ТЕРЕҢ СЫРЛЫ ПОЭЗИЯ
Қазақтың белгілі ақыны Фариза Оңғарсынованың поэзиясы – қазақ сӛзінің
қайталанбас құдіреті. Ақынның ішкі терең сырлары лирикалық ӛлең арқылы аңғарылады. Ф.
Оңғарсынова поэзиясындағы лирикалық «Мен» кейіпкер пішініндегі ақын бейнесінде кӛрініс
табады. Ақын ӛлеңдеріндегі тура психологизм мен жасырын психологизмге таладаулар
жасалады. Ақынның ішкі монологы тұтас поэзиясының кӛркемдік ерекшелігі екендігі
дәлелденеді. Ұлттық ойлау ақын поэзиясының ӛн бойында желі тартып жатқандығы
нақты мысалдармен айтылады. Ақын ӛзінің бейнесі, ойы, сезімі арқылы ӛлеңдерінде
халқының ұлттық мінезін танытады.
Кілт сӛздер: Фариза Оңғарсынова, поэзия падишасы, лирикалық ӛлең, лирикалық
«Мен», ішкі монолог, ұлттық кӛркем ойлау, ӛлеңдегі ұлттық мінез.
Кейде нҽзік, кейде қайсар, кейде томаға тұйық, кейде шалқыған шалқар сезімдердің
иірімдері ақын қыздар поэзиясында мейлінше шынайылықпен жырланады. Ал поэзия
падишасы Фариза ҽлемі мүлдем бҿлек. Ҽсемдіктің үлгісі ҽйел боп ғұмыр кешіру қасиетті де
қадірлі, күрделі де қиын екені белгілі. Ал ақын боп ғұмыр кешіру, Тҿлеген ақын айтқандай:
«...Аузында болу бұл ҿзі сыздаған барлық жараның...» [1, 120] немесе «...Қалдырмау үшін
ұятқа күнҽсіз мынау дүниені, Жамау қып басу ҿзіңді аузына барлық жыртықтың» [1, 121].
«Жыр жазу деген – азап, от, Ҽйел боп туған болмысқа»... [2, 83] – деп жырлайтын Фариза
ақындықтың азап отының ортасында ҿтсе де, ақындық пен азаматтықты қатар алып жүрді.
Адамның тылсым сырларын нағыз лирика ғана ашып кҿрсетеді. Лирикалық «Мен»
арқылы терең түйсік аңғарылады. Кейде тұтас бір буынның ҿзекжырды сыры ақын
тебіренісімен жарыққа шығады. Ф.Оңғарсынова терең сырлы ҿлеңдерінде тура
психологизммен бірге жасырын психологизмге кҿп ден қояды. Бұл тҽсіл – ақынның ерекше
шеберлігі. Ақын жанының тереңінде тұнған сезімді тек кҿкірек кҿзімен ғана кҿру керек:
Елесің қуантардай,
сен жайлы ой кешемін.
Ҿзіңе дым да айта алмай,
Құрбыңмен сойлесемін.
Қолыңды алам да мен,
Қысуға қысыламын.
213
Гүлімді саған деген,
Мен оған ұсынамын [2, 282].
Мұнда бозбала психологиясы жасырын психологизм арқылы ашылады. Ғашығының
елесі қуантып тұрған бозбаланың кездескенде ештеңе айта алмай, құрбысымен сҿйлесетіні
қалай? Немесе алған гүлін басқаға ұсынатыны несі? Бұл – нағыз ғашық халі.
Кездесем жеке мүлдем,
Кетер деп сыр жалғасып,
Байқамай ҿтемін мен,
Жаныңнан жылдам басып [3, 205].
Алдыңғы шумақтардан жігіт жанын байқасақ, бұл шумақтағы сезім –қыз сыры. Қанша
кҿруге ынтықса да, жанынан жылдам басып, байқамай ҿту де – қыздың сүйген жігітіне сыр
бермеуі. Қыз жанының жұмбақ сырын мына мысалдардан да аңғарамыз:
Жиында жұртқа жарқылдап,
Кҿзге ілмей сені тұрамын [4, 49], немесе
Қыздардан ҿрлік қалған ба -
Құлай сүйсе де шектелген:
Сен алғаш сүйіп алғанда,
Ашуланған боп кеткем мен...[4, 50].
Бойжеткен қыздың пҽк кҿңілі, ақ жүрегі кҿрінеді. Ол бірақ сыртқа байқалмайды.
«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, кҿзбен кҿр де, ішпен біл» деген Абай афоризмінің кҿрінісі.
«Ҽр ақынның ҿз дарыны, ҿз интеллектісінің дҽрежесіне орай шығар биігі бар. Құс
қанатының қуаты жеткен жеріне дейін кҿтеріледі десек, ақын да сондай» [5, 42] - деп
кҿрнекті зерттеуші М. Дүйсенов жазғандай ҽр ақынның дүниетанымы оның адами кейпін,
азаматтық позициясын, ішкі жан дүниесін танытады. Сондай-ақ ҽр қаламгердің ҿз шама-
шарқына қарай дараланған стилі де айқындалады. Ал дара стильдің поэтикасы
Ю.И.Минералов кҿрсеткендей «ішкі қозғалыс кешені» [6, 32]. Адам жанына қабылданған
нҽрсенің бҽрі қозғалысқа негізделеді. Лирикалық ҿлеңнің ішкі қозғалысы – адамның сезім
құбылыстары, эмоциясы, жалпы ішкі ҽлемі. Ішкі ҽлем ақын жасаған астарлы образдармен
астасып жатады. Ақынның ішкі дүниесіндегі құбылыстар ғайыптан пайда болмайды, ол –
ҿмір құбылыстарының ҽсері. Лирикадағы тартыс, драматизм, психологизм ҿзге
жанрлардағыдай сюжеттік ситуация арқылы кҿрінбесе де, ақынның, лирикалық «Меннің»
күйініш-сүйініші, ой-сезімі арқылы кҿрінеді. Лирик ақын ішкі ҽлемнің ерекше ырғағын, сұлу
қозғалысын тудырады.
Ішкі монолог тҽсілінің ҽдебиеттің барлық жанрында да белгілі бір кҿркемдік қызметі,
ҿзіндік ауыр жүгі бар. Ал лирикалық ҿлеңдегі кҿрінісіне Фариза ақыннан бір мысал алайық:
Мен қашанғы ішімнен шыңғырамын,
Қашан, қашан басылар бұл құмарым.
Ей, адамдар, айтсаңшы біреуің кеп,
Қандай емнен жазылар жынды жаным? [3, 303]
Ақын алай-дүлей сезімін осылай ҿлеңге түсірген. Ішкі монологты лирикалық «меннің»
баламасы деуге де болады. Фариза ақынның тағы бір ҿлеңіндегі ішкі монологқа құлақ
түрейік:
О, жасаған! Сүйе алар жүрек беріп,
Неге маған сүюді мұң еткенің,
Дҽл осындай қасірет тілеп пе едім? [3, 279].
Мұнда ақынның лирикалық «Мені» мұң шағып тұр.
Осылайша
лирикалық
ҿлеңдердің кҿбінесе ішкі монологқа, кейде ішкі диалогқа құрылу себебі, бұл – автордың
ҿзгеше ҿрелі тыңдаушысын іздеп шарқ ұрғаннан туындайтын құбылыс. Лирикадағы мұң
барлық ақында бірдей болғанымен, оның жеткізілуі ҽр қалай. Қазіргі қазақ ҽдебиетінің
кемелденуіне байланысты, кҿркемдеу құралдарының, бейнелеу үлгілерінің молаюына
байланысты ішкі монолог түрленіп қолданылып, шығармаға кҿркемдік нҽр береді. Бұл тҽсіл
кҿбіне психологиялық талдау ретінде беріледі. Ф.Оңғарсынованың «Ҽйелдің монологы»,
214
«Бақыттының монологы», «Бойжеткеннің сҿзі», «Жастық шақ монологы», «Қоштасу» («Қыз
Жібектің соңғы сҿзі); «Жантолының монологы», «Жастық шақ туралы элегия», «Кек немесе
келіншектің ызасы», «Аңсау немесе жесірдің зары», «Мұқтаждық немесе жетімнің
монологы» сияқты лирикалық ҿлеңдердің сезімдік психика циклі – эстетикалық ҿріс емес,
зерттеу. Ақын ҿзін ғана зерттеп қоймайды, жалпы адам жанын зерттейді, лирикалық
кейіпкерін де танытады. Жоғарыда аталып ҿткен ақынның монологтары – лирикалық
кейіпкердің, атап айтсақ, бойжеткеннің, Майраның, Жантолының, Қыз Жібектің, т.б. атынан
айтылады. «Ҽйелдің монологынан» үзінді келтірейік:
Сенің от құшағыңда
дүнинені ұмытып талықсыдым.
Жүрегімді ҿртеді жан ыстығың...
Бірақ ҿзің айныдың.
Ұмыттың да жастықтың жұмақ күнін,
сен мысқылдап, мен дағы жылап тұрдым.
Ҿмір деген бұрқанған дарияға
бұрымымнан ұстап ап лақтырдың.
Сонда ғана есейіп бұл жалғанда,
Бҽрі алдамшы екенін бір-ақ білдім [7, 68].
Лирикалық кейіпкердің жан айқайын ақын дҿп басып, дҽл кҿрсете білген. Алдамшы
сезім жетегінде кеткен ҽйел үні ақын жүрегінен сүзіліп шыққан. Бұл – кейіпкер пішініндегі
ақын сҿзі. Сонымен бірге лирикалық кейіпкердің ішкі рухани дүниесі лирик ақынның
дүниетанымын да байқатады. Кейіпкер психологиясын танымдық тұрғыдан тану ҿлең ҿрімін
табиғи тұтастықта талдауда шеберліктің шынайылық сипатына саяды. Бірсыдырғы
мазмұндау, қарадүрсін, қарабайыр жүйелеу жыр ҽлемінің жүйесін жасытып, жемісін желілей
алмайды. Нағыз психологиялық ҿлең – шын ақынның ҿмірден кҿрген-түйіндерінен туған
терең толғаныс, ҽсерлер.
Фариза Оңғарсынованың ҿзі туралы монологының тағы бірі мынадай:
Жұрт мені қатал дейді,
Найзағайдай мінезі шатырлаған,
Біреулері айтады ақыл маған:
Ҿркҿкірек, тҽкаппар, менменсіген...
Ұнатпайды дҽл мұндай ақынды адам,
(Одан сайын мен шіркін қатуланам).
Біреулер қиялдайды,
Мұндай адам ешкімді сүйе алмайды,
Ҿтірік ҿлең жазады талықсыған,
Қайдан ғана бал сезім таныс бұған?
(Түсініксіз қалпыммен байғұстарды,
Ойларымен ҿздерін алыстырам) [4, 165].
Лирикадағы монолог – ақынның шынайы да мҿлдір жаны, ішкі тынысы, ішкі демінің
дірілі. Фариза ақынның кейіпкер психологиясын дҽл ашуы бозбала атынан үн қатуы «Мен
ҿмірді сен деуші ем» (бозбаланың күнделігінен) циклді лирикасынан аңғарылады:
Асықтым ҽр таңға мен,
Жүзіңді кҿрем бе деп.
Бұл қайғым тарқар демен,
Ҿмірде сенен бҿлек.
Тіл қатсаң жігіттерге,
Қызғандым аласұрап.
Күңкілшіл күдіктен бе –
Сенделдім дара шығып... [4, 95].
215
«Қыз сыры» аталатын лирикасында да бойжеткеннің ішкі жан-дүниесі ҽдемі ҿріледі.
Бұл айтылған лирикалық кейіпкер жанының толқындары – ақынның ҿз басынан кешірген
сезім сҽттері.
Ұлттық кҿркем ойлау – қазақ поэзиясында дамыған тҽсілдердің бірі. Фариза
поэзиясында ұлттық ойлау, ұлттық мінез кҿбіне тҿрт түлікті образға айналдыру арқылы
танылады. Ақын жырларында ең кҿп кездесетін ұлттық образ – жылқы түлігі.
Арман деген елесті қуып келем,
Алып-ұшқан жастықтың тұлпарымен… [8, 30]
.
Адам кҿңілін жылқының ең асыл тұқымды түріне, дүлдүліне, жүйрігіне балау – қазақ
поэзиясында ҽуелден қалыптасқан дҽстүр. Алып-ұшқан, кҿтеріңкі кҿңіл-күйді бейнелейтін
осындай лирикалық туындылардың басым бҿлігінде арғымақ, тұлпар образдары ілесіп
жүреді.
Ҿзімді-ҿзім қайраумен, тістенумен,
Қуат сорып, ұшқын ап іштегі үннен.
Табанымнан тілінген шҿңге жұлып,
Сҽйгүлік күшке мінем [9, 170], - немесе:
Сонысымен тҽтті де ҿмір деген,
тұралаған ҿмірді ҿмір демен.
Құлазисың, құлайсың, тағы тұрып,
Тағы ілгері желеді кҿңіл-дҿнен [3, 253], -
деп бірде кҿңіл күйін сҽйгүлікке баласа, біресе дҿненге телиді. Сҽйгүлік күшке міну, желген
кҿңіл-дҿнен – оптимистік сарындағы бейне. Бұл жердегі сҽйгүлік те, дҿнен де – ақынның
ұшқыр қиялы, оттай ыстық сезімінің кҿрінісі.
Құпиясы мол ақын жанының күрделілігі мына бір жолдардан да байқалады:
Менде бір толғаныс бар,
(Кейде ҿзім де түсінбеймін),
Дауыл күнгі дарияның күшіндей бір.
Сонау біздің қырдағы тұяқ тілген,
Бҽйге алаңы сияқты дүсірлеймін [8, 31].
Қырдағы дүсірлеген бҽйге алаңы – ақын басындағы ҽрқилы кҿңіл-күйлер,
психологиялық драматизм, сезім-қиял шиеленісуі мен шарықтауы. Қандай да болмасын
күрделі ой мен сезім күйлерін осылайша қарапайым, кҿзге елестетерліктей бейнелі жеткізе
білу – Фариза ақын қаламына тҽн қасиет.
Жыл сайын, ауыл, сендегі,
Қымбаттарыма оралам.
Сақталған кҿңіл- теңдегі,
Сырды ақтаруға оралам [3, 76].
Тең – ұлттық ҿмірімізде ата-бабаларымыздың кҿшпелі ҿмірінен қалған мұра, кҿлікке
арту үшін буып-түйген жүк болса, ақынның кҿңілді теңге балауы, жүрекке артатын сыр толы
«теңі» – ұтқырлықпен бірге ақын жан-дүниесінің байлығы, қымбат қазынасы.
«Жайлауға келгенде» деген ҿлеңде жайлауға сағынышпен келген, бірақ ауылда туып,
қалада ҿскен, қала сҽнімен киінген ақынның жан дүниесі жайлаудай шалқи жҿнеледі:
Жоқ, менің жаным – қазақтың жаны кіршіксіз,
Бал қымыз қайда – ҽкелші, қалдық күнсіп біз.
Келдім ғой мұнда (қарама, жеңге,аңырып)
Тезекке піскен таба нан иісін сағынып...
Домбыра бар ма? Берейін ҽсем ҽн салып,
Қазақтың ҽнін тыңдайсыңдар ғой тамсанып...
«Қалада ҿстім, бҽрі ерсі мұнда», - демейін,
Қол тимей жатса, сиыр да сауып берейін... [2, 220].
216
Нағыз ұлттық психология. Ауылын аңсап келген, қалада жүргенде жүрегі «ауылым»
деп соғатын ҽрбір қазақтың жүрек түкпіріндегі алып-ұшқан сезімді дҿп басып кҿрсеткен.
Сҽні қалалық болғанмен, жаны далалық ақынның шынайы толғанысы бұл ҿлеңде ҽдемі
ҿрілген. Атамекенге сағынып жеткенде ақын жаны ҽсем күймен күмбірлеп кеткендей күй
кешеді:
Сағынып жеткен шағыңда,
Жаз жайлау – атамекенге.
Дала боп дарқан жаның да,
Жадырап қалады екен де...
Ҽн-күйің қымбат мұнда аса,
Күтпейді сізден сый бҿтен,
(домбыра тҿрде тұрмаса.
Қазақтың үйі үй ме екен!) [8, 18]
Ақын ҿзінің бейнесі, ойы, сезімі арқылы бұл шумақтардан халқының ұлттық мінезін
танытады. Ҽр тармақты сипаттап жатудың ҿзі артық. Қарапайым жолдарға мол сыр ұялатып,
оқырманын ғажайып сезім ҽлеміне жетелей жҿнелтетін Ф.Оңғарсынованың лирикасындағы
ұлттық бояу мына ҿлеңдерден де танылады: «Жаулықтар», «Түс», «Жайлау. Той»,
«Жерошақ», «Боздақ», «Ертегі елестері», «Туған ауыл», «Киіз үй», «Оюлар», «Ер-тұрман»,
«Айналайын ауылдың адамдары-ай!», «Тілеу», «Қазақтың дҽстүрлері», «Қырдағы бҽйге»,
«Жайлау таңы», «Қыз қуу», «Тағдыр», «Қыр қазағының қартайғандағы сҿзі», «Арғымақтары
қайда екен бұл даланың», «Жаралған деп жат үшін», «Ауыл қызы» жҽне т.б.
Жақсы болып кҿріну – мақсат емес,
ар аттамау – мен үшін басты мұра [8, 254], –
деп ақын ҿзі жазғандай жан сұлулығы, шынайылық, арлылық – ақынның ҿмірде ұстанған
басты мақсаты. Бұл мақсат – күллі оқырманына ҿсиет.
Фариза Оңғарсынованың терең сырлы поэзиясы ҽлі талай іргелі зерттеулерге құнды
дүние болары сҿзсіз.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1
Айбергенов Т. Таңдамалы ҿлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1997. – 256 б.
2
Оңғарсынова Ф. Он томдық шығармалар жинағы. – Астана, 2004. – Т.1. – 324 б.
3
Оңғарсынова Ф. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1978. –Т.
1.
4
Оңғарсынова Ф. Ғашық сезім. Лирика. – Астана: Фолиант, 2013. – 224 б.
5
Дүйсенов М. Қазақ лирикасындағы тақырып пен кҿркемдік шешім // Кітапта: Жанр
сипаты. – Алматы: Ғылым, 1971.
6
Минералов Ю.И. Поэтика индивидуального стиля. Автореферат диссертации на
соискание ученой степени доктора филологических наук. – Москва, 1986.
7
Оңғарсынова Ф. Мен саған ғашық емес ем. – Алматы: Білім, 1999.
8
Оңғарсынова Ф. Он томдық шығармалар жинағы. – Астана, 2004. – Т.2. – 328 б.
9
Оңғарсынова Ф. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1978. –Т.
2.
10
Оңғарсынова Ф. Қыз-ғұмыр. – Алматы: Шартарап, 1996.
В этой статье анализируется психологизм поэзии известной поэтессы Фаризы
Онгарсыновой, раскрывается красота и идейный смысл ее лирических произведений. Ее
поэзия - неповторимый шедевр. Глубокие тайны души акына становятся понятными через
его лирическую песню. В его лирике особое место занимает образ лирического «я». В своих
творениях Онгарсынова создает предпосылки для развития прямого и скрытого
психологизма. Через внутренний монолог целиком раскрываются художественные
особенности ее поэзии.
Н
ациональные мысли поэтессы подтверждаются конкретными
217
примерами из ее поэзии. Через свой образ, мысли, чувства она создает в своих произведениях
национальный характер народа.
This article analyzes the poetry psychology of known poetess Fariza Ongarsynova, reveals
the beauty and meaning of her ideological lyrical works. Her poetry is a unique masterpiece.
Deepest secrets of akyn’s soul become clear through her lyrical song. The image of the lyric "I"
occupies a special place in her lyrics . Ongarsynova creates prerequisites for the development of
direct and hidden psychology in the works. Through inner monologue reveals the entire artistic
features of her poetry. National thoughts of poetess are confirmed by specific examples from her
poetry. In her works she creates the national character of the people through her image, thoughts
and feelings.
ОҼК:82-1/-9
Г.Ж. Мауленова
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Астана, Қазақстан
Е. БУКЕТОВТІҢ «ЖАС ҚАНЫШ» ХИКАЯТЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН
КӚРКЕМДЕГІШ ҚҦРАЛДАР МЕН АМАЛ-ТӘСІЛДЕР
Мақалада Е. Букетовтің «Жас Қаныш» хикаятында кӛркемдегіш құралдар мен амал-
тәсілдердің қолданылуы туралы айтылады. Сондай-ақ, хикаяттың стильдік ерекшелігі,
шығармада қазақ халқының салт-дәстүрлерінің суреттелу ерекшеліктеріне назар
аударылады.
Тірек сӛздер: қазақ халқының салт-дәстүрлері, кӛркемдегіш құралдар, амал-тәсілдер,
жанрлық ерекшелік, мақал-мәтелдер т.б.
Кҿркем туынды ретінде тарихи оқиғалар мен қоғам қайраткерлерінің ҿмірінен дерек
бере отырып, белгілі бір дҽуір шындығын айқындауда үлкен рҿл атқаратын ғұмырнамалық
шығармалар.
Қазақ ҽдебиетінде ғұмырнамалық туындылар жанр ретінде ҿз даму жолында
айтарлықтай жетістікке жеткені талассыз. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ прозасының
қалыптасып, дамыған кезінен бастап-ақ біртуар тарихи тұлғалардың ҿмірінен дерек беретін
ғұмырнамалық шығармалар да ҿркендеп, қанат жая бастады. Олардың алғашқылары С.
Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С. Мұқановтың «Ҿмір мектебі», Ғ. Мұстафиннің
«Кҿз кҿрген» тағы басқа шығармалар. Алайда қазақ ҽдебиетінде деректі туындылар осы ХХ
ғасырда туып қалыптасты десек ағаттық жасаған болар едік. Себебі, ХІХ ғасырда ҿмір сүріп,
артына мол мұра қалдырып кеткен қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уҽлихановтың құнды
еңбектері - мемуарлық үлгідегі естелік (күнделік) туындылары бұған дейін қазақ ҽдебиетінде
нақты дерек кҿзі ретінде қаралатын еңбектер болғанының айғағы. Сонымен қатар, қазақ
энциклопедиясында: «М. Дулатовтың ХХ ғасыр басындағы ғұмырнамалық мақалалары, М.
Ҽуезовтің Абай, А. Жұбановтың Құрманғазы мен шығармалары туралы жазған кітаптары
қазақ ҽдебиетіндегі ғұмырнамалық жанрының кемелденуіне ықпал етті» деген пікір де
жоғарыдағы ойымызға дҽлел бола алады.
Қаламгер Е. Букетовтің «Жас Қаныш» деректі хикаяты – белгілі тұлға Қаныш
Сҽтбаевтың балалық, жастық кезеңдерін қамтитын шығарма. Хикаяттың алғашқы
тарауынан-ақ қазақ халқының салт-дҽстүрі мен ҽдет-ғұрпы мол кҿрініс береді. «Аттың жалы,
түйенің қомында» деп аталатын алғашқы тараудың ҿзі-ақ таза қазақы болмыс пен
дүниетанымынан хабардар етеді.
218
Қаныштың ҿмірге келуі, ат қойылуы былайша суреттеледі: «Доңыз жылында, яки,
жаңа есеппен 1899 жылдың наурыз айында, яки марттың 31 жұлдызында, жаратқан ием
Имантай деген пендесіне ұл береді. Нҽрестенің есімін Ғабдұл-Ғани қойдық. Құдай-тағалам
бергеннен жазбасын. Аллахуакбар. Ҽмин!». Имантай ақсақал бұл сҿздерді жай қағазға емес,
құран кітабы мұқабасының астар бетіне жазып қойғанында мҽн бар: ол кезде бір жерге
түртіп қою қалыпта жоқ, ҽрі киелі кітапқа жазылған сҿз сол киелі кітаппен бірге сақталып,
бірге жасамақ. Жарықтық ҽулие кісі екен, Имекеңнің сол ықтияттығының арқасында біз
болашақ ұлы ғалымның нақ қай күні туғанын нақтылы біліп отырмыз [1, 3].
Халқымыздың тұрмыс –тіршілігіндегі кҿптеген құбылыстар олардың санасында
сіңісті болып, күнделікті ҿмірінде қолданыс тапты. Жас сҽби ҿмірге келгеннен бастап, оған
есім беру, осыған қатысты түрлі ырым-дҽстүрлерді орындау қажет болған. «Жас Қаныш»
еңбегінде халықтың осы дҽстүрі егжей-тегжейлі баяндалады.
Қаламгер Е. Букетовтің балаға ат қоюдың мҽнісін негізді түрде түсіндіріп: «қазақ балаға
ат қоюда ешқашан немқұрайды қарамаған. Керісінше, бұл рҽсімге ерте дайындалған, той-
томалақ жасалып, ат қойған адамға сый кҿрсетілген. Ҽдетте, мұның бҽрін молда атқарған,
араб есімдері қойылған» деп бұл рҽсімнің мҽнін ұғындырады.
Тарихи тұлғаларды, оларды тарихи-ҽлеуметтік оқиғаларға, ҿз ортасындағы,
айналасындағы сан алуан құбылыстармен тығыз байланыста ала отырып, олардың рухани
жан дүниесінің ҿсіп жетілуі мен жеке кҿзқарасының қалыптасуын, қоғамдағы ҿз орнын тұлға
ретінде иеленуін кҿрсете отырып, айдарлы азаматтардың ҿмірін, тағдырын бейнелеу арқылы
белгілі бір дҽуірдің, белгілі бір кезеңнің шындығын таныту ғұмырнамалық шығарманың
басты ерекшелігі. Бұл туралы зерттеуші С.Розанова: «Тарихи-ҽдеби жҽне ҿмірбаяндық
мҽліметтерге жанама құжат ретінде қызмет атқарған естеліктер, енді сҿз ҿнерінің дербес
жанры ретінде, жеке тұлғаны танып-білуде ҽдебиеттің ҿзіне ықпал ете бастады» , - деген
пікір айтады [2, 249].
Е. Букетов ҿз шығармасында қазақ халқының түрлі табиғат құбылыстарына
байланысты ырымдар жасауы, жас баланы назарланудан, тіл-кҿзден қорғаштай білу сияқты
наным-сенімдері де орын алған. Мұндай ерекшелік хикаятта Қаныш ҿзен бойында ғажайып
оқиғаға тап болуы тұсында байқалады. Жас баланың адам бойындай балықты олжалауы,
«Қуанышы қойнына сыймай тұрған Нұрым ҽже: «Бұл жақсы ырым болды - жарығымның
ҽмісе жолы болады екен!» [1, 78] деп жақсылыққа жорып, ырымдауы осынау қыр қазағының
кҿреген, даналығын айқындайды.
Шығарманың ҽр тұсынан қазақ халқы ардақ тұтатын Абай Құнанбайұлы,
Сұлтанмахмұт Торайғыров жҽне Шоқан Уҽлиханов сынды тарихи тұлғаларды кездестіріп
отырамыз. Бұл алып тұлғалар ҿздеріне тҽн қадір-қасиетімен халқымыздың кҿкейінен орын
алған бейнелері қандай болса, Е. Букетов шығармасынан да дҽл сол қалпында, сондай
кейіпте кҿрініп жатады. Мҽселен, С. Торайғыров ҿткір тілді ақын ретінде кҿрінсе, кҿшпелі
қазаққа ғана емес, мҽдениеті озық орыс халқы мойындаған жас саяхатшы ғалым
Ш.Уҽлиханов құйрықты жұлдыздай жарқ ете түседі.
Деректі шығарманың «Бір ғылым болып іңкҽрі» атты тарауында болашақ академиктің
жас шағында-ақ адамдық, азаматтық жҽне қайраткерлік сипатын ашуда қаламгер шеберлік
танытқан. Қаныштың молдаға барған күнінен бастап білім алу жолындағы қадамдары сҿз
етіледі. Шорман ауылындағы мектепке баруы, одан соң Семейдегі орыс мектебін тҽмамдауы
тізбектеліп айтылады.
Повестегі басты мақсат жас Қаныштың ҿмірін ашып кҿрсету болғандықтан, үлкен,
келелі оқиғалар жоққа тҽн. Мҽселен, Қаныш Имантайұлының жастық шағы «1916 жылғы
прием», 1917 жылғы Қазан тҿңкерісі, одан кейінгі азаматтық соғыс жылдарымен тұспа-тұс
келді. Бірақ шығармада мұндай ірі оқиғаларды тҽптіштеп суреттемейді, баяндау желісімен
айтып ҿтеді. Сондай-ақ, ел бағына туған азаматтың туған ҿлкесі, қанаттанған ортасы жҽне
қазақ халқының ҿмірін, салтын еркін сарынмен баяндау кҿрініс береді. Ал Қаныш
Имантайұлының туған сҽтінен бастап, жастық шағы жҽне ересек болған кезеңіне дейінгі
219
уақытты, сонымен қатар академик ҿмір сүрген сол кездегі дҽуір шындықтарын шағын
повеске сыйдырып жіберу Букетовтің стиліне тҽн тағы бір ерекшелік екенін айта кеткен жҿн.
Ҽдебиеттану терминдерінің сҿздігінде: «Диалог, сҿйлестіру (грекше – dialogos) – ҽдеби
шығармада екі кейіпкердің немесе бірнеше адамның сҿйлесуі, оларды сҿйлестіру тҽсілі» деп
анықтама берілген. Кҿркем шығармаларда шынайы образдар ашылуы үшін ҿмір
құбылыстары мен оқиғаларын терең, тартымды тілмен жеткізу диалог арқылы жүзеге асады.
Кҿркем шығармадағы диалогта кейіпкерлерді жай бір-бірімен сҿйлету арқылы емес,
керісінше,
адамдардың
қарым-қатынасы,
мінез-құлқы,
эмоциясы,
психологиясы,
шығарманың сюжеттік-композициялық жүйесінде диалогтың атқаратын рҿлі зор.
Ҽдебиеттанушы ғалым Л.Боровой кҿркем шығармадағы диалогтың қызметіне: «...адам
қалайша бұлтарыс жасайтыны немесе тасаланып бағатыны, нені түгел айтып, нені бүгіп
отыратыны, оның ұғымынша қандай нҽрсені атамаса да түсінікті екені, сҿйлеу жүзінде ол
қандай мүмкіндіктер байқататыны аңғарылады» деген.
Диалог пен монолог – ҽдебиеттанудағы тірек түсініктер. Сонымен бірге ол ҿнертануда,
философияда, мҽдениеттануда кең қолданылады. Диалог – бұл адамның тікелей қарым-
қатынас жасауында жүзеге асатын ауызша сҿз. Ол қысқа, үзік болып келеді. Кейде диалогқа
бірнеше адам да қатысып, ҽңгіменің аясы кеңіп жатады. Диалогты да, монологты да ҿзара
мҽнді қасиеттер біріктіреді. Екі сҿз бірлігі деавторлықты (ұжымдық, жеке) білдіреді.
Монолог пен диалогтың ҽр түрлі формасы кҿркем ҽдебиетте қолданылады. Ақын А.Белый:
«Проза мен поэзия автор сҿзін берудегі дауыс ырғағын естімесе, нашар болғаны», - дейді.
Кейіпкерлерді бір-бірімен сҿйлестіру, ойландыру тұстары стильдік амалдардың ең кҿп
қолданылатын түрі. Кез келген жазушы диалогты орынды пайдалана білгенде ғана
кейіпкердің мінез-құлқын толық аша алады. Ҽсіресе, кҿркем шығармада кейіпкердің ауызекі
сҿйлеу тіліне тҽн сҿздермен, ретіне қарай кҿбіне қысқа, шағын сҿйлемдермен диалог берілсе,
бұл жазушының тіл ҿрнегінің бір қыры.
Е. Букетовтің «Жас Қаныш» деректі хикаятында диалог құру шеберлігі байқалады.
Имантай ақсақалдың ізетті баласының жолаушымен кездесуіндегі кҿргенділігі мен
естиярлығын таныту үшін жақсы диалог келтірілген:
- Сізді жақсы білемін ғой. Ҽкем сіз жайында ылғи айтып отырады. Сіздің арғы атаңыз
менің арғы атаммен қол бастап қалмақты бірге шапқан дейді. Сіздің ҽжеңіз, естуімше,
сондағы тұтқын қыздардың бірі болса керек...
- Ҽй, қарағым-ай, ҽкең оны да қалдырмай айтқан екен-ау, сен де құлағыңа құйып ала
қойыпсың, енді келіп менің түбімнің қалмақ екенін мегзеп тұрғаның мынау. Мен де қарап
қалмай сенің арғы түбіңді қазбалар-ақ едім. Ҽттең, ҽкең жақсы кісі, қайтейін...
- Кешіре гҿріңіз, ағатай, ҽншейін сҿздің реті келіп қалған соң... ҽрі арғы атамның батыр
болғанын айтқым кеп... – деп бала қызарыңқырап қалды. Бұл диалогтан қандай-қандай
замандар ҿткенін, Имантайдың кенжесінің болғалы тұрғанын ұққан шал кҿргенді баланың
қылықтары мен сҿздеріне іштей сүйсінгенін байқаймыз. Бұл жерде Қаныштың «мірдің
оғындай» тілінен, жаны таза баланың адалдығы мен шындықты бетке айтатын қайсар мінезін
байқаймыз. Жазушы тағы бір тұста Қаныштың бала күнінде-ақ оза туғанын, тең құрбысының
алды болып келе жатқанын мына диалог арқылы байқауға болады.
- Имеке, мына бала, шамасы, кенжең болар? – деп сұрайды қонақ.
- Иҽ, құдайға шүкір, кенжеміз осы, - дейді ҽкесі мақтаныш сезімін жасыра алмай.
- Алла тағалам жүрімін берсін, болғалы тұрған бала кҿрінеді.
Ҽке үшін бұдан артық не керек. Бала қонақтың да кҿңілінен шығыпты, тек тіл-кҿзден
сақтасын деңіз. Сонда да Имантай ақсақал ішкі сезімін сыртқа шығармай, жайбарақат қана:
- Қайдан білейін, ҽйтсе де осылардан бір кҿшелі кісі шығады дегенге сене бермеймін,
ендігінің адамдары тым ұсақтап барады ғой. Біздей болмақ қайда бұларға... – деп қана
қояды» [1, 85]. Қонақтың сҿзі ҽкесінің құлағына жағып бара жатса да Имантай ақсақал
айтқаны құдайдың құлағына жетсін деп тілеп, баласының ауыл-аймаққа сүйкімді, кҿргенді
бала болып ҿсіп келе жатқанын іштей мақтан тұтатыны тағы бар-ды. Немесе:
220
Е.Букетовтің «Жас Қанышында» кҿрсетілгендей, Қаныш алғаш молда алдына барғанда
«Иманшартты» жатқа үйреткен молдамен арасында болған диалог ҿте тартымды, жазушы
жас баланың зеректігін сұрақ-жауап ретінде ұтымды бере білген [1, 145].
Басты кейіпкердің жас кезінен бастап шығарма соңындағы ересек Қаныштың кескін-
келбетін суреттеуде де қаламгердің жетістігін кҿреміз. Мұнда автор түрлі диалогтар мен
еркін баяндау тҽсілін орынды қолданған.
- Қаныш, - деді молда қатқыл үнмен. Бала оң қолының алақанын кҿкірегіне басып,
ілтипатпен басын иеді. - Сен мұсылмансың ба?
- Ҽлхамдилла, мұсылманмын.
- Мұсылман екеніңе шҽгім бар.
- Шҽгіңізге шҽхитім бар.
- Қандай шҽхитің?
- Құдай біреу, Мұхаммед оның елшісі.
- Қай кезден мұсылмансың?
- Ҽлмисақтан.
- Ҽлмисақтың мҽнісі не?
- Адам жаратылғаннан бері.
- Иман деген не?
- Иман дегеніміз Алланың бірлігіне, Мұхаммедтің ҽулиелігіне күмҽнсіз шын
берілгендік.
- Кімнің құлысың?
- Бір Алланың құлымын. [1, 67]
Қаныштың жастайынан дін қағидаларына сауатты, иманшартты жаттап ҿскен
сұңғылалығы кҿрінеді. Тіпті Жұмаш досына араб ҽліппесінің ҽріптерін үйретудегі
шеберлігін жеткізуде керемет шеберлік танытқан: «Ҽрі ҿзінің миы жаңа нҽрселерді бұған
дейін кҿрген-білген, оқыған жайларымен салғастыру арқылы қабылдайтын, жаңаның мҽні
мен мазмұнын оңай түсінетін жҽне түсінгені мен түйсінгенін мҽнерлеп, бейнелі түрде айтып
бере алатын сирек қасиетке ие екенін де... Ол жҽне ҿзінің балаң пайымында қалыптасқан
қарабайыр бейнелерді Жұмаш досына кҿрсете тұрып, соның ҿзімен-ақ Нығметолла молдадан
бір бҽс жоғарылап кеткенін білген де жоқ». Осы мінездемеден Қаныштың ерекше зерек,
ақылды, ғылымды қабылдап, меңгерудегі қабілетінің жоғары екендігін еш қиындықсыз
таныта алады.
Қаныш бала күнінен-ақ неге? Қалайша? деген сұрақтармен ересектердің басын
қатырып, солардай еңсесін кҿтеріп, байсалды ҽңгіме айтатын да дҽреже жетіп қалған
шағында ҽкесіне қойған мына сауалдарының мҽні ерекше. Осы диалог арқылы жазушы жас
Қаныш пен ҽке арасындағы қарым-қатынасының ерекше екендігін танытады.
-Ҽке, - деді ол жақында, екеуі оңаша қалғанда, - біздің дінімізді құдай оңынан жаратқан
ақиқат дін, сондықтан біз барлық істі оңынан бастауымыз керек дейсіз. Не алсақ та оң
қолмен аламыз, шалбарды да оң аяқтан киеміз, қасиетті кітаптар да оңынан ашылады. Бірақ
та атқа сол жағынан мінетініміз қалай?
- Сол ыңғайлы ғой балам, - деді сасып қалған Имантай.
- Егер оң жағынан мініп дағдылансақ, ол да ыңғайлы болар ма еді?
- Иҽ, солай болуы да мүмкін.
- Онда істің бҽрін оңынан бастау міндетті емес болғаны ғой?
- Солай, балам!
- Алла тағала ренжімей ме?
- Ренжімейтін болар.
Сҿзді Қаныш бастап, ҿзінің алғысы келген жауабын алған болды да шықты» [3, 80].
Осындай ҿзара ҽңгімелерден кейін Имантай ақсақал шын мҽнінде ақылдан ақсайтын
бҽтуасыз жандай сезінеді.
221
Жазушы бұл диалог арқылы Жас Қаныштың мінезіндегі байқағыштық ерекшелікті ғана
алып, сол арқылы белгілі ситуацияны, ҽрі кейіпкерлердің сырт пішіндері мен психологиялық
сҽттерін де ерекше жағдайда бейнелейді.
Қаныш бала күнгі досы кҿшекпен кездескендегі диалогы ҿте қызықты жҽне
құрдастардың ҿзара ҽзіліне құрылған.
- Қақпаға кіріп келе жатқан теке сақал кім десем, сен екенсің ғой, Кҿшек! Кеше жұмыс
қауырт болып еді, жолдастарым ҽлі ұйықтап жатыр. Самауырынның қайнап тұрғаны мынау.
Екеуміз шай ішеміз, - деп Қаныш арқа-жарқа.
- Мен жаңа ғана ішіп ем. Рахмет, Қаныш.
- Рахметіңді кейін айтарсың. Бұрынғылар: ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама
демеп пе еді. Жеңгеміз тҽуір адам еді, тастап кетіп жүрер. Айтпақшы балаларың нешеу?
- Аллаға шүкір екі жаманымыз бар.
- Аз екен. Жаңа ҿмір басталып жатқаны мынау, оған кҿп-кҿп жігіттер керек. ...
Жазушы Е.Букетов «Жас Қаныш» деректі хикаятында академик Қаныш Сҽтбаевтың
небір қимас естеліктері Шҿптікҿлмен байланысты болғанын, кішкентай Қаныштың ҿкініш,
сҽтсіздік, уайым атаулының бҽрі осы жайлаудың алуан түрмен жайнаған қызықтарының
арасында қалып қойғандай суреттейді.
«Иҽ, шіркін, Шҿптікҿл... Бұл жерге үйлер мықтап тігіледі, ауылдар ұзақ отырады.
Сҽтбай ауылдары бір жарым ай бойы осы Шҿптікҿл басында болады. Мұндағы жайлауға
табиғаттың ҿзі сондай жағдай жасаған сияқты: кҿлден ҽрірек жарты шақырымдай жерден
жұрт аузында Нияздың тауы деп ҽспеттеліп кеткен жатаған шоқылар басталады, ал шоқы-
шоқының арасында ҽредік ҿскен қайың мен теректің кҿлеңкесіндегі тұтасқан жасыл шалғын
ең бір қуаңшылық жылдардың ҿзінде жігін ашпайды» (7,33). Жазушы адам мен табиғатты
бетпе-бет ала отырып, қарапайым адамдардың тіршілігіндегі табиғаттың орны мен жайма
шуақ қазақ тіршілігін қатар суреттейді.
Шығармада кҿп болмаса да, кей тұстарда керемет табиғат кҿріністері – пейзаж
байқалып қалады. «Пейзаж – ҽдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың ҽсем
кҿрінісі, кҿркем бейнесі. Жазушы ҽдеби шығармада кҿркем ойлардың ажары ретінде, жаны
есебінде, образдың – метафора жүйесінің арқауы сипатында табиғат келбетін ұсталықпен
пайдаланады».
Пейзажды біз, ҽдетте, кҿркем шығармада суреттелген табиғат кҿріністері дейміз. Рас,
пейзаж – табиғат. Бірақ бұл жеткіліксіз. Нағыз пейзаж – бұл табиғат! Бұл характер, бұл адам.
Неге? Неге десеңіз, адамның тағдырынан, сезімінен, кҿңіл күйінен тыс табиғат суреті –
пейзаж емес. Пейзаж жазушының стилін де белгілейді. Ал, стиль – адам!» – дейді академик
З. Қабдолов [4, 147]. Е. Букетов шығармаларында түрлі тірлік дүниесі табиғатпен үндесіп,
жанды адамдармен байланыстырыла суреттеледі.
«Қаныш жарық дүниеге рақаттана қарап жүреді де қояды. Жылуы шамалы
болғанымен, даланың біртегіс ақ кҿрпесін сиқырша құлпыртып, салқын нұрын тҿккен
жарытусыз күнге рахаттанады. Аяғына оралған екі тазының еркелігіне рахаттанады,
сонадайдан ҿзіне барлай қарап отырған Алыпсоққа рахаттанады...» - осы табиғат
кҿріністерінің барлығы да Қанышқа кҿңілдің базарындай ҽсер етеді, сауығуына септігін
тигізеді. Осы үзіндіде жансыз табиғат емес, адамның жан толқыны, жүрек лүпілі, ҿмір сүруге
деген жас адамның иірім сезімдері шебер берілген.
Стиль – грекше stylus – таза, ҽдемі сҿйлеу мағынасын білдіреді. Стиль – талант ҿлшемі.
Ҿмірдің ҽр саласында жұмыс стилі, газет стилі, ғылыми стиль, т.б. жиі қолданылады. кез
келген ҽдебиетке байланысты монографиялардың бҽрінде де стильге бір тоқталмай кетпейді.
Қазақ ҽдебиеттану ғылымында стиль туралы қомақты еңбек жазған Қ.Жұмалиев ақын-
жазушылардың кҿркем мҽнері мен шеберлігін, талантын кеңінен қарастырған. «Стиль
дегеніміз – ҽр жазушының ҿзіне тҽн шығармашылық ерекшеліктері жҽне бір жазушының
екінші жазушыдан айырмашылығы, ҿзіне ғана тҽн сипатын аңғартатын жиынтық болса
керек. Стиль жазушының барлық шығармасын қамтып, олардың бір-біріне жақындығы мен
бірлігін зерттейтін сала» - дейді академик З. Қабдолов [4, 152]. Қазақ ҽдебиеттану
222
ғылымында да стильдік ізденістер туралы мол пікір, ізденістер айтылған. Стильдің не екенін,
оның ерекшелігін М. Ҽуезов былай түсіндіреді: «Ҽдебиеттік ұлттық түр мҽселесінің бір
іргелі үлкен мҽні – стильде. Теңеу тілі, ҽр алуан кҿркемдік шеберлікпен келетін сҿз кестесі
түгел құрала келіп жазу стилін қалыптастырады. Ҽдебиеттің ұлттық ерекшеліктері жайын
алғанда, тіл – бұл стильдің ҿзі емес, құралы, қоры ғана. Екінші бір үлкен стиль – сҿздік,
ақындық теңеу кесте мағынасынан басқа екінші мағынаны жеке тудырады. Ол – ұлттық
мінез, бейне жасаудың стилі. Міне, ұлттық түрдің жайына ауысқанда осындай ірі белгілер
тілден гҿрі артығырақ орны бар, ҿзгеше сипат болатын жайлар бар».
Кҿркем шығарма стилі ұғымына жазушының тілі, сҿйлем құрауы, мҽнері,
шығарманың композициясы, оқиға дамыту үрдістері, тақырып таңдау, жанрлық ерекшелік
т.б. компоненттері кіреді. Шығармадағы орталық мҽселе идеялық мазмұнға келіп тіреледі.
Идеялық мазмұн түр болғанда, түрдің мазмұнға сҽйкес болған кезінде ғана ҿз орнын тауып,
түр мен мазмұн бірлігі туады. Жазушы кҿкейінде туған идеяны қалай жеткізу, оқырман сана-
сезіміне ҽсер ету жолдары, кҿздеген мақсатты орындаудағы жазушының шеберлік ҽдістері,
ҿзіне ғана тҽн шығармашылық ерекшеліктері арқылы жүзеге асады. Жазушының ҿзіндік ойы,
ҿмірге кҿзқарасы, айналада болып жатқан құбылыс пен оқиғаларға берген бағасы, оны сезіп-
түюінен келіп ҿзіндік стильдік ерекшелігі туады.
Стиль туралы М. Қаратаев: «Стиль – атаулы құбылыс, бір заматта қалыптаспайды жҽне
бір қалыпта қатып-семіп қалмайды, ол бірте-бірте даму процесінде жетілетін құбылыс.
Осылай деп білсек, қазақ ҽдебиетінде стиль дамуының тарихын танытатынын кҿреміз. Стиль
талантты да, тҽжірибелі жазушының табысы десек, дара стиль мен стильдік ағымдардың
кҿбеюі – кемелденген кҿп жанрлы ҽдебиеттің табысы» [5, 79]. Қазақ ҽдебиетінің ҿсіп-
ҿркендеу жолына кҿңіл бҿлсек те, жеке жазушылар шығармаларына зер салсақ та, кҿңіл
аударатын ортақ жайт – бір жазушының бірнеше шығармаларында қайталанып отыратын,
басқаларға ұқсамайтын ҿзіне ғана тҽн ерекшелік байқалады. Демек бұл – жазушының стилін
танудағы шешуші жағдай.
Белгілі бір қаламгердің шығармаларындағы тілдік құбылыстарды қарастырудың
негізгі бір саласы оның стильдік ерекшеліктерін тану мҽселесімен байланысты. Алдымен,
белгілі бір туындының стильдік арналарын кҿрсету сол автордың тілдік компоненттерді
қолдану мүмкіндіктерін саралауға жол ашса, екіншіден, стильді қарастыру тілдік тұрғыдан
алғанда, кешенді зерттеу болып табылады.
Е.Букетов шығармаларын оқып отырғанда мынадай ерекшеліктер айрықша кҿзге түседі.
Оның ең біріншісі – сҿйлемдердің ҿте қысқа, нақты келіп отыруы. Мысалы «Ҽкесі бес уақыт
намазын қаза қылып кҿрмеген», «Түске дейін бидай себіліп болды», «Иҽ, шіркін,
Шҿптікҿл...», «Сол жылы қыс суық, қар жұқа болды», «Ақсақал бүгін терең ой құшағында»,
т.б. осындай нақты айтылған қарапайым сҿйлемдер жазушы шығармаларында жиі кездесіп
отырады.
Шығарма кҿркемдігін арттыру үшін қаламгер түрлі кҿркемдегіш тҽсілдерді: ―Ҿлгенде
кҿрген бір қуаныш‖, ―мойын ұсыну‖, ―қысыр жыл‖, ―үні шықпас‖, ―жел соқпаса шҿптің басы
қимылдамайды‖, ―сағы сыну‖, ―арқасын кеңге салу‖, ―қайыршының қанағатындай‖, ―арамтер
болу‖, ―кҿкірегі қарс айрылу‖, ―досқа күлкі, дұшпанға таба болу‖, ―ит ҿлген жер‖ секілді
тұрақты тіркестерді ұтымды қолданған.
Добалдай, жуас ақ мысықтың ҽуестігі ҿзінің сорына шықты – бір аяғының шеңгелін
мысыққа салып, екінші аяғымен керегеге жабысқан ителгі мысық бейшараны ҿзіне қарай
тартып, енді болмаса темірдей тұмсығын іске қосқалы жатыр екен. Осы сҿйлемдегі теңеулер
сырт қарағанда бір-бірінен мүлдем алшақ жатқан нҽрселер болса да жақындастыру арқылы
салыстыруға мүмкіндік туғызған. «Киізбен қымтап тастағанның ҿзінде сабадағы қымызың
ашып үлгермейтін киіз үйдегі тірліктен кейін қыстаудың ұядай жылы бҿлмелері қандай
рахат». Ұя мен үйді теңестіруден, олардан ортақ ұқсастық таба отырып шебер суреттелген.
Жазушы стиліне тҽн тағы бір ерекшелік – қазақтың бай ауыз ҽдебиетінің
материалдарын ҿз шығармаларында кеңінен пайдалануды үрдіске айналдырған. Жҽне ҿмірде
жиі айтылатын мақал-мҽтелдердің шығармада орынды пайдалануында. Мысалы, «Ҽке балаға
223
сыншы», «Жаман адам біреуден кҿрген жҽбірін ұмытпайды. Жақсы адам ҽлдебіреуге жҽбір
кҿрсеткенін есте сақтап, ҿз айыбын қалай ҿтеуді ойлай жүреді», «Кҿңілдегі кҿрікті ойдың
ауыздан шыққанда ҿңі қашады», «Сҿз тапқанға қолқа жоқ», «Адам бір боқ кҿтерген боқтың
қабы», «Кҿзбен кҿріп, қолмен ұстағандай» т.б. мақал-мҽтелдер жазушы шығармаларын
шырайландырып тұр.
Портреттің кҿркем шығармада алатын орны айрықша. Портрет ең алдымен кҿркем
туындыдағы адам болмысын, мінез-сипатын ашады. Қаламгер портрет жасау арқылы
кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен дүниетанымын сипаттауда, жеке ерекшелігі мен адамдық
сипатын ашуда шеберлік танытқан. Жазушы мейлінше қамқор, ҽділ, еңбегі адал ауыл
ақсақалы ретінде суреттелетін Имантай қартты: «Қаныш ҽлі қуаныш құшағында келеді. Дҽл
қазір ол мынадай денесі зор, бойы биік, қалқасы сенімді адамның жетпістен асқан жасы
шашын ағартып, қимылын баяулатқаны болмаса, дене бітімі мен ширақ жүрісіне қылау
түспеген, ал шешек дағы тарғылдаған қоңырқай жүзіндегі кішілеу қой кҿздері нұрын
жоғалтпаған ҽкенің соңынан келе жатқанына қуанды» деп суреттесе, «...мені білейін
десеңдер бұлтиған екі ұртыма, жайылып жатқан мұрныма емес, тынымсыз қозғалатын қап-
қара қалың қасыма, тікірейген жалпақ мұртыма жҽне, қыл аяғы, қарашығы найзадай
қадалатын қиықша кҿзіме қараңдар, сонда менің кім екенімді танисыңдар дейді» деп
Уахиттың портретін ұтымды жасаған.
Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық
құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы мінездің ҿзін жазушы ҽр
түрлі тҽсілмен жасайды. Мысалы, бірі тура мінездеу, бірі – жанама мінездеу.
Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тҽн сүйініш, күйініш, сезімдерді суреттеу, адамның
ҿз сҿзін (монолог), немесе ҿзгемен сҿйлесуін (диалог) келтіру – осылардың бҽрі жеке-жеке
тұрған, бір-біріне жеке, дара мақсатты нҽрселер емес, керісінше бірін-бірі толықтырып,
бірінен-бірі туып, жалғасып жатқан дүниелер. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де,
тұлғасын да жасай алмайды.
Қандай да кҿркем туындының сипаты оны оқу, түйсіну үстінде айқындала түседі. ―Жас
Қаныш‖ повесі ҿзінің кҿркемдік те, тағылымдық та қасиетімен ерекшеленеді.
Ҽдебиеттер
1 Букетов Е. Жас Қаныш. Қарағанды
2 Гинзбург Л.О психологической прозе. – Ленинград: Ленинградское отделение, 1971.
3 Розанова С. Издаются мемуары. Вопросы литературы. – 1976. – № 8.
4 Қабдолов З. Сҿз ҿнері. – Алматы: Қазақ университеті. 1992.
6
Қаратаев М. Стиль зерттеу принциптері // Стиль сыры. – Алматы: Жазушы,1974.
В статье рассматривается проблема использования художественных деталей и
приемов в повесте Е. Букетова «Жас Қаныш». Автор показал, что особенность повести
заключается в специфике описания традиций казахского народа.
The article is devoted to the problem of poetic detalis and devices in the E.Buketov’s work
“Zhas Kanysh”. The works stylistic peculiarity is in focusing on the specifics of describing of the
kazakh people’s traditions.
224
ҼҾЖ 82.512.122
А.Н. Мукушева
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Астана, Қазақстан Республикасы
Достарыңызбен бөлісу: |