Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет52/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Б.А.Тұрғынбаева. Ұстаздық шығармашылық. Алматы 2007.  

2. Қ. Елубаев.Озық технологияларды тиімді пайдалана білейік. 

Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал «Қазақстан мектебі» №10 қазан, 2014 

3. Г.М.ЖусанбаеваБілім берудегі инновациялық технологиялар.Педагогикалық әдістемелік 

журналы «Білім берудегі менеджмент» /Г.М.Жусанбаева; №1, 2014.-134б/ 

4. К.З.Жақсылықова. XXI ғасырдағы білім беру жүйесінің талаптары мен білім беру ұйымы 

басшысының құзіреттілігін дамыту мәселесі арасындағы байланыс 

Педагогикалық әдістемелік журналы «Білім берудегі менеджмент» / К.З.Жақсылықова; №1, 

2014.-13б/ 



 

 

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ  

ТИІМДІЛІГІ 

 

Аманбаев Смаил Полатович, физика пәні мұғалімі 

Мамраимов Орынбасар Мухидинович, химия пәні мұғалімі 

№2 мамандандырылған үш тілде 

оқытатын мектеп-интернаты 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

 

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 бабында «Білім беру жүйесінің 



басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап 

көрсеткен.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  Жолдауында  айтқандай:  «Болашақта  өркениетті 

дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 

елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».  

 

Қазіргі  таңдағы  еліміздегі  білім  беру  жүйесінің  ең  басты  міндеті  –  білім  берудің 



ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. 

Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке 

тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр. Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа 

ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді: 

-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау; 

-пәнге деген қызығушылығын арттыру; 

-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану; 


357


 ~ 

 

-тақырып  бойынша  педагогикалық  тәжірибеге  сараптама  жасау  және  оны 



меңгерумен  қатар,  оқушылардың  оқу  белсендігін  арттыру  жолдарын  қарастыру. 

 

Мұғалім әрбір  тақырып  бойынша  түрлі  әдістерді  қолдана  отырып,  оқушылардың 



білім деңгейін көтеру жолдарын қарастыруы керек. Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың 

оқу жетістіктерін бағалауда тиімдісі Блум таксономиясы. 

 

Блум  таксономиясы  бойынша  ұйымдастыру  оқушылардың  дайын  ақпаратты 



қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, 

ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн.  

 

Блум  таксономиясы  адамның  ақыл-ой  қабілеттерінің  құрылымы  танымдық 



үдерісінің  ең  қарапайымнан  бастап  күрделіге  біртіндеп  өту  барысында  белсенді  әрекетке 

жетелейтін  6  деңгейге  сәйкес  тапсырмаларды  құруды  қажет  етеді.  Тапсырмалар  құруда 

оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. 

Сабақ  жоспарын  Блум  таксономиясына  салып,  бағдарламада  белгіленген  жеті  модульді 

ықпалдастырудың  арқасында  оқушылардың  не  білетінін  және  нені  жасай  алатынын, 

сондай-ақ  қызығушылықтарын  түсініп,  оқытудың  жаңа  тәсілдерін  тиімді  және  орынды 

пайдаланып,  оқушы  бойында  ішкі  уәж  тудырып,  өз  қабілеттеріне  сенім  арттырып,  ол  өз 

кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді. 

 

Бенджамин  Блум  –  америкалық  оқыту  әдістемесінің  психологі,  Блум 



таксономиясының  авторы.  Пенсильванияда  Ленсфорд  қаласында  туылған,  1935  жылы 

Пенсильван  университетін  бакалавр  және  магистр  деңгейлерімен  бітірген,  1942  жылы 

Чикаго  университетінде  докторлық  деңгейін  қорғады.  «Блум  таксономиясы»  атты 

кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бір қалыптылығы және 

білім беру мақсаттарын жүйелеу. 

 

Таксономия – белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, 



топтастыру немесе жіктеу болып табылады. Блум жүйесі арқылы уақытты тиімді пайдалана 

отырып, қолдануға және сапалы білім мен  оқушылардың өзін-өзі бағалауға қол жеткізуіне 

мүмкіндік туады. Блум таксономиясы алты ойлау деңгейлерімен көрсетіледі. 

1) Білу 


2) Түсіну 

3) Қолдану 

4) Талдау 

5) Жинақтау 

6) Бағалау 

Білу таным мен ойлау деңгейі – төменгі деңгей. Бұл деңгей мәлiметтердi қайталау 

немесе  тану  арқылы  есте  қалай  сақталғанын  тексеруге  бағытталады,  мағлұмат  пен 

деректердi еске түсiредi. 

 



Түсіну  таным  мен  ойлау  деңгейі  –  орта  деңгей.  Жаңа  материалдағы  білімді 

түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде 

сұрау, болжам жасату. Жаңа материалды түсінуін қамтамасыз ету. 

 



Қолдану таным  мен  ойлау  деңгейі  –  орта  деңгей.  Бұл  деңгей  оқу  материалын 

нақты  жағдайда  және  мүлдем  жаңа  ситуацияда  қолдануды  меңзейді.  Мұнда  ережелерді, 

әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан өмірде 

қолдану  кіреді.  Оқу  нәтижелері  түсіну  деңгейіне  қарағанда  материалды  тереңірек  игеруді 

талап етеді. 

 



Талдау таным  мен  ойлау  деңгейі  –  жоғарғы  деңгей.  Оқу  материалының 

құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; 

бүтіннің  бөліктерінің  арасындағы  өзара  байланыстарды  анықтау,  бүтіннің  қалайша 

ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл деңгей оқу  материалының мазмұнын сезінумен қатар 

оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. 

 



Жинақтау  таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. 

358


 ~ 

 

Оқу  материалындағы  жеке  бөлшектерден  немесе  шашылған  дүниелерден  жаңа 



жасауға  көмектесу.  Жалқыдан  жалпыға  бағыттау.  Ойын  жинақтап,  проблеманы  шешудің 

өзіндік үлгісін жасайды. 

 

Бағалау  таным  мен  ойлау  деңгейі  –  жоғарғы  деңгей.  Оқу  материалының 



маңызын  анықтау,  ол  туралы  өзіндік  пікір  келтіру,  ойын  білдіру.  Бұл  деңгей 

алдыңғыларының  оқу  нәтижелелеріне  қол  жеткізуді  меңзейді.  Материалдың  өзі  үшін 

керектісін, құндылығын анықтау, пайымдауға бағыт беру, идеялар алмасу, өзіне керектісін 

таңдау. 


Құзырлы  оқытудың  маңызды  факторы  –  мұғалімнің  оқушының  тақырыптың  мәнін 

өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. 

Блум  таксономиясының  деңгейлері  төмен  деңгейден  басталып,  орта,  жоғарғы 

деңгейге  дейін  көтеріледі.  Бұлай  оқу  оқушылар  үшін  тиімді.  Себебі  балалар  өздері 

білетіндерінен бастап, бірте-бірте жаңа тақырып пен ұштастыра отырып, білімін толықтыра 

түседі.  Сондай-ақ  берілетін  тапсырмалар  әртүрлі  болғандықтан  оқушылардың 

қызығушылығын  оятады,  сыни  тұрғыдан  ойлау  белсенділігі  артады.  Өз  ойын  сараптай 

отырып, берілген тапсырмаларды орындай алады. Сабаққа ынтасы арта түседі. Оқушылар 

арасында топтық жұмыс та, жұптық, жеке жұмыс та орындалады. Әрбір оқушы өз білімінің 

деңгейін  көре  алады,  сондықтан  алған  білімдерін  одан  әрі  шыңдай  түседі,  ойларын 

қорытындылауға үйренеді. 

Жалпы Блум таксономиясымен сабақ өткізу өте тиімді. 

Себебі : 

 



тақырып түгел қамтылады

 



бір сабақта деңгейлеп бірнеше тапсырмалар орындалады, 

 



сабаққа  оқушылар  белсенді  түрде  қатысып,  өз  ойын,  пікірін  дәлелдеуге 

дағдыланады, 

 

әр  оқушы  білім  деңгейін  байқап,  өзін-  өзі  бағалап  отырады,жұптық  бағалау,  ал 



сабақ соңында топ көшбасшылар топты критерий мен бағалап отырады. 

 



мұғалім де оқушы да көп ізденуге машықтанады. 

 

Қорыта келе,Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы: 

 



оқушылардың есте сақтау дағдылары артады;  

 



тапсырмалар арқылы оқушылардың сөздік қорлары дамиды; 

 



сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді сұрақ қоя алады; 

 



әр түрлі мысалдарда қолданады; 

 



оқушылар сабаққа белсенді араласады; 

 



оқушылар өздерін шығармашылық жағынан көрсете алды; 

 



Оқушылардың жалпы пәнге деген белсенділіктері мен қызығушылықтары артады. 

 

 



ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН БОЛУ 

 

Асемкулова Салима Аликулқызы 

№7 Қ.Спатаев мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Мемлекет  мәдениетінің  айнасы  –  мектеп.  Шын  мәнісінде  еліміздің  әлеуметтік, 



мәдени,  саяси,  психологиялық  жай-күйі  халықтың  білім  жүйесінен,  оның  деңгейінен, 

ағартушылық  іс-әрекетінен  анық  аңғарылады.  Осы  орайда,  жазушы  Ә.Кекілбаевтың 

«Уақыттың жалғыз өлшемі бар, ол  – адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, 

ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс»  - деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс 

атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі. 

Педагогикалық  іс  –  өте  нәзік,  қасиетті  іс.  Ол  тәрбиешіден  сезімталдықты,  балаға 

деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді. 


359


 ~ 

 

Бүгінгі  мектептің  басты  міндеті  –  өзіндік  ой-көзқарасын  ашық  айта  алатын,  өмірге 



бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға 

ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады. 

Қазіргі  уақытта  еліміздің  алдында  тұрған  ең  басты  мәселенің  бірі  –  бәсекеге 

қабілетті отыз мемлекеттің қатарына кіру стратегиясы болып табылады. ХХІ ғасыр – бәсеке 

ғасыры,  ол  енжарлықты  көтермейтін  ғасыр.  Сондықтан  әлемдік  бәсекелестіктің  жылдам 

дамуына  ілесе  алатындай  білімді  де,  тапқыр  дара  тұлғаның  тағдыры  мұғалімдердің 

қолында. Білімді ұрпақ тәрбиешісі – ұстаздар.  

Қазақстан  Республикасының  Жоғары    білім  беру    тұжырымдамасында  «Жаңа 

тұрпатты  мұғалім  –  өз  мамандығына  қажетті  кәсіптік  дағдыны,  педагогикалық  қабілетті 

жетік меңгерген, үнемі жаңаға ұмтылатын, рухани дамыған шығармашыл тұлға» делінген. 

Ендеше,  өз  ісіне  берілген,  жаңалықты  жатсынбай  қабылдайтын,  ұлттық 

қасиеттеріміздің  асылдарын  асқақтата  отырып,  шәкіртінің  жанына  нұр  құятын  ұстазды 

бүгінгі  күн талабына лайықты жаңа тұрпатты тұлға деуге болады.  

 «ҚР-ғы  жаңа  тұрпатты  мұғалім  даярлаудың  үздіксіз  педагогикалық  білім  беру 

тұжырымдамасында» жаңа тұрпатты мұғалімге – рухани жетілген, шығармашылық қабілеті 

жоғары,  өзіне  сыни  көзбен  қарай  алатын,  кәсіби  дағдылары,  педагогикалық  дарыны  бар, 

жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. 

«Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», 

өз  пәнінің  жетік  шебері,  педагогика  мен  психологияны  терең    меңгерген,  жеке  тұлғаға 

бағытталған  педагогикалық  әдістерді    қолдана  алатын,  өзін  жеке  тұлға  ретінде  дамытып, 

рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс»- делінеді. 

Мұғалім  қызметіндегі  маңызды  дүние  –  жекелеген  оқушылардың  тақырыпты 

қабылдау  ерекшеліктерін,  оқушылардың  түсінігін  жетілдіру  немесе  жақсарту  мақсатында 

олармен  жұмыс  жүргізу  қажеттігін  ұғынуы,  сондай-ақ  кейбір  оқушылардың  тақырыпты 

өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. 

Оқытудағы  басты  мақсат  –  мұғалім  алдындағы  оқушыларға  таза  білімнің  өзін  бере 

білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. 

Олай  болса  қазіргі  заманғы  мектептің  педагогы  өзін  жоғары  деңгейде 

қалыптастырудың бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті. 

1.  Арнайы  құзыреттілік  –  өзінің  кәсіби  қызметтен  жоғары  деңгейде  айналысатын 

және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет. 

2.  Әлеуметтік  құзыреттілік  –  бірлескен  кәсіптік  қызметпен  айналысу  қабілеті 

(ұжыммен,  топпен),  қызмет  ету,  басқару  кәсібінде  қабылданған  кәсіби  қарым-қатынас 

тәсілдерін қолдана білу. 

3. Білім беру құзыреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби ілімді, білік пен дағдыны, 

мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъек 

пен  креативтіліктің    дамуына  ынталылық,  педагогикалық  және  әлеуметтік 

психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. 

Қазіргі таңда құзырлы мұғалімнің алдына оқушылардың жан дүниесін жақсы түсіне 

білу жөніндегі нақты міндеттеме қойылып отыр. 

Кәсіпқой  мұғалім  өз  пәнін  жетік  біліп  қана  қоймай,  әрбір  қатынасушының 

педагогикалық  үдерістегі  орнын  білуі  керек.  Оқушылардың  оқу-тәрбие  жұмысын 

ұйымдастыруға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс. 

Жаңа тұрпатты мұғалім қандай болуы керек ? 

• қазіргі  заманғы  педагогикалық  ғылымның  өзгерістерін,  жеке  тұлғаға  бағытталған 

технологияны толық меңгерген; 

• өз мамандығының әлеуметтік ортадағы ролін түсінген; 

• оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, жеке даму ерекшелігін білетін; 

• ұйымдастырушылық қабілеті жоғары;  

• танымдық қызығушылығы мен жұмысқа деген ынтасы жоғары; 



360


 ~ 

 

• сөйлеу  мәдениеті  жоғары және өз ойын ауызша да жазбаша да толық,  мәдениетті 



жеткізе алатын; 

• оқу-тәрбие  үрдісінде  педагогика  ғылымының  жаңа  тенденцияларын  пайдалана 

алатын; 

• оқыту барысында оқушылардың өздік жұмыс жасауына жағдай жасай алатын; 

• оқу үрдісінің нәтижелі болуына әртүрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалана алатын; 

• оқушылардың алған білімдерінің диагностикасы мен мониторингін жүргізе алатын; 

• жоғары деңгейде компьютерлік және ақпараттық сауатты;  

• оқушылардың өздігінен дамуына, білім алуына, өзін-өзі  бағалауына  жағдай жасай 

алатын болуы керек. 

Жаңа  тұрпатты  мұғалім  дегеніміз  –  кәсіби  білім  мазмұнын  үздіксіз  жетілдіріп 

отыратын,  оқу  үдерісін  басқару  қабілеті,  сондай-ақ  тұлғалық  және  кәсіби  сапасы  жоғары, 

озық  технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға. 

Мұғалімнің кәсіби әдеп сипаты  келесі  жағдайда  көрінеді:  

- педагогтың сыртқы келбетінен; 

- кез келген орын алған жағдайды жылдам және дұрыс бағалай білуі, сондай  –ақ өз 

тәрбиеленушілерінің тәртібі мен қабілеті туралы қорытынды жасауға асықпауынан; 

-  өз-өзін  ұстай  білу,  қиын  жағдайда  сезімге  жол  бермей,  салқынқандылық 

танытуынан; 

-  оқушыларына  қоятын  талаптарының  ойға  сыйымдылығы  мен  оларға  деген 

сезімталдығынан; 

- оқушылардың жас және жеке –дара ерекшеліктерін жақсы білуінен; 

- өз еңбегіне сыни көзқараспен бағалай білуінен; 

Педагог әр баланың жүрегіне  жол тауып, оның жан дүнесінің  «құлпын» аша білуі 

тиіс.  Ол  өзінің  бір  ауыз  сөзі  бала  өмірінде  үлкен  рөл  атқаратынын  және  оны  өмір  бойы  

есіне сақтап қалатынын білуі керек. 

Педагог  пен  оқушы    қарым-қатынасының  мынадай  талаптарын    қалыптастыру 

қажет? 

• сенімділік;  



• баланы тыңдай білу;  

• өз ара түсінушілікті негізге алу;  

• іскерлік  қарым-қатынас;  

• ықпал етуден өз ара әрекет жасауға көшу қабілеті;  

Бұл  үрдерістің  барысындағы  ең  маңыздысы  мұғалімнің  қарым-қатынас 

шығармашылығы  болып  табылады.  Бірдей  тапсырманы,  бірдей  әңгімені  мұғалім  әр  түрлі 

ырғақпен, әр түрлі көңіл-күймен беріп, өткізе алады. 

Сонымен қатар ынталандыру, жазалау және мадақтау тәсілдерін пайдалана отырып, 

мұғалім әр балаға қатысты ерекше әдепті болуы тиіс. Жаза қолдану кезінде тәрбиеленушіге 

құрмет пен талапты біркелкі қоя білу өте маңызды. Оқушы қылығына ренжуге, әсіресе  бар 

ашуды  баладан  алуға,  жеке  басын  қорлауға  жол  берілмеуі  керек.  Кәсіби  этика 

әріптестерімен және басқа адамдармен түрлі жағдайларда, ресми және  бейресми қарым  –

қатынастар  барысында  көрінетін  маманның  жалпы  мәдениет  деңгейінің  жоғары  болуын  

көздейді.  Демек,  педагогтің  өмірінде  қарым-қатынас  мәдениеті  ерекше    рөл  атқарады. 

Адамдармен жақсы қарым-қатынас құру мұғалімнің кәсіби қасиеті - оқушыны тыңдай, ести 

білуіне тәуелді 

Әдепті  және қарым-қатынас мәдениетінің негізгі  талаптарын  білу педагогтың өзіне 

де, өзі оқытып, тәрбиелеп жатқан  балаларға да  қажетті. 

«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және 

аңғарған  нәрселердің  бәрін  жадында  жақсы  сақтайтын,  бұлардың  ешнәрсені  ұмытпайтын 

алғыр  да  аңғарымпаз  ақыл  иесі  ,  мейлінше  шешен,  өнер-білімге  құштар,  аса  қанағатшыл 

жаны  асқақ  және  ар-намысын  ардақтайтын,  жақындарына  да,  жат  адамдарына  да  әділ  , 

жұрттың  бәріне  жақсылық  пен  ізгілік  көрсетіп,  қорқыныш  пен  жасқану  дегенді  білмейтін 


361


 ~ 

 

батыл,  ержүрек  болуы  керек»  деп  ұлы  ғұлама  Әл-Фараби  айтқандай  мұғалім  сенімділік, 



сыйластық  және  сүйіспеншілік  тәрізді    сезімдерді  тудыра  білген  жағдайда  ғана,  ұстаздың 

шынайы беделі болады. 



 

Пайдаланған әдебиеттер 

1.«Білімдегі жаңалықтар» журналы, №3 (19) 2007ж 

2. 12 жылдық білім журналдары, №1, 2004 ж,№ 2,8, 2006 ж 

3.Заманауи  мұғалім:  жаңашыл  тәжірибе  мен  кәсіби  дамудың    жаңа  бағыттары» 

республикалық  ғылыми-практикалық  конференция  матариалдарының  жинағы.  Өскемен, 

2013ж. 


 

 

ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТОПТЫҚ ӘДІСПЕН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 

 

Ермаханова Арайлым Ерғалиқызы, физика пәні  мұғалімі 

Абдреймова Айгерим Каржаубаевна, физика пәні  мұғалімі 

№2 мамандандырылған үш тілде 

оқытатын мектеп-интернаты 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Қазір  «ХХІ  ғасырдың  мектебі  мен  мұғалімі  қандай  болу  керек?»  деген  негізгі 



сұраққа  жауап  ізделуде.  Білім  берудің  ұлттық  моделіне  көшкен  қазіргі  мектепке  ойшыл, 

зерттеуші,  өз  ісіне  қатып  қалған  жаттандылықтан  аулақ,  тәжірибелік  қызметте, 

педагогикалық  үйлестіруді  шебер  меңгерген  психологиялық-педагогикалық  диогностика 

қоя білетін іскер мұғалім қажет.   Бүгінгі  балалардың  мақсаттары  да,  құндылықтары  да 

табылатын  идеялары  да  бұрынғыдан  мүлдем  басқаша.  Жаңа  қоғамдық  формациядағы 

мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі  мәселелер:  «баланы оқытуға қалай үйрету 



керек?»,  «ойлауға  қалай  үйрету  керек?»,  «қалай  өз  өмірінің  менеджері  болуға  үйрету 

керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.  

Оқушыларды  тиянақты  біліммен  қаруландыру,  олардың  дүниеге  көзқарасын 

қалыптастыру  жас  ұрпақтарды  өмірге,  еңбекке  даярлау  –  міне  бұл  әрбір  оқытушының 

негізгі міндеті. 

Қазіргі заман талабына сай жаңа технология әдістерін қолдана отырып оқушыларды 

өз  бетімен  жұмыс  жасауға  тәрбиелеу,  үйрету,  шығармашылық  қабілетін  дамыту,  мысалы 

физикалық  диктант,  тест  тапсырмалары,  топпен  жұмыс  істеу  арқылы  тірек  схемаларды 

пайдалану, логикалық сұрақтар мен есептер шығарту т.б. өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты 

– өткен материалды қайталап бекіту, жалпылау, жүйелеу келесі кезеңдегі оқу материалын 

зерделеуге көшуге үлкен мүмкіндік береді. 

Физиканы  оқыту  процесін  жетілдіру  –  оқушылардың  танымдық  белсенділігі  мен 

ізденімпаздығын  арттыруға  негізделген  оқу-танымдық  қызметі  барысында  оқушылар 

қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай,  шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. 

Сабақ  жүргізу  барысында  оқушының  білім  сапасының  молая  түсуіне,  тәрбиелік 

санасының  толыға  түсуіне,  олардың  пәнге  деген  қызығушылығын,  ұмтылысын,  ізденісін 

арттырудың бірден бір әдісі топпен оқыту. 



Топқа бөлуді бірнеше әдістермен жүргізуге болады: 

А)  оқушылардың  білім  деңгейіне  қарай  орналастыру,  мұнда  өте  жақсы  оқитын 

оқушылар қалғандарына консультант бола алады. 

Ә) білім деңгейіне қарай топтау:  

 

өте жақсы меңгергендер,  



 

жақсы меңгергендер,  



362


 ~ 

 



 

орташа және нашарлар біртіндеп сатылап көтеріле алады. 



Топтау әдістерінің тиімділігі: 

1) оқушының бір-біріне жолдастық, достық қарым-қатынастары арта түседі. 

2)  бір-біріне  бар  ынта  жігерлерімен  көмектесуге  ұмтылады,  үйрете  жүріп  өзі  де 

үйренеді. 

3) топтық жарыс кезінде, ұйымдастырушылық қабілеті арта түседі. 

4) бір сабақтың үстінде бірігіп, материалдарды толық қамтуға мүмкіншілік туады. 

5) бағалау жүйесін салыстырмалы түрде жүйелі жүргізе аламыз. 

6) оқушылардың өз бетінше ізденістері туындайды, қосымша оқулықтарын немесе өз 

оқулықтарымен жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыланады. 

7)  өз  білімі  мен  жолдастарының  білімін,  саралай  білуіне  толығырақ  мүмкіншілік 

туады. 

Осы  мақсатта  физика  пәнінен  сабақ  беретін  топтарда  топпен  жұмыс  істеп  біршама 



жетістіктерге  жетуге  болады.  Атап  айтқанда,  сөйлеу  қабілеттері  төмендеу  оқушылардың 

өздері  ізденіп  мүмкіндіктерін  салып  топқа  өз  үлестерін  қосады.  Мысалы.  «Тұрақты  тоқ 

заңдары»  тақырыбындағы  сабақты  өткізу  барысында  мынадай  топтық  жұмыстан  үзінді 

келтіруге болады. 

Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі. Сұрақтар бойынша топтау әдісін пайдаланып, 

білгендерін  берілген  қағазға  ақылдаса  отырып  жазады.  Осыдан  кейін  әр  топтан  бір 

оқушыдан шығып өз жұмыстарын қорғайды. 

I топ. Электр тогына сипаттама жазады. 

II топ. Тұрақты токтың жұмысын, қуатын анықтайтын формулаларды жазады. 

III топ. Өткізгіштерді қосу туралы жазады. 

«Кубизм» 

Жеке оқушылармен жұмыс жүргізуде «кубизм» әдісі пайдаланылады. 

Әр топтың ортасында кубик тасталады, түскен қырына сәйкес сұрақтар беріледі. 

Ой ашар. Оқушының есеп шығару дағдыларын дамыту мақсатында есептер беріледі. 

 

Q= I



2

R



 

 



Кернеу 

дегеніміз не?  

Бөгде  күштер 

дегеніміз не? 

 

 

ε=



 

 

 



Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы. 

 

Әрбір  жаңа  тақырыпты  түсіндіргенде  оқушылардың  мүмкіндіктеріне  қарай  тірек 



белгілері  мен  тірек  конспектілерін  пайдаланған  жөн.  Сондай-ақ,  физикалық  заңдылықтар 

мен  құбылыстарға  арнап  жеке  тірек  белгілерін  құрастыру  қажет.  Мысалы,  ішкі  энергия 

тақырыбын өткенде ішкі энергияның физикалық мағынасын толық ашу үшін төмендегідей 

тірек белгісін пайдаланған жөн 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет