1.2 Пәннің мақсаты: гуманитарлық мамандықтардағы студенттердің психологияны оқыту әдістемесі пәнін меңгеруі негізінде ғылыми білімдерін дамыту, семинар мен практикалық сабақтар үдерісінде студенттердің осы пәнді түсіндіре білуін қалыптастыру, мектеп оқушыларына оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары туралы психологиялық білімін меңгеруді өңдеп реттеу және бақылау.
1.3 Пәннің міндеттері:
психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негіздерінің мазмұнын ашу;
психологияны оқытудың мәселелеріне қызығушылықты тудыру;
студенттердің психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруге ұмтылуына бағыттау;
студенттерді қолданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын арттыру;
студенттерді жеке кәсіби іс-әрекеттегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға ынталандыру.
Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:
мектептегі психологияны оқытудың мақсаттары мен мазмұнын;
психология бойынша класс және кластан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемелерін;
«Психологияны оқытудың әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттерін;
«Психологияны оқытудың әдістемесінің» бүгінгі спецификасын;
Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:
оқытудың тиімділігін бағалау критерийлерін дұрыс таңдауды үйрену;
әр нақты жағдайдағы оқытудың әдістемесін дұрыс қолдануға үйрену;
оқытудың әдістемесін жетілдіруге үйрену;
психология бойынша сабақтарды жүргізуде жеке позициясын түсіндіре білу;
оқу пәні ретінде психологияны оқытуда туындайтын практикалық мәселелерді шешуге теориялық білімді психолог-ізденуші және окытушы дағдысын игеру.
2 Пререквизиттер: «Жалпы психология», «Психология тарихы», «Педагогикалық психология», «Даму психологиясы», «Педагогика», «ЖЖЖ физиологиясы».
Сонымен, осы курста алған білім студенттердің маман оқытушы ретінде оның теориялық, ғылыми және практикалық дайындығының жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді, осыдан психикалық дамудың басты детерминанттары ретінде білім беру үрдісіндегі ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері туралы кең көлемде түсініктеме береді. Курстың көлемі — осы пәнннің көлемі оқу жоспарымен келісілген 2 кредиттен тұрады, яғни 90 сағатқа (СӨЖ, СӨМЖ бірге) теңеледі. Межелік бақылаудың саны - 2. Соңгы бақылаудың формасы - емтихан.