ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАНЫМ - ТҤСІНІГІНДЕГІ ЖЫЛҚЫ МАЛЫНЫҢ
МАҢЫЗЫ МЕН РӚЛІ
Мақалада қазақ халқының таным - түсінігіндегі жылқы малының маңызы мен рӛлі
туралы жазылған. Қазақпен бірге жасасып, оның ӛмірі мен тұрмыс-тіршілігінің бір
бӛлігіне айналған жылқы малының арғы-бергі қалыптасу тарихы мен ғалымдардың пікірлері
берілген.
Тірек сӛздер: жылқы, ауыз әдебиеті, әдет-ғұрып, халық әдебиеті, миф, аңыздар,
тотемизм, мифологиялық наным, тұлпар.
Жылқы жҿніндегі таным-түсініктің де тарихы тым тереңде igmжатыр. Алматы
маңындағы Есік үйігінен табылған сақ оғланының (‖Алтын адамның―) бас киімінде ешкі
мүйізі, алтын қанатты (крылатый конь с козинным рогом) екі аттың кескіні бар, олардың
арқаларынан ‖тҿрт алтын жебе― ҿсіп шыққан [1, 67].
‖Алтын адамның― бас киіміндегі мүйізді аттың (крылатый конь с козлинным рогом)
қанаттылығы жҿнінде ҽңгіме айтпай-ақ, ‖бұл кҿрсеткіш түркі мифологиясында бар― дей
салуға болады, ҿйткені қанатты ат бейнесі қазақ ертегілік, жырлық дҽстүрінде де жеткілікті.
Ал ‖аттың ешкі мүйізділігі― мҽселесіне келсек, қазақ (түркі) фольклорынан осыған сҽйкес
мысалдарды іздеп табумен қатар жалпы аттың құбыжықтық (атқа басқа мақұлықтардың дене
мүшелерін беру) сипаты жҿніндегі мҽселені қарастыруға тура келеді.
Нақты ‖ешкі басты― (‖мүйізді― деп нақтыланбағанына қарамастан) тұлпар бейнесі
‖Қорқыт ата кітабы― циклінде сақталған: ‖Бейрек― туралы жырда қарындасы Бану – Чечекке
құда түспек болған Қорқыт атаға Қарашар (Карчар) бір ‖ешкі басты― мен бір ‖қой басты― екі
аттарды ҽкеліп бер дейді. Қорқыт осы екі атты ҽкеліп береді. Қарашар оны ҿлтірмек болып
қуғанда қорқыт ҽуелі қой басты атқа мінсе, артынша ешкі басты атқа мінеді. Міне, мұндағы
‖ешкі басты ат― пен сақ ханзадасының бас киіміндегі ‖ешкі мүйізді ат― бірдей кескінді деп
есептеуге болады.
Сақ ханзадасының баскиіміндегі аттың екеу болуы себептерін де қазақ (түрік)
фольклорының материалдары негізінде түсіндіруге болады.
Қарапайым түсінікпен берсек, бұларды аспандағы Ақбозат жҽне Кҿкбоз жұлдыздары
деп қайыра салуға болар еді, бірақ аттың кейіптену мысалы қазақ мифологиясының күрделі
екендігін кҿрсетеді.
Аңыздарға қарағанда түркі кҿк жүзінен жер жүзіне атпен түскен жартылай ат денелі бір
нҽрседен жаратылғанына сенетін еді. Тҽңірмен хабарласы атпен барып жүргізілетін-ді.
Түркі аңыздарында ат үлкен орын алады. Аңыз түрінде берілген үлкен бҿлім
дастандарда да ұшырасады.
Жылқы малының пайда болуы жайлы мифологиямен қатар адам ҿмірінде жылқыға
байланысты кҿптеген наным-сенімдер мен салт-дҽстүрлер де бар.
Ертеректе ҽйелдер қатты жаны қиналып, толғақ қысып, босана алмай жатқанда, үйдің
іргесіне ат байлап немесе аттың үстіне мінгізіп, жылқыларды үйірілген екен. Немістің
оқымыстысы Шиле ҿз еңбектерінде табыннан алынатын жылқы ұнамды, отты жанарлы ат
болатындығын жазады [2, 15].
Табыннан кҿз жанары үлкен атты ҽкеп, аурудың кеудесіне басын иіп иіскетеді. Бұнда
қара күш иесі үлкен жанарлы кҿздерден қорқып, ҿз қазасын жіберетіндігін айтады.
Қазақ бақсыларының арасында адамдарды емдеуде жылқыны қолданатындар да
болған. Ертеректе бақсылар зікір салып аруақтарын шақырған кезде киіз үйге білдірмей,
225
алдыңғы аяқтары бүгулі ақ ат кіріп, аурудың басын иіскеп, оның кеудесіне ҿз тұяғын қояды
екен. Келтірілген деректерге қорытынды жасасақ, мынадай тұжырымдарға келуге болады:
емдейтін жылқы асыл тұқымды, таза қанды жҽне ҿз ерекшелігі мен қоса бұндай істерде
жалды, қоңыр, үлкен, ҽдемі кҿзді ат болу керек деп есептеген. Емдеу барысы бірнеше
бҿлімнен тұрады. О.А.Сухарева жылқы (айғыр) ҽйелді ҽртүрлі аурулардан сақтауда, қара
күштерден қорғап, магиялық қызмет атқарады, - дейді. Сондай-ақ: ‖Жылқы жүрген жерде,
жын-шайтан болмайды―, - деп қазақ мақалында да айтылған.
Қамшы – ат үстіндегі адамның қаруы. Оған аттың тері сіңгендіктен, сол қамшыға
жындар мен неше түрлі қара күштер жақындауға қорқады екен. Сондықтан қамшыны жас
ҽйелдердің бас жағына ілетін болған. Қамшылардың ішінде ерекше магиялық күші бар сары
қайыспен ҿрілген сабы Тобылдан жасалған қамшы саналатын болған. ‖Шайтан қызыл сапты
қамшысы бар адамнан қорқады―, - деп Тувалықтар айтса, қазақтар: ‖Сарыала қамшыға
сайтан жоламайды―, - дейді. Халқымыздың түсінігінде қайыс – тазалықтың белгісі болып
есептелген.
Қазақтар жаңа туған ер баланың кесілген кіндігін шүберекке орып аттың жалына
немесе қой бастайтын қошқардың мүйізіне байлаған. Бұл баланың ата-анасына малды ҿсіріп
ҿндіре алатын адам болсын деген мағынаны білдірген. Жылқыға байланысты, ‖Үзеңгіден
ҿткізу― салты Шығыс Қазақстан, Алтай, Тарбағатай ҿңірлерінде кҿптеп кездесіп, оған аса
мҽн берілген. Бала ҿскен кезде: ‖Үзеңгіден ҿткізілген бала бақытты болады―, - деген.
Кҿшпенділер біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда атқа үзеңгісі бар ет салып жүрген. Бұдан
бұл дҽстүрден Шығыс Қазақстан регионында ертеден үзеңгінің пайда болғанын дҽлелдейді.
Ертеректегі ұғымда ‖періштенің ізі― – деген ұғым болған. Бұлай аттың ізі қалған
топырақты атап, оны бесікте жатқан бала жастығының астына салатын болған. Егер бала
шошыма болып ауырса, оны ат тұяғының ізі қалған емдік қасиеті бар топырақ қосылған суға
шомылдырған.
Қазақстанның ҽрбір регионында аттың тұяқ суреті бейнеленген тастар кездеседі.
Оларды ‖тұлпартас― деп атаған. Ҽ. Марғұлан жергілікті қазақтардың айтуы бойынша
Сарыарқадағы Бегазы тауында Манас батырдың Аққұла тұлпарының ізі бар тас бар дейді. Г.
Спасский ҿзінің 1818 жылы шыққан еңбектерінде Ертіс ҿзені бойындағы шың тастарынан
адам мен аттың іздері бейнеленген кҿшірмесін береді.
Қазақ мақалында: ‖Тұлпардың ізі бітпейді, тұяғы кетпейді―, - дейді. Бұнда тұлпардың
тұяғы – ардақты сҽйгүліктердің тұяқтары ҿте қатты болғандықтан, оның ізі ҿшірілмейді екен.
Тастағы жылқының ізіне табыну, аттың тұяғын құрметтеу емдік магияның элементі болып
табылады.
Сол секілді, аттың құйрығы, жалы қара күштер, жындар мен қауіптен қорғайды. Ата-
бабаларымыз бала бесігіне аттың жалы мен құйрығының қылын байлайтын болған. Аттың
жалының қылын жұлып алып, оны шүберекке тұмар ретінде орап, баланың мойнына таққан.
Толғақ қысқан ҽйелге аттың қылын иіскетсе, жылқының ҿзі келіп оған кҿмектеседі деп
ойлаған. Бұндай магиялық талқылаулар ауыз ҽдебиет үлгілерінен кездеседі. Мҽселен, ‖Қозы
Кҿрпеш – Баян сұлу― жырында адам даусымен сҿйлеген ат былай дейді: ‖Кекілімнен бір
қылды тұтатқанда, сонда пайда болармын ҿзіңе...―, - дейді [3, 10].
Жас балалар сенімсіз алғашқы қадамдарын жасағанда да, оның аяғын аттың қылымен
байлап, ауылдағы белді адамдардың бірі кесетін болған. Осыдан соң бала тезірек жүріп
кетеді деп ырымдаған.
Жылқыны қасиетті жануар деп танитын кейбір ел етін жемейді, ‖қаны адаммен аралас―
немесе ‖соғыс кезінде оның жалына адам қаны кҿп тҿгілген― деп ырымдаған. Кҿне
аңыздарда, ел ішіндегі қауесет болатыны, оны ақ киімді адам мініп, түнімен күзеткені, жауға,
ит-құсқа алдырмайтыны туралы да айтылады. Ал бағзы замандар жаугершілік тұсында
жылқының адамның айрылмас жансерігі болғаны ҿзінше бҿлек ҽңгіме. Жалпы, Қамбар
атаның тұқымы жер бетіне қалай тарағаны туралы ҽңгіменің ҿзі сан тарапқа алып қашады.
Десе де, тҿрт түлікке жылқыны құдіреттеген, етін ас тҿресі танып, сүтінің емдік қасиетін
226
ашқан қазақ оның алғашқы жансерігінің бірі болған дей келе, жылқыға байланысты киені
саралап берген.
Қазақ жылқыны пір тұтқандықтан, оны басынан ұрмаған, киесі ұрады деп ойлаған.
Біздің елтаңбамызда да қос пырақтың басы бейнеленуі де бекер емес;
Бақсы-балгерлер ақыл-есі ауысқан адамдарды жылқының қу басымен аластап, ауруын
қубасқа ‖кҿшіріп―, кісі баспайтын жерге кҿміп тастайтын болған. Егер оны ҿзге адам басып
кетсе, ауру сол адамға ауысып кетуі мүмкін деп ойлаған;
Жылқыда ҿт болмағандықтан, оның сүті ерекше. Адамнан бастап ҿзге тіршілік иелері
ҿтсіз ҿмір сүре алмайтыны бізге белгілі;
Жылқының сүті барлық ауруға ем. Қымызды қасиетті ас санайтын қазақтар оны жерге
тҿгуге тыйым салған. Тҿксе үйден ырыс қашады деп сенген;
Жылқыны ҿзге адамға сатқанда, сыйлағанда оның ноқтасын бермейді. Кие ҿзге адамға
кҿшіп кетуі мүмкін деп сенген.
Тұқымы үзілмей жалғасып келе жатқан жылқының сілекейін алып қалған. Бұл кие
кетпей, үйімде қалсын дегенді білдірген.
Жаңа туған баланың кіндігін, сүндеттелген ұлдың кесілген етін жылықының жалының
астына байлаған. Сонда ол адам ҿр мінез ҽрі ат үстінде ҿмірін ҿткізетін елжанды азамат
болып ҿседі деп болжаған [4, 6].
Қазақтың жылқыға байланысты шыққан наным-сенімдерінің ішінде жылқы түсіне
байланысты жора-жосықтары – зер салып зерттеуге тұрарлық сала.
Түркі-моңғол кҿшпенділерінің ‖жылқының тұрпатын― зерттеген Л.П.Патанов жылықы
түсінің салт-дҽстүрлік мҽніне айрықша тоқталады.
Кҿп жылқы баққан тҽжірибелі жылқышылар мен бапкерлер боз түстің баран түстерге
қарағанда ҽлсіз болатындығын бірауыздан мҽлімдейді. Рим ақыны Вергилий боз түсті
жылқылардың торы түстерге қарағанда күші аз, пайдалануға жарамсыз екенін кҿрсетеді.
Қазақ сыншыларының айтуына қарағанда, торы түсті жылқы ішінде ҿте сирек
кездеседі, ‖тобылғылы торы― - ‖қаракҿк― пен ‖шұбардан― кейін үшінші орында тұрады.
Қазақ эпосындағы, тарихи жырлардағы батырлар аттарының, ХІХ-ХХ ғасырларда
бҽйгелерде кҿзге түскен жүйріктердің түсін салыстырып қарайтын болсақ, бірде-бір боз түс
кездеспейді, керісінше атақты бҽйге аттардың барлығы да баран түсті болғаны анық
аңғарылады.
Қазақта атақты адамдардың, текті ҽулетті шаңырақтың тұқымдарын елден
ерекшелендіріп: ‖Бұл қаракҿктің тұқымы ғой―, - деген. Алтай мен Шыңжаң қазақтары ақ
түсті жылқыларды, ‖ақбоз атты― кҿпшілік жағдайда ‖кҿк ат ― деп атайды. Бұл ертедегі
ғұндар мен кҿне түркілердің аспан құдайы – Кҿк тҽңіріне ақбоз аттардың құрбандыққа
шалынуынан қалған.
Қаракҿктен кейінгі жақсы түстердің біріне саналатыны – шұбар. Шұбардың ҿзі
бірнешеге бҿлінеді: бозшұбар, кҿкшұбар, байшұбар. Атбегілердің айтуынша, шұбардың
тұқымы ҿте аз, бірақ айрықша сүйкімді келетінін айтқан.
Қазақтың қаракҿк пен шұбардан кейінгі жақсы кҿретін түстері: тобылғы торы, күрең,
жирен т.с.с. бір сҿзбен айтсақ, баран түстерге айрықша ықылас білдіріп келген.
Боз түсті жылқыларды қадірлеу ҽртүрлі ҽдет-ғұрыптарға, жол-жораларға қатысты. Боз
биенің сүтіне шомылса, адам бойындағы ауру-сырқау, қайғы-қасірет кетеді деп ырым
қылған.
Жеңістің хабарын білдіру үшін ақбоз атты жаушы, жеңілісті білдіруге баран атты (қара
атты) жолаушы жіберген. Ақбоз атты адам айбынды кҿрінеді жҽне ақбоз түс жеңістің
символын білдіреді. Бұдан басқа ақбоз атты құрбандыққа шалу: кҿптен келмеген туыс-
жегжаты келгенде, жаугершілікте жоғалып кеткен тумасы табылғанда, табындағы мал ҿліп,
жылқы шығынға ұшырап тоқтамай қойғанда, жеті атадан соң қыз алысқанда, хан сайлағанда,
Наурыз тойы басталарда орындалған.
Белгілі шежіреші З.Бекжановтың айтуынша, Тҽуке ханның ‖Жеті жарғысында― ‖Ақбоз
атқа құн жоқ― деген бап болған. Ақбоз атты ұры ұрласа, болмаса жылқышы жоғалтып алса,
227
құн тҿлемеген. Арғымақ ат құстан жаралған, Абылай ханның Алшаңбозы аққу құсқа
айналып кетіпті деген аңыздың мҽнісі қазақ танымында құстардың ішінде аққуды ерекше
қадірлеп, қасиетті санауында, тотемдік пікірге табынуда деп пайымдаймыз.
Хан, бекзада, ауқытты, бай адамдар, бақсылар, сал-серілер астындағы атының түсімен
бірдей киім тікізіп киген. Абылай хан Алшаңбозына мінгенде, ақ киім киіп шыққан.
Ҽ.Марғұлан: ‖Жиренше – атты бақсы-балгерлердің есімінің пайда болуы жирен түсті ат
мініп, күрең киінген...― деп жазады. Шыңғыс ұлы хан сайланғанда ақбоз атқа мініп, ақ киім
киген.
Ертеректе қазақ батырлары ту кҿтергенде ҿзінің астындағы атының түсіндей қыл
шашақтар таққан. Ҿлкетанушы А.Алтаевтың айтуынша, тулардың қыл шашақтары: қаракҿк,
шұбар, жирен, торы, құла, кері, бурыл, күрең, ақбоз, шабдар түсті болған [5, 219].
Белгілі ғалым З.Сейітжанов миф – түсінігі жайлы ‖Халық ҽдебиеті― атты еңбегінде:
‖Миф – дегеніміз дүние – ҽлем туралы қиял-ғажайып түсінік. Қазақ фольклоры тұрғысынан
қарағанда миф деп отырғанымыз – ҽлемдік мифология ауқымынан шықпайтын, тіпті
типологиялық сипаты мен оған сҽйкес келетін дүниенің, жаратылыстың ҽртүрлі
құбылыстары мен объектілерінің пайда болуын, аспан мен жердің жаратылуын, адамзаттың
алғаш қалай пайда болғанын жҽне аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез-құлқын,
ерекшеліктерін түсіндіріп баяндайтын прозалық шығармалар―, – деп жазады [6, 98-99].
Халық сенімінде тҿрт-түлік малдың арғы ата-бабасы, жаратушысы, құдайы бар деп
білген. Сондықтан, тҿрт түрлі ата тектері атап-атап айтылып, оларға жалбарыну, жалыну
ҿлеңдері арналған.
‖О, мал иесі Шопан ата, Қамбар ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба! Малды аңдыған пҽле кҿп,
соған сақ бол, ит-құстан сақтай кҿр, сақтай кҿр. Біздің береке-бірлігімізді бұза кҿрме!― – деп
қайталап ҿлең айтқан [7, 6].
Ҽ. Қоңыратбаев қазақ тотемдері жайлы: ‖Ертеде адам аңнан толық бҿлінбей,
табиғаттың дайын жемісін теріп жеп, тау үңгірлерінде тұрған. Мұны энеолит заманы дейміз.
Ол кезде адам жыртқыш аңдардан ҽлсіз еді. Күштілерінен қорқса, ҽлсіздерінен кҿмек күткен.
Міне, сол дҽуірлерде тотемдік нанымдар туады.
Тотемизм барлық елдерде бар.
Тотемизм сатысында құдай болмаған. Нанымдардың ҿзі де ҿзгеріп отырған. Ҿйткені
ҿмір, ҿндірістік күштер дамыған сайын адам табиғаты, қоғамды игеріп, жаңа ұғымдар
жасаған. Мифологиялық наным мен дін бір емес―, – деген [8, 27].
В.Радлов қазақ халқының ауыз ҽдебиетке бай екендігін, ҽсіресе оның шығаруға
қабілетті келетіндігін айта келіп, қазақ ауыз ҽдебиеті үлгілерін жинап бастыруы, оны неміс
жҽне француз тілдеріне аударып шығаруы мҽдени маңызы зор еңбектің бірі, қазақ халқының
ҽдебиетімен басқа елдерді таныстыру зор игілікті іс екендігін жазған [9, 19].
Ҽр халық эпостарында адамның жылқыдан жаратылу мотивтері де кездеседі. Сондай-
ақ, башқұрттың ‖Бұзансы-батыр― эпосында батыр жылқы болып туады. Кей кездері ол адам
кейіпінде де, құлын кейіпінде де бола алған. Бұнда боз бие күрең құлын туып, ол үш күннен
кейін күтпеген жерден болашақ қаһарман жас балаға айналған.
Аңыз бен эпостарда адам мен жылқы арасындағы байланыс шындыққа ұласып,
оқиғаның негізіне айнала бастаған. Мҽселен, бурят версиясындағы ‖Гесерда― жас бойжеткен
Аралго–го ана Гесердің айласымен Гесерге қосылады.
Ежелгі Сақтардың мифологиясындағы жылқы бейнесі культке жақын келген.
С.П.Нестеровтың ‖Жылқы орталық Азиядағы түркі тілдес тайпалардың культінде― [10]
еңбегінде ғалым, археологиялық қазбалар қорытындыларына сүйене отырып, жылқының
ерте кездерден құдайланып, культтеніп, терең ойлық импликацияларды кҿтергенін
дҽлелдеген.
Жылқының атрибутты функциялық бейнесі ежелгі түркі мҽдени дҽстүрінің соңғы
кездерінде де бейнеленген.
Қорыта айтсақ, ат (жылқы) бейнесі адамды жарату (антропогенез) мифологиясында
қатыстырылады.
228
Аңызға қарағанда түрік кҿк жүзінен жер бетіне атпен түскен. Якуттар алғашқы
адамның кҿктен түскен жартылай адам, жартылай ат денелі бір нҽрседен жаратылғандығына
сенген. Тҽңірімен хабарласу атпен барып жүргізілетін-ді.
Ферғана аймақтарындағы аттар тҽңір аттарының тұқымынан саналған. Бұлар ‖жҽннҽт
аттары― делінген. Бұған қарағанда солтүстіктегі Поли тауында үңгірдің ішінде ‖Тҽңірінің
(Кҿк) аты― болған. Ол жерде ҿмір сүрген адамдар қысырақтарын жайлауларға жібереді екен.
Осы қысырақтар тауда ҿмір сүрген жҽне тҽңір атының тұқымынан шыққан жабайы
айғырлардан тердің орнына қан шығаратын құлындар туғандығынан мҽлімет берген.
Зерттеушілер аттардың тер орнына қан шығарушылардың осы аймақтағы
жылқылардың ең жіңішке тамырларымен байланысты оқиға екендігін айтады. Шаршаған
аттың ең жіңішке тамырлары жарылып, термен бірге сыртқа қан да шыққан. Ағылшын
зерттеушісі А.Борнстың берген хабарына қарағанда, Түркіменнің Ахал-Теке жҽне Имут
аттарының денелерінен шаршаған кездерінде термен бірге қан да шығатындығын хабардар
етеді. Осы дҽлелдерге сүйеніп, оғыз-түркімен аттарының сойылының да Ферғана
аймағындағы Тҽңір аттарының тұқымынан екендігін жазған [11, 174].
Осындай жылқыға деген құрмет пропорциялы, бейнелі түрде қазақтардың кҿркем
ойлауында қалыптасты. Кҿптеген зерттеушілер тек қазақтардың сҿздік шығармашылығы
жылқы бейнесінің тамаша поэзия үлгісі кҿптігін айтады. Осы жерде айта кететін жай, қазақ
фольклорының контексінде жылқы ҽркез символ ретінде кездеседі. Ол:
1) Күннің символы ретінде – қантты, аспанға жақын жҽне оның шабысы ерекше –
ұшатын шабыс, - деп жіктеген Б. Жетпісбаева ҿз еңбегінде [12, 124].
Жұлдызды аспанмен халық қазақтың кҿптеген аңыздарын байланыстырады. Олардың
бірі – жеті қасқырдан қорыққан жылқылар. Қасқыр кейіпіндегі сайтандар жылқыларды
шабуылдайды. Ал, ‖Темір қазық, Ақ боз ат жҽне Кҿк боз ат, жеті қарақшы― аңызында жеті
қарақшы алтын шынжырлы Темір қазыққа байланған екі Ақ ат (Ақ боз ат) пен Кҿк (Кҿк боз
ат) атты ұрлағылары келеді (олар Поляр жұлдызы мен Темір қызық).
2) Интелектілік символ ретінде, оның бойы ақылға, тіл байлығына толы, ол ҿз иесіне
ойлы пікірлер, дұрыс жол айтады. Батырлардың барлық аттары осындай ерекшеліктермен
ҿзгеше болып келеді. Олар ақылды, ойлы, батырдың қай кезде болмасын қасынан табылады.
3) Ат – ҿжеттілік пен сенімділіктің символы.
4) Сұлулықтың, мырзалықтың символы. Қазақтар секілді атқа арнап сонша ҽн, мақал,
тамаша сҿздер, аңыздар, атты бағалаған эпикалық шығармалар, оның бейнесін, сұлулығын,
маңғаздығын, мырзалығын, тҽкаппарлығын мадақтаған туындылар басқа халықтарда кҿп
кездеспейді деуге болады. Бұның ҿзі халқымыздың ұлттық ерекшелігі десе артық айтқандық
емес.
Ерте, ерте замандарда түркілер жылқыны ҿз ҿмірінде, тіршілігінде пайдаланса, Шығыс
халықтарының санасында мҽдени даму жүріп, техникалық революция (атты машинаға
айырбастау) керісінше жұмыстар жасады. Ол жылқыны тек ҿз ҿмірінен ғана емес сол секілді,
түркі халықтарының да ҿмірінен алыстатты. Ендігі жылқының символы кҿшпелі ҿркениеттің
соңына жетті. Д.Кэмпбелла ҿз еңбектерінде былай дейді: ‖Адамгершіліктің бірлігі тек
биологиялық тұрғыдан емес, сол секілді рухани – тарихи тұрғысынан да ҿсті―, – деген [12,
128]. Демек, ат (тұлпар) туралы таным-түсінік, оның ҿмірімен, тұрмыспен байланыстырылуы
жайдан-жай емес. ‖Адам – жылқы мінездес―, – дегенде үлкен мҽн, зор шындықтар бар.
Ойымызды қорытындылай келе айтарымыз: қазақпен бірге жасасқан асыл
жануарларымыздың халқымыз үшін орны ерекше болып саналады. Қанша ғасыр артқа салса
да, ҽдебиетімізде тұғыры биік тұлға болып қалыптасқан қасиетті Қамбар атаның ұрпағы –
жылқыға байланысты халқымыздың наным-сенімі ҿте мол.
Бұдан байқалатыны:
- халқымыз жылқыны қасиеті кҿп, пайдасы мол деп таныған;
- халықтың таным-түсінігінде – жылқы адамның қанаты, досы, пірі саналған;
- түркі дүниесі жылқы жайлы жоғары түсінікте болған, қорғаны ҽрі қамқоры санаған;
- халық ҽдебиетінде жылқы жҿнінде алуан дерек кҿзі де, мифтік материалдар да мол;
229
- арғы-бергі тарихтағы оқымысты-зерттеушілер тұлпар бейнесі мен ҿзгеше белгілерін
айрықша атап, адамға жақын, тірек болғанын дҽлелді жеткізеді;
Ең негізгісі, қазақ халқы жылқы жҿнінде жоғары түсінікте болған. Халық ҽдебиетінде
кең орын алған тұлпар туралы таным-түсініктер қазіргі кезеңдерде де дҽстүр мен
сабақтастыққа сай жүйелі дамып келеді.
Пайдаланған ҽдебиеттер тізімі
1
Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. – Алматы: Дайк –Пресс, 2004. – 495 б.
2
Культурное наследие Южного Казахстана: Материалы шымкентского краевического
музея. – Шымкент, 2002. – 189 с.
3
Тоқтабай А. Культ коня у казахов. – Алматы: КазИздат-КТ, 2004. – 124 с.
4
Қаба Ҽ. Жылқыда қандай кие бар? // Жас Алаш. – 2002. – 29 тамыз.
5
Тоқтабай А. Жылқы түсіне байланысты наным-сенімдер //Қазақтың ҽдет-ғұрыптары
мен салт – дҽстүрлері: ҿткендегісі жҽне бүгіні. – Алматы: Ғылым баспа орталығы, 2001. –
217-220 бб.
6
Сейітжанұлы З. Халық ҽдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 155 б.
7
Қазақ халық ҽдебиеті / Құраст. Садырбаев С. – Алматы: Рауан, 1990. – 238 б.
8
Қоңыратбаев Ҽ. Қазақ эпосы жҽне түркология. – Алматы: Ғылым, 1987. – 364 б.
9
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз ҽдебиеті. – Алматы: Санат, 1996. – 368 б.
10
Нестеров С.П. Конь в культах тюркоязычных племен Центральной Азий в эпохи
средневековья. – Новосибирск: Знание, 1990. – С.141.
11
Шынар А. Эпостағы арғымақ аттар //жұлдыз. – 1998. -№10 – 207 б.
12
Жетпісбаева Б. Символ движении в литературе. – Алматы: Ғылым, 1999. – 289 с.
В статье говорится о восприятии важности и роли лошади для казахского народа.
Описаны неразрывные связи народа и лошади, как единой части казахского быта в
исторической парадигме, а также приведены точки зрения ученых на данный вопрос.
The article refers to the perception of the important role of the horse for Kazakh nation. The
inseparable connection of the people and horses, as a single part of Kazakh life in the historical
paradigm and the point of view of scientists on this issue are described in this article.
ҼОЖ 894.342
Г.Р. Нұрекешова
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қызылорда
ЖАЗУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ
Мақала қаламы қуатты сӛз зергері Сафуан Шаймерденовтың құнды
шығармашылығына арналады. Жазушы шығармаларында соғыстан кейінгі қазақ
жастарының, интеллигенциясының ой-мүддесін дӛп басып, шыншылдықпен суреттейді.
Қолтаңбасынан жазушылық сабырлылық пен салқынқандылықты сақтай отырып сӛз
саралаған шеберлігін айқын байқауға болады. Әдебиетімізде роман, повесть, тамаша
әңгімелерімен бой кӛрсеткен жазушының ізденгіштігін, жеріне жете зерттеушілігін әр
шығармасынан анықтау қиын емес. Жазушының творчестволық кең толғамды ой,
пайымдаулары кейінгі буын жазушыларға үлгі боларлығы айдан анық.
Кілт сӛздері: интеллигенция, шыншылдық, әдебиет сыншысы, ұлтшылдық, асыл
мұрат, әлеуметтік шындық, рухани байлық.
230
Сафуан Шаймерденов 1922 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында
дүниеге келген. Орта мектепті бітіріп, біршама уақыт мұғалім болған. Кейіннен жазушы
қазіргі Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетіне түседі. 1950 жылы оны
бітіргеннен кейін «Лениншіл жастың» Қарағанды облысындағы тілшісі болып қызмет
атқарады. 1952 жылы Алматыға ауысып, ҽуелі «Ҽдебиет жҽне искусство» (қазіргі «Жұлдыз»)
журналының бҿлім меңгерушісі болып, кейін Қазақстан Жазушылар Одағында проза
секциясын басқарған. 1955 жылы «Қазақ ҽдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары,
1958-60 жылдары «Мҽдениет жҽне тұрмыс» журналының бҿлім меңгерушісі, 1960-63
жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы болып сайланады.
Жазушының алғашқы ірі туындысы – «Болашаққа жол» романы 1953 жылы жарық
кҿрді. Оқырманды елең еткізген бұл роман Сафуан Шаймерденовты сол кездің ҿзінде-ақ
қаламы қуатты сҿз зергері ретінде танытты. Роман студенттер ҿмірін жазғанымен ғана емес,
қалай жазғанымен де құнды болды. Онда жазушы соғыстан кейінгі қазақ жастарының,
интеллигенциясының ой-мүддесін дҿп басып, шыншылдықпен суреттейді. Бұл роман
орысшаға аударылғанда «Инеш» деген ат алды да, соңғы басылымдарда сол аты тұрақтанып
қалды. Студенттер ҿмірінен жазылған Ю.Трифоновтың «Студенттері», З.Қабдоловтың
«Ұшқыны» сияқты бірді-екілі шығармалардан соң дүниеге келген «Инеш» қазақ
прозасындағы жаңа серпін болды. Мұнда жүректің жанды тербеген лүпілі де бар,
жазушылық сабырлылық, салқынқандылық сақтай отырып сҿз саралаған шеберлік те бар,
соғыстан кейінгі елуінші жылдардың ел еңсесі кҿтеріле бастаған қоғамдық кҿріністері де
қатарласа бірге, қабыса жүреді. «Инешті» қазір қайта оқып шыққан адам оның бүгінгі
ҿмірден кҿп айырмасы жоқ екенін байқайды. Демек, жазушы болашақты зерделей алған.
«Осы шығармада жаңа мінез-құлықты бойына дарытқан елуінші жылдардағы қазақ
жастарының типтік ҿкілі Инеш бейнесі жасалды. Ол ҿзінің табиғилығымен, рухани
тазалығымен оқырман жүрегінде ұзақ сақталған бейне. Жас қаламгердің бұл алғашқы аяқ
алысы ұлы жазушы М.Ҽуезовтің де назарына іліккен болатын. Ол жас автордың сҿзді шашау
шығармай, орын-орнымен пайдаланатынын бағалады» [1]. Шынында да, бұл роман
ҽдебиетіміздің мҽдени мҽнері жағынан дамуына ықпал жасады, жан-жақты толыққанды
кҿркем ҽдебиеттік сапаға бастап, ҿзінен кейін келе жатқан жас буынның болашаққа жолын
ашты.
Қаламгердің «Мезгіл», «Жыл құсы», «Қарғаш», «Мҽжнүн тал», «Ҿмір нұры», «Ит
ашуы» повестері жоғарыда аталған «Инеш» романының шеберлігі шарықтай түскен
жазушылық жалғасы болды. «Инеш» орыс, тҽжік, башқұрт, татар, якут, неміс, ҿзбек, т.б.
тілдерге аударылса, «Мезгіл» повесі венгер тілінде де жарық кҿрді. «Жыл құсы» ВЦСПС пен
КСРО Жазушылар Одағының жұмысшы тақырыбына арнап жариялаған конкурсының
одақтық жүлдесін жеңіп алып, лауреат атанды. Сондай-ақ, С.Шаймерденовтың ҽңгіме
жанрындағы туындылары – бҿлек сҿз етуге тұрарлық дүниелер.
Ҽдебиеттің ел мен елді, халық пен халықты жақындастырудағы атқарар міндеті ұшан-
теңіз десек, С.Шаймерденовтың ҿз шығармалары шетел тілдеріне аударылуымен бірге ҿзі де
шет жұрттың озық туындыларын қазақшаға аударуда үлкен еңбек етті. Оған Р.Тагордың
«Күйреу» романын аударғаны үшін Қазақстан Жазушылар Одағының сыйлығы берілді.
Сафуан Шаймерденов ҽдебиет пен ҿнердің астасқан жері драматургияға да ҿзіндік
үлесін қосты. Оның «Дҿкей келе жатыр» комедиясы туралы академик ғалым, сыншы
Р.Нұрғалиев: «Кейіпкерлердің іс-ҽрекетінде динамика, қайрат, қуат бар. Пьеса авторының
драматургия табиғатын жақсы танитыны байқалады. Комедиялық ситуацияларға лайық
кейіпкерлер мінезі кҿрінеді» [2, 235], – деп жазды. «Дҿкей келе жатыр», сондай-ақ, «Ҽнім
сен едің», «Қыр гүлі», «Ҽсия жағалар», т.б. пьесалары кезінде театр сахналарында үздіксіз
қойылды.
Жазушының 1988 жылы «Жазушы» баспасынан жарық кҿрген, дені шағын эсселер
мен естеліктерден жҽне автобиографиялық повестерден тұратын «Ағалардың алақаны»
жҽне «Ҽдеби толқындар» кітаптары үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алды.
231
Осылайша біздің ҽдебиетімізде роман, повесть, тамаша ҽңгімелерімен бой кҿрсеткен
С.Шаймерденовтың ізденгіштік, жеріне жете зерттеушілік, творчестволық кең толғамды ой,
пайымдаулары бар ҽдебиет сыншысы екеніне оның «Ҽдеби толқындар» кітабы дҽлел бола
алады. Бұл кітаптан ҽдебиетімізге деген қамқорлықты, жанашырлықты, ҽсіресе, жас
қаламгерлерге деген жауапкершілікті айқын танимыз. «Халықтық шығарма қалай туады?»
деген тарауда ол «Абай», «Ботагҿз», «Қазақ солдаты», «Оянған ҿлке», «Шығанақ»,
«Сырдария» жҽне «Тулаған толқында» сияқты ҽдебиетіміздің таңдаулы туындыларына деген
ой-пікірін ортаға салады. Жазушылық шеберлікті сҿз етеді. Жас ҽдебиетшілерді аға буыннан
үйрене түсуге үндейді. Сондай-ақ, «Менің құрдастарым», «Ҿмір мен ҿлім», «Миллионер»
сияқты сҽтті туындылардың да кейбірі схематизмнен, жасандылықтан құр алақан еместігін
сынай кетеді. Бұл кітапта кҿркем аударма жайлы да соны, ұтымды пікірлер бар. Қазіргі
кейбір аудармашылардың «ҽттеген-ай» дегізетін жерлері бар екенін айта келіп, автор
аударма ҽдебиет тарихын да шола кетеді. Бір сҿзбен айтқанда, қазақ ҽдебиеті жайлы ой,
толғамдардан тұратын бұл кітапты оқырман қауым үшін құнды творчестволық еңбек деп
танимыз.
Дегенмен, кезінде осындай сапалы дүниелерді туғызған Сафуан Шаймерденов
творчествосы зерттеушілер тарапынан қағыс қала бергені түсініксіз. Мұның себебін кейбір
жазушыларымыз қаламгердің бірбеткей, тік мінезінен кҿреді. Мҽселен, Сайын Мұратбеков:
«Ҿкініші сол, осы шығармалар туралы ҽдеби сынымыз ҽлі күнге дейін жан-жақты терең
талдаулар жасай алмай келеді. Оған, біріншіден, сыншыларымыздың сараңдығы себеп болса,
екіншіден, Сафуан Шаймерденов шығармаларының дер кезіндегі уақыт, заман ыңғайына,
лауазымды аңыздардың оңтайына қолай келе бермегендігінен болар, үшіншіден, жазушы
табиғатының ҿрлігі де, жалтақтап-жалбақтай алмайтын турашылдығы да «кесірін» тигізген
болар» [3], – десе, ақын Хамит Ерғалиев: «Ҿз басым «Тура биде туған жоқ» принципінен
шегіп жүрген залалы шығар деп ойлаймын, ҽйтеуір ол да беделдің бет-жүзімен санаспай,
ащы шындықты қатты айтатындар қатарында ҿзіне тиесілі нҽпақасына кешеулеп жетіп
жүреді. Ешкімге жала жаппай, адалына баққан сынға қалтарыстан қарымта даярлау беделдің
ісі ме?!» [4], – деп жазады.
Иҽ, аталған қаламгерлердің бұлай деуінің негізі де жоқ емес. Сафуан Шаймерденов
елдегі қоғамдық мҽселелерге де ҿз үнін қоса білген жазушы. Айталық, 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасы, туған тілдің қазіргі хал-ахуалы, оның мемлекеттік жайы, тағы басқа
толып жатқан елдік, ҽлеуметтік іс-ҽрекеттер – С.Шаймерденовтың жең түріне араласып,
азаматтық кҿрсеткен жайлары. Ҽсіресе, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты сол
кездегі Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
Г.В.Колбинмен болған кездесуде жазушы міндетінің осы қыры айқын танылды. Қазақ
жастарының іс-ҽрекетін ұлтшылдыққа сайып, ҽр қазақтың жүріс-тұрыс, сҿйлер сҿзін жіпке
тізіп отырған шақта Сафуан Шаймерденовтың халқы туралы, ана тілі туралы тебірене айтқан
сҿздері кімнің болса да кҿңілінен шығып, басылып отырған кеудені бір кҿтеріп тастағаны
анық. «Расул Гамзатов однажды заметил: «Кого-то исцеляет от болезни родной язык, но мне
на нем петь. Если завтра мой язык исчезнет, то я готов сегодня умереть. – Думаю, Расул
Гамзатов прав. Я могу повторить его слова: если казахский язык умрет завтра, то я должен
умереть сегодня. Иначе как? Какой смысл пережить родной язык. Без языка любой человек,
кем бы он ни был – царь или крестьянин, ученый-гений или же простой лавочник – ничто»
[5, 39-40], – деді Сафуан Шаймерденов В.Г.Колбинмен болған кездесуде сҿйлеген сҿзінде.
Жазушының кесек мінезі мен сҿзі сүйсіндірмей қоймайды. Егер жазушының азаматтық
тұлғасы қандай болуы керек десе, осындай мінезді айтар едік. Үлгі-ҿнеге осындай болса
керек.
Ҽдетте, шығармаларындағы сҿз қолданыстарынан, кейіпкерінің іс-ҽрекет, бітім-
болмысынан оны жазған автордың жеке басының сипатын аңғаруға болады. «Меніңше,
кҿркем шығармада жалғыз ғана кейіпкер бар, ол – жазушының ҿзі, яғни оның айтайын,
уағыздайын деген ойын арқалап жүрген кейіпкер» [6, 69-73], – деп О.Бҿкеев айтқандай,
шығармасын оқу арқылы автордың ҿз характеріне де баға беруге мүмкіндік бар деген сҿз.
232
Ендеше, ҿз туындыларында адамгершілік асыл мұраттарды жыр етіп, адамдық қасиет пен
моральдық болмысты уағыздайтын Сафуан Шаймерденовтың ҿзі де осы бір абзал
қасиеттерді бойына жинаған адам екені анық. «Кҿркем ҽдебиеттегі басты тұлға – суреткер.
Сондықтан қандай да бір ҽдеби шығарма, құбылыс жайлы ҽңгіме еткенде, оның авторына
соқпай ҿту қиын. Ҽдебиет туралы пікір білдіру – белгілі бір дҽрежеде жазушы жайлы да
ҽңгімелеу» [7, 142-145].
Повестеріндегі Қарғаш, Лезбай, Бағдан мен Ҽспет, Сапар – осылардың қай-қайсысын
алсақ та, жазушының ҿз замандастарының мұңы мен қуанышын шынайы суреттеуге тер
тҿккені кҿрініп тұр. С.Шаймерденов ҿз кейіпкерлерінің іс-ҽрекетінен гҿрі ішкі ҽлеміне, жан
дүниесіне кҿбірек үңіледі. Олардың жан тазалығы, сезімтал сергектігі, жақсылыққа жаны
құштар екендігі бірден-ақ кҿзге ұрып, сүйсінтпей қалмайды. «Бүгінгідей табанының бүрі
жоқ, тайғақ заманда атап ҿтетін бір жай: Сафуан Шаймерденов – құдай жаратқан табиғи
мінезін таза сақтап қалған аз адамдардың бірі. Оның бойында ешкімге жалпуыштанбайтын,
жоғарыға жағынып, кҿсемнің кҿзіне түсейін демейтін, қашанда ҿз тізгінін ҿзі ұстап қалған
қайсар табандылық бар. Осы қасиет жазушы шығармаларынан да айқын кҿрініп тұрады. Ол
кейбір ҽріптестері сияқты науқаншылдыққа, ұраншылдыққа ұрынған жоқ. Заманына қарай
күйлейтін, жолы жеңіл, жағымпаз, жалған тақырыптарға да қызықпады. Елуінші жылдар
прозасында елеулі із қалдырған «Инеш» романын алыңыз, одан бергі ҽр жылдары жазылған
повестері мен ҽңгімелерін алыңыз, қай-қайсысы да мерзімдік айғай-ұраннан ада, қай дҽуірде
болсын оқылатын шығармалар» [8], – деп жазады Қ.Жұмаділов жазушы С.Шаймерденов
мінезінің қыр-сыры жҿнінде.
С.Шаймерденов повесть жанрында ҿнімді еңбек етіп, кҿркемдік қуаты мол шығармалар
туғызды. Ҽр жанрдың ҿзіне лайық, ҿз табиғатына тҽн қасиеттері, оқшау сипаттары бар,
ондай сипат-белгілердің, ҽсіресе, сюжетке байланысты болатыны белгілі. Жанрға қатысты
теориялық еңбектерді оқи отырғанда, повесть эпостың ҿзге прозалық түрінен орта
кҿлемділігімен; ҿмір оқиғаларын «ыстық» күйінде бейнелеуге аса бейімділігімен; адам
тағдыры мен қоғам ҿмірінің тұтас тарихын емес, бір алуан кезеңдік құбылыстарын объекті
етіп, соны ҿрнектейтіндігімен; шындықты танытуда аналитикалық сипатының басым болып
келетіндігімен ерекшеленетіндігіне кҿз жеткіземіз. Кейде повесть белгілі бір түйін
таппағандай аяқталмаған сияқтанып та тұрады. Оның мұндай болуы, яғни тиісті кҿркемдік
шешімін таппауы, бір жағынан, бұл туындының роман емес, повесть екенін кҿрсетсе, екінші
жағынан, оқырманды ойға бҿлеп, шығармадан алар эстетикалық ҽсерін арттыра түседі. Міне,
бұл жайт та, яғни шығарманы аяқталмаған сияқты ҽсер ете отырып, оқырманды ойға бҿлеуі –
повесть жанрына тҽн қасиет. Повестің осы қасиеті жайлы ұлы сыншы Н.А. Добролюбов:
«Повестен біз ҿзімізге нендей пайда алғымыз келеді? Шынымен-ақ ғибрат па, ақыл-ҿнеге
ме? Шынымен-ақ ҽлдеқандай адамгершілік, ҿнегелілік теориясы ма? Олардың ешқайсысын
да емес. Бҽрінен бұрын біз повестен ҿз сҿзімізге рахат іздейміз, содан кейін оны ойланып-
толғануға қажетті зат есебінде бағалаймыз» [9, 13-18], – деп қызықты пікір айтқан. Жалпы,
повесте сюжеттік желінің біреу ғана болуы, түптеп келгенде, автор позициясына да
байланысты. Себебі, повесть авторы ҽлеуметтік шындықтың, адам ҿмірінің драмалық
тартысқа толы тұсын, оқыс ҿзгеріске ұшыраған кезеңін жеке-дара түрінде алып бейнелеуге
ҿте бейім тұрады; адам тағдыры қалайда ұрымтал тұстан танылатындай, қоғамдық
құбылыстар қалайда айқын ашылатындай оқшау оқиғаларды, басты мҽселелерді
шапшаңырақ суреттеуге құлшына ұмтылады, бір ғана проблеманы, жалғыз тақырыпты баса
бейнелеуге барынша күш салады. Автор ҽуел бастан-ақ алдына сондай мақсат-мұрат
қоятындықтан, повесте тіпті кейде жалғыз емес, ҽлденеше проблема қатар кҿтеріліп, соған
орай ҽлденеше сюжет қатар дамығанның ҿзінде де, олардың бҽрінен емес, тек біреуінен ғана
кҿркемдік қорытынды шығарылады. Адам мен қоғам қарым-қатынастарының осындай
диалектикалық байланыстары шығармада шынайы суреттелсе, яғни кейіпкер тағдыры ҿзі
ҿмір сүрген ортадан оқшауланбай, қайта сол заманның нақтылы тарихи жағдайларымен,
елеулі-елеулі қоғамдық құбылыстарымен берік байланыста бейнеленсе, зонда туындының
ҽлеуметтік салмағы айтарлықтай артып, идеялық-эстетикалық сапасы да жоғары болады.
233
Біз повесть жанрының үздік үлгілері ретінде, ең алдымен, Л.Толстойдың «Казактар»,
И.Тургеневтің «Ася», «Алғашқы махаббат», Ш.Айтматовтың «Жҽмила», «Құс жолы», тҿл
ҽдебиетімізде Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы», М.Ҽуезовтің «Қараш-қараш
оқиғасы», «Қилы заман», Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне», «Ұлпан»,
туындыларын атай аламыз.
Ҽдебиеттің барлық жанрлары дерлік уақыт ілгерілеп, дҽуір дамыған сайын ҿздерінің
түбегейлі тұрпатын, негізгі сипатын елестететін ерекшеліктерін сақтап қана қоймайды, ондай
қасиеттерін жаңғырта, байыта түсетіні сҿзсіз. Яғни «…заман ҿзгерісіне байланысты
ҽдебиеттің мазмұн, мағынасының жаңаруына орай жанр да кейбір сипаттарын жаңартып,
ҿзгертіп отырады» [10, 7] Қазақ прозасының 60-70 жылдардағы шығармалары осындай дҽуір
ҿзгерісіне байланысты сапалық ҽрі мазмұн-мағынасы, формалық жағынан да жаңарып,
байыды. Ең бастысы, заман ҿзгерген кезде шығарманың бүкіл болмыс-бітімін айқындайтын
объектісі – адам да жаңарды. Осы орайда: «Жанр бүгінгі күннің тынысымен ҿмір сүреді,
бірақ ҽрқашан ҿз ҿткенін ерекше қасиет ретінде ҿз бойында сақтайды» [11, 13-18], – деген М.
Бахтиннің сҿздері еске түседі.
Ҽрине, аталған кезеңдегі проза саласында В. Белинский «романнан жұлып алынған
тарау» деп атаған повесть жанры да құрылыс-бітімі, сюжеттік желісі, идеялық мазмұны
жағынан кҿп ҿзгеріске ұшырады. Біз қарастырып отырған Сафуан Шаймерденов повестері де
осы алпысыншы-жетпісінші жылдардың жемісіне жатады.
Ҽр түрлі тақырыпқа қалам тербегенмен, Сафуан Шаймерденов повестері, ең алдымен,
адамның рухани байлығын, адамгершілікті ту етіп кҿтереді. Адамдық асыл қасиеттерді
мадақтау, зұлымдық пен тоғышарлықты ашына айыптау жазушы туындыларында желілі
жалғасын тауып, тұтастыққа айналған.
Жалпы, адамгершілік, мораль мҽселелері қай халықтың ҽдебиетінде болмасын, мҽні
мен маңызы зор тақырып. Мұның ҿзі тектен тек емес. Ҽдебиеттің адамды тҽрбиелеудегі
рҿлінің зор екендігін, қандай ұлағат-тҽрбие бере алатынын дҽлелдеп жатудың ҿзі артық.
Міне, осы ретте кҿркем шығарма идеялық-эстетикалық құрал болып отырса, оның мҽні де
сонда. Ал ол қаһарманды ҿз арамыздан, ҿз ортамыздан іздейміз. Оны кҿрер кҿз бен сезер
жүрек керек. Оның астарынан, ҽрине, үлкен жүректі, ізгі ниетті адам сипатын іздейсің.
Белгілі ҽдебиетші-ғалым З. Қабдоловтың мынадай бір тамаша ұлағатты сҿзі бар: «Горькийше
айтсақ, жазушы – пайғамбар. Жалпы жұрт мойындаған шындық: ҽдебиет – ардың ісі. Солай,
ҽдебиет – халықтың кҿркем тарихы ғана емес, ары, ақыл-ойы, абыройы. Демек, ҽдебиет
ҽлемінде арға ар қосатын, адамдардың абыройын асыратын, Адам деген ардақты, аяулы
тұлғаның ҿзін ҿзіне танытатын, тап-таза ардан туған, арман қуған таланттар ғана жүруі
шарт» [12, 14].
Кез келген елдің кемелденген ҽдебиетін алсаңыз, одан адамгершілік тақырыбына
арналмаған шығарманы табу қиын. Мұның ҿзі екінші жағынан замандастарымызды
гуманистік мораль рухында тҽрбиелеудің ең бір тамаша жолы. Ҿйткені, жазушының асыл
парызының ҿзі ҿмірдегі жат қылықтарды ҽшкерелеп, адам жанының рухани байлығын
арттыруға кҿмектесу, моральдық тазалығын кҿздің қарашығындай қорғауға үндеу екені
бҽрімізге белгілі. Қазақ прозасында адамгершілік, мораль тақырыбында жазылған кҿптеген
ҽңгіме, повестер бар. Адам бойындағы қордаланған тоғышарлық жат қылықтар, ардан ада
жандардың характерлері мен психологиялары ҽлі де қазақ жазушыларының
шығармаларында ҿз жалғасын тауып келеді. Бұл орайда повесть жанры қай кезде де ҿмір
тынысын жедел таныта білді.
Ҽдебиетте замандастың рухани ҽлемін, характерін бейнелеудің кҿркемдік ҽдіс-тҽсілдері
жетіліп артылады. Образ сомдау жолдары, жанрға тҽн кҿркемдік шарттардың үйлесімі
мұндайда кҿп рҿл атқарады. «Замандас тұлғасы!.. Ҿз дҽуірінің үні болып табылатын жазушы
атаулының ең абзал, ең асыл мұрасы – осы» [13, 265]. Замандастың жан дүниесін, ой сезімі
мен арман мүддесін, іс-ҽрекетін, характерін жазушы қалай кҿрсетеді? Мұның мҽні терең.
Гуманистік, адамгершілік қасиеттерден бастау алған адамның дүниетанымы, сана-сезімі,
азаматтық позициясы, міне, бүгінгі замандастың мінез-құлқын айқындайтын факторлар
234
осылар. Мұхтар Ҽуезовтің сҿзімен айтсақ: «Біздің замандасымыз – барша қауымның
бақытын тілейтін, жалпақ дүниенің жан лебін жүрегімен ұғатын адам. Оны тебірентпейтін
нҽрсе жоқ» [14, 58-63]. Ҿмірде жақсы адамдар кҿп екеніне сҿз жоқ. Тек олардың
адамгершілік қасиеттерін терең суреткерлікпен аша білу керек. Айналып келгенде, адам
факторының шешуші мҽнін табу қажет. Рас, олар ел игілігін жасап жүр, тер тҿгіп жүр. Бірақ
ҿмірдің натуралдық кҿшірмесін жазудан шынайы кҿркем шығарма тумайды. Халық ҿкілдері
қаламгер үшін таптырмайтын объект болуға тиіс. Ал оны жинақтау, типтендіру, даралау
сияқты кҿркемдік-поэтикалық шарттарды үлкен творчестволықпен игеру – борыш.
Сондықтан кең ойлап, мол пішетін жҽне ҿмірлік ой қорытындыларын екшейтін талант
қашанда қажет. Нағыз жазушы ғана замандас бейнесін жан-жақты, толыққанды бейнелей
алады.
Қазақ прозасының алпысыншы-жетпісінші жылдарына кҿз жіберсек, адамның рухани
жҽне адамгершілік ҽлемін жан-жақты шынайы ашып кҿрсетуде Ҽ. Нұрпейісов, Т. Ахтанов,
Ҽ. Нұршайықов, С. Шаймерденов, Ҽ. Ҽлімжанов, Ш. Мұртазаев шығармалары кейінгі
қаламгерлерге үлгі болғаны анық. Олардың соңынан ҽдебиет ҽлеміне ілесе келген С.
Мұратбеков, Ҽ. Кекілбаев, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, Д. Досжанов, Ҽ. Тарази, О. Бҿкеев, М.
Сүндетов, Т. Ҽбдіков, Қ. Найманбаев, М. Сқақбаев, Д. Исабеков сияқты бір шоғыр талантты
жазушылар кҿркем проза мүмкіншілігін толықтыра түсті. Оның ішінде, атап айтқанда,
повесть жанрында елеулі табысқа жеткен С. Мұратбековтың «Жабайы алма», «Қалың қар»,
Д. Досжановтың «Тілегімді бере гҿр», «Адамға қанша қуаныш қажет», Ҽ.Таразидің «Ҽулет»,
«Дауа. Жеті. Қырық жеті.», О. Бҿкеевтің «Сайтан кҿпір», «Қар қызы», Қ. Жұмаділовтің
«Сҽйгүліктер», Т. Нұрмағамбетовтың «Қош бол, ата» жҽне М. Сүндетовтың «Ескексіз
қайық», «Еліктің лағы», Қ. Ысқақовтың «Қоңыр күз еді», «Менің ағаларым», Ш.
Мұртазаевтың «Мылтықсыз майдан», сондай-ақ Д. Исабековтың тамаша туындылары –
оқырманды сусындатқан, кҿркемдік ерекшелігі сан қырлы дүниелер. Оларда осынау сан
тарау ҿмірдегі мекен-тұрағы, мінез-құлқы, іс-ҽрекеттері бар тоғышар жандардың бір-біріне
ұқсамайтын образ, характерлері нанымды кҿркем ситуациялар арқылы бейнеленген. Осыған
орай ғалымдарымыздың: «Прозаның бұрынғы майталман кадрларымен қатар орта буын
жазушылардың жҽне ҽдебиетке соң келген талапкерлердің шығармалары қазақ прозасын
едҽуір биікке кҿтерді» [15, 49-52], – дегендей пайым жасауы орынды. Бұл жазушылардың
ҿздерімен бірге ҽкелген ҿзгешеліктері мен ізденістері, сондай-ақ, ҽрқайсысының ҿзіндік
қолтаңбалары бар. Ҽр жазушының ҿмір танымы, білім дҽрежесі, мҽдениет ҿрісі ҽр басқа
болуы ҿз алдына, талант, шеберлік, талғам да бірдей еместігі белгілі ақиқат.
Аға толқын жазушылар ішінде ҿзіндік суреттеу машығымен, характер сомдау
ерекшелігімен кейінгі қаламгерлерге үлгі болған жазушылардың бірі – біз сҿз етіп отырған
Сафуан Шаймерденов. Үлгі-ҿнеге демекші, Сафуан Шаймерденов – жас ҽдебиетшілерді
тҽрбиелеуге кҿп уақытын бҿлген жазушы. Ҽсіресе, елуінші-алпысыншы жылдардағы оның
сын-мақалаларын оқысаңыз, ҿзі жас бола жүріп ҽдебиеттің болашағы үшін қаншама ойлы
пікір-кеңестер айтқанына кҿз жеткізесіз. Ҽдебиетіміздің бүгінде аға буынына айналған
Қалихан Ысқақов, Ҽкім Тарази, Рамазан Тоқтаров, Софы Сматаев, Сайын Мұратбеков жҽне
т.б. танымал жазушыларымыздың алғашқы қадамын дҿп басып, дер кезінде ағалық
қамқорлық жасап, пікір айтқан да – осы С.Шаймерденов.
Кезінде М. Ҽуезов пен Ғ. Мүсірепов жоғары баға берген «Болашаққа жол», кейін
«Инеш» аталған романнан соң жазушы Сафуан Шаймерденов кҿркемдігі жоғары кҿптеген
кҿлемді туындыларды дүниеге келтірді. «Мезгіл», «Қарғаш», «Жыл құсы», «Ҿмір нұры»,
«Ашу», сияқты повестерінің қай-қайсысын алсақ та, ҿн бойына адамгершіліктің асыл арқауы
ҿзек болған. Кҿркем ҽдебиеттің нысанасы, түптеп келгенде, адамды гуманизмге тҽрбиелеу,
ішкі жан дүниесін байыту, арам пиғылдан, озбыр ойлардан жаңарту, тазарту дейтін болсақ,
С. Шаймерденов шығармаларында бұл айтылғандардың үнемі оқырман ойымен үндес
шығып отырғанын айтуға болады. Ҿмірдің қандай тосын жағдайларында да адамдық
болмысын сақтай білген адал жандар Қарғаш, Лезбайлардың тағдыры оқырманын кҿп
ойларға жетелері анық. Бір-біріміздің жүрек түкпірімізге үңіле қарап, бір-бірімізді терең
235
түсіне білуге ұмтылдыратын туындылар адамдар арасындағы күрделі қайшылықтар мен
байланыстардың сырын шынайы ашып кҿрсетеді. Адамдық парыз, рухани борыш дегенге
мҽн бермейтін дүниеқұмар, тоғышар Шҽмшігүл («Ҿмір нұры») мен Шҽрбандардың («Селдің
екпіні») қазір де ортамызда жүргенін ескерсек, аталған туындылардың бүгінгі күн
тұрғысынан алғанда да ҿзектілігін жоймайтыны анық.
Ҽдебиеттер тізімі
1 Ақпанбетов Ж. Талант табиғаты // Қазақ ҽдебиеті. – 1980. – 22 тамыз.
2 Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы: Жазушы, 1991. – 504 б.
3 Мұратбеков С. Қасқа жолынан таймаған//Қазақ ҽдебиеті.–1992.–17 сҽуір.
4 Ерғалиев Х. Бұған Ҽспет қалай қарар?//Қазақ ҽдебиеті.–1992.– 17 сҽуір.
5 Шаймерденов С. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1999. – 3 т. – 346 б.
6 Бҿкеев О. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1994. – 1 т. – 440 б.
7 Добролюбов Н.А. Статьи. – Москва: Советский писатель, 1962. – С. 342.
8 Ҽдебиеттану терминдерінің сҿздігі. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 165 б.
9 Қаратаев Н. Жанр сипаты. – Алматы: Жазушы, 1971. – 235 б.
10 Бахтин М. Проблемы позтики Достоевского. – Москва: Советский писатель, 1972. –
С. 178.
11 Қабдолов З. Ұстаз, ғалым, жазушы. Ҿмірі мен шығармалары туралы мақалалар мен
сұхбаттар. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 350 б.
12 Ҽшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – Алматы: Жазушы, 1993. – 476 б.
13 Қабдолов З. Жебе. – Алматы: Жазушы, 1977. – 379 б.
14 Ҽуезов М. Қазіргі роман жҽне оның геройы // Шығармалар: 12 томдық. – Алматы:
Жазушы, 1969. – 223 б.
15 Базарбаев М., Нарымбетов Ҽ. Ерлік пен еңбек дастаны. – Алматы: Жазушы, 1984. –
150 б.
Статья посвящаена изучению творчества выдающегося мастера слов С.
Шаймерденова. В творчестве писателя особое внимание уделяется проблеме молодежи в
послевоенного периода – их мыслям и чаянием, анализируется творческая атмосфера в
среде интелегенции. Отмечаются художественные особенности творчества писателя,
которым характерны глубокая художественная самобытность, мастерское обладание
художественными средствами. Вместе с тем нетрудно заметить силу художественного
изучения жизни автором многочисленных романов, повестей и рассказов, которые могут
служить примеров для молодых писателей будущего поколения.
Достарыңызбен бөлісу: |