Айтылым дағдысы бойынша:
белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру;
өз көзқарасын дәлелдеу;
шешім шығару, қорытынды пікір жасау;
зерттеушілік (анализ, синтез);
ақпаратты өңдеу дағдылары.
Оқылым дағдысы бойынша :
мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты ажырата білу;
астарлы ойды анықтау;
шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу;
зерттеп оқу;
сыни тұрғыдан бағалай білу дағдылары.
Жазылым дағдысы бойынша:
тақырыпты аша білуі;
өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеуі;
қорытынды шешім шығаруы;
өз көзқарасын дәлелдеуі;
цитатамен жұмыс істеу дағдылары бағаланады.
Осы дағдыларды қалыптастыруда мына әдіс-тәсілдерді пайдалануға бола
алады:
оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;
барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін деңгейлік
тапсырмалар арқылы оқыту;
өзін ойын жеткізу, өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік тудыра отырып,
оқушының танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту;
проблемалық оқыту арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып,
оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру;
сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану;
~
369
~
мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау;
өз ойларын ашық айта білетін азамат тәрбиелеу;
ұжымдық оқыту технологиясысының мақсаты - оқушының қабілетін дамыту,
еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі
басқару.
жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде
ұжымдық оқыту технологиясының маңызы зор;
Оқушы өзінің көзқарасын қалыптастырып, басқалардың да пікірін ескереді;
Сабақты өткізуде мұғалім ескеруі қажет:
сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже анық болу керек;
тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым,жазылым, айтылым) дамыту;
белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыру;
мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс;
оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалау.
Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:
Ынтымақтастыққа үйренеді;
Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді;
Өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді;
Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді;
Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға
үйренеді.
«Шет тілдерді игерудің жалпыеуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, баға
стандартында бұл «қатысымдық тұлғалар» - тілдік дағдылар деп аталған. Тілдік төрт дағды
(айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады.
Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым
әрекеті болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат
сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну сөйлеу
әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып
үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым), яғни айтылып жатқан
мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады;
тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге қатысты өз көзқарасын
жазбаша жеткізе алады.
Қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты
мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп,
олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.
Ал оқу мақсаттары белсенді оқыту топтық, жеке, жұптық жұмыс түрлерін қолдану
арқылы іске асырылады. Мұғалімнің іс –әрекеті оқушыны бақылауға, бақылау нәтижесін
өңдеуге, бағыт-бағдар беруге, күтілетін нәтижені анықтауға арналады. Оқушының іс-
әрекеті өз көзқарасын салыстыруға, топтық, жұптық жұмыста бірлесе шешім шығаруға, өз
жетістіктерін бағалауға арналады.
Белсенді оқыту тілдік дағдыларды қалыптастыруда – оқытуды дамыту, өздігінен
дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіретін тұлға қалыптастыруға негіз
болады. Сонымен қатар, білім алушылардың өз бетімен ізденуін арттыру мен
шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сабақ процесі оқушыны белсенді іс-
әрекетпен белсенді ойлауға, белсенді оқытуға бағытталады.
Топтық жұмыста айтылым дағдысын қалыптастыруда «Пирамидалық талқылау»
белсенді оқытуы өте тиімді. Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ
пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек.Әр топ таратылған
флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы
бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына
жазып, ойларын қорғайды.
~
370
~
Топтастыру. Сабақ басында жаңа сабаққа бағыт беру үшін тақтаға жазылған
сөздерге болжау жасайды. Оқушы осы сөздерге қосымша сөздер қосады. Содан соң
кезекпен сөздердің мағынасын анықтайды. Анықталған сөздің мағынасын дауыстап оқиды,
ал басқалары жазып алады. Осы әдіспен оқушылардың жазылым, тыңдалым дағдыларын
дамытуға болады.
Айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыруда «ПОПС» формуласын
қолдану өте тиімді. Тақырып бойынша өз пікірін дәлелдеп, көзқарасын білдіріп, шешім
шығарады.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... .. »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін …»
Үшінші сөйлем «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын ……»
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім ....».
«Жасырын сурет» белсенді оқытуы айтылым дағдысын қалыптастыруға әсер
етеді. Топтардан бір оқушыдан шығып 20 секунд уақыт ішінде суретті есте сақтайды. Топ
мүшелеріне көрген суреті бойынша сипаттайды, олар түсінгенін суретке салады. Көрген
суретін топ жандандыруға тырысады. Суреттер тақырыпқа сай болуы керек. Оқушыда топ
үшін жауапкершілік пайда болады және бірлесе жұмыс істеуге дағдыланады.
Қорыта келе, белсенді оқыту арқылы -білім алушының жеке басының дара және
дербес ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын
қалыптастыру болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Үш тілде білім беруді іске асыру бойынша мектептерге арналған нұсқаулар
2.
Кіріктірілген оқу бағдарламасы, негізгі мектеп.
3.
CLIL әдісіне негізделген әдістемелік нұсқаулық. Астана 2013ж
ҮШТІЛДІЛІККЕ ОҚЫТУ – КӨПМӘДЕНИЕТТІ
ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ
Каймакбаева Калида Негизбаевна, физика пәні мұғалімі
№2 мамандандырылған үш тілде
оқытатын мектеп-интернаты
Шымкент қаласы, ОҚО
Қазіргі таңда кез-келген мемлекеттің XXI ғасырдағы әлемдік аренадан алатын орны
оның интеллектуалды әлеуетімен мамандардың біліктілік және шығармашылық шеберлік
деңгейімен сипатталатыны белгілі болып отыр, яғни қоғамның кез келген мүшесінің
танымдық деңгейі, кәсіби даярлығы және шығармашылық дамуы мемлекеттің тұтастай
дамуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз.
Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп
оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан
ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Олай болса, болашақтың бүгінгіден де
жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Ендеше қазіргі заман
оқушысы сыни ойлап, өзін-өзі бағалай алатын, алған білімін күнделікті өмірдегі
жағдайларға қолдана алатын, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған тұлға болуға тиіс
Сондықтан оқушыларға қазіргі заманға сәйкес көптілді білім беру мақсатында қазақ
тілі мен ағылшын тілі пәндерінің пәнаралық байланысын оқыту процесінде жүйелі жүргізу
керек деген тұжырымға келдік.
Тіл – көп нәрсенің түйінін шешетін табылмас құрал. Қазақ халқы «жеті түрлі білім
біл, жеті жұрттың тілін біл» деп үлкен философиялық ой түйіп, жастарға өшпейтіндей
~
371
~
өнеге қалдырған. Тілдің көп нәрсені шешетінін, көп мәселеге арқау болатынын да жақсы
білген.
Ел тәуелсіздігінің маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Ол – тәуелсіз ұлттың
мәдениеті мен салт-санасының, рухани болмысының тірегі. Тіл арқылы халық өзге
халықтардан ерекшеленеді. Тіл – ұлттың өзгеден ерек даралығын анықтайтын белгі. «Қай
ұлт болсын тілі арқылы ғана халықтың өзге туыс және туыс емес халықтардан ерекше
болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады».
Интеграция – ғылымдардың жақындай отырып байланысуы, ол дифференциация
үрдісімен қатар жүреді. Пәнаралық байланыстан басталған интеграциялық үрдіс әлемдік
білім кеңістігімен интеграциялануға жол ашады. Пәнаралық байланыстарды іске асыру
оқушылардың біртұтас дүниетанымын қалыптастырады. Ол өз кезегіңде білімдерді мәнді,
мағыналы және қолдануға болатындай жағдайға жеткізеді. Пәнаралық байланыстар
оқушыларға басқа пәндерді оқыған кездегі алған білім мен дағдыны қолдануға көмектеседі.
Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол
ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін
қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді
меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және
қалыптастыру.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын
мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі –
ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»
деген болатын.
Үш тілді білім беруді ендірудің қызметіне мыналар жатады:
- білім беру ұйымдарында үш тілді білім беру жобасын кезең-кезеңмен ендіруді
ұйымдастыру;
- үш тілді білім беру бағдарламасы бойынша оқыту үдерісін жүргізетін
оқытушыларға тілді білу деңгейіне қарай үздіксіз тілдік оқу курстарын ұйымдастыру;
- «Үш тұғырлы тіл» жобасы бойынша қала, облыс мектепке дейінгі ұйымдары мен
мектептері базасында оқытушылар құрамы мен білім алушыларының тәжірибе алмасуын
ұйымдастыру;
- үш тілді білім беру бағдарламасымен оқитын оқу курстарының тыңдаушыларына
оқу үдерісіне алыс және жақын шет ел ғалымдарын, оқытушыларды және өңірде жұмыс
істейтін шет елдік компаниялардың мамандарын дәріс оқуға, практикалық сабақ жүргізуге
тарту;
- оқу жоспарларына қосымша оқу түрі ретінде «Сөйлеу мәдениеті мен
мәдениетаралық қатынас» пәнін ендіру;
- қосымша оқу курстарының оқулықпен, оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз
етілуіне талдау жүргізу;
- кітапхана қорын осы заманғы көптілді әдебиеттермен (оқу, әдістемелік, ғылыми
және т.б) толықтырып отыру;
- кітапхананың электронды базасын әдебиеттермен және мультимедиялық
материалдармен толықтыру;
- шетелдік әріптестермен бірлесе отырып оқулық және оқу-әдістемелік құралдар
жазу;
- шетел тілінде «Кәсіби қазақ (орыс) тілі», «Кәсіби бағытталған шетел (ағылшын)
тілі» пәндерінен біріктірілген оқу бағдарламасын жасау;
- үш тілді білім беру бағдарламасы бойынша пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін
даярлау.
Үш тілде оқыту – заман талабы десек одан күтілетін нәтижеміз қандай болмақ:
Үш тілді енгізу негізінде полимәдениетті тұлға, бәсекеге қабілетті маман
даярланады;
~
372
~
Президентіміз айтқандай әлемде Қазақстан үш тілді де еркін, әрі ерікті
қолданатын жоғары білімді ел ретінде танылады;
Ағылшын тілін меңгерту арқылы –халықаралық қатынастың, ғылым мен
техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында емін-еркін жұмыс жасай
алатын ұрпақ даярланып, тәрбиеленеді;
Көптілді білім беру дегеніміз - оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде
меңгерту. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту – қазіргі заман
қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде
асырылады.
Бүгінде оқушыларымыз үш тілде еркін сөйлеп, әр түрлі сайыстарды үш тілде өткізе
алатын деңгейге жетуі, сол жас ұрпақтың өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп,
тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту болып отыр, сол арқылы оған
толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру – бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Бұл
мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс-тәсілдің озығы өмірге
келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын,
талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет.
Осыған орай физика пәнін ағылшын тілінде жүргізу арқылы үш тілді оқыту
бағдарламасы іске асырылады. Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік
қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге
құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және
шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге
деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына
сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу
дағдысы қалыптасады.
Сабақ барысында қосымша берілетін физика-техникалық терминдер сөздігі
оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді деген сенімдеміз.
Сонымен қатар оқушыларды 10-11 сыныпта физика пәнін ағылшын тілінде оқыту
барысында мыналарды ескерген жөн:
Өз пәнін өте жақсы көру. Ағылшын тілінде сөздік қоры жеткілікті болу. Тілдің
мүмкіндігі мен құдіретін көрсету, керісінше қиындығын көрсетпеу.
Сабақ барысында жылы , достық жағдай тудыру:
оқушының жеке басындағы сенімсіздікті жоюға көмек беру;
жеке дыбыстарды, сөзді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді, грамматикалық түрлерді
дұрыс қолданбаған жағдайда оқушыны тоқтатпау, сөзін бөлмеу, қателіктеріне
акцерт жасамау («шет тілде қате сөйлеуге құқығың бар!» );
оқушының кез келген жауабын қабылдау; кіші-гірім қиындықтардан өткеннің
өзінде қолдау жасау, енді үлкен жетістікке де жететініне сендіру;
оқушының қате жауабына ескерту жасамау, қатені түзеткен оқушының мәртебесі
басқалардың алдында жоғары деген жалған пікір қалыптастырмау;
тек қайталау әдісі арқылы қателерді жою, қиындықтардан өту.
сабақ барысында үйреніп жүрген тілде араласу талабын қатаң сақтау. Тілдерді
араластыруға жол бермеу. Мұғаліммен сабақтан тыс уақытта үйреніп жүрген тілде,
немесе пән оқытылатын тілде ғана араласу шартын әрдайым орындау.
сөздікпен жұмыс жасау әдісін оқушының жетік түрде меңгеруі.
үй тапсырмасы шығармашылықты, тіл дамуын қажет етуі шарт (мүмкіндігінше
жазба жұмыстарын, аналог бойынша жасалатын тапсырмаларды бермеген жөн)
Дарынды оқушыға қажет білімді тек өзгертуге ыңғайлы, иілмелі әдістер арқылы
жүзеге асырауға болатындығы сөзсіз. ХХ ғасырдың басында орыс философы В.В.Розанов
«дарынды бала шаршауды білмейді, ойын оятатын, жетілдіретін пән төңірегінде еңбектене
береді, еңбектене береді», - деген. Сондықтан да 7-9 сыныптар үшін ағылшын тілін
~
373
~
тереңдетіп оқыту, бір немесе бірнеше пәннен жеделдетіп оқыту –дарындылықты тану мен
дамытудың тағы бір жолы.
«Қоғам тек таңдаулылардың арқасында адамзатты ілгері жылжытады» деген Вине.
Олай болса, көп тілдерді жетік меңгерген шәкірттер – Қазақстан Республикасының жарқын
болашағы екендігі сөзсіз.
Қорыта айтқанда, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, күннен күнге қарқынды
дамып келе жатқан Қазақстанның көптілді, көпмәдениетті қоғамында, сонымен қатар, басқа
елдің азаматтарымен тіл табысып, табысты қарым-қатынаста бола білген адамды
толығымен қалыптасқан коммуникативті тұлға ретінде қарастыруға болады. Оқушыдан
дәл осындай тұлғаны қалыптастыру – қазіргі білім саласының негізгі міндеттерінің бірі
болып саналады. Осыған орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты
талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін
ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін
көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып,
бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. Көптілді мемлекеттер арасында әлеуметтік-мәдени
қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, әдебиеті, тарихымен танысып, қажетін
пайдалана отырып, бөтен мәдениеттің ішіне сіңіп кетпей, өзінің елі мен мәдениетін
басқаларға таныта алатын, санатты да саналы, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру – өмір
талабы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11
шілдедегі №151 Заңы;
2. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» Жолдауы 17 қаңтар 2014 ж.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауы;
4. 2011 жылдың 29 маусымдағы № 110 Президентің Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
бағдарламасы.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ІЗДЕНУШІЛІК,
ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Джуманова Карамат Шамухсиновна
№ 109 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Шымкент қаласы, ОҚО
«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік
туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»
Питер Клайн
Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзіндегі « Жас бала анадан туғанда екі түрлі
мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем
деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», « бұл неге бүйтеді?»
деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», – деген ой тұжырым
оқушының биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте
жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілік, зерттеушілікке баулу
бастауыш сыныптан басталуы тиіс.Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер
мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы басым болады.
~
374
~
Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру
саласының маңызды міндеті болып саналады.
”Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз” демекші, бүгінгі
бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты – баланың табиғи
күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын
жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана
қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай
алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі
күнге лайықты өмір сүріп, қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып
отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз
бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап,қорытынды
жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы қажет.
Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің
көмегімен жүзеге асырылады. Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі
жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады.
Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән
емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан
зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент
жүргізуге баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі-
баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі
оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен
қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын
қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан
басқа зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу
білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы
қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім
ашады. 1999 жылдан бастап, оқушылардың зерттеушілік, ізденушілік, жобалау әрекеті
біртұтас жүйе ретінде құрылды. Ал бүгінгі күні бұл әдістеме оқытудың құзіреттік тәсілі
жағдайында ерекше қажеттілікке ие. Жоба- латын тілінен аударғанда «алдын ала» деген
ұғымды береді. Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі
ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі. Зерттеушілік оқыту- баланың
қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құралған
оқытудың негізгі тәсілі.Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала
жоспарланған нысанды құруды көздемейді.Ол белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі.
Бұл-адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Осылайша,жобалау мен зерттеу басынан-ақ
әрекет түрлерінің бағыттары,мәні мен мазмұны жағынан түрліше. А.И.Савенков “жобалау
мен зерттеу бағыттылығы мен мағынасы және іс-әрекетінің мазмұны бойынша әртүрлі ’’,
атап көрсетті. Дегенмен жобалар әдісі мен зерттеу әдістерінің негізіне мыналар жатады:
-оқушының танымдық білігі мен дағдысын дамыту;
-ақпараттық кеңістікте бағдарлай алу білігі;
-өз білімін өздігінен құрастыра алуы;
- ғалымның әр саласының білімдерін кіріктіре алу білігі;
-сын тұрғысынан ойлай алуы;
Екі әдіс те оқушылардың өзіндік әрекетіне бағдарланған (дербес,топтық,жұптық),
оны арнайы бөлінген уақыт аралығында (сабақтың бірнеше минуттарынан бастап бірнеше
апталар мен тіпті айлар аралығында) орындайды. Жобалау технологиясы және зерттеушілік
әрекет технологиясы төмендегілерді қамтиды:
-кіріктірілген білім мен оны шешудің зерттеушілік ізденісін талап ететін
проблеманың болуы;
-алынатын нәтижелердің практикалық,теориялық,танымдық маңыздылығы;
-оқушының өзіндік әрекетін;
~
375
~
-жобаның мазмұндық бөлігін оның кезеңдік нәтижелерін көрсете отырып
құрылымдау;
-зерттеу әдістерін қолдану,яғни проблеманы және одан туындайтын зерттеу
әдістерін анықтау; зерттеу әдістерін талқылау, ақпарат жинау, соңғы нәтижелерді рәсімдеу;
алынған өнімнің тұсауын кесу,талқылаулар мен қорытындылар.
Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты
дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып
есептеледі.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық,
бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет
жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.
Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық
ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны
ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына
жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.
Зерттеу түрлері:
1)теориялық 2 ) фантастикалық 3) эксперимент
Теориялық– зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын,
оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ
оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1-ші теориялық
мазмұнын құрайды.
Фантастикалық- өмірде болмайтын фантастикалық құбылыстар мен заттар
жөнінде.
Эксперименттік – өзіндік байқаулар мен эксперименттерді жүргізуді талап
етеді.Балалар үшін ең қызықты эксперимент-нақты заттарға және олардың қасиеттеріне
жасалған тәжірибелер. Оқушыларға әр түрлі тақырыпты беруге болады. Экспериментальді
(практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік
беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі
маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін
көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою,
интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс
ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.
1.ТАҚЫРЫПТЫ ТАҢДАУ
Ғылыми зерттеу табыстылығының маңызды шарты-тақырыпты дұрыс таңдау.Тақырыпты
таңдау –біржолғы процесс емес және қиын өзіндік ізденістің нәтижесі болып
табылады. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.Тақырып
орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын
таңдау керек. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық,
ерекшелік элементтері болу керек.
Зерттеу жұмысының басты шарты–оның жаңалығы және өзектілігі. Жұмыстың
сәтті болуы үшін зерттенудің мақсатымен міндеттерінұғыну қажет.
Мақсат–бұл зерттеушінің ізденіс нәтижесі.Зерттеу мақсаты нақты және қол
жетерлік болсын.
Міндеттер–қадамдарды,мақсатқа жету кезеңдерін көрсету болып саналады.
Жұмыстың өзектілігі –яғни бұл жұмыстың қазіргі кезеңіндегі проблемасы.
Болжам-логикалық
дәлелденбеген,тәжірибемен
нақтыланбаған
алдын
ала
ойластырылмаған білім
Достарыңызбен бөлісу: |