Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет57/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер 

1.

 



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. 

2.

 



Қазақстан тарихы - әдістемелік журнал. Алматы 2006-2010жж. 

3.

 



Г.Төлеубаева  Тарихты оқытудағы әдістемелік технологиялар. Қазақ тарихы, №2, 2009ж. 

4.

 



Д.Айтахунова.  Тарих  сабағында  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытудағы 

логикалық тапсырмалардың маңызы. /Қазақстан тарихы әдістемелік журналы. №4.2005ж.  

 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ 

ДАМЫТУДЫҢ ҰЛТТЫҚ -ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ 

 

Ашимбекова Шолпан Мухамбетовна 

№27 жалпы орта мектеп 

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі 

Түркістан қаласы, ОҚО 



 

Елбасының  биылғы  Қазақстан  халқына  жолдауында  көрсетілгендей    -  «Төртінші 

басымдық  –  адами  капитал  сапасын  жақсарту.  Бірінші.  Ең  алдымен,  білім  беру  жүйесінің 

рөлі  өзгертуге  тиіс.  Біздің  міндетіміз  –  білім беруді  экономикалық  өсудің  жаңа  моделінің 

орталық  буынына  айналдыру.  Оқыту  бағдарламаларын  сыни  ойлау  қабілетін  және  өз 

бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» [1-3] - деп жас ұрпақтың өз бетімен 

ізденіп, білім алуына баса назар аударады.  

Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасында  «Білім  берудің  мақсаты  -  жылдам  өзгеріп  отыратын  дүние 

жағдайларында  алған  терең  білімнің,  кәсіби  дағдыларының  негізінде  еркін  бағдарлай 

білуге,  өзін-өзі  іске  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға  және  өз  бетінше  дұрыс,  адамгершілік 

тұрғысынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті,  дені  сау  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру» [3- 12 б] делінген. 

Жеке  тұлға  дегеніміз  -  әлеуметтік  қатынастар  мен  саналы  іс  -  әрекеттің  субъектісі 

ретіндегі индивид. 

Жеке  тұлғаның  ең  маңызды  белгелері  –  оның  саналылығы,  жауапкершілігі,  бостандығы, 

қадір-қасиеті,  даралығы,  яғни  оның  өзіне  тән  мінез-құлқындағы,  іс-әрекетіндегі, 

көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.  

Жеке тұлға - қоғамның белсенді, саналы, мүшесі. Өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастары, 

қарым  -  қатынастары  бар,  жеке  моральдық  талаптары,  өзіндік  психологиялық  қасиеттері 

бар қоғамдық сананы алып жүретін адам. 


390


 ~ 

 

Тәрбие - аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі. Бұл 



жеке  адамды  дамытудағы  басты  факторлардың  бірі.  Сонымен,  тәрбие  бала  дамуын 

бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол - баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Баланың 

жеке  және  дербес  ерекшеліктеріне  дайындығы  мен  дәрежесіне  лайық  тәрбиенің  бүгінгі 

таңда бет алысы қандай? 

Қытайлықтар  ұлы  қытай  қорғанын,  итальяндықтар  сазды  әуенімен  таң  қалдырса, 

қазақ  халқы  ұлттық  құндылықтар  мен  бай  тілін  мақтан  етеді»,  -  деген  екен  ұлы  кемеңгер 

жазушы  М.О.Әуезов.[7-58б].  Бүгінгі  жаһандану  үрдісінде  әр  ұлт,  әр  мемлекет  өзіндік 

менталитетін,  өзіндік  бет-бейнесін  сақтап  қалуға  тырысуда.  Бізді  де  осы  үрдіске  ежелден 

қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз бен білімді ұрпақ алып шығады. Сол себептен жас 

ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет. 

ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді 

жетілдірудің  басым  бағыттарын  айқындап,  педагогика  ғылымында  ұлттық  сананы 

қалыптастыру  көкейкесті  мәселелердің  бірі  болып  отырғаны  анық.  Сондықтан  келешек 

ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің 

негізгі  бағдарлы  идеялары  еліміздің  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  -  2030» 

халыққа  жолдауында  былай  деп  жазылған:  «Толық  өркениетті  ел  болу  үшін  алдымен  өз 

мәдениетімізді,  өз  тарихымызды  бойымызға  сіңіріп,  содан  кейін  өзге  дүниені  игеруге 

ұмтылғанымыз жөн».[5-71б] 

Олай  болса,  басты  мақсат  –  жас  ұрпақты  ұлттық  игіліктер  мен  адамзаттық 

құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. 

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті  тұлға тәрбиелеу 

үшін: 


-оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; 

-жас  ұрпақ  санасына  туған  халқына  деген  құрмет,  сүйіспеншілік,  мақтаныш 

сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту

-ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени 

мұраларды қастерлеу; 

-жас  ұрпақ  бойында  жанашырлық,  сенімділік,  намысшылдық  тәрізді  ұлттық 

мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз. 

Бала  бойына  ұлттық  тәрбиені  сіңірудің  көздері  фольклор,  халық  ауыз  әдебиеті, 

ұлттық  әдебиет,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр,  ұлағатты  қағидалар,  шешендік  сөздер,  өнеге-

өсиеті 


бар 

мақал-мәтелдер, 

туған 

топырағымызда 



дүниеге 

келген 


ойшыл 

ғұламаларымыздың  еңбектеріндегі  тәрбие  қағидалары  болып  табылады. Сонымен  бірге, 

отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, 

перзенттік  парыз  бен  қарыз,  ұлттық  намыс,  сана-сезім,  отансүйгіштік,  еңбексүйгіштік 

қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады. 

Ұлттық тәрбие - қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, 

ата  тарихын,  ұлттық  салт-дәстүрін  білмейтін  жастар,  тастанды  жетім  балалар,  «қиын» 

балалар,  қарттар  үйлеріндегі  әжелер  мен  аталар,  нашақорлыққа  салынған  жастар,  тағы 

басқаларды  бірте-бірте  жоюдың  және  олардың  алдын  алып,  болдырмаудың  негізгі  жолы. 

Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, Отанын сүйетін патриот, ұлттық рухы 

биік парасатты азамат, жоғары адамгершілік иесі, еңбекқор болып өседі. 

Келе  жатқан  ғаламдану  кезеңінде  ұлттық  құндылықтармыз  бен  бай  тілімізді  келер 

ұрпаққа  жеткізуде  мектептің  ролі  мен  ұстаздар  қауымының  алар  орны  ерекше.  Баланың 

бойына ұлттық құндылықтың нәрін сеуіп, азамат қылып тәрбиелейтін ұстаз. Сондықтан да 

ұстаз  білімді  де  білікті  болуы  керек.  М.Жұмабаев  кезінде:  «Әрбір  ел  келешегіне  негізді 

балаларын  тәрбиелейтін,  даярлайтын  мектебімен  салмақ.  Бір  елдің  тағдыры  -  мектебінің 

құрылысына  байланысқан  нәрсе»-деген  екен.[4-82б]  Бұл  ескірмейтін  игі  сөз,  өзгермейтін 

бір шындық. 

Бүгінде  ғылым  білімге  қояр  талап  артып,  оқу  жүйесі  де  күрделеніп  келген  шақта 

жаңа  қоғам  мұғаліміне  жүктелер  жүк  еселеніп  келеді.  Ұстаз  алдында  жай  білім  беру  ғана 



391


 ~ 

 

емес,  сонымен  бірге  өркениет  көшіне  жол  көрсетер,  әрі  ұлттық  рухта  сусындаған  білімді, 



білікті   дарынды  азаматтар  тәрбиелеп  шығару  міндеті  тұр.  Мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін 

дамыту, біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған күрделі де жауапты 

іс болмақ. 

Осы  бағытта  «Өрлеу»  БАҰО  АҚФ  ОҚО  бойынша  ПҚБАИ  біліктілікті  арттырудың 

жаңа  жүйесі  аясында  Қазақстан  Республикасында  білім  сапасын  көтеруді  қамтамасыз 

ететін  білім  берудің  жаңа  философиясы  мен  қазіргі  инновациялық  педагогикалық 

технологияларын енгізуді алға қойған бірден-бір білім ордасы екені баршаға мәлім болып 

отыр.  Бұл  әрине  қазіргі  таңда  ұжымды  басқарып  отырған  институт  директоры  п.ғ.д., 

профессор Л.Тұрлыбекқызының еңбегі. Л.Тұрлыбекқызы білікті де шебер басшы екендігін 

танытумен  қатар,  өзі  басқарған  ұжымдағы  атмосфера  тек  сүйіспеншілік  пен  ізгіліктен 

құрылғаны ғимарат табалдырығын аттағаннан-ақ байқалады.  

Қазіргі  таңда  «Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  бағдарламасы  бойынша 

«Сабақтағы  жалпыадамзаттық  құндылықтар»  курсында  алған  біліміміз  бізге  келешекте  өз 

тәжірибемізде  оқушыға  жанды,  тұтас  тәжірибелік  білім  берудің  ауадай  қажет  екендігін 

үйретті.  Біздің  әрбір  күнгі  сабаққа  деген  қызығушылығымыз  бен  білімге  деген 

құштарлығымызды  арттырған  тәжірибелі  ұстаз,  өресі  биік,  шабыт  беруші  тренеріміз 

А.Аскарованың  құнды  дәрістерінен  терең  ұғынып,  әр  оқушыға  нұр  беруші  Нұрлы  Ұстаз 

болудың маңыздылығын ұғындық.  

Педагог кадрлардың білімін жетілдіруде «Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ -ның 

біліктілік  арттыру  курстарының  алатын  орны  педагогтар  қауымы    үшін  ерекше.  Курс 

барысында  тыңдаушыларына  көкейлерінде  жүрген  сан  түрлі  сұрақтарға  өте  тамаша 

жауаптар бере отырып, сонымен қатар түрлі ізгі әдіс-тәсілдерді меңгерткен аяулы да асыл 

ұжым педагогтарына алғысымыз шексіз. Атап айтқанда, біз дәріс барысында оқушылардың 

ойлау  өрісін  жетілдіру,  сананы  таза  ұстау,  сырттан  келген  кез-келген  ақпаратты  оң 

қабылдау  арқылы  ғана    баланың  рухани  адамгершілік  қасиеттерін  аша  түсіп,  оқушыны 

жоғары ойлау деңгейіне жеткен кемел тұлға ретінде  қалыптасуына зор ықпал жасауға негіз 

болып, нағыз шабыт беруші ізгі НҰРЛЫ ҰСТАЗ болуды үйрендік. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы . - Астана, 2017 

2. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы, 1968. 

3. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976. 

4. Қ.Р 2015жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Алматы 2013ж 

 5.Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. - Алматы, 1977.ж 

6. Қазақстан 2030 даму стратегиясы 1998ж 

7. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998. 

8. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999. 

  

 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – МӘҢГIЛIККЕ БАСТАР ЖОЛ 



 

Байботаева Шолпан Еликбаевна 

№100 «Жұлдыз» жалпы орта мектебінің 

бастауыш сынып мұғалімі 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

"Жаңа сатыдағы педагогтiң өмiрге келуi қажет» 



/Қазақстан Республикасы Президентiнiң  

халыққа Жолдауынан/. 2015 ж 

 


392


 ~ 

 

Ұлы  қазақтың  алғашқы  педагогы  Ы.Алтынсарин  айтқандай  "мұғалiм  —  мектептiң 



жүрегi" болса, оның оқушыларды тәрбиелеуi, дамытуµа бағытталған сыныптағы күнделiктi 

жұмысы, оқыту үдерiсi оқушылардың оқу нәтижелерiне оң ықпал етедi. Ұсынылып отырған 

бағдарламаның негiзгi идеясы сындарлы оқыту теориясына негiзделiп отыр. Сондықтан да 

оқушылардың  ойлау  қабiлетi,  қалыптасатын  бiлiмдерi  жан-жақтан  жинаған  (мұғалiмнен, 

достарынан, интернеттен, кiтаптан, т.б.) ақпараттарына негiзделедi. Дәстүрлi оқыту кезiнде 

оқушының  алған  бiлiмдерi  механикалық  түрде  есте  сақталынып,  кейбiр  жерде  ұтымды 

пайдаланылады,  бiрақ,  мәнi  терең  меңгерiлмегендiктен  оқушылар  оны  өмiрде  тиiмдi 

пайдаланбайды. 

Қазақстан  Республикасында  орта  бiлiм  мазмұнын  жаңарту  шеңберiнде  орыс  тiлiнде 

мектептердегi  «Қазақ тiлi» пәнi бойынша педагогикалық кадрлардың  бiлiктiлiгiн арттыру 

курсының бiлiм беру бағдарламасы бойынша бiлiктiлiгiмдi көтеру мақсатында өз бiлiмiмдi 

жетiлдiрiп, бiр айлы курсын аяқтап бiтiрдiм.  

Курс  барысында  мұғалiмге  арналған  нұсқаулықпен  танысып  қана  қоймай,  оқыған 

теориямды тәжiрибе жасай отырып, iске асырудағы деген қабiлетiм арта түстi.  Мұғалiмге 

арналған  нұсқаулық  та,  бағдарлама  да  бiзге  түсiнiктi  тiлмен  аударылып,  нақты  жақсы 

жеткiзiлген. Жаºңртылған бiлiм беру бағдарламасын оқи отырып, тиiмдi оқыту мен оқуды, 

бағалау,  оқу  жоспарын  түзудi  және  түрлi  тиiмдi  әдiс-тәсiлдердi,  оқылым,  жазылым, 

айтылым,тыңдалым  дағдыларын дамытуды және графикалық органайзермен таныстым. 

Орыс  тiлiнде  оқытатын  мектептердегi  қазақ  тiлiне  арналған  оқу  жоспарында 

оқылым,  тыңдалым,  жазылым  дағдыларын  және  нақты  тақырыпты зерттеу  үшiн  айтылым 

дағдыларын бiрiктiретiндiгiнен хабардар болдым. 

Бұл  бағдарламаның  мұғалiмдерге  жақсы  және  тиiмдi  жақтары  көп  екен.  Себебi,  оқу 

бағдарламасы  мен    мақсатының  дайын  болып  келетiндiгi  және  түрлi  әдiс-тәсiлдердiң 

оқушылардың  қызығушылығын  оятып,  сабаққа  ынталандыра  алатындығы,  бағдарламамен 

таныса  отырып,  мұғалiм  көбiнесе  iзденушi,  көшбасшы,  бағыт-бағдар  берушi 

болатындығын, бағалаудың табыс критерийлерi арқылы тиiмдi болуын түсiнiп меңгердiм. 

Осылайша, қазiр күнделiктi iс-тәжiрибемде қолданып келе жатырмын.  

 

Мысалы, жақында «Қазақстан халықтары Тiлдерi күнi» мерекесiне орай өткiзiлген 



тiл  апталығында  5"Б"  орыс  сыныбымен  «Менiң  отбасым»  тақырыбы  аясында  өткiзiлген 

ашық сабағымды алсам,  сабақтың ұйымдастыру кезiнде  үш тiлде сәлемдесуден бастады. 

Бiрiншi топ – қазақ тiлiнде «Саламатсыздар ма? », екiншi топ- орыс тiлiнде «Здравствуйте» 

ал, үшiншi топ-«  Hello» ағылшын тiлiнде бiр-бiрiмен және келген қонақтармен сәлемдестi. 

Ал,  топты  тақырыпқа  байланысты  етiп,  «¦әке-  асқар  тау»  деп  таудың  суретiмен,  «Ана- 

бұлақ» деп бұлақтың суретiмен,  «Бала-жағасындағы құрақ» деп ағаштың суреттерiмен үш 

топқа  бөлiп  алдым.  Жаңа  сабақ  кезеңiнде,  «құпияға  толы  зат»  стратегиясын  қолданып, 

мултфильм  көрсетiп,  оның  не  екенiн  және  жаңа  сабақпен  қандай  байланысы  бар  екенiн 

анықтауды  сұрадым.  Оқушылар  мултфильмнен  бiр  отбасын  көргенiн  және  бүгiнгi  жаңа 

сабақтың тақырыбы отбасына байланысты екендiгiн айтты. Яғни, жаңа сабақтың құпиясын 

ашып  шықты,  оқушылар  бүгiнгi  жаңа  сабақ  не  екенiн  бiлдi.  «Менiң  отбасым»  тақырыбы 

бойынша  мәтiнмен  жұмыс  жасаттым,  мәтiндi  оқып,  танысты    iшiндегi  «отбасымыз, 

қарындасым, оқушымын» деген сөздерге дыбыстық талдау жасаттым. Мәтiн iшiндегi жаңа 

сөздермен  танысып,  термин  сөздердi  үш  тiлде  аударып  айтып  шықтық.    Мәтiн  не  туралы 

екенiн  түсiндi.  «Сатылау  әдiсi»  бойынша  үш  топқа  тапсырмалар  бердiм,  бiрiншi  топ- 

отбасы  мүшелерiн  таныстырды,  екiншi  топ-  отбасы  сөзiне  сипаттама  бердi,  үшiншi  топ- 

отбасы  қандай  болу  керек  екендiгiн  постер  жасап,  қорғап  шықты,  жаңа  сабақтан  алған 

бiлiмдерiн  қолданды.  Сергiту  сәтiнде  «Ақбұлақ»  әнiне  билеп,  қимыл  жасады.  Жаңа 

сабақтан  шығармашылық  жұмыстар  берiп,  оқушылардың  сыни  ойлау  қабiлеттерiн  байқап 

көрдiм.  Бiрiншi  топ-  отбасы  туралы  өлең  шығарды,  екiншi  топ  оқулықтағы  «Атасы  мен 

немересi»  мәтiнiндегi  диалогқа    рөлдiк  ойынға  түсiп,  драмалық  қойылым  көрсеттi  ал, 

үшiншi  топ-  отбасына  байланысты  эссе  жазды.  5  –  сыныпты  биыл  жаңадан  алсам  да, 

жаңартылған  бағдарламаныº  тиiмдi  әдiстерiн  пайдаланып,  оқушылардың  жан-жақты 


393


 ~ 

 

шығармашылық қабiлеттерiн аша түстiм. Оқушылар алған бiлiмдерiн жан-жақты талдады. 



«Серпiлген  сауал»  әдiсiмен  оқушылар  алған  бiлiмдерiн  сұрақтарға  жауап  беру  арқылы 

жинақтады.  Үйге  тапсырмалар  берiп,  оқушыларды  смайликтер  керi  байланысы  арқылы 

бағаладым. Әр тапсырмалар бойынша жауап берген оқушыларға бағалау парағына смайлик 

берiп отырдым, олар жабыстырып отырды. Сабақтық соңында топтық смайликтерiн санап, 

топтық  бағалау,  жеке  оқушының  смайликтерiн  санап,  жеке  бағалау,  ауызша  мадақтау 

жүргiздiм. Өзiм сабағыма керi байланыс оқушылардан сабақтың соңында көңiл күйлерiңдi 

«Музыкалық    көңiл  күй»  әдiсiмен  бiлдiру  арқылы  жүргiздiм.  “Керемет”  –  “Көңілдi  күн” 

әнiне  қимыл  жасады,  “Орташа”  –  “Бәрi  жақсы  болады”  әнiне  билеп  көрсеттi.Төмен”  – 

“Армансыз күнiм болмайды” әнiне орнынан тұрды.  

 

Сабаққа  қатысқан  мұғалiмдер  өте  жақсы  әсер  алғандықтарын  және    оқушылардың 



еркiндiгi  мен  белсендiлiгiн  ерекше  бағалап  өттi.    Бағдарлама  өте  қызық  және  менiң 

шығармашылық шабытымды шыңдай түскенi соншалықты өз кәсiбiме деген қызығушылық 

қабiлетiм  арта түстi. Биылғы оқу жылының басынан бастап, жұмысқа деген құлшынысым 

артып,  үйренген  стратегияларымды  сабақ  барысында  қолдана  бастадым.  Сабағымнан  өте 

жақсы  әсер  алғанымды  бiр  сөзбен  айтып  жеткiзе  алмаймын.  Жаңартылған  бағдарлама 

жалғаса берсе, ұстаздар қауымы бiлiктiлiгiн арттырып, оқытудың тиiмдi  жақтарын,  тиiмдi 

әдiс-тәсiлдердi меңгерiп шығары сөзсiз деп ойлаймын. 

Аталған мемлекеттiк бағдарлама барлық  қазақстандықтарды бiрiктiретiн, ұлттық  бiрлiктiң 

басты  факторы  болып  табылатын  мемлекеттiк  тiл-    қазақ  тiлiнiң  өмiрдiң  барлық 

салаларында көшбасшы қызметi тұғырын бекiте түседi. 

Бұл  бағдарламаны  меңгерген,  әдiс-тәсiлдерiн  тиiмдi  пайдаланатын    жаңашыл 

мұғалiмдерден  бiлiм  алған  әрбiр  жеткiншектен  қоғам  құрылады.  Ал,  бiздiң  қоғамымыз 

шыншылдықты,  әдiлдiктi,  парасаттылықты,  бiлiмдi  басты  мақсат  етiп  ұстанса,  Тәуелсiз 

Елiмiздiң  дамыған  елдердiң  қатарынан  көрiнетiн  және  биiк  шыңдарды  бағындыратын 

шәкiрттердiң болатынына сенiмiм  мол. 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН 



ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

Крыкбаева Мереке Козыхановна 

«Бөбек» балабақшасының әдіскері 

Сайрам ауданы, ОҚО 

 

Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. 

Питер Клайн. 

 

Әдебиеттерге  жасалған  теориялық  талдаулар  дарындылықтың  табиғаты  шексіз 

екенін,  сондай-ақ  оған  ықпал  ететін  факторлардың  да  сан  қырлы  болатынын  көрсетеді. 

Бірақ  дарындылық  пен  шығармашылықты  дамытудың  түрлі  жолдарының  ішінде  баланың 

өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады. 

Балалардың  дарындылығын  дамытудағы  бұл  құралдың  мәні,  ең  алдымен, 

зерттеушілік  ізденістің  жаратытылыстан  бөлінбейтін  құбылыс  екендігімен  түсіндіріледі. 

Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем 

туралы  жаңа  мәлімет  жинауға  талпынушылық  қасиеттер  балаға  тән  дәстүрлі  мінез  болып 

саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік-бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік 

оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. 

«Зерттеу»  түсінігі  «жаңа  білімді  өңдеу  процесі  және  таным  қызметінің  бір  түрі  болып 

есептеледі» деп түсіндіріледі. 

Ғылыми  зерттеу  -  ғылыми  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып,  белгілі  бір  обьект 

жөнінде  жаңа  білім  қалыптастыруымен    аяқталатын  жүйелі  және  арнайы  мақсатқа 


394


 ~ 

 

көзделген обьектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі- ғалымның 



таным  қызметі.  Танымдық  әрекет  оқушы  үшін  еске  түсіру  (репродуктивті)  мен  өзгерту 

(шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп 

аталатын  тәсіл  арқылы  жүзеге  асырылады.  Дарынды  балаларды  оқытуда  зерттеу  әдісін 

қолдану  қажеттілігі  олардың  табиғи  қызығушылығының  жоғарылығымен,  қоршаған 

ортасына  деген  құштарлығының  басымдығымен  түсіндіріледі.  Оқушының  өзіндік  зерттеу 

әрекеті  оның  өзіндік  талабымен  қанағаттандыруға  ықпал  етеді.  Оқушылар  қоршаған 

ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің  көмегімен жаңа білімді  дайын күйінде 

емес өзі ашады. 

Шығармашылық  –зерттеу  тәртібінің  маңызды  сипаттамасы.  Шығармашылық 

зерттеушілік  ізденіс  адам  үшін  екі  түрлі  көзқараспен  маңызды:  бір  жағынан  жаңа  өнімге 

қол  жеткізуінде,  екінші  жағынан,  ізденіс  процесінің  мәнділігінде.  Адам  шығармашылық 

нәтижесіне ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен 

де ләззат алуға қабілетті. 

Зерттеу  –  дарынды  балаларды  оқытудың  негізі.Онсыз  баланың  потенциалды 

қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Дарынды баланың ізденушілік қасиетін қалыптастыру 

зерттеуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. 

Биік  танымдық  қабілет,  тұрмыс-тіршіліктің  сырын  ұғуға  талпыныс  баланың  ерте 

жасынан  туындайды  екен.  Сондықтан  тәрбиеленушіні  ізденушілікке  баулу  балабақшадан 

басталуы  тиіс.  Өйткені  балабақша  тәрбиеленушісінің  түрлі  сөздіктер  мен  қызықты 

суреттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығын әрқайсымыз білеміз. 

Ендеше,  баланы  ізденушілікке  баули  отырып,  ғылым  мен  техниканың  жетістігіне 

сәйкес  армандарына  жетуге,  өз  жолдарын  дәл  табуға,  ғылымға  жетелеу  арқылы  өздерінің 

қабілеттерін  ашуларына  көмектесуіміз  қажет.  Оған  қол  жеткізетін  тиімді  жұмыс  түрінің 

бірі-тәрбиешілердің ғылыми қоғамын ұйымдастыру (ТҒҚ). 



Тәрбиешілердің ғылыми қоғамының жұмысын жоспарлау 

Тәрбиешілердің  ғылыми  қоғамы  жұмысы  қызметінің  тиімділігі  балалардың 

қызметіне байланысты, өйткені  оқушылардың қызметіне басшылық олардың жұмыстарын 

жоспарлауына қарай жүзеге асырылады. 

ТҒҚ жоспары мынадай бөлімдерден тұрады: 

1.

 



ТҒҚ үйлестіруші кеңесінің отырысы. 

2.

 



ТҒҚ мүшелерінің қызығушылық-танымдық және коммуникативті жұмысы. 

3.

 



Ғылыми-зерттеу қызметі. 

4.

 



Шығармашылық жұмыс. 

Тәрбиешілердің ғылыми қоғамының үйлестіруші кеңесінің отырысы 

Бұл бөлімге тәрбиешілердің ғылыми қоғамын ұйымдастыру мәселесін енгізу қажет. 

Бұл-кеңес  мүшелерінің  топта  және    секцияларда  жүргізілген  диагностика  нәтижесімен 

танысу,  пәндік  ғылыми  секциялардың  жұмыс  мазмұны,  топтық  олимпиадаларға  талдау, 

ғылыми конференцияларды дайындау. ТҒҚ кеңесінің отырысын жоспарлау балабақшадағы 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыруға,  болжауға,  бақылауды  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік береді. 

ОҒҚ мүшелерінің қызығушылық-танымдық және коммуникативті жұмысы 

Баланы  ғылыми-зерттеу  жұмысына  қатыстыру  үшін  алдымен,  оны  қызықтыра 

отырып,  зерттеу  талабын  қалыптастыру  қажет.  Яғни  оқушы  ақпаратты  ала  білуге,  оны 

басқаларға  хабарлай  білуге  талпынуы  тиіс.  Ол  мектепте  оқып  жүргенде-ақ  қоғам  мүшесі 

екенін  сезініп,  өз  бетінше  шешім  қабылдауға,  ақпараттар  алуға,  оны  басқаларға  жеткізе 

білуге,  әдебиеттермен  жұмыс  істей  білуге,  баяндама  жасауға,  талдауға  қатысуға, 

басқаларды тыңдауға үйренуі қажет. 

Баланың  талабын,  қызығушылығын  аңғармай  тұрып  оған  баяндама  жасауды 

тапсыруға болмайды.Сондай-ақ топпен жұмыс істеп үйренбеген баланы аудитория алдында 

сөйлеуге  мәжбүрлеуге  болмайды.  Баланың  зерттеуге  деген  ынтасын  туғызу  үшін  ОҒҚ 

мүшелері  ортасында  оларды  қызықтыратын,  ізденушілікке  баулитын    танымдық-ағарту 


395


 ~ 

 

жұмыстарын ұйымдастыру керек. Мұндай сабақтарды кітапханашы, психолог, әдебиет пен 



тарих пәндерінің мұғалімдері жүргізеді. 

 Кітапханашы  оқушыны  каталогпен,  ғылыми  ақпаратпен  жұмыс  істей  білуге 

үйретеді.  Психолог  оқушының  интеллектуалдық  білігі  мен  коммуникативтік  мәдениетін 

дамытады. Егер біз оқушының бойынан өз ойын нақты жеткізіп, өз ісінің әділдігін дәлелдей 

алатын,  пікірталасқа  еркін  түсе  алатын  қабілетті  көргіміз  келсе,  онда  олардың 

интеллектуалдық  және  коммуникативті  қабілеттерін  дамыту  қажет.  Психологтың  баламен 

қарым-қатынас  жасау  жұмысы  оқушының  дұрыс  сөйлеуін  қалыптастыруға  мүмкіндік 

береді, қарым-қатынастың мәнін сезінуге үйретеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет