(Мұхаммедқанафия Баһрамұлы) еншісіне бірдемесін бермек түгілі, олардан 
аларын алып, ал солардың өздерін болмаған, жай ғана миф-әфсана деп жария 
етіп жүрген пенделер де жер басып жүр ғой арамызда. Тіптен, бұл пенделердің 
кейбірі сондай игіліктердің арқасында нәпақасын тауып, шен-шекпен киіп, атақ-
даңқты иеленуге де арланбайды. Әлбетте, Ресейдің кешегі империялық болмы-
сына құлдық ұрған, содан осы күнге дейін арыла алмай мешел күй кешуші оларға 
не қайыр, олардан қандай тәлім?!
Қанеки, Қожабергенше шындықты шымырлатып кесіп айтар ер қайда:  
Ресейдің қолтығына еніп алды, 
Солардың мылтығымен қаруланды. 
Жоңғарға батыс жақтан демеуші боп, 
Жұртына кіші жүздің ойран салды! 
Осылай екі беттеп тиді қалмақ, 
Ғаскерін күн-түн демей жиды қалмақ. 
Қазаққа екі жақтан шабуылдап, 
Түсірді бейбіт елге ауыр салмақ! 
Үш жүзге дұшпан болып шығыс жақтан, 
Қытай да қаскөйлігін жасап жатқан. 
Айдап сап қалмақтарды халқымызға, 
Көк шалғын сахарамды шаң, қан жапқан! 
Бұл заман, қай-қай заман, қайғы заман, 
Бос кеткен ер еңбегі зайғы заман. 
Айырылып бала-шаға, мал-мүлкінен, 
Жұртыма апат келді өте жаман! 
Алтай мен Жайсаң жақтан көш келеді, 
Тай-тайлақ көш бас сайын бос келеді. 
Айырылған егізінен қандай ауыр, 
Мөлдіреп қара көзге жас келеді! 

269
Қожаберген жырау – 350
Үш жүзді көрші елдер жоқ аяп жатқан, 
Жат болды мұсылмандар дінді ұмытқан. 
Қол ұшын Қоқан, Хиуа бермек түгіл, 
Дұшпанмен бірдей болды пәле баққан!..
Мәскеу түбіндегі Дубна қалашығындағы халықаралық университетте қыз-
мет істейтін Б.Е. Большаков деген досыма «Жазу тарихы» мұражайын арала-
тып жүріп, «Жоңғар басқыншылығы» мүйісіне келгенде мынадай сауал қойдым: 
«Борис Евгеньевич, как так случалось, что русские помогали в столетней во-
йне, инициированной китайской вассальной империей –Джунгарской импе-
рией, джунгарам оружием, пушкой, а не нам – ближайшим соседям?». Сонда 
Бористің берген жауабы: «Дауренбек, большие империи помогают сильным, а 
не слабым!..»
Осы сұхбат сарынының жалғасын мен өзімше ой-топшылаумен толықты-
руыма тура келді: «Яғни, бүгіндері біз екі жақтағы сол баяғы Ресей, Қытай дер-
жаваларымен дос болуымыз үшін солармен тереземіз тең, мықты ел болуымыз 
керек!» Сондықтан да, Елбасының ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиялық 
бағдарламасында даму қарқыны тұрғысынан бұрынғы «Қазақстан-2020» 
стратегиясындағы ең алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарынан өтіп барып, ең 
дамыған 30 елдің қатарына қосылу межесін қолдап, соған қол жеткізсек, Қо-
жаберген баһадүрдің де аманатын ақтағандай болар едік. Ел-жұрттың басына 
түскен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нәубеттен ел мен жерді ара-
шалап, абыроймен алып шығып, екі аждаһа-империя қолдағанына қарамастан, 
қайырылып шаппастай соққы беріп, жер бетінен қазақтың емес, түріктік дүниенің 
емес, «Жоңғар империясының» тып-типыл жойылуына әкелген Қожаберген 
баһадүрге «Елім-айлап» ерген, сол ұлы мақсатта өмірлерін жанпида еткен сан-
сыз батырлар, ел басқарған хандар еді.
Көпті көрген, өз заманындағы екінің бірінің қолы жетпес білім алып, оқып-
тоқығаны бар Қожабергенге тән үлкен қасиет – оның ғажап көрегендігі. Осы 
қасиет оған әкесі Толыбайдан және анасы Ақбілектен дарып, өзінің ұзақ 
ғибратқа толы өмір жолынан жинақтағаны екені айдан анық [1].
Қожабергеннің әкесі Толыбай сыншы ел қорғаны, батыр болумен қатар, ұста-
зергер, балташы, өрімші, етікші, дихан, аңшы, құсбегі, мерген, балуан, емші, 
атбегі, сөзге шешен, ақындық қабілеті бар әрі көреген кісі болыпты. Ел ішінде 
Толыбай айтты деген нақыл қанатты сөздер де кездеседі. Адамды да, аттар-
ды да, басқа жануарларды, гауһар, меруерт, маржан тастарды, қару-жарақты, 
құсты, итті сынап білгені үшін Толыбайға сыншы деген атақты қазақ, башқұрт, 

270
        Қожаберген жырау – 350
қарақпалпақ, қырғыз, татар, ноғай халықтары берген екен. Оның Қарабас 
есімді баласы сыншылық өнерінің арқасында тұтқын болған кездерінде үш рет 
құтылып, аман қалған екен...
Жыраудың анасы Ақбілек – Баянауыл өңірін мекендейтін орта жүз сүйін дік 
арғын Айдабол бидің қызы екен. Ол кісі де өнері асқан сынықшы, тоқымашы, 
тігінші болыпты. Ол жайында Қожаберген өзінің «Елім-ай» жырының бірінші 
бөлімінде былай дейді: 
Орта жүз арғындағы асыл тектен, 
Анамның шыққан заты сүйіндіктен. 
Жиырма ұлдың көкжал туған ең кіші ем, 
Тұңғыш қыз Айдаболдың Ақбілектен...
Кәсіптің осынау сан-алуан түрін игерген Қожабергеннің кез келген жаудан 
айласын асыруы және де сол қабілетінің ел-жұртқа да сауабы тиіп, тұрмыс тың 
тауқыметін оңай еңсере алуының сыры болса керек. Ол далалық тіршілік құру, 
өмір сүру жағдаяттарын, жол-жоралғыларын молынан меңгерген айлалы да, 
тәсілшіл де, басқаға басшы бола алатын ақылман, қиын-қыспақтан алып шыға-
тын нар-толағай жан. Бір бойында ордабасы болу (Әз Тәуке хан ордасының), 
бас қолбасшы болу (23 жыл қазақ, ноғай, қарақалпақ және башқұрт жоңғарға 
қарсы біріккен қолына сардар болған), «Жеті Жарғыдай» далалық заңнаманың 
ең озық үлгісін жазуға атсалысқан ғұлама болу – нағыз «Сегіз» деген атаққа 
лайық екендігін өз замандастары мен шәкірттері Бұқар, Үмбетей, Ақтамберді, 
Дәстем сал, Тәтіқара, Жанкісі секілді ақын-жыраулар; Бақсары, Бөгенбай, 
Жәнібек, Бөкенбай, т.б. көптеген батыр-ізбасарлары мойындап, кейінірек 
ағартушы Ыбырай Алтынсарин, философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, 
ақын-жазушылар Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Май-
лин, Ғабит Мүсірепов,  академиктер Әлкей Марғұлан, Ақай Нүсіпбеков, Ма-
наш Қозыбаев сынды қазақтың бетке ұстар жақсы-жайсаңдары жүрекжарды 
ықыластарын білдіріп, әдебиетші-ғалымдар Т. Сүлейменов, Н. Әбуталиев, 
М. Жармұхамедов, Ш. Смағұлов, Қ. Омаров, Қ. Биғожин, Қ. Мұқанов, Ғ. Қадырәлі 
және С. Жұмабаев деген зерттеушілер арнайы ғылыми-танымдық мақалаларын 
арнап, Ожан Қалиев сияқты ақындар өз жыр-дастандарын баба рухына тарту 
етті [1].   
Философия диірменіне салсақ, «өркениет ошағы» деген ұғым мынадай негізгі 
үш тағаннан құралады [2]: 

271
Қожаберген жырау – 350
– өркениет ошағын (ӨО) даралап айғақтайтын материалдық жәдігерлер мен 
құндылықтыр;
– ӨО табиғатымен біте-қайнасқан тұрмыстық кәсіптер, тәсіл-айлалар, яки 
технологиялар [3];
– сол ӨО болмысын паш етерлік дүниетанымдық жүйе, яки пәлсапа –  фи-
лософия.
«Ұлы Дала өркениеті» (ҰДӨ) ұғымын Қожаберген баһадүр-жыраудың 
өмірбаяны һәм шығармашылығы тұрғысынан саралай келсек, баба рухының 
шарықтау биігінің біз осы ұғымның асқаралы биіктігі мен шыңырау тереңдігін 
бірдей шалып тұрғанын байқаймыз.  
Көшпенділік қарекет Жоңғар имериясымен алапат соғыста түркі дүниесінің 
сақталып қалуының, соның ішінде жоңғарларды жеңуде қазақтардың басты 
рөл атқарғандығының басты сыры, негізгі себеп-салдары дер едік. Өйткені, 
отырықшылыққа айналған талай жұрттар өркениетін сақтамақ түгілі, өздері де 
жер бетінен жойылып, ошақтарының орнында күресін де қалмағаны ұзын-сонар 
тарихтан белгілі. 
Енді Ұлы Дала өркениетін жоғарыдағы сұлба бойынша талдап көрейік: 
Ұлы Дала өркениетінің материалдық жәдігерлері: киіз үй, үйге қажет тұрмыс 
жабдықтары, ат әбзелдері, арба, мал ұстаудың далалық қажеттіліктері мен оны 
азыққа, киім-кешекке, киіз үй жабындысына, мінер-көшер көлікке жарату
қару-жарақтың бес түрі, сауыт пен дулыға, өрмек, қылыш пен мосы, мазарлар 
мен күмбездер, кесенелер мен қорған-төбелер, дуалдар мен қарауыл-мұнаралар, 
ұстындар мен мүсіндер, барықтар мен мешіттер, т.т. жәдігерлер ҰДӨ теңдессіз 
заттық-материалдық құндылықтарын құрады; 
Ұлы Дала өркениетінің кәсіптері, тәсіл-айлалары: мыс пен жез, темір мен 
құрыш, күміс пен алтын қорытып, кәдеге жарату, асыл тастарды өңдей білу, 
әшекейлер жасау, тоқыма мен алаша, ши тоқу, киіз басу, сырмақ сыру, жүн мен 
қайыстан арқан есу, камшы мен бишік өру, ағаштан алуан түрлі киіз үй қаңқасы 
мен жабдықтарын, қару-жарақтар, құрал-саймандар, ыдыс-аяқтар, бесік пен 
есік жасау, таяқ пен арқаннан құрық жасау, сөйтіп ағашқа «жан бітіру», тері 
илеу, одан киім-кешек, ыдыс-аяқтар, ат әбзелдерін жасау, шымнан, тастан үй, 
қора, қорған тұрғызу, қыштан ыдыстар жасап күйдіру, саз аспаптарын жа-
сау; қой мен ешкі, сиыр мен қодас, бие мен інген сүтінен тағамның жүздеген 
түрін, үй жануарлары мен құстың етінен астың көптеген  түрін, соның ішінде 
ұзақ уақыт көшіп-қонуда, соғыс жағдайында бүлінбейтін азық-түлік дайындау; 
тағыны қолға үйретіп, үй жануары ету, жабайы өсімдіктерден астық дақылдарын 

272
        Қожаберген жырау – 350
өндіріп пайдалану, т.б. тұрмыстық технологиялар ҰДӨ арқау болған. Тіптен, 
сол заманның әр кезеңі үшін кейбір тәсілдер өзіндік жаңғырмаларға сайып, 
инновацияға айналып отырған;
Ұлы дала өркениетінің дүниетанымдық жүйесі, яки философиясы: ҰДӨ 
дүниетанымдық жүйесі де өзгелерден ерек болғандығы көптеген тыңғылықты 
зарттеулермен дәлелденіп үлгерді. Қоршаған орта мен табиғаттың тылсымын 
аспан денелеріне тиесілі деп түйсінген далалықтар табынушылықтың «Күнге та-
быну» түрін өздерінше дамытқан, соның бір дәлелі оларды басқа жұрттардың 
«Күн адамдары» – «күндер» (қытайларша «гүндер», «ғұндар» болып ата-
луы осыдан) деп атауы, яғни мұсылмандықты қабылдағанға шейін далалықтар 
Айға емес, Күнге табынған. Келе-келе, түркілік дәуірде Тәңір құдайының және 
соның діни нанымдық жүйесі бөгү дінінің ықпалына бүкіл басқа түріктермен 
бірге қазақтар да түскен. Бұл да сол мұсылмандыққа бетбұрыс жасағанына 
дейінгі біздің Ата жұртымыздың өмір сүру нышаны, тіршілік қарекеті болды. 
Қожаберген баһадүр-жыраудың заманы мұсылмандыққа түбегейлі көшкен за-
ман еді. Толассыз жаугершілік дүниетанымдық үрдіске де өз таңбасын салмай 
қоймады. Жыраудың бүкіл ой-өрісі, ел басқару, қолбасшылық ету әдіс-тәсілі, 
шығармашылық қарымы, өнерге, жазуға ден қоюы, өмірге көзқарасы, бар бол-
мысы, демек, пәлсапасы  жаугершілік шырмауынан қалайда ел-жұртын алып 
шығу, бейбіт өмірге жеткізу болғаны аян. Осы межеге ол жанкештілікпен, абы-
роймен шыға білді.
Дала тіршілігінде «Зар заман» деген атауға ілігіп тарих тұңғиығына тап 
болған XVII-XVIII ғасырлар Ата жұртымызға бұрын-соңды болмаған нәубет 
әкелгені белгілі. Жүз жылдан артық уақытқа созылған Жоңғар империясымен 
жан берісіп-жан алысқан соғыс, соның үлкен бір салдары халқымызға орасан 
зор «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атауымен тарихта қалған қасірет 
«қазақ» атаулыны дүниеден «жоқ» қылып жіберердей оқиғалар еді. Міне, со-
дан халқымыз қалай аман қалған? Бүгінгі егемен ел болу жолына түсуге, соған 
қол жеткізуге ата-бабалардың «Ұлттық идея» болуға лайық қандай ғұлама 
істері алғышарт болды? [3]. Ендігіде Ұлы мұрат «Мәңгілік ел» болудың жолы, 
тетігі неде дегендей сан-алуан бұрыннан келе жатқан сұрақтар бүгінгі, болашақ 
ұрпақтардың алдынан шыға берері хақ. «Алаш» ардақтылары өз жауаптарын 
кезінде беріп те баққан [4]. Халықтың басынан өткерген сонау зар-замандар, 
сан қилы соғыстар сабағымен құнды да шығар [5], [6], бірақ олар жойқын 
құрбандықтарды ешқашан ақтай алмайды... 

273
Қожаберген жырау – 350

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет