Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет58/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67

1.

 

Ғылыми-зерттеу қызметі 

Ғылыми-зерттеу қызметі әр топ бірлестігінің жұмысы болып табылады. Бұл тәжірибе мен 

зерттеу сипатына қарай болады. Олар: 

-ғылыми мекемелерге, кәсіпорындарға, офистерге барып тұру; 

- осы саладағы ғалым мамандармен кездесу; 

- ғылым мәселелерге байланысты көрмелерге бару; 

- мектеп оқушыларымен зерттеу жұмысын ұйымдастырып жүрген жетекшілермен кездесу. 

2. Шығармашылық жұмыс 

Әр топ бірлестігінің шығармашылық қызметі ғылым тапқыштарының конкурстарын 

өткізу  немесе  интеллектуалдық,  ғылыми  шерулер,  викториналар,  кештер  ұйымдастыру 

болып  табылады.  ОҒҚ  бұл  қызметі  мен  пән  бірлестіктеріндегі  жұмысы  әр  оқушының 

қызығушылығын  арттыруға,  зерттеу  және  эксперимент  жұмыстарында  балалардың 

қатысуына мүмкіндік береді. 

ОҒҚ  үйлестіруші  кеңесі  педагогикалық  кеңеске  жылдық  есебін  дайындайды.  Осы 

педагогикалық  кеңесте  педагогтар  мен  жетекшілер  жаңа  оқу  жылындағы  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде баяндайды. Соңғы педагогикалық кеңесте пән бірлестік 

жетекшілері  мен  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  белсене  араласқан  ұжым  мүшелерін 

марапаттауға болады. 

Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері 

-

 



проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу); 

-

 



зерттеу саласын анықтау (негізгі мәселелелерді белгілеу); 

-

 



зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу); 

-

 



шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау); 

-

 



зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау; 

-

 



ақпарараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу); 

-

 



алынған  материалдарды  жинақтау,  талдау  (белгілі  әдіс-тәсілдерді  қолдана 

отырып, материалдарды жинақтау); 

-

 

есеп  беруге  дайындау  (негізгі  түсініктерге  анықтама  беру,  зерттеу  нәтижесі 



бойынша хабарлама дайындау); 

-

 



баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау). 

Зерттеу  жүргізудегі  ең  маңызды  нәрсе  проблеманы  көре  білу  болып  табылады. 

Проблема  жай  ғана  мәселе  деген  сөз  емес,  «problema»  сөзі  ежелгі  грек  тілінен 

аударғанда  «міндет»,  «кедергі»,  «қиындық»  деген  ұғымды  білдіреді.  Проблема 

теориялық  немесе  практикалық  болуы  мүмкін.  Ол  -  белгілі  бір  қиыншылыққа  тап 

болу. Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жан-жақты ізденісті талап етеді. 



Тақырып проблеманың сипатын ашып береді. 

Зерттеу тақырыбы түрліше болуы мүмкін. Ең бастысы, өзіне қызықты болуы мүмкін.  

Тақырыптарды негізгі үш топқа бөлуге болады: 

-

 



қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып; 

-

 



өзіндік  бақылаулар  мен  эксперимент  жүргізу  және  практикамен  тығыз 

байланысты эмприкалық тақырып; 

-

 

түрлі қайнаркөзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына 



бағытталған теоретикалық тақырыптар; 

396


 ~ 

 

-



 

Тақырыпты таңдағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек. Болжам деген сөз – 

«hypothesis»  -  ежелгі  грек  тілінен  аударғанда  құбылыстар  арасындағы  заңды 

байланыстар жөнінде негіздеме деген ұғымды білдіреді. 



Болжам  –  бұл  әлі  айқындалмаған,  логикалық  дәлелденбеген  және  тәжірибеден 

өтпеген  білім.  Болжам  шындық  та,  жалған  да  болуы  мүмкін  емес  ол  тек  ғана 

анықталмаған  құбылыс.  Егер  болжам  теорияға  айналмаса,  жалғанға  айналады. 

Болжамдағы басты талап нақты материалдармен келісілуі тиіс. 



Зерттеу  обьектісі  –  теория  мен  практикадағы  байланыстар,  қатынастар, 

қасиеттер  жиынтығы  және  ақпараттар  зерттеудің  қажетті  қайнар  көзі  қызметін 

атқарады. 

Зерттеу  пәні  нақтырақ.  Ол  жұмыстағы  танысуға  жататын  қатынастар  мен 

байланыстан  тұрады,  ғылыми  ізденістің  шекарасын  орнатады.  Әрбір  обьектіде 

бірнеше  зерттеу  пәндерін  бөліп  алуға  болады.  Зерттеу  пәні  сол  зерттеудің  мақсаты 

мен міндеттерін анықтайды. 

Мақсат  зерттеушінің  негізгі  жоспарына  сәйкес  қысқы,  нақты  болады.  Бақылау, 

эксперимент, ақпараттар іздеу, жинау зерттеу әдістері бола алады. 



Бақылау – өте кең таралған және тиімді зерттеу әдісі. Бақылау әдісін белгілі бір 

мақсатқа  негізделген  қабылдау  түрі  деп  атайды.  Ол  практикалық,  танымдық 

міндеттерде бақылау зерттеу әдісі ретінде түрді сипаттайды. 

Эксперимент  –зерттеу әдістерінің ең маңыздысы. Ол барлық  ғылым саласында 

зерттеумен бірге қолданылады. «Эксперимент» деген сөз латынша – «experimentum», 

аудармасы  «тәжірибе»  деген  ұғымды  білдіреді.  Бұл  таным  әдісі  арқылы  қоғамдағы 

немесе табиғаттағы құбылыстар қатаң бақылау мен салыстыру мақсатында қандай да 

бір  практикалық  әрекетті  көздейді.  Эксперимент  ойлану  кезеңін  өткізетін  ойда 

жүрген мәселе де болуы мүмкін. Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен, 

материалдар жинайды және төмендегі тәртіппен жүйелейді: 

1.

 

Ойлау; 


2.

 

Өзіне өзі сұрақ қою; 



3.

 

Басқа адамнан сұрау; 



4.

 

Кітаптардан қарау; 



5.

 

Бақылау; 



6.

 

Эксперимент жүргізу; 



7.

 

Интернет жүйесін қарау; 



8.

 

Материалдар жинақтау; 



9.

 

Қорытынды жасау. 



Қорғау-  зерттеудің  жетістігі  және  жаңа  зерттеулердің  бастапқы  кезеңі  болып  табылады. 

Қорғауға әдетте шектеулі уақыт (10-15 мин) беріледі. Осы уақыт ішінде зерттеуші ғылыми 

тақырыбының  өзектілігін  аша  білуі  тиіс,  сондай-ақ  жұмыстың  локикасы,  тілі,  құрылымы 

мен жиналған материалдың құндылығы, практикалық мәні бағаланады. 

 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ 



ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 

 

Кенже Гүлжамал Сейдалықызы 

Тилесова Манзура Келсимбековна 

«Бөбек» балабақшасының тәрбиешілері 

Сайрам ауданы, ОҚО 



 

Білім  беру  жүйесінің  алғашқы  баспалдағы  мектепке  дейінгі  тәрбиеұйымы 

болғандықтан  тәрбиешілерге  мәдениетті,  білімді,  белсенді  жеке  түлға  тәрбиелеу  міндеті 

жүктеледі. 



397


 ~ 

 

Бала  тәрбиесі  отбасынан  басталады  десек  те  ғылымға  негізделген  әдіс-тәсілдермен 



берілетін  тәлім-тәрбие  ісі  көбінесе  балабақшадан  басталып,  мектепте  жан-жақты 

педагогикалық өрісін табады. Осыған орай кез-келген бүлдіршін үшін балабақша тәрбиесі 

ата-анадан  берілетін  тәлім-тәрбиені  одан  әрі  жалғастырып,  жандандыруы  сөзсіз.  Ал, 

бүлдіршіннің тілге, білімге, өнерге деген қызығушылығы, оның ойлау қабілеті,  танымдық 

қажеттіліктері балабақшада қалыптасады. Дер кезінде алынған мектепке дейінгі білімнің әр 

бүлдіршін  үшін  маңызы  зор.  Әсіресе  балабақшадан  алған  тәрбиесі  бала  табиғатында 

өшпестей  із  қалдырады.  Балабақшаның  ең  басты  мақсаты:  мемлекеттік  білім  беру 

бағдарламасына  сай  мектеп  жасына  дейінгі  бүлдіршіннің  жан-жақты  эстетикалық  дамуын 

қамтамасыз  ету.  Кішкентай  бүлдіршіндеріміздің    алғашқы  даму  кезінде  білім  мен  тәрбие 

беру  жұмысы  жан-жақты  болуы  заман  талабы.  Алдына  қойған  мақсаттарды  жүзеге 

асырудағы  тәрбиешілердің  қазіргі  даму  кезеңі,  білім  беруде  өзін-өзі  дамытып,  оқу  тәрбие 

үрдісін тиімді пайдалану. 

Заманымыздың  дамуына  орай  бейнелеу  өнерін  отбасында,  балабақшада  балаға 

түсіндіруге қажет мүмкіндіктер жеткілікті. 

Балаларға  арналған  әсем  безендірілген  кітаптар,  түрлі-түсті  қағаздар,  бояулар 

дегеніңіз  сан  алуан.  Мұны  айтып  отырған  себебім,  баланы  бояулар  дүниесіне  қадам 

бастыру тек қана педагог мамандарға ғана міндет емес, ата-анаға да қатысты болғандықтан 

қолымыздан келгенше көңіл бөлуге, ешкімнен кем қалдырмағанымыз жөн демекпін. Бұған 

мән  берудің  арқасында  баланы  сәби  шағынан  эстетикалық,  адамгершілік,  азаматтық 

сезімдерін оятуымыз қажет. 

Бейнелеу-көркем  өнер  жұмысының  өте  қарапайым  және  ыңғайлы  түрі.  Бала  нені 

бейнелегісі  келіп,  нені  білгісі  келген  сайын  зердесі  дамып,  тіпті  байланыстыра  сөйлеуі 

жетіледі. 

Сурет салу балалардың шығармашылық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік 

беретін  сабақтың  бір  түрі.  Сурет  сабағы  арқылы  балаларды  әсемдік  пен  сұлулыққа, 

адамгершілікке тәрбиелейміз. 

Бала  өзінің  көргенін,  білгенін  ойлап,  оны  қағаз  бетіне  сала  білуге  талаптанады. 

Балалар кей уақытта өздерін қызықтырған нәрселердің бәрін салуға тырысады. Жекелеген 

заттарды,  айналадағы  өмірден  алған  көріністерді  салуға  тырысады,  ою-өрнектерді  салуға 

тырысады. 

Сурет салуды жете түсініп, оның тәсілдерін техникалық жағынан меңгеру кішкентай 

балалар үшін күрделі, сондықтан, жұмыстардың тақырыбына назар аударуға тиіс, жеңілден 

ауырға қарай үйрену керек. 

Суретшілер  үйретудің  негізгі  міндеттерінің  бірі  нақты  заттармен  құбылыстарды 

бейнелеу үрдісінде, қоршаған болмыстан алған өз әсерін дұрыс бере білуге тәрбиелеу. 

Кей  уақытта  бір  белгілі  затты  салу  үшін  шамасы  келетін  жақсы  үлгі  немесе 

«Аквариумдегі  балықты»  салатынымызды  түсіндіріп,  ал  салыңдар  демей,  алдымен  неден 

бастау керек екенін көрсетіп, нұсқап жібереміз. 

Оның  үстелі,  жанындағы  гүлдері,  ішіндегі  шөптер,  балықтар  сияқты  бояу  түстерін 

кейбір балалар нашар біледі. Осы кезде айтып немесе көрсету керек. 

Кейбір  балалалар  болады,  қарап  отырып  өте  жақсы  салады.  Ал  кейбір  балалалар 

бояумен сурет салуға қорқады. Сондықтан орта топтан бастап бояулардың түстерін дұрыс 

пайдалану жұмыстарын дұрыс жолға қою керек. 

Сурет  сабағына  тақырып  өте  көп,  бірақ  әр  тәрбиешілер  әртүрлі  қабылдап,  әртүрлі 

салдырады.  Балаларға  дұрыс  бағыт  беріп,  бейнелеу  өнеріне  қызықтыру.  Балалардың 

көркемдік әсемдігін дамытуға жәрдемдесу. 

Бейнелеу  өнері  басқа  сабақтармен  тығыз  байланыста,  математика,  тіл  дамыту, 

көркем әдебиет, жапсыру, құрастыру сияқты. 

Бейнелеу  іс-әрекетінде  негізгі  міндет  дамыту  болып  табылады.  Баланы  оның 

айналасындағы  заттармен  құбылыстардың  барлығы  қызықтырады.  Оларды  бала  өз 



398


 ~ 

 

жұмысында  көрсетуге  ұмтылады.  Біз  тәрбиешілер,  кішкене  кемшіліктерді  байқап,  дер 



кезінде көмек беруіміз керек. 

Балалармен  суретті  кей  жағдайда  бірге  көрсетіп  тұрып  салуымыз  керек.  Суретті 

салғанда  неден  бастау,  қалай  бұру  сияқты,  қисық,  сынық,  ирек,  түзу  сызықтарды  да  кей 

уақытга  дұрыс  сала  алмайды.  Бояу  түстерін  араластыру,  үшінші  бір  түсті  алу  әдістерін 

үйрете  отырып,  керекті  көрнекі  құралдарды  дұрыс  қолдануды  кіші  топтан  бастап  дұрыс 

қалыптастыруымыз керек. 

Сурет  сабағында  бала  қалам,  қыл  қаламды  дұрыс  ұстаса,  жазу  сабағында  да  дұрыс 

жаза алады. 

Демек тәрбиеші дұрыс түсінік берсе, бала тапсырманы дұрыс орындай алады. 

Әдеби шығармалар, тақпақтар оқып беріп те сурет салдыртуға үйретуімізге болады. 

Абай Құнанбаевтың  «Қыс» өлеңі суретін салғанда, қағаз бетін дұрыс пайдалануды, 

қар түйіршіктерін дұрыс сала білуге ұғындыруымыз керек. 

Әрбір сабақ соңында балалар жұмыстарын топтарда іліп қою немесе көрмелер жасап 

отыруымыз қажет. 

Мектепке  дейінгі  балалардың  эстетикалық  тәрбиесінде  Қазақстан  халықтарының 

салт-дәстүрлері және қолданбалы өнер маңызды орын алады. Балаларды дәстүрлі қол өнер 

кәсібімен, ұлттық киіммен, ыдыспен, тұрмыстық заттармен таныстырмас бұрын суретшінің 

әсем  безендірілген  кітабын  көрсетуге  болады.  Сонан  кейін  бейнелеу  өнері 

шығармаларының  туындыларына  назар  аударуға  болады.  Балалардың  эстетикалық 

дамуымен жүргізілген жұмыста әсіресе олардың еркін, өз бетімен талпыныс жасауы ерекше 

орын алады. 

Технологиялық  деректер  яғни  қылқаламмен  жұмыс  істеудің  негізгі  ережелерін 

ұғындыра отырып тазалық пен ұқыптылыққа баулу. 

Әрбір  сабақта  қолымыз  икемді  болу  үшін  саусақтарымызға  жаттығулар  жасап 

отыруымыз қажет, яғни қол қимыл ұсақ маторикасына арналған жаттығулар. Балаларға бір 

сарында сурет салдырмай, сурет салуда саусақпен бояу, үрлеу, беттестіру, бастырма әдісі, 

жапсыруда  умаждау,  коллаж,  бүктеу,  табиғи  материялдан,  ұсақ  моншақтардан  пано 

жасауды үйретсек балаға артық болмас деп айтар едім. 

Балалар-еліміздің  бүгіні  мен  ертеңі.  Мемлекетіміздің  басты  байлығы,  әрі  тілегі, 

сондықтан балаға тиісті дәрежеде білім беру- біздің басты міндетіміз. 

Ұлы  ақынымыз  М.Жұмабаев  «Мен  дәрігерден  гөрі  тәрбиешілердің  көп  болғанын 

қалаймын, себебі дәрігер денеңді сауықтырса, тәрбиеші өне бойыңды сауықтырады»-деген 

екен. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие саласы қызметкерлерінің барша тәрбиешілердің 

еңбегі жана берсін дегім келеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Бала мен балабақша. №2,№8 2011. 

2. Отбасы мен балабақша. №1,№6 2012. 

3.«Бейнелеу  өнерінің  әдіс- тәсілдері» Б.Әлмұханбетов. 2000ж   

 

 

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ МОДУЛІН 



ЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Жаненова Айзада Сейдахметқызы 

С.Сейфуллин жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 

Ордабасы ауданы, ОҚО 

 

Қазіргі  қоғамда  болып  жатқан  елеулі  өзгерістер  мектеп  жайында  білім  берудің 



қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалауды, 

оқушылардың іздену қабілетін дамытуды талап етеді  



399


 ~ 

 

Білім  саласындағы  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін,  мектеп  ұжымында  әр  мұғалім 



күнделікті  ізденіс  арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  өзгерістерді  сабақтарында  енгізіп 

отыруы қажет. Әлемге әйгілі Кембридж университетінің білім беру факультетінің жасаған 

жеті  модуль  бойынша  сабақ  өту  әдісі  бірден  –  бір    нәтижелі  бағдарлама  екенін 

сабақтарыңызда қолдану арқылы және оқушыларды оқуға ынталандыру үшін бағалау мен 

оқуды бағалау модулінің оң нәтижелерін  аңғаруға болады.  

Қазіргі  таңда  оқушылардың  көпшілігі,мектепте  алған  білімдерін  өмірде  пайдалана 

алмайды. Сондықтан, оқушылардың бойына функционалдық сауаттылықты сіңіре білуіміз 

қажет.  


Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және 

экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы,  яғни  бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі  заман 

ағымына,  жасына  қарамай  ілесіп  отыруы,  адамның  мамандығына  ,  жасына  қарамай  үнемі 

білімін  жетілдіріп  отыруы.  Ондағы  басты  мақсат  жалпы  білім  беретін  мектептерде 

Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын 

қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. 

Бұл  функционалдық  дағдылар  мектеп  қабырғасында  Яғни,  оқушылардың  мектепте 

алған білімдерін өмірде тиімді қолдануынаүйрету. 

Функционалдық  сауаттылықтың  бір  міндеті  сырттай  бағалау  және  іштей  бағалау 

болып  табылады.  Іштей  бағалау-  оқу  пәні  бойынша  оқыту  сапасын  диагностикалау.  Ал 

сырттай  бағалау  -  әрбір  деңгейді  аяқтау  бойынша  білім  алушының  оқу  жетістіктерінің 

нәтижелері. 

Оқудың  тиімді  бағасын  және  оқыту  үшін  тиімді  бағаны  түсіну  оқыту  мен  оқудағы 

барлық  жаңа  тәсілдермен  тығыз  байланысты.  Балалар  өздерінің  түсініктерін  құра  алатын 

белсенді  оқушылар  болатын  болса,  онда  мұғалімдер  үшін  де,  оқушылар  үшін  де  осы 

түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету 

үшін  керек.  Соңғы  зерттеу  жұмыстары  біздің  ұғымымызда  формативті  бағалау  үдерісінің 

едәуір  дамуына  және  оны  оқыту  мен  оқуды  қолдау  үшін  пайдалану  мүмкіндігіне  ықпал 

етті.  «Оқыту  үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау»  атты  модулді  жиі  қолдану  оқушылардың 

білім  алуында  алға  жылжуға  септігін  тигізеді.  Сабақтарда  осы  модулді  ауқымды  түрде 

қолдансаныз,  нәтижесінде  оқушылардың  оқуға  ынталары  арттып  және  білім  алуға 

қызығушылықтары оянады.  

Оқыту үшін бағалау ол білім алушылардың оқуға  ынталарын ояту  үшін аса қажет 

бағалау түрі.  Егер, мұғалім оқушыларға оқудың тек қажет екенін түсіндіріп қойса онда ол 

жеткіліксіз,  ал  егер  оқыту  үшін  ынталандыратын  болса,  білім  алушылардың  оқуға  деген 

қызығушылығын  оятатын болса, онда ол мұғалім мінсіз ұстаз болары хақ. 

Бағалау  модулінің    тағы  бір  ерекшелігі,  оқушылардың  оқуға  ынтасын  арттыру  мен 

қатар  оқушыларды  өздерін  бағалауға  үйрету  болды.  Мұғалім  стикерді  пайдалану  арқылы 

формативті бағалауды жүргізуі нәтижесінде оқушылардың ынталары едәуір арта бастайды.  

Ең алдымен оқушыларды ынталандыру үшін  ынталандыру сөздерін қолдану керек. Сабақ 

барысында  оқушы  берген  жауапқа  «Керемет»  деген  сөз  жазылған  стикер  берсеніз,  ол 

оқушының  ынтасының  артқаны  байқалды.  Сол  оқушы  келесі  сұрақтарға  жауап  беруде 

белсенділік танытады. 

Дәстүрлі педагогикада оқушыларды оқуға ынталандыру кем болатын тіпті,  мүлдем 

болмайтын. Себебі, ол педагогикада бағалаудың тек қана бір түрі қорытынды бағалау ғана  

болатын.  Ал, жаңа педагогикада мұғалімдер оқушылардың білім алуға ынталарын оятады. 

Дәстүрлі білім берудегі сияқты оқушылар тек қана кітапта берілген ақпаратты ғана үйреніп 

қоймай  ,  бұл  жолы  шәкірттер  өз  беттерімен  оқып,  жаңа  ақпарат  көздерін  іздеп,  өз 

білімдерін көтеріп отырады. Бұл сөз жоқ оқыту үшін бағалаудың нәтижесі болып табылады. 

Оқыту  үшін  бағалау  кезінде    оқушыларды  білім  алуға  ынталандырсақ  ,  оқуды 

бағалау  кезінде  шәкірттердің  алған  білімін  жиынтық  бағалаймыз.  Дәстүрлі  педагогикада 

ұстаздар  шәкірттердің  білімдерін  тек  жиынтық  бағамен  бағалайтын  болса,  жаңаша  білім 

беруде мұғалімдер әділ баға беруді үйренді. Бағалауды тек қана мұғалім ғана жүргізбейді, 


400


 ~ 

 

бұл іс-әрекетке оқушылар да атсалысып отырады.  Яғни, оқушылар бір  – бірінің  жасаған 



жұмыстарына баға беріп отырады. 

Оқушыларды  формативті  бағалау  барысында  әр  түрлі  стикерлерге  «Жарайсың», 



«Өте жақсы», «Құнды идея»,  «Керемет» деген сөздерді пайдалану арқылы оқушылардың 

ынталарын арттыруға болады. 

Білім беруде оқушыларды формативті түрде  аз бағаланса, жаңа педагогикада оқыту 

үшін  формативті  бағалауды  өте  жиі  қолданылу  ұтымды.  Мысалы,    бір  оқушы  берілген 

тапсырма  бойынша  өзінің  ойын  бұрыс  айтса  да  оған    «Тағы  да  ойлан»,  «Жауапқа 

жақындап  қалдың»  деген  формативті  бағалар  қою  керек.Мұндай  формативті  бағалау 

оқушылардың  өз  ойларын  толықтыруларына,    одан  ары  өз  ойларын  шыңдауына  орасан 

септігін тигізді.  

«Бағалау»  термині  «жақын  отыру»  дегенді  білдіретін  латын  сөзінен  шыққандығы 

кездейсоқ  емес,  себебі  бағалаудың  негізгі  сипаты  бір  адам  басқа  адамның  не  айтып,  не 

істегенін  немесе  өзін  –  өзі  бақылау  жағдайында  өзінің  дербес  ойлауын,    түсінігін  немесе 

тәртібін  мұқият  бақылауы  болып  табылады.  Бұл  жорамал  ресми  тестілерден  және 

емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға 

дейінгі  бүкіл  бағалау  спектріне  қатысты.  Бұған  қарамастан,  бағалау  түрлі  нысанда  болуы 

мүмкін:  бір  тестілер  қолдағы  қарындаш  пен  қағаздың  көмегімен  жүргізілсе,    басқалары 

сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне 

жалпы сипаттамалар тән.   

Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені  білетіндігін және не істей алатындығын, 

сонымен  қатар  олар  қандай  қиындықтармен  кездесуі  мүмкін  екендігін  анықтау  қажет. 

Сыныптағы  әдеттегі  іс  –  әрекетті,  яғни,  балалардың  өзара  әңгімесін  тыңдап,  тапсырманы 

орындап  отырған  оқушыларды  бақылау  немесе  олардың  орындаған  сынып  және  үй 

жұмыстарын  тексеру  бірталай  ақпарат  беруі  мүмкін,  бірақ  кей  жағдайларда  қажетті 

ақпаратты  алудың  ерекше  ойластырылған  тәсілін  қолдану  керек  болуы  мүмкін.  Жазбаша 

тапсырма  немесе  тест  жоғарыда  айтылған  мақсаттарды  іске  асыра  алады,  бірақ  кей 

жағдайларда  дұрыс  таңдалған  ауызша  сұрақтардың  өзі  де  тиімді  болып  шығуы  болуы 

мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, 

бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет. 

Сабақ  барысында  оқуды  бағалау  үшін    оқушылармен  кері  байланыс  орнату  керек. 

Яғни, олардың берген жауаптарына қарай, тиісті жиынтық баға қою қажет. Кері байланыс 

орнату мақсатында "Екі жұлдыз, бір тілек", "Блоб ағашы", "Синквейн"   әдісі арқылы кері 

байланыс жасап, бағалап отыруға болады.. Оқушылар сабақ барысындағы өздеріне ұнаған 

және ұнамаған сабақ туралы ойларын еркін жазып, алдын-ала дайындалған сұрақтар тұсына 

жапсырып отырады. Кері байланыс жасау мұғалімнің келесі күнге жоспар жасауына үлкен 

көмегін  тигізеді.  Тарауды  алғаш  бастағанда  "Блоб  ағашын"  бояту  арқылы  кері  байланыс 

жасауға,  тарау аяқталғанда қайта ұсынғанда көпшілігі жоғарғы жағын бояуға талпынғанын 

байқауға  болады.  Одан  оқушылардың  тарау  бойынша  алынған  мәліметтерді  жақсы 

түсінгендері байқалады . 

Оқуды бағалау үшін, яғни, оқушыларға жиынтық баға қою үшін бағалау парақтарын 

таратып  және  оған  топ  ішінде  топ  басшысы  әрбір  оқушының  алған  бағаларын  қойып 

отырады.  Оқушылар  бағалауды  аяқтаған  соң,  олардың  жазған  парақтарын  жинап  алып, 

мұғалім  өз  бағалауымен  салыстырып  отырады.  Оқушылар  мен  мұғалім  бағалағандағы 

бағалаудың шындыққа жанасып жатқанын аңғаруға болады.. 

Формативті  бағалау  ең  алдымен  білім  алушыларды  өзін  –  өзі  бағалауға  үйретеді. 

Өздерін бағалау арқылы оқушылар өз білімдерін тексеріп отырады. Дәстүрлі білім беруде 

оқушылар  тек  қана  баға  алу  үшін  оқитын  болса,  жаңаша  білім  беруде  өздерін  бағалауды 

және маңызды ақпараттарды айтуға үйренеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет