Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет56/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Оқушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бағалау.  Әдістемелік  нұсқаулық.  –  Астана: 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2015. – 80 б. 

2.

 

Бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  арналған  критериалды  бағалау  бойынша  нұсқаулық.- 



Астана: « Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, 2016 

 

 



ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА-БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ 

 

Турабаева Гулзия Анаровна 

№89 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Қазақстан  2030  стратегиялық  бағдарламасы  білім  берудің  ұлттық  моделінің 

қалыптасуымен  және  Қазақстанның  білім  беру  жүйесін  әлемдік  білім  беру  кеңестігіне 

кіріктірумен  сипатталады.  Қазіргі  таңда  қазақ  тілі-мемлекеттік  тіл,  қарым-қатынас  тілі  – 

орыс  тілі  және  ағылшын  тілі  –  әлемдік  кеңістікті  тану  тілін  оқытуда  жаңа  идеяларды  әр 

сабақта  жан-жақты  қолданып,  жаңаша  оқытудың  тиімді  жолдарын  тауып,  жүйелі  түрде 

қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны 

жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың 

әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана 

білу  міндеті  тұр.  Мемлекетіміздің  білім  беру  үдерісіне  енген  жаңартылған  білім  беру 

бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың 

бағдарлама.   

Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық 

білім  жүйесінің  деңгейіне,  даму  бағытына  байланысты.  «Ұрпағы  білімді  халықтың 



384


 ~ 

 

болашағы  бұлыңғыр  болмайды»  дегендей,  жас  ұрпаққа  сапалы,  мән-мағыналы,  өнегелі 



тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.  

Шындығында  мұғалімнің  алдында  оқушыларға  білім  мен  тәрбие  беруде  үлкен 

жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен 

және  шығармашылық  ынтамен  шешуге  қабілетті  жаңашыл  мұғалім  керек.  Жаңа,  тез 

өзгермелі,  білімді  де  білікті,  тың  серпіліске,  өзгеруге  дайын  және  жаңа  талап  межесінен 

көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз 

жетті.  Оқушылардың  мектепте  табысты  оқуы  ғана  емес,  өмірде  де  табысты  болуы  

мұғалімнің   қабілетіне,  оның  құзыреттілігіне  байланысты  екенін  терең  түсіндік.   Мұғалім 

оқушылар  үшін  қандай  да  бір  пән  бойынша  білім  беретін  адам  ғана  емес,  сондай-ақ 

олардың  оқудағы  еңбегін  қызықты,  тиімді  ұйымдастыра   алатын,  оларға  үлгі  болатын 

ерекше  тұлға  болуы  керек.  Жаңа  заман  мұғалімнен  күнделікті  оқушылармен   қарым-

қатынас  барысында  әрбір  жағдаят  үстінде  ерекше  білім  деңгейін  көрсетуді  және 

шығармашыл  шешім  қабылдай  алуын  талап   етіп  отыр.  Оны  қанағаттандыру  үшін  қазіргі 

заманның  мұғалімі   жаңашыл,  икемді,  өзгерісті  тез  қабылдай  алатын,  жан-жақты,  жаңа 

педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. 

Соңғы  жылдары  педагогикалық  теорияда  және  оқу-тәрбие  үдерісінде  айтарлықтай  

өзгерістер  болып  жатыр.  Білім  берудегі  жаңғырту  мен  инновациялық  үрдістердің 

жалғасуына   ықпал  етудің  маңызды  факторының  бірі  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігі.  Солай 

бола  тұра  «кәсіби  шебер»  түсінігіне   пәндік,  дидактикалық,  әдістемелік,  психология-

педагогикалық  білім  мен  дағды  ғана  емес,  педогогтің  жеке  тұлғалық  потенциалы,  кәсіби 

құндылықтары  да  жатады.  ҚР-ның  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыруға 

арналған  үш  айлық   курс  бағдарламалары,  білім  беру  жүйесінде  педагогтар  алдына  жаңа 

міндеттер  қойып,  оларға   үн  тастады   десек  те  болады.   Білім  мазмұнын  жаңарту  тікелей 

шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті 

білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш,  қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп 

Ахмет  Байтұрсынов  айтқандай,  қазіргі  заман  талабына  сай  білім  беру  мәселесі  сол  қоғам 

мүддесіне  сай  болуы  керек.  Өз  ісінің  шебері  ғана  жоғары  жетістіктерге  жетеді.  Қазіргі 

таңда  пәнді  жақсы,  терең  білетін,  күнделікті  сабақтағы  тақырыпты  толық  қамтитын,  оны 

оқушыға  жеткізе  алатын,  әр  түрлі  деңгейдегі  тапсырмаларды  білу  іскерлігі,  оқытудың 

дәстүрлі  және  ғылыми  жетілдірілген  әдіс-амалдарын,  құралдарын  еркін  меңгеретін, 

оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-

зерттеу  бағытындағы  тапсырмалар  жүйесін  ұсыну  өмір  талабы.  Ал  оның  негізі  бастауыш 

сыныптарда  қаланбақ.  Сондықтан  да  бастауыш  сыныпта  әр  сабаққа  әр  түрлі  тиімді  әдіс-

тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе. 

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, 

критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын 

қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. 

Бастауыш  сынып  пәндеріне  арналған  оқу  бағдарламаларындағы  оқу  мақсаттары 

оқушылардан  шынайы  проблемаларды  анықтап  зерттей  білуді  талап  етеді.  Негізінен 

жаңартылған  білім  жүйесі  құзыреттілікке  және  сапаға  бағытталған  бағдарлама. 

Жаңартылған  білім  берудің  маңыздылығы  –  оқушы  тұлғасының  үйлесімді  қолайлы  білім 

беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе 

жасау,  АҚТ  –ны  қолдану,  коммуникативті  қарым-қатынасқа  түсу,  жеке,  жұппен,  топта 

жұмыс  жасай  білу.  Жаңа  білім  беру  бағдарламасы  сыни  тұрғыдан  ойлауға, 

шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту 

әдіс-тәсілдерді  (бірлескен  оқу,  модельдеу,  бағалау  жүйесі,  бағалаудың  тиімді 

стратегиялары)  үйретеді.  Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  ерекшелігі  спиральді 

қағидатпен  берілуі.  Оған  оқу  мақсаттарын  зерделей  отыра  тапсырмаларды.  ықшам 

сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. 

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. 

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің 


385


 ~ 

 

нақты  жиынтығымен  өлшенеді.  Оқушылардың  пән  бойынша  үлгерімі  екі  тәсілмен 



бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың 

жан-жақты  ізденуіне  ынталандырады.  Критериялық  бағалау  жүйесі  Филиппин,  Сингапур, 

Жапония,  Франция,  Финляндия  сынды  дамыған  елдерде  пайдаланылады.    Бұл  бағалау 

жүйесінің  артықшылығы,  баланың  ойлау  қабілетін  дамытып,  ғылыммен  айналысуына 

ықыласын  туғызады.  Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті  оқыту  мен  оқу  үдерісінің 

ажырамас  бөлігі  болып  табылады  және  тоқсан  бойы  жүйелі  түрде  өткізіледі. 

Қалыптастырушы  бағалау  үздіксіз  жүргізіле  отырып,  оқушылар  мен  мұғалім  арасындағы 

кері  байланысты  қамтамасыз  етеді  және  балл  не  баға  қоймастан  оқу  үдерісін  түзетіп 

отыруға  мүмкіндік  береді.  Жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасынның  бөлімдерін  (ортақ 

тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған 

оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. 

Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.  

Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. 

Бағдарлама  оқушының  төрт  тілдік  дағдысын:  тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым 

жетілдіруге  бағытталған.  Бұл  төрт  дағды  оқу  жоспарында  «Шиыршық  әдісімен» 

орналастырылған  және  бір  –бірімен  тығыз  байланысты.  Яғни,  жыл  бойына  бірнеше  рет 

қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. 

Бүгінгі  күні  барлық  елдер  жоғары  сапалы  білім  жүйесімен  жұмыс  істеуде.  Өйткені 

қазіргі  заманда  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  азаматтарының  парасаттылығымен 

анықталады,  сондықтан  білім  беру  жүйесі  болашақтың  талабына  сәйкес  дамуы  тиіс. 

Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп 

тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.  Оның үстіне білім берудің жүйесін 

қарқынды  дамытқан  бұл  үрдістің   жалпы  білім  беретін  мектептерге  де  енгізіле  бастауы  

көңілді қуантады.   

Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын 

қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі 

керек.  Сол  үшін  де  бұл  бағдарламаның  негізі  «Өмірмен  байланыс»  ұғымына  құрылған. 

Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің 

барлық  салаларында  табысты  болу  үшін,  қажетті  дағдыларды  дарыту  үшін,  мұғалімдер 

тынымсыз  еңбектену  керек.  Жаңартылған  оқу  бағдарламасы  аясында  тек  өз  пәнін,  өз 

мамандығын  шексіз  сүйетін,  бала  үшін   ұстаз  ғұмырын  құдіретті  деп  санайтын  білімді 

мұғалімдер  ғана  жұмыс  істей  алады.  Үйренгеніміз  де,  үйренеріміз  де  көп  Үнді  халқының 

тарихи  тұлғасы  Махатма  Гандидің  «Егер  сен  болашақтағы  өзгерісті  байқағың  келсе,  сол 

өзгерісті  уақытында  жаса»  деген  ілімін  негізге  ала  отырып,  оқушы  бойындағы  қабілетті 

жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған 

білім – болашақтың кепілі.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Оқушылардың  оқудағы  жетістіктерін  критериалды  бағалау.  Әдістемелік  нұсқаулық.  – 

Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2013. – 80 б. 

2.  Оценивание  учебных  достижений  учащихся.  Методическое  руководство/Сост.Р.  Х. 

Шакиров, А.А. Буркитова, О.И. Дудкина. – Бишкек: «Билим», 2012. – 80 с. 

3.  Критерии  оценивания  учебных  достижений  учеников  в  системе  общего  среднего 

образования.// Образование Украины. -№40. – 5 октября 2000г. 

4.  Бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  арналған  критериалды  бағалау  бойынша  нұсқаулық.- 

Астана: « Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, 2016 

 

 



 

386


 ~ 

 

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ 



АРҚЫЛЫ ТҮРЛІ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН 

ПАЙДАЛАНУ 

 

Б.Копесов С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры 

М.Сейдалиева тарих пәнінің мұғалімі 

 Бәйдібек ауданы, ОҚО 

 

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – 



білім  беру,  ғылымды  дамыту.  Осы  орайда  білім  ордасы  мектеп,  ал  мектептің  жаны 

мұғалімдердің басты міндеті өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей білетін тұлға 

тәрбиелеу. 

Мұғалімдердің  алдына  қойылып  отырған  басты  міндеттердің  бірі  оқытудың  әдіс-

тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру,  жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру.  Осыған 

орай  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» 

- деп атап көрсетілген. 

Жаңа педагогикалық технологияның негізгі қағидаттары: 

-

 



Балаға ізгілік тұрғысынан қарау; 

-

 



Оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту қалыптастыру; 

-

 



Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне орай оқыту; 

-

 



Өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; 

-

 



Оқу үрдісін оқушының сезіну; 

-

 



Жүйелі жұмыс жасау. 

Тарих  –  мектептегі  оқу  пәні  ретінде  жалпы  негізгі  білім  беретін  барлық 

гуманитарлық  және  қоғамтанушылық  курстардың  негізін  құрайды.  Тарих  ұлттық  өзіндік 

сана-сезімді  және  адамгершілік-этикалық  нормаларды  қалыптастыра  отырып,  оқытудың 

дүниетанымдық  негізін  қалыптастырады.  Тарихтың  басқа  пәндермен  байланысы  талдау, 

жинақтау  сияқты  ортақ  логикалық  таным  әдістерін  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Мысалы, 

гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар 

мен құбылыстардың айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады.  

Оқытудың  әдістерін  таңдау  көптеген  факторлармен,  білім  берудің  маңызды 

мақсаттарымен, сабақтың мақсатымен оқушылардың мүмкіндігімен, пайдаланатын жүйенің 

ерекшеліктерімен  анықталады.  Оқыту  әдістері  оқыту  үдерісінде  маңызды  қызметтер 

атқарады. 

Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын оқушы қалыптастыру, өз бетінше 

танымдық әрекет етудің әдістерін меңгеруі керек. Оқушы өз қабілетіне сай білімін дамытып 

отырады. 

Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара 

және  дербес  ерекшеліктерін  ескеріп,  олардың  өз  бетінше  ізденуін  арттырып, 

шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. 

Тарих  сабағының  педагогикалық  технологиялардың  түрлеріне  тоқталатын  болсақ 

белсенді  қолданатындар  бұл  жобалау,  пікірсайыс,  мәселелік  оқыту,  сын  тұрғысынан 

ойлауды  дамыту  және  т.б.  Мен  тарих  сабағында  жаңа  технологияның  тиімді  әдістері 

арқылы ойын элементтерін пайдалануды ұсынамын. 

Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре 

білу,  яғни  оқушыға  берген  біліміміздің  қайтарымын  көру.  Ол  үшін  сабаққа  сыныптағы 

оқушының барлығын қызықтыра отырып қарастыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр 

оқушының сабаққа қызығушылық, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әр түрлі. Сондықтан 

оқушылардың  осы  топтарына  әр  түрлі  деңгейде  талап  қоюға  тура  келеді.  Ал  ойын 

элементтері  кез  келген  оқушының  қызығушылығын  тудырады.  Тіпті  нашар  оқитын 

оқушының  өзі  ойын  арқылы  берілген  тапсырмаларды  асқан  қызығушылықпен, 


387


 ~ 

 

белсенділікпен  орындайды.  Оқушылардың  қызығушылықтарын  туғызатын  ойындардың 



бірі  –  танымдық,  тарихи  ойындар.  Ойын  элементтерін  қолдана  отырып  мұғалім 

оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығын,  зейінін  арттыру  мақсатында  әр  түрлі  әдіс-

тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып әр түрлі 

заттарды  қолдану  арқылы  сұрақтар  қойып,  затты  көрсетіп,  түсіндіріп  ойын  сюжетін 

құрастырады.  Сабақтарда  танымдық  ойындарды  жаңа  тақырыпты  түсіндіру  барысында, 

қайталау,  пысықтау,  қорытындылау  сабақтарында  да  пайдалануға  болады.  Ойындар 

оқушылардың  ой-өрісін  дамытып,  ойлау  қабілетін  арттырумен  қатар,  үйретілген,  өтілген 

тақырыптарды  саналы  да  берік  меңгеруге  үлкен  әсер  етеді.  Ойындар  оқушылардың 

шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  жетілдірумен  қатар,  сөздік  қорларын  молайтып, 

сауатты  жазуға  да  баулиды.  Оқушылар  ойын  ойнау  барысында  үйренген  сөздерін  айтып 

қана  қоймай,  оның  қандай  мағынады  қолданылатынын  да  біледі.  Ойын  оқу  пәндерінің 

мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. 

Ойын арқылы оқушы нені меңгереді? 

1.

 



Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді. 

2.

 



Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз 

бетінше шеше білуге үйренеді. 

3.

 

Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді. 



4.

 

Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады. 



5.

 

Уақытты үнемдеуге үйренеді. 



6.

 

Оқушылар үшін психологиялық жағымды. 



7.

 

Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді. 



8.

 

Оқушылар үшін қауіпсіз. 



9.

 

Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады. 



10.

 

Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек. 



11.

 

Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі. 



12.

 

Ойын  нәтижесі,  өз  жетістіктері,  әсерлері,  алған  білімі,  дағдысы  жөнінде 



оқушылар  ата-аналарымен,  өзге  балалармен,  мұғалімдермен  көбірек  әңгімелеседі, 

кітапханада  өз  бетімен  іздене  білуге,  қажетті  материалдарды  іріктей  білуге  үйренеді. 

Ойынды  ерте  заманнан  үлкендердің  іс  –  тәжірибесін  жеткіншек  ұрпаққа  жеткізу  үшін 

пайдаланған.  Ойын  халық  педагогикасында,  мектепке  дейінгі  және  мектептен  тыс 

мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын 

және  тақырыбын  түсіну  үшін  өздік  технология  ретінде,  жалпы  технологияның  элементі 

ретінде,  сабақ  немесе  оның  бір  бөлігі  ретінде,  сыныптан  тыс  жұмыстың  технологиясы 

ретінде қолданылады. 

Сабақ барысында қолданған тапсырмаларыма тоқталар болсам. 

1. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер». 

жүздер территориясы, ұраны. Жүздерге енетін тайпа 

Ұлы жүз.Орта жүз.Кіші жүз. 

2. «Алтын Орда мемлекетіне мінездеме бер». 

1.

 



Территориясы 

2.

 



Қоғамдық құрылысы 

3.

 



Ішкі саясаты 

4.

 



Сыртқы саясаты 

5.

 



Құлау себебі 

6.

 



Қорытынды 

3. Венн диаграммасын толтыру: 

1783-1797жж.  Сырым  Датұлы  бастаған  көтерілістің  ерекшеліктері  Көөтерілістің  ортақ 

белгілері    1837-1838жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері. 

4.  «Портреттер  сөйлейді»  (көрсетілген  фотосуреттегі  адамның  аты-жөнін  атап, 

өмірбаянына тоқталу)          Қабанбай             Бөгенбай 

5. «Бұл кімнің сөзі?» (берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау). 


388


 ~ 

 

Міне,  осы  тәрізді  әдіс-тәсілдерді  білім  сапасын  арттыру  мақсатында  түрлендіре 



отырып  қолданамын.  Бұл  жұмыстар  оқушылармен  тығыз  байланыста  болуға,  оқушы 

бойындағы  табиғи  мүмкіндіктерді  ашуға,  оқушының  танымдық  іс-әрекеттерін 

қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген 

сенімділігін  қалыптастыруға  көмектеседі.  Оқушылардың  алған  білімдерін  кеңейтіп, 

логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының 

жеткен  жетістігін  баса  көрсетіп,  оның  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырып  отырамын. 

Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін 

шыңдаймын.  Бірақ  шамадан  тыс  тапсырмалар  беруден  сақтану  керек,  ең  басты  оқиғалар 

мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн. 

«Тарих дөңгелегі» ойыны. 

Бұл ойын тарауды, тақырыпты қорытындылау үшін тиімді. 

(Тұлғалар, жылдарды сөйлету, термин сөздер, қанатты сөздер,). 

Тұлғалар бөлігінде – тарих тұлғаны табуға арналған сұрақ. 

Жылдарды сөйлету бөлігінде – дата, уақыт, санға сәйкес сұрақ жасырылған. 

«Жұлдызды сағат» ойыны. 

Мақсаты:  оқушылардың  шығармашылық  қабілеті  ашылады,  деректермен,  хронологиялық 

жылдарды анықтауда есте сақтау қабілеті артады. Білімі мен дүниетанымы кеңейеді.  

Бұл ойынға мынадай шарттар қоюға болады: 

1.

 

Даталар сыры. 



2.

 

Тұлғалар. 



3.

 

Оқиғаны анықта. 



4.

 

... деген екен. 



5.

 

Мәре. 



Міне,  осы  тәрізді  әдіс-тәсілдерді  білім  сапасын  арттыру  мақсатында  түрлендіре 

отырып  қолданамын.  Бұл  жұмыстар  оқушылармен  тығыз  байланыста  болуға,  оқушы 

бойындағы  табиғи  мүмкіндіктерді  ашуға,  оқушының  танымдық  іс-әрекеттерін 

қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген 

сенімділігін  қалыптастыруға  көмектеседі.  Оқушылардың  алған  білімдерін  кеңейтіп, 

логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының 

жеткен  жетістігін  баса  көрсетіп,  оның  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырып  отырамын. 

Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін 

шыңдаймын. 

Қорытынды 

Тарих дегеніміз – оқиғалардың, есімдердің, құжаттар мен даталардың құр күнтізбесі 

емес,  тарих  халықтардың  қуанышы  мен  қайғысының,  жарқын  өмірге  ұмтылған 

талпынысының,  мәңгі  жасампаздығының  жарқын  бейнесі.  Олай  болса  тарих  мұғалімі 

күнделікті өмірде оқушыларға қаншама қызықты мағлұматтар, танымдық дүниелер сыйлап, 

тарих әлемінің құпия сырларына терең бойлатады. 

Ал  ұстазға  әрбір  сабақ,  оны  өту  барысы,  оқушыға  жеткізу  технологиясы,  бәрі  – 

түсінікті  де  анық  сияқты,  бірақ  сабақта  кедергіге  ,  аяқасты  қалыптасқан  проблемаларға 

ірілі-ұсақты  түрлі  педагогикалық  ситуацияларға  келіп  тірелгенде  жұмбақты  ұтымды  әрі 

нәтижелі шешуді талап етеді. 

Әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау, еңбек ету қабілетін 

дамыту,  жаныңдағы  досыңның  жұмысына  анализ  беріп  үйрену,  мыңдаған  фактілердің 

ішінен ең керектісін, ең қажеттісін бөліп алу, өз ойын еркін жеткізе білу, қорытынды жасау, 

өз  жұмысына  баға  беру  –  мұғалімнің  алдына  қойған  негізгі  мақсаты.  Бұл  мақсатқа  жету 

жолдарын  қаншама  педагог-  ұстаздар,  әдіскерлер,  жаңашылдар  зерттеп,  қаншама  көп 

әдістемелер, кітаптар шығарып жатқаны белгілі. 

Бүгінгі  ағыл-тегіл  ақпарат  ағымында,  ғылым  мен  техника  жаңалықтарының  күн 

санап  өсіп  отырған  заманында,  сана-сезімнің  үнемі  толығу,  интеллектуалды  шыңдалу 

заманында  белсенді  азаматтық  позиция  тәрбиелеу  үшін  оқушылардың  өзін  және  өзгені 



389


 ~ 

 

сыйлау,  төзімділікке,  жауапкершілікке,  өз  бетінше  ойлап  қорытынды  жасау  үшін,  тек 



кітаптағыны  оқытып,  таныстыру  аз,  бұл  әдістер  оқушыны  қызықтырмайды,  қайта  бізді 

олардан алыстатады. 

Жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті  ел болашағын  тәрбиелей 

алады. 


Жаңа  технологияны  білім  беру  саласында  тиімді  пайдалану  оқушылардың  өзіндік 

жұмысының  сапасын  арттыруға  көмектеседі.  Тәуелсіз  Қазақстанның  келешегі  жас 

ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі. 

Ойын  түрлерін  тарих  сабағында  пайдалану  –  оқушылардың  еркін  сөйлеуін, 

логикалық ойлауын, тіл байлығын жетілдіреді. Ойын араласқан сабақ барысы оқушыларға 

әсерлі болып, білуге деген құштарлығы арта түседі. 

Оқыту  технологияларын  сауатты  қолдана  білген  әр  ұстаздың  білім  беру  үрдісі 

нәтижелі және сапалы болатыны сөзсіз. Ел болашағын өркендетер талабы таудай, қабілеті 

мол өз бетімен жұмыс жасай алатын ізденімпаз оқушыларды тәрбиелеуде қажырлы еңбек 

пен күш қуатымызды аямайық дегім келеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет