Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Қылышбаева К. Ә. «Әдебиет пәнін шығармашылықпен оқыту – Блум таксономиясының
ұтымдылығы» Астана, 2009ж.
2. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі //2009
3. М.И.Скаткин. Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет // 2008
4. И.Д.Богаева. Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік //2009
5. Г.К. Селевко. Педагогикалық технологияларды меңгеру факторы //2009.
«ОҚУШЫЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТ ДАЯРЛАУ
БАРЫСЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ»
Бектурганова Рабия
№79 З.Рүстемов атындағы жом
Сарыағаш ауданы, ОҚО
Ағылшын тілі қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол
себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда жаңа
технологияларды қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын
тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген
қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ағылшын тілі
сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының , ауызекі сөйлеуге
құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын
арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын
әдістерінің көмегімен шешуге болады.
Біздің келешегіміз өсіп келе жатқан жас ұрпақ, ал оларға білімді, саналы әрі құнарлы
етіп жеткізу – ұстаздар қауымына жүктелген үлкен жауапкершілік. Оқушыларға сапалы
білімді, саналы тәрбиені инновациялық тұрғыда іске асыруымыз қажет. Оқушының ақыл-
ойын, өзіндік іздену қабілетін байқау үшін тест жүйесінің маңызы өте зор.
Тест жүйесі бойынша оқушының білім сапасы айқын аңғарылуда. Сондықтан да
оқушының өзіндік ізденуіне ұстаздардың да қосар үлесі зор болуы тиіс. Оқушыға бағыт
беріп, оны үнемі қадағалап отырса, оқушы білімі тереңдей түседі. ҰБТ қорытындысы
бойынша оқушы өзінің кемшілігін біліп, бағдарламаның білмеген тұстарын түсініп, сол
тұстарды білуге ұмтылады, өзі қайта ізденеді. Міне, осындай ізденістің нәтижесінде оқушы
жоғарғы көрсеткішке жете алады. Мұндай нәтижеге жету үшін мұғалім сабақтың
бағдарламасын түзуі керек. Әуелі оқытуға бағытталған оқу пәндерінің барлық
тақырыптары қамтылып, мерзімі белгіленеді. Бағдарлама дарындылар мен орта, төмен
деңгейдегі балаларға лайықталуы мүмкін.
~
409
~
Ағылшын тілі пәнінен ҰБТ-ға байланысты дайындық жұмыстарына арнайы дәптер
жүргізіледі. Оқушы дәптерінің бетін ортадан бөліп, сол жақ бетіне тест тапсырмаларын
жазып, тапсырманың тұсына белгіленген дұрыс жауаптың себебін дәлелдейді.
1.«Dry» сөзінің антонимі:
А) Happy [heapi] – бақытты, сәтті.
В) Fat[feat] – май, тоң май.
С) Wet [wet] – дымқыл, ылғал, су.
Д) Tall [t :l] – биік, ұзын.
Е) Thin [Өin] – жұқа, жіңішке.
2. «Tell» етістігі Perfect lnfinitive
А) To have told
В) To have telling
С) To be told
Д) To have tell
Е) To tell
Жасалуы:Have / has + Pfst participle ( l l ) v
3.Сұраулы сөйлемнің дұрыс нұсқасы:
А) You agree with me?
В) l s you agree with me?
С) Do you agree with me?
Д) Does you agree with me?
Е) Are you agree with me?
Етістіктің болымсыз және сұраулы түрі do, does көмекші етістігі арқылы жасалады. Do l /
you/ we/ they agree with me?
Does he / she / it agree with me?
Оқушы дұрыс жауапты белгілеп қана қоймай, қосымша материалдарды еске түсіреді, білім
жан-жақты пысықталады.
Тілді меңгеруде жетістікке жету жолы – оқушыларды оны қалай меңгергенін дер
кезінде анықтап білу. Оқушылардың білімін тест арқылы тексеру тиімді әдістердің бірі. Әр
тақырып бойынша тест жұмыстарын дайындап, сол арқылы тақырыпты қалай меңгергенін
анықтауға болады. Тест қорытындысы оқушының білім деңгейін көрсетіп қоймай,
мұғалімнің өз жұмысынан да хабар береді.
Тақырыптық шағын тестілерді сабақ аяқталуға 8-10 минут қалғанда жүргізуге
болады. Әр тест екі тапсырмадан тұрады. Ағылшын тілі грамматикасын меңгеруде
оқушылар көптеген қиындықтарға кезігеді. Осы қиындықтарды жоюда грамматикалық
тапсырмаларға арналған жаңа технологиялардың көмегі зор. Бұл ретте мұғалім
грамматикалық ойындар құрып, оны тиімді пайдалана білуде, оқушыға нұсқау беріп,
өзіндік жұмысқа дағдыландырады.
1. Ойын. Өз біліміңді тексер және жұмысыңды бағала
Ойынның мақсаты: Оқушының грамматиканы меңгеруіне көмектесу. Өз білімін бағалай
білуге үйрету.
Шақтар жазылған 12 бөліктер сызылған кесте берілді. Қағаз 2 парақтан тұрады.
Беткі қағазда оқушыға тапсырма, астыңғы қағазда тапсырма кілті. Тапсырма орындалған
соң оқушы кілт арқылы жұмысын салыстырып қатесін табады.
Қай шақты меңгермегенін анықтап, оны меңгеруге тырысады.
Бұл ойынды топтық немесе жұптық жұмыс ретінде де атқаруға болады.
Тапсырма. Ағылшын тілінде жаз.
Indefinite
Continuous
Perfect
Perfect
continuous
~
410
~
Тапсырма кілті.
I write
I am writing
Ihave written
I have been writing
I wrote
I was writing
I had written
I had been writing
I shall write
I shall/will be writing
Ishall have written
Ishall have been
writing
2 ойын. Осы үлгіде басқа етістіктермен кестені толтыр.
To learn, to make, to come, to finish ets.
3 ойын. «About Myself» тақырыбында семантикалық картаны толтыр.
Ана тіліне аударып, түсініктеме бер, талда.
1.I go to school.
2. I live in Astana.
3. I have been learning English since the 5 th form.
4. I am reading an interesting book.
5. I have been reading it for a week.
6. I have read chapter one.
7. I
’
ll have read the book by the end of the month.
8. Last summer I went to Almaty.
9. I spent a month there.
10. I went to Medeo, Chymbulak.
11. Last year at this time, I was reading “Abai zholy”.
12. I’ ll leave school in four years’ time.
13. Next year I’ ll have been learning English.
14. This time next month I’ ll be taking my exams.
Тапсырма кілті:
1,2
4
6
3,5
8,9,10
11
12
14
7
13
Басқа да лексикалық тақырыптар бойынша бұл жұмысты түрлендіріп, жалғастыра
беруге болады. Осында тест ойын – тапсырмадан кейін оқушы өз жұмысын төмендегі
бағалау кестесі бойынша бағалап, қатемен жұмыс жүргізеді. Бұл ретте мұғалім оқушының
жіберген қателері негізінде жұмыстар жүргізіп тақырыпты меңгеруіне көмектесе алады.
Жіберілген
қателер саны
0-1
2-3
3-4
4-тен төмен
Баға
5
5
3
2
Тілді меңгеруге арналған тесттік бақылау жұмыстары
Present
Мен жазамын
/үнемі/
Мен жазып
отырмын
/қазыр/
Мен жазып
болдым
/қазір ғана/
Мен/бір сағат бойы,
3-тен бері/жазып
отырмын
Past
Мен жаздым/
кеше, үш күн
бұрын т.б./
Мен жазып
отырғанмын./
Кеше сағат 3-
те, немесе ол
келгенде/
Мен жазып
болғанмын/кеше
сағат 3-ке таман/
Мен/ол келгенде 1
сағат бойы, 3-тен
бері/ жазып
отырғанмын
Future
Мен жазатын
боламын/ертең/
Мен жазып
отыратын
боламын./
ертең осы
уақытта/
Мен жазып
боатын
боламын/ертең
сағат 3-те ол
келгенше
Мен/ертең, ол
келгенше 3 сағат
бойы/ жазып
отыратын боламын
~
411
~
Бірінші тапсырма барлық оқушыларға арналады. Екінші тапсырма бірінші
тапсырманы дұрыс орындағандар үшін. Егер оқушы бірінші тапсырманы орындай алмаса,
оған тапсырма түсіндіріліп соған ұқсас екінші тест жұмысы беріледі.
The ABC Test
1-тапсырма. Алфавиттегі 26 әріпті ретімен жаз. Дауысты дыбыстардың астын сыз.
Өз аты-жөніңді ағылшынша жаз.
2-тапсырма. Сөйлемдегі әріптерді санмен белгіле.
(А-1, В-2, С-3, Д-4.... Z-26)
«Three – S» Test
1-тапсырма. 6 сөз жа (2 мысалдан)
А) s- зат есімнің көпше түрі жалғауы
b) s- етістіктің III жағы жеке түрде
с) с- ілік септік жалғауы қызметін атқарады.
2-тапсырма. 1 тапсырмадағы талаптарды орындай отырып сөйлем ойлап жаз.
Үлгі: He reads his Friend’ s books
Test on Indication
1-тапсырма. Көрсетілген уақытты жазбаша жаз.
12 a.m 7.05am 8.15.a.m.
10.45 p.m 12,30 p.m 2.40 p.m
6.45 p.m
2-тапсырма. Осы уақытта не істейтініңді, қайда болатыныңды жаз.
Arithmetical Test on Numbers
1-тапсырма. Есептерді жазбаша орында.
8+2 = 25-10 =
21+9 = 46-4 =
3*6 = 36:3 =
8*2 = 25:т5 =
Test on Dates.
1-тапсырма. Мерзімдерді жазбаша жаз.
12.04.1961. 9.05.1945.
16.12.1991. 22.03.2000.
2-тапсырма. Өз туған күніңді, мектебіңнің құрылған күнін,
Алматының Астанаға көгкен күнін жазбаша жаз.
Test on Degrees of Comparison.
1-тапсырма. Сөздерді ана тіліне аудар. Осы сын есімдердің
салыстырмалы, күшейтпелі шырайларын жаз.
Young, many, hot. Short, old, clean, wet, safe, long, hot.
2-тапсырма. 1 тапсырмадағы антоним сөздерді жаз.
Үлгі: cold – hot
Фонетика бойынша тест.
1. «Ow»-ерекше оқылатын сөзді тап:
а) now и) blow с) tomorrowd) follow
2. “G” әрібі ерекше оқылатын сөзді тап:
а) gentleman и) gymnastics с) age d) granny
3. “Oo” әрібі ерекше оқылатын сөзді тап:
а) Look b) tooth с) blood d) goose
4. “Er” [i:r] дыбысын беретін сөзді тап:
а) nerves b) htro c) perfect d) her
5. “U” [u:] дыбысын беретін сөзді тап:
а) husband b) head c) season d) put
Test on Modal Verbs.
~
412
~
1-тапсырма. Сөйлемдердегі бос орынға модальді етістіктерді мағынасына қарай қой.
[can, may, must, have]
1. _______ you lift this box?
2. Lt ________ rain today.
3. ________ you do as you are told.
4. He _______ go there at once.
5. ________ I help you?
6. We _______ be more careful.
7. ________ you playchess?
8. He _______ to stay at home yesterday.
2-тапсырма: Модальді етістіктерді қолдана отырып 3-4 жалпы сұрақ жаз.
Оқушылардың оқып отырған шет тілінде сөйлейтін елдер мәдениетін
таныстыру мақсатында «Ұлыбритания» тақырыбын қорытындылағаннан кейін «Сен
Британияны білесің бе?» тақырыбында КВН өткіземін.
1. Таныстыру
2. Әр топқа 20 сұрақтан беріледі.
3. Фрагменттер мен карточкалар беріледі, оған ағылшын
қалаларының аттарын қояды.
4. Ең жақсы әңгіме (берілген сөздер мен фразалардан қызықты
әңгіме құрастыру).
5. Әрбір команда «Ал неге Англияда?» - деп басталатын сұрақтар қояды.
Бұл конкурстар оқушылардың шетел мәдениетімен танысуына және сабақта алған
білімдерін одан әрі шыңдай түсуге көмектеседі. Оқушылардың сабақта белсенділігін
арттыруда лингафон кабинетін жүйелі пайдалану техникалық құралдармен жұмыс жүргізу
өте тиімді. Магнитофоннан дыбыстарды қайталай және жаттықтыру арқылы оқушыны
дұрыс сөйлетуге, түсінуге, үйретуге болады. Мұғалімнің білімділігі мен мәдениеттілігі
оқушының білім алуына, еліктеуіне үлкен әсер ететінін ұмытпағанымыз жөн. Мұғалім
ізденіс үстінде кез келген тәсілді түрлендіріп, өз сабағында пайдалану арқылы оқушының
пәнге деген қызығушылығын арттыра алады деп ойлаймын.
Мен өз оқушыларымнан алған әр тест тапсырмаларына диагностика жасап
отырамын. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны қамтиды.
Оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижесі жөніндегі мәліметтерді алу мүмкіндігін ашады.
Оқытушы өз шәкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін анықтайды.
Диагностикалау кезінде оқушының өзіде өз оқу жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпарат
алады. Өзі-өзі бақылау әдісі-тест өткен тақырыптарды қайталауға, бекітуге пайдалы.
Көбінде электронды оқулықтардағы грамматикалық және лексикалық тесттер беріледі.
Тиімділігі-оқушы өзін-өзі бақылай отырып, шығармашылықпен жұмыс атқарады және
тиісті бағасын алады.
«Шет тілін үйрену, әсіресе ағылшын тілін – қазіргі заманның қажеттілігі», - деп
Елбасымыз Н.Назарбаев атап өткеніндей, қазіргі заман ағымына сай білім беру пән
мұғалімінен үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
«Оқыту – тәрбиелеу технологиясы» журнал. 3/2009ж.
2.
«Қазақстан мектебі» журнал. 5/2010ж.
3.
«Ағылшын тілі мектепте» журнал. 6/2010ж.
~
413
~
СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУДА ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ САБАҚТЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
Жакупова Улмекен Шахамановна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
№11 Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп.
Арыс қаласы, ОҚО
Білім беру жүйесіне енгізілген модульдің бірі сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
модулі. Бұл модуль Ж.Пиаже мен Л.С.Выготскийдің теорияларын басшылыққа алып
ғалымдардың бірлесіп жасаған еңбектері. Сыни ойлауды дамыту технологиясының негізгі
ерекшеліктерінің бірі -білімнің дайын күйде берілмеуі. Ал негізгі мақсаты –демократиялық
қоғамда өзіндік пікірі бар, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап жауап бере алатын
жеке тұлғаны қалыптастыру, мұғалімдер мен оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын
қарастырады. Осы тұрғыда сыни ойлау- адам өмірінің бір саласы, олай дейтініміз- бұл
философия адамдарға көптеген жолдармен шешімдер ішінен өздері үшін ненің
маңызды әрі пайдалы екенін анықтап, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа
білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Белгілі ғалым Дайана Халпрен «Сыни
ойлау- ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы
шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану. Сыни ойлау- белгілі бір мәселе туралы
бар идеяларды жинақтап, оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен
аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» дей келе мұғалімдерден терең теориялық,
психологиялық, әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті талап етеді. Өйткені
мұғалімдер қазіргі таңда тек білімді үйретуші ғана емес, оқушының өзіндік
шығармашылық жұмысының жетекшісі, бағыт-берушісі. Сабақ үдерісі кезінде
оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын төселдіру үшін әдіс-тәсілдерді пайдалану ең
негізгі орынды алары сөзсіз. Осы тұрғыда Интеграциялық сабақтың сабақ барысында
тиімділігі нақты деректермен негізделіп отыр. Бұл сабақ пәнаралық байланысты жетілдіру
мақсатына байланысты пайда болған. Сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін
мұғалімдер оқыта алады. Интеграциялық (кіріктірілген) сабақтың негізгі мақсаты - оқу
материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін
дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру
оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды.
Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни
пән аралық байланыс принципін қолданып, интеграциялық жоспар жасайды. Сабақты өту
оқушылардың тәуелсіз ойлануына, сыни тұрғыдан ойлануына ықпал етеді. Мен өз іс
тәжірбиемде Интеграциялық (кіріктірілген) сабақты орыс тілі мен шет тілі пән
мұғалімдерімен өттім. Сабақтың құрылымын Блум таксаномиясының (білу, түсіну,
қолдану, жүйелеу, жинақтау, қолдану) әдістеріне негіздей отырып қысқа мерзімді
жоспарымды жасадым. Сабақтың ғылымилығын анықтау мақсатында, тақырып бойынша
жаңа ақпарттарды үш тілде менгеруі үшін интеграция әдісін қолдандым.
Сабақтың ғылымилығы
~
414
~
Кластермен жұмыс
Шарты:
1. Дауысты дыбыстан басталатын
(жеміс) суретін салу.
2. Суретке қарап 10 сөз жазу
Венн диаграммасы
Постермен жұмыс
“Дыбыстар сөйлейді”
Математикалық талдау
Жүйелеу
Жинақтау
Бағалау
-Ұтымды байланыстыра білу- 3 ұпай
-Байланыстырды, толық емес 2 ұпай
-Байланыс жеткілікті емес
Дарынды оқушыны анықтау
Дауысты дыбыстан басталатын
(1 сөзді) талдау
Шарты:
1. Дауысты дыбыстардың түрлерін
салыстыру
Шарты:
Кері байланыс
Нәтиже
Топпен
жұмыс
жасауға
дағдыла-
нады
Сыни
көзқарас
қалыптаса
ды
Өзін
еркін
ұстай
білуге
үйренеді
Танымдық
қабілетін
арттырады
Бірлескен
жұмыс
жасайды.
Өзін-өзі
бағалауға
үйренеді
Сабақтарымда интеграциялық (кіріктірілген) сабақты пайдалана отырып,
оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға тиімділігін аңғардым. Негізгі пәндер
арқылы түрлі сұрақтар мен тапсырмалар беріліп, оқушылар талантты, дарынды
қабілеттерімен таныла білді, шапшаңдық танытып, белсенділік танытты. Кіріктірілген
сабақтар оқушыға заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы мағұлмат береді.
Сабақты өту оқушылардың тәуелсіз ойлануына, сыни тұрғыдан ойлануына, өз бетімен
іздене білуіне ықпал етеді. Сонымен қатар оқушылардың жаңа ақпараттық технологияны
терең менгеруіне, сыни тұрғыдан ойлануына септігін тигізетін бірден -бір жолы. Үлгерімі
төмен оқушыларға сабақта бейне ролик көрсету арқылы сыни тұрғыдан ойлануға
бағыттадым. Нәтижесінде оқушылар өз бетінше ізденуге, талдауға, салыстыра білуге
үйренді. Ғалым М.Хабберттің «Балаға білім берудегі мақсат- мұғалімнің көмегінсіз оның
ойлау қабілетін дамыту» деген сөзін негізге ала отырып сабақ үдерісі кезінде берілген
тапсырмаларды оқушылар өздері іздене білуіне ықпал жасадым. Оқушылардың сабаққа
деген белсенділігі мен қызығушылығының артуы сабақтың жүйелі өтуінде. Ал оқушылар
үшін басты мәселе- сыни тұрғыдан ойлануды үйрену, яғни оқушы жаңа ақпаратты
қабылдап, оны саналы түрде зерттеп, сын елегінен өткізу қажет. Сондықтан оқушылардың
бойында сыни ойлау дағдыларын дамыту-күрделі міндет. Жалпы мұғалім оқушыға заман
талабына сай өзіндік көзқарас пен ішкі уәжін қалыптастыра білу керек. Оқушы еркін
сөйлеуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу
жолдарын іздей отырып қиындықты жеңе білу керек. Ендеше, сыни ойлауды бірінші
кезекте білім беру саласында дамыту маңызды. Оқушының ізденушілік-шығармашылық
қабілеттері күшейеді, сыни қортынды шығара біледі. Бұл әдістің бір ерекшелігі-оның
білімді менгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық үдерістерді, яғни
жауабының алуан түрлерін ойлауды ынтаны қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу
және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға сөздік қорын белсенді дамытуға
бағытталуында. Оқушыларды сыни тұғысында қорытынды жасауға, өзіндік ой пікірлерін
қорғай білуге, өз ойларын қазіргі өмірмен байланыстырып жеткізе білуге үйрету
~
415
~
тапсырмалар орындау барысында нақтыланады. Сонымен қатар оқушы өзін қызықтырған
іске ғана бағыттап, алдағы уақытта берген тапсырманы орындауға белсенділік танытады.
Топқа бөліп оқытуда сыни тұрғыдан ойлау модулі оқушылардың білім, біліктерін
қалыптастыруға, сабаққа деген белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттырды.
Теориялық алған білімдерін өмірде қолдана білетін жеке тұлғаны қалыптастыруға,
ұлттық құндылықты, мәдениетті танитын, салауатты өмір салтын ұстанатын, жан –жақты
қалыптасқан оқушыларды тәрбиелеуге септігі мол. Пәндерді өзара интеграциялау
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, жаңа ақпаратты жан-жақты
менгеруге тиімді. Бұдан күтілетін нәтижелер:
1. Оқушылар сыни ойлануға дағдыланады.
2. Оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамиды.
3. Берілген тапсырмаларға сын көзбен қарауға үйренеді.
4. Пәннің жалпы мазмұнын өмірменбайланыстырады.
5.Оқушылардың шығармашылық мүмкндіктер і ашылады.
6. Шығармашылық ізденіске талпынады.
7. Дарынды, қабілетті оқушылар қалыптасады.
Бұл сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, оралымдылығымен
ерекшеленеді. Сабақтың әр сатысындағы оқу материалы жаңа ақпаратпен негізделіп
бөлінеді. Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастық мәдениеті құрылады, оқу
сапасы артады. Оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдер тиімді қолданылады. Оқушының
шығармашылық әлеуетін, бәсекеге қабілетін дамыта отырып, патриоттық рухы мығым
және рухани дамыған азаматтар қалыптастыру басты міндеттердің бірі болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен сабаққа деген қызығушылық таным
белсенділігін арттыру. Сонымен қатар жаңаша білім беру кезеңінде оқытушыларға
қойылатын талаптардың бірі
оқушының
жеке
қабілеттерін
дамытуды
қамтамасыздандыратын жағдай жасау.
Елбасымыз «Қазақстандықтардың жас ұрпағы : қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін
меңгерулері қажет» деп, тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Осы тұрғыда
кіріктірілген сабақ оқушылардың үш тілді жетік меңгеруіне, іскер, шығармашыл,
дүниетанымы мол, интеллектуалды тұлға болып қалыптасуына тиімді. Оқушыларының
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін оның теориялық-әдіснамалық негіздері
анықталуы тиіс. Осы негізде оқушының оқу, жазу сауаттылығын құқықтық сауаттылығын
қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Оқушылардың сауаттылығын арттыруда рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту
және сұрақ-жауап әдістерінің тиімділігі сабақ өту барысында ерекшеленеді. Оқыту
үрдісін ұлттық құндылықтарға негіздей отырып, оқушыларға көпденгейлі білім беруді
ұйымдастыру негізгі міндеттер болып табылады. Оқушыларды шығармашылыққа баули
отырып, оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, оқушының жеке қабілеті мен
әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу керек. Оқыту үрдісінің нәтижелі, сабақ
құрылымының сапалы болуы әдістің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына
байланысты. Мұғалім мен оқушының өзара бірлескен ынтымақтастық атмасферада
жұмыс атқаруы болып табылады. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы, өзіндік пікірі ,
көзқарасы мен белсенділігі артады. Оқыту үрдісінде түрлі әдістерді қолданудың негізгі
көздейтін мақсаты сабақ құрылымының жүйелі түрде сұхбатқа, әңгімелесуге, пікір таласқа
құрылуы.
Сонымен қатар қойылатын негізгі тала пәндер бойынша білім мазмұнының
игерілуі, оқушының белсенділігін арттыру жолдарын қарастыру. Пәндерді өзара
байланыстыра оқытудың нәтижесі- оқушының даму денгейіне сәйкес оның шыңдалып,
белгілі бір жетістікке жетуіне жетелейді. Сондықтан да оқушының қабілеті мен
шығармашылық деңгейіне қарай білім беру-уақыт талабы.
Интеграциялық (кіріктірілген) оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын
кеңейтуге, жаңа ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Оқушылардың
~
416
~
дүниетанымының кең, әрі кемел ойлы азамат болуы үшін - сапалы білім мен тәрбие берілуі
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |