Пайдаланылған әдебиеттер:
1)
Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №4 (22), 2006
2)
Сыни ойлауға үйрету. Әдістемелік құрал. Авторы: Орынбасар. Д. Есимханова Р.
Рүстенбек Г. Бекей . Б .Қарсыбаева А.Шымкент 2015ж
3)
Қ.С. Құдайбергенова, «Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және
ғылыми- теориялық негізінде», монографиялық еңбек, Алматы , 2008, бет 257,258
4)
А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі – 200М.И.Скаткин.Зерттеу мәдениеті
– педагогикалық қабілет - 2008
5) Оқытудың интербелсенді тәсілдері: жетістіктер мен проблемалар. Облыстық ғылыми-
әдістемелік конференцияның материалдары 22-23 қараша 2011ж
ҰЛЫ МҰРАТТАР МЕН МАҚСАТТАР
Жапбаркул Ибадат Құдайбергенқызы, математика пәнінің мұғалімі
Жайлибаева Елизавета Куванишбаевна, физика пәнінің мұғалімі
Н.Төреқұлов №8 ЖОМ
Түркістан қаласы, ОҚО
Сабақ үстінде бір оқушым орнынан атып тұрып, Апай осы бабаларымыз бұрын
немен жүрген. Сонда аттан басқа көлік болмаған ба? деп аяқ астынан сұрақ қойып қалмасы
бар ма. Шәкіртіме бірден басқа көлік болмаған не бұл сұрақтың маған мүлдем қатысы жоқ,
деп жылы жауып қоя салсам да болар еді. Бірақ оқушымның «Бабаларымыздың» деген сөзі
ойымды еріксіз тұңғиыққа жетелеп алып кетті. Мамандығым математик болса да аздап
тарих туралы сыр шертуге тура келді. Ұшқан құс пен шапқан аттың тұяғы талатын ұлаң
ғайыр жерімізді шын мәнінде сол бабаларымыз аттың үстінде жүріп, найзаның ұшы
білектің күшімен қорғады. Бүгінгі ұрпағына аманаттап тапсырды. Сан мыңдаған
ғасырларды бастан өткеріп, қаншама ұрпақтың мекені болған ұлаң ғайыр жеріміз, деп
ойымды енді жинақтай бергенімде оқушым апай сонда шын мәнінде аттан басқа ештеме
болмаған екен ғой, деп өз сұрағына өзі жауап берді. Мен үндемеген күйі іштей тұра бердім.
Сабақтың ортасы болып қалған әлгі ой маза берер емес.Оқушыларға қарап балалар ертең
сендер 100-ші тапсырманы орындап келіңдер. Енді қазір бір сәт бері қараңдар дедім да
білгенімше Қазақ тарихы туралы айта бастадым.
Шама шарқымша елімізге сол өткен замандарда қауіп төндірген жоңғарлар мен қылышы
қанға боялып жүретін қалмақтар туралы айта бастадым. Қанша уақыт сөйлегенім есімде
жоқ арасында батыр бабаларымыз бен абыздарымыз, шешендеріміз туралы да ой қозғадым.
Соңын өзіміздің Түркістандағы Яссауи кесенесіне алып келіп тіредім. Балалар сол қиын
заманда бабаларымыз білімді болған , тіпті Әл фараби атамыз медицинаның негізін
қалаушы Ұлы ұстаз болған. Жалпы ол кісі жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете
түсініп, көреген, естіп білген және аңғарған нәрселерін жадында ұмытпай сақтайтын азамат
болған. Көп оқығанның арқасында ұлы Ұстаз атанған. Ол кісінің ілімін тіпті шет елдерде
де таниды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аталарың әрдайым жастар оқыңдар,
бүгінгі жаһандану заманы, білімді де білікті жастардың заманы. Егер оқысаңдар
болашақтарың зор болады, шет тілін жақсы білсеңдер әлемдегі ең алпауыт АҚШ ,
Германия, Жапония, Қытай сияқты елдерге барып оқып, Сол Фараби бабаларыңның жолын
қуасыңдар. ХХ!-ғасыр білімділер ғасыры. Сондықтан жақсы оқыңдар. Ал , кешегі ата-
бабаларың аңсаған бүгінгі өздерің қол жеткізген Тәуелсіздігімізді өздерің сияқты білімді де
алғыр жастар ғана ұстап қалады. Қазір әлемде барлық нәрсе күн өткен сайын жаңарып,
жаңғырып жатыр егер оқып сол жаңа келетін техинка мен интернеттің тілін білмесеңдер
~
417
~
болашақта көшке ілесе алмай қалып қоясыңдар. Бүгінгі біздің яғни мына мен сяиқты
ұстаздарыңның үйретіп жатқан әрбір сабағын мұқият тыңдап, соны ұқыпты орындап жақсы
оқушы атансаңдар ғана еліміздің ертеңі кемел, болашағы баянды болады.
Атам қазақ «Шәкіртсіз ұстаз тұл»деп бекер айтпаса керек біздің бүгінгі сендерге әр пәнді
терең үйретуге тырысып жүргеніміз ол өздеріңнің ертеңгі болашақтарың . Егер жақсы оқып
үлкен азамат болсаңдар ертең өскен соң Қазақстанның атын шығаратын сендер
боласыңдар.
Еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси психологиялық жай –күйі халықтың білім
жүйесінен, білім деңгейінен, ағартушылық іс- әрекетінен анық аңғарылады. Әлемдік
бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры
мұғалім мен шәкірттің қолында. Ұстаз оқушылырының оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыра
алуға қабілетті, оның нәтижелерін алдын -ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін
ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзіретті тұлға болуы керек. Ал сендер
балалар біздің айтқанымызды орындап жақсы оқуларың қажет. Мұғалім әрдайым
сендермен шәкіртімен мақтанады. Ұстаздық имиджді де қалыптастыратын сендерсіңдер.
Үйде ата-аналарың, мектепте ұстаздарың сол ата аналарыңнан кем болмайды. Сендерге
әрдайым жақсылық ойлаумен жүреміз. Сендер де әрбір мұғалімдеріңнің жақсы қасиеттерін
бойларыңа сіңіріп, соны сақтап өсулерің қажет.
Мектепте бірінші кезекте біздерге үлкен талап қойылады. Яғни сендердің үзіліс
кезінде шуламай жүрулеріңнен бастап, тәртіпті оқушы болуларыңды қадағалап, уйде
орындап келген тапсырмаларыңды сұрап, ертеңге тапсырма беріп міне соның бәрі ұстазға
жүктелетін міндет.Бұның барлығын бір ғана ұстаз орындай алмайды оны сендер де
жүрекпен түсініп, сендер де тәртіпті болып жақсы оқысаңдар бұл біздің жетістігіміз.
Мектебіміздің абыройы. Міне сонда ғана кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген педагог
қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленеді.
Кішкентай кезден бастап әр кім өзін -өзі іштей тәрбиелеуі керек. Әрдайым алға ұмтылу
керек. Мұғалімдеріңнің адамгершілік қабілетін үйреніп, соған қарап өсу керек.
Ұстаздарыңның сыртқы келбеті, әдемі киінісінен де үлгі алған жөн. Киіне білудің өзі де
жақсы қасиет. Сендер көп нәрсені көріп, оқып білу арқылы ой өрістеріңді кеңейтесіңдер.
Бір кездері интернетті, ұялы телефонды көп біле бермеуші едіңдер. Енді міне барлығың
телефон мен ақпаратты жүйені жақсы меңгеріп алдыңдар. Демек сол инетернеттің
көмегімен өздеріңе қажетті жақсы нәрселерді үйренулерің керек. Ұстаз он жыл оқытып,
білгенін үйретіп өмірге қанат қақтырады. Ертең ағымы қатты толқынмен жүру үшін соған
дайын болуларың қажет. Егер қазір оқымай, жүрдім бардым қарайтын болсаңдар, ертең
үлкейгенде Қазақ элитасының көшінен кеш қаласыңдар. Күн санап жаңарып, жаңғырып
отырған ортаға бейімделулерің қиын болады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан Мәңгілік Ел болу үшін сендер жақсы білім
алуларың қажет. Үлкен азамат болғыларың келсе көп оқу керек. Сонда ғана жетістікке
жетесіңдер. Міне балалар Бабаларымыздан басталған тарих бүгін бізге жетті. Ол кісілер
жазу сызу болмаса да Қазақ деген елді сақтап қалды.
Сендер де ертең Ұлы дала елін әлемге танытатын Қазақтың атын шығаратын азамат
болуларың қажет. Егер сендер білімді болсаңдар, біздің жетістігіміз. Оқушыларымыз
мықты болып жатса ол ұстаздардың бүткүл ұжымның қала берді мектебіміздің имиджі.
Сондықтан оны бірлесіп қалыптастыруымыз қажет,,, дей бергенімде қоңырау соғылды.
Әншейінде сабақ соңы таяғанда тыпыршып отыра алмай кететін кейбір оқушылар да менің
айтқан сөздеріме мұқият тыңдап, тарихтың тұңғиығына бірге кіріп кеткендей әсерде отыр.
Мен де жайлап бірталай әңгіменің басын қайырып, тарихты парақтап тастаған ғалымдай
сөзімді балалар бүгінгі айтқан ақылым мен ойымнан қорытынды шағарарсыңдар деп
тоқтадым. Бағаналы бері тым-тырыс отырған оқушылар апай шын мәнінде де бізге
бабаларымыз кең байтақ жер қалдырса, ондағы бақытты өмір сұруімізге Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы атамыз жағдай жасап отыр. Сондықтан біз жақсы оқып,
~
418
~
Қазақстанымыздың мақтанышы боламыз деп сабақты аяқтадық. Әрине осы бір ауыз
«Бабалар» деген сөздің аясында қаншама әңгіме айтылды.
Қалай десек те әрбір ұстаз өзінің шәкіртінің білім де білгір болып шыққанын қалайды. Бұл
мұғалімнің арманы да. Сондықтан бүгінгі әңгімеден оқушыларым титтей болса да
саналарына құйылатын тәлім тәрбие алса ол мен үшін бақыт. Ұлы дала елінің, Мәңгілік
Елді ту еткен Қазақ жұртының болашағына қосқан үлесім деп ойлаймын. Мұғалім бейнесі
оқушылар есінде ең әсерлі сәттермен сақталып қалады, ол ұстазының жақсы қасиеттерін
бойына сіңіреді. Ал үлгілі ұстаз бейнесін мұғалім өзі ғана қалыптастырады. Мұғалім
имиджін қалыптастыру үшін өзімен жан-жақты жұмыс жасауы керек. Мұғалім имиджінің
қалыптасуы ең алдымен жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік қасиеттің орыналуы.
Мұғалімнің сыртқы келбеті мен ішкі жандүниесінің үйлесім табуы имидждің ең жоғарғы
көрінісі.
Білім мен ғылым –егіз ұғым, құстың қос қанатындай. Терең білім терең ғылыми
ізденіске, ғылыми жаңалықтарға жетелейді. Білім мен ғылымды қатар алып жүрген адам
ғана қанатын кең жайып, қыран құстай биік тау мен зеңгір көкті бағындыра алады.
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен пішіні, киген киімімен де оқушыға әсер
етеді. Біз ақпараттың басым бөлігін көру арқылы аламыз, сондықтанда біздің тартымды
бейнеміз өте маңызды. Сыртқы бейнемізбен үйлесімд іәсер қалдыру үшін : мәнерлі сөйлеу,
стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білуіміз керек. Сонымен қатар тұрған
тұрысқа, мимикаға мәнерге көп көңіл бөлу керек.
Педагогтың мәртебесі мен беделі оның жеке имиджіне тікелей байланысты.
Сондықтан да педагог әрдайым өзінің мәртебесі биік, беделі үстем болуы үшін
шығармашыл, ізденімпаз болуы тиіс.
Осы ой-түйіннің нәтижесінде бүгінгі күні сыныбымдағы оқушылардың білімге
деген көзқарасы қалыптасып, өз беттерінше ізденуге, шығармашылықпен айналысуға бет
бұрды. Оқушылар жылдың басындағыға қарағанда қазір өз ойларын жүйелеп жеткізуге,өз
пікірлерін ашық айтуға қалыптасып келеді. Ойымды түйіндей келе, тәрбиемен білім
баланың өмірлік қажеттілігіне сай ұштастырыла отырып берілетін болса, ол оның өмір
бойына жетер азығы болмақ.
Сөзімді ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа адамды –жаңашыл ұстаз
тәрбиелейді» деген сөзімен қорытындылай келе ұлы мұраттар мен мақсаттарды ұстана
отырып, келешек ұрпақ тәрбиелеуде бағдарлама идеясын ұстана отырып, іс-тәжірибемді
жетілдіре түсуге бар білімімді арнаймын дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Мұғалімге арналған нұсқаулық үшінші (негізгі) деңгей.
2.
«Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, Қарағанды,2011ж.
3.
Асхат Әлімов «Интер белсенді оқытудың әдістері» -2013ж
4.
«Жаңаша оқыту – заман талабы» Ғ.Сұлтанова, З.Сатқаева, Алматы,2011ж.
ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Ақылбек Айна Тұрсынқызы
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
№7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейі
Найзабек Оразкүл Тойшықызы
Шымкент қаласы, ОҚО
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен
басталады.
~
419
~
Н.Ә.Назарбаев
Отбасы шағын мемлекет, адамзат бесігін тербеткен ұя десек, оның тәуелсіздігі,
шекарасы, ережесі, мақсат – міндеттері болуы шарт. Яғни отбасы – таным бесігі, өркениет
ошағы, үлгі өнеге бастауы. Әрбір отбасында балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты.
Тәрбие – қоғамдық құбылыс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз
ететін басты жүйе. Тәрбие процесінің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны әлеуметтендіріп, оның
жағымды қасиеттерін дамыту, қоршаған ортадағы адамдармен тіл табысып, өзіне және
басқаларға ыңғайлы болу болып табылады.
«Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деп ежелгі грек философы Платон дөп
айтқандай, қай ғасырда болмасын тәрбие үлкен мәселе болып саналады.
Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: "Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті
түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды. Егер біз балаға
қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады",-деген. Тәрбие ана сүтінен
басталып, біреудің – біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасқан құбылыс. Рухани –
адамгершілік тәрбие ерте балалық шақтан бастау ала отырып, адамның өмірінің әр
кезеңдерінде жүйелі дами келе, осы тәрбие үрдісін дұрыс, жүйелі ұйымдастыру
нәтижесінде рухани бай дамыған тұлғаны тәрбиелеуге өріс ашады.
Отбасы – адамзат өміріндегі өз жалғасын табатын, болашақ ұрпақ өсіп - өрбіп
шығатын ұя десек, сол ыстық ұяда баланың сөйлеу тілі, қиялы мен ақыл – ойы, талабы мен
көзқарасы қалыптасады. Бала дамуының кезекті баспалдағы тілінің шығып, қоршаған
ортаға деген көзқарасын білдіруі болып табылады. Баланың жеке басының, сөйлеу тілінің
дамуына араласу, сөйлесу, қарым – қатынас жасау үлкен орын алады. Сөйлеу тілі қарым –
қатынас жасау барысында дамиды. Рухани-адамгершілік тәрбие тақырыбында толғанған
қазақ халқының алғашқы ұстазы Ыбырай атамыздың өнегелі, тағлымы мол
туындыларының берері мол.
Тәрбиелік мәні өте зор, «Әке мен бала», «Бір уыс мақта», «Бағалы шөп» деген әңгімелері
мектепке дейінгі білім мен бастауыш білім беру сатыларында жиі кездеседі.
Оқу жетістіктерінің көрсеткіштері балалардың шығармашылық дамуына да тікелей
әсерін тігізеді. Халқымыз «Баланы бес жасқа дейін патшадай қара» деп бекер айтпаса
керек. Отбасы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы,
бала тәрбиесінің басты институты, өйткені отбасылық тәрбие баланың өмірге деген
көзқарасын қалыптастырады. Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының жақтаушысы О.
Сүлейменов ағамыз «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп ашып айтқан.
Әрбір ата – ана өз перзентінің ақылы толысқан адам болуын тілейді. Өздері
жетпеген арман – тілектерге балалары жетсін дейді. Балалардың әрбір жетістіктеріне олар
қуанады. Кемшіліктеріне қайғырады. Ата – аналарының осындай үміт, арманы да дәстүр
бойынша ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келеді. Халықта: «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,
өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар.
Жас бала – жас шыбық. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеу өте қиын. «Бала
– бастан» деген сөздің мәнісі осы. Балаларға тәрбиені өздерінің шамасына, жаратылысына
қарай беру керек.
Түркі тектес халықтың көпшілігінің, соның ішінде қазақтың жағдайы бар адамдарды
дәстүр бойынша баласын бес – алты жастан аузы дуалы шешендердің, ел бастаған
көсемдердің, көргені мен көңіліне тоқығаны мол даналардың, құралайды көзге атқан
мергендердің, жау жүрек батырлардың соңына ерткен. Онысы – балам еліне етене жақын
жүрсін, халық дәстүрлерін, жол – жоралғысын, көңілге тоқып өссін дегені болса керек.
Осылайша халықтың тамаша тәрбие жолдарын, салт – дәстүрлері мен мұраларын қазіргі
педагогикамен ұштастыру басты мақсат. Бұл міндетті шешудің қайнар бұлағы, сарқылмас
көзі – жас ұрпақты еңбекке, өнер – білім машықтарын меңгеруге отбасының қанына сіңіп,
~
420
~
тері тамған атамекенін сүюге баулып, ізгі адамгершілік қасиеттерін бойына қалыптастыру,
тілін ұстарту, ойлау қабілетін дамыту, имандылыққа, инабаттылыққа тәриелеу.
Дүниеге келген бала алдымен жақсы, жаман қасиеттердің барлығын ата-анасынан
үйренеді. Олар үшін ата -ана – пірі.Алғашқы кезде тіпті ата-анасының көшірмесі болуға
тырысады. Кейіндеп қоғамдық ортаның әсерімен олардың көптеген ой-пікірлері өзгереді.
Білім алу арқылы дүниеге көзқарасы қалыптасып, өзіндік санасы дамиды.. Яғни, алғашқы
құндылықтар жүйесі отбасында қалыптасады. Мәселен, қазақ халқының отбасындағы
қарым-қатынас ерекшеліктерін айтайық.
Тұрмыстық-шаруашылық жағдайлардағы тұлғаның этникалық әлеуметтенуі,
үй мүліктерінің орынды қолданылып, күнделікті өмірде ана тілінде аталуы және
олардың ұлттық құндылықтар негізі болатындығын балаға түсіндіруі. Осы
айтылған мәселелердің теориялық айғағы ретінде «ұяда не көрсең, ұшқанда соны
аласың», «ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген сияқты терең
философиялық мәні бар қанатты сөздерді алуға болады.
Тәуелсіз еліміздің жастары заманына қарай тәрбиеленуінде ұстаздар мен ата-
аналарға үлкен жауапкершілік артылады.
Қазақ халқының ұлы ағартушы-педагогтары А. Байтұрсынов,
М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, т.б ғұламалардың дүниеге көзқарасы мен мінезін
қалыптастыруда отбасы ролінің маңыздылығын ескере отырып, ондағы әкесі мен
анасының, атасы мен әжесінің, жасы
үлкендердің отбасында басты тәлімгер екендігін өздерінің жеке бастары мен
шығармаларында айрықша көрсете білді. Олардың пікірінше, балаларды тәрбиелеу үшін
ата – ананың өздері тәрбиелі болу керектігі, отбасында балаларды ата - баба дәстүрлері,
ауыз әдебиеті, халықтың тарихы мен мәдениеті арқылы тәрбиелеуді қажет деп санады.
Жазушы-педагог Ж. Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі
болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай
болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», - дейді.
Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында - ата-анасынаң мектепте - ұстаздан талап
етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы — бір
халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі — сол
халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие
балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени
білім мен тағылым алары анық. Психолог-маман ұрпақ тәрбиесі тағылымды болсын десе,
жұмысты ең алдымен, ата-анамен, яғни, отбасынан бастағаны, жүргізгені, талап еткені жөн.
Бұл
қазіргі
замандағы
ең
басты
қажеттілік
десек
болады.
Ата-ана әр түрлі, олардың ұрпақ тәрбиесіне, мектепке көзқарасы да сан алуан. Қандай да
мектеп болсын, әлеуметтік тұрғыдан бұл мәселені «Отбасы - оқушы - мектеп»
үшбұрыштық жүйесімен жүргізгені абзал. Мұндай жұмыс «Отбасылық психологиялық
таным» сабақтарын жүргізгенде, оң нәтижесін берері сөзсіз. Ол үшін, ең алдымең ата-
ананың өзін-өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көзқарасын білдіретін
тестілер мен психорефлекциялар жүргізіледі. Әрине, кез-келген ата-ананың өзі туралы, өз
баласы туралы жоғары пікірде болуы заңдылық. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде
ойын, сергіту сипатында жүргізілгенімен, кейінірек мән-маңызы, берері тереңдей түседі.
Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі әке мен шешенің бір-бірімен қарым-қатынасыдеп
В.А.Сухомлинский айтқандай,ата-ана -өзбаласының тәрбиесі үшін ел, халық алдында
жауапкер.Олай болса, әрбірата-ана өз балаларының парасатты, білімді азамат болып
өсуіне жағдай жасаулары керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Ү. Асылов «Даналардан шыққан сөз» - Алматы 1987ж.
~
421
~
2.
Т. Р. Нұрмаханбетова «Тәжірибелік психология» І, ІІ, ІІІ, ІҮ томдар. Шымкент -2006
– 2009жж.
3.
Л. К. Көмекбаева «Әдістемелік психология» Алматы 2002ж.
4.
Н.Е. Байжұманова «Бала тәрбиесі - рухани уыз». Мектеп, ғылыми - әдістемелік,
педагогикалық журнал.Тамыз 2004ж
СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ ДЕМОКРАТИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ ДЛЯ
МОЛОДЕЖИ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА
Ержанова Гульфайруз Дауренбековна
Ногойбаева Гульнара Туленовна
Школа- гимназия №1 имени А.С.Пушкина
Город Шымкент, ЮКО
В современном обществе имеются разные мнение о патриотизме среди молодежи.
Одни считают патриотические чувства естественной реакцией человека в контексте
его отношений к родине, отечеству. Другие отвергают патриотизм как нечто
консервативное, устаревшее, возникают ассоциации с недавним прошлым, культом
личности, коммунистическим террором тридцатых годов прошлого века. Третьи убеждены
в том, что необходимо разобраться с такими понятиями, как патриотизм, человек, личность,
культура, родина, отечество.
Представляется, что последняя позиция является наиболее адекватной и
перспективной. Чтобы дать оценку тем или иным процессам, необходимо их понять. В
наиболее популярных справочных изданиях патриотизм определяется как любовь к родине,
преданность ему отечеству, своему народу, привязанность к месту своего рождения, месту
жительства. Понятия родины, отечества, патриотизма связаны с понятием культура того
или иного народа, с толерантностью народа.
Если складывается государство и государственность должны быть и граждане. Раз
есть Родина, должны быть и патриоты. Без этого любое государство не может сущестовать.
Именно поэтому главной задачей этой работы стала попытка проследить формирование
гражданских и патриотических ценностей молодежи как активной и лидирующей группы
общества.
В условиях трансформации казахстанского общества главное внимание в системе
образования мы оказываем демократическому и гражданского воспитанию молодежи.
Молодежь - ценнейший и уникальный ресурс любого общества, основа его
дальнейшего существования. И поддержка молодежи в ее становлении и развитии,
создание условий для интеграции молодого поколения в общество – важная
государственная задача.
Молодежь является наиболее активной составляющей гражданского общества:
молодые лучше приспособлены к внедрению инновационных проектов и технологий в
различных сферах, они являются сосредоточением принципиально новых знаний и идей,
они мобильны и полны сил для строительства своей жизни. Поэтому казахстанская
молодежь должна восприниматься как главный заказчик – достойного будущего, как
главный стратегический ресурс нашей страны.
Государственная молодежная политика в деятельности любого государства является
одним из приоритетных направлений. Проведение подобных семинаров – тренингов
создают условия для реализации молодежью права на свободное социальное развитие,
творческую инициативу, в соответствии с коренными интересами и склонностями,
физическими возможностями, с учетом интересов реформирующегося общества.
В общественном сознании постепенно формируется понимание того, что
необходимо изменение взглядов на молодежь как таковую, на ее место и роль в целом, а
~
422
~
также в развитии государства. Без пересмотра в общественном сознании феномена
молодежи, ее роли в строительстве демократического, правового социального государства в
Казахстане отраженной в Конституции РК, общество не сможет достичь прогресса, не
сможет продвигаться к новым цивилизационным достижениям.
Современные экономические и политические условия в стране создали для
молодежи возможность реализовать свои позитивные инициативы и творчество.
Однако существуют трудности в формировании активной демократической
гражданской и политической культуры у молодежи. Поэтому в школе предпринимаются
попытки привития у учеников навыков демократического и гражданского образования
подростков, проводятся мероприятия, способствующие формированию политической
культуры молодого поколения.
Одной из направлений распространения новых знаний среди молодежи является
понятие о мультикультурализме, о гуманистических ценностях общества.
Исходя из тенденций глобального развития, некоторые исследователи полагают, что
будущее всего человечества связано не с технотронным обществом, абсолютизирующим
технологическую сторону прогресса, и не с коммунистической перспективой, в которой
человек превращается в безликую часть тоталитарного целого, а с гуманистическим
обществом. Поэтому в процессе становления нового казахстанского общества будет
осуществляться его ориентация на производство духовных ценностей. В связи с этим
важнейшей государственной проблемой общества гуманизма будет повсеместное
производство знаний, а производство материальных товаров станет результатом
производства знаний. Гуманистическое общество будет обществом знаний.
В новом казахстанском обществе должно быть гармоничное сочетание духовного,
материального, физического и экологического совершенствования личности при
приоритете ее духовного богатства. Духовное богатство человека должно стать основой его
материального вознаграждения.
Историческая миссия Казахстана – стать духовным центром, объединяющим Восток
и Запад, различные религиозные конфессии на основе идеологии гуманизма, принципов
толерантности, уважения к инокультурам и каждому гражданину, при сохранении и
развитии национальных традиций. Для этого необходимо современное казахстанское
общество преобразовать так, чтобы знания, ценности создавались в его духовном,
социальном, политическом и материальном производствах. Переориентация современного
общества на производство знаний необходима, прежде всего, потому, что высшей
ценностью нового общества должно быть формирование и развитие целостной личности.
Воспитание гражданского и демократического образования, развитие патриотизма
современной молодежи нашло отражение в последнем послании Президента Республики
Казахстан Н. А .Назарбаева народу Казахстана. В связи с этим изменение системы
образования прямую зависит от создание условий, способствующих развитию
способностей критического мышления и навыков самостоятельного поиска информации.
Также в послании говорится о необходимости формирования IT-знаний, финансовой
грамотности и воспитания патриотизма казахстанской молодежи.
Построение демократического общества невозможно без нравственного и
духовного развития молодежи, формирования у молодого поколения казахстанцев таких
качеств, как патриотизм, профессионализм, ответственность, освоения молодежью
социокультурного опыта прошлых поколений, достижений мировой цивилизации.
Реализация
этих
целей
предполагает
активное
привлечение
молодежи
к
непосредственному участию в формировании и реализации политики, касающейся
молодежи и общества в целом. Государство создает условия для расширения
возможностей молодого человека в выборе своего жизненного пути, достижении личного
успеха, независимо от его материального уровня и социального положения.
Только в этом случае окажется действенной основная задача молодежной политики
- обеспечение самореализации молодежи.
~
423
~
Достарыңызбен бөлісу: |