Жобаның компоненттері:
• Жұмыстарды орындау, сондай-ақ энергия тиімді жабдықтар
мен қажетті сервистік қызметтерді сатып алуға тендерлік құжаттама
дайындау үшін энергияға зерттеу жүргізу және бюджет көлемін
өзектендіру.
• Мектеп ғимаратының энергия тиімділігі/қайта жабдықталуы
жөніндегі іс-шараларды іске асыру: терезе конструкцияларын
энергия тиімді конструкциялармен ауыстыру; жылыту жүйесін
гидравликалық теңгерімдеу мен спорт залының жылыту жүйесін
жаңғыртуды қоса алғанда, автоматы жылу пунктін орнату.
Бұл жоба парниктік газдардың (ПГ) атмосфераға (көміртек ізін)
шығарындыларын бейтараптандыруға қатысты жалпы ұстанымның
бір бөлігі ретінде Астана қ. типтік әкімшілік ғимаратында мектеп
оқушылары үшін оқу жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Бұл мектеп 1963 жылы салынған және 1200 оқушыға есептел-
ген. Ғимарат орталық блоктан және оған қабысып тұрған спорт
залына арналған орын-жайдан тұрады. Орталық ғимараттың бас
қасбеті шығысқа қарайды. Ғимараттың есеп бойынша пайдаланы-
латын жалпы алаңы - 3 214 м
2
, ал жалпы жылытылатын алаңы –
11 803 м
3
құрайды. Қазіргі кезде мектепте жалпы саны 1 630 бала
екі ауысымда оқиды.
Қайта құрылымдау бойынша «Жол картасы» мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес Астана қ. мектеп ғимараттары үшін
мектептің жылыту, сумен жабдықтау және санитария жүйесіне 2009
жылы қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді. Осыны ескере оты-
рып, еҚДБ энергетикалық бағалау (ЭБ) жүргізу және ғимаратты әрі
элекТроэнергия – эТо деньги!
бҰҰ-ның сарапшылары
25 мектеп, терезе ауыстыру
52
қарай жаңарту шараларын белгілеу жөніндегі консультант ретінде
D’Appolonia компаниясын (еҚДБ мердігері) таңдады.
ЭБ негізгі міндеттері ғимараттың қоршау құрылымдары
мен орын-жайлардың қазіргі жағдайында энергия үнемдеуге
айтарлықтай қол жеткізуге болатын электр механикалық
жабдықтарына (яғни жылыту, суыту, желдету, жарықтандыру және
т.б. жүйелеріне) айырықша көңіл бөле отырып, ғимараттағы энер-
гия тұтынуға талдау жасау мен оны бағалау болып табылады. Бұл
талдау ғимараттың энергия тиімділігі мақсатында оны жаңарту
үшін қандай да бір мүмкіндіктерді мейлінше дұрыс анықтау
мақсатында техникалық және қаржылық бағалау үшін жасалды.
ЭБ ұсынымдары бойынша төменде сипатталған энергия тиімділігі
жөніндегі шаралар осы жобаның негізіне айналды.
2011 жылы D’Appolonia компаниясы техникалық бағалау
жүргізіп, мектеп ғимаратын қайта құрылымдау бойынша шаралар
ұсынды. Бұл жұмысты БҰҰДБ мен еҚДБ келісімімен жергілікті ком-
пания мен жергілікті сарапшылар орындады. Тексеру нәтижесінде
мамандар Жоба аясында мынадай іс-шаралар жүргізуді ұсынды:
• терезені ауыстыру;
• жылыту жүйесінің гидравликалық теңгерімі, жылумен
жабдықтаудың көлденең магистральдарын жылумен оқшаулау,
жаңбыр суына арналған суағарларды жөндеу және кіретін есікті
оқшаулау жүйесін орнату секілді қысқа мерзімді шараларды қоса
алғанда, жылытуды автоматтандыра отырып, орталықтандырылған
жылытуға арналған қосалқы станция салу.
• спорт залында жылуды рекуперациялау (қалпына келтіру)
арқылы механикалық желдеткіш орнату немесе энергия тиімділігін
жақсартуға ықпал ететін өзге шараларды қолдану (қаржыландыруға
байланысты).
2013 жылы ақпанда БҰҰДБ/еҚДБ жобасы мектеп әкімшілігімен
кездесу өткізді, ал 2013 жылы наурызда қала әкімшілігі Табиғи ре-
сурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының
өкілдерімен дөңгелек үстелге қатысты. Кездесулерде БҰҰДБ/
ЖЭҚ-тің Астана қаласының басқа мектебі – дарынды балаларға
арналған «Зерде» мектебінің жылу жүйесін жаңғырту бойынша
қолданған алдыңғы жобасының тәжірибесі ұсынылды. Әкімдікте
өткен дөңгелек үстелде «Зерде» мектебіндегі жылу пунктін
жаңғырту бойынша энергия үнемдеу нәтижелерінің таныстырылы-
мы өтті, бұл жобаның нәтижесінде жылыту маусымында 35% энер-
гия үнемделген.
Қазіргі кезде қала әкімдігі 2013 жылы қала мэрлері қол қойған
келісімді орындау аясында қаланы орнықты энергетикалық дамы-
ту бойынша кешенді жоспар (ҚОДКЖ) әзірлеуде. Дөңгелек үстелге
қатысушылар ҚОДКЖ-ны әзірлеуде БҰҰДБ/ЖЭҚ пен БҰҰДБ/еҚДБ
жобаларының тәжірибесін ескеруді ұсынды.
Ол үшін жобаның міндеттерін орындау бойынша бірқатар іс-
шаралар қабылданды. Біріншіден, жылыту маусымында мектеп
бөлмелеріндегі температураны реттеуге мүмкіндік беретін мек-
теп ғимаратындағы автоматтандырылған жылу торабын (АЖТ)
монтаждау жұмыстары аяқталды. Бұл шара оқу процесі үшін
неғұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді, жылу энергия-
сын қазіргі кездегі деңгейінен кем дегенде 25-30%-ға үнемдеуге,
ендеше, соған сәйкес, парниктік газдардың шығарындыларын
болдырмауға мүмкіндік береді. Монтаж жасалған АЖТ-ны жылу-
мен жабдықтаушы компания қабылдап алды және ол пайдалануға
жарамды болып танылды.
Қазіргі кезде мектептің спорт залының энергия тиімділігін
арттыру үшін оның жылыту жүйесін қайта құрылымдау бойынша
жұмыстар жүргізілуде: жаңа фанкойлдар (әдеттегі, шойын жылы-
ту радиаторларының орнына) жинақталуда. Заманауи фанкойл-
дар жылудың берілуін ұлғайтуға, соған сәйкес жылу пайдала-
ну жүйесінің энергия тиімділігін бір мезгілде үстемелеген кезде
бөлмедегі жайлылықты арттыруға көмектеседі.
Жобаның негізгі мақсаты – энергетикалық
аудиторлардың ұсынымдары негізінде мектеп
ғимаратының энергия тиімділігін жақсарту.
Терезе ауыстыруы
53
энергоэффекТивные лампочки служаТ в 10 раз дольше
Мектеп ғимаратына жылу энергиясының біркелкі бөлінуіне
мүмкіндік беретін теңгерімді қақпақтарды монтаждау қатар
жүргізіледі. Бұған қоса, Астана нарығындағы энергия үнемдеуші
терезе конструкцияларын орнатумен айналысатын жетекші
компаниялардың бірі мектеп ғимаратында терезе конструкция-
ларын бөлшектеуді бастады. Жазғы маусымда мектептегі барлық
ағаш терезелер жылу өткізу қарсылығы RFr≥ 0,8 м
2
•С/Вт-тан
төмен емес жарық өткізгіш мөлдір конструкциялармен алмасты-
рылатын болады.
Орындалған жұмыстар (30.06.14 ж. жағдай бойынша):
1. 39 терезе конструкциясын бөлшектеу, оның ішінде:
- терезе блоктарын бөлшектеу;
- қорғасынмен қапталған болаттан жасалған суағарларды
бөлшектеу;
- ішкі терезе жақтауларының тақтайларын бөлшектеу.
Бөлшектелген тақтайларды, әйнектерді, басқа материалдар-
ды автокөлік құралдарына тиеу және оның шығарып тастау үшін
мұқият жинастыру.
2. 1-қабаттың терезелерін (директордың кабинеті мен спорт
залын есепке алмағанда), 2-қабаттың 6 кабинеттері, 3-қабаттың
15 кабинеттінің, 4-қабаттың 33 кабинеттінің, 5-қабаттың 41
кабинеттінің терезелерін орнату.
Барлығы: 39 терезе конструкциялары.
Оның ішінде аяқталғандары:
- терезе құрылымдарын жылытып тұратын қабаты бар
қорғаныш арқылы екі жағынан түйістіріп жалғай отырып, терезе
блоктарын монтаждау;
- сыртқы суағарларды орнату;
- терезе жақтауларын орнату.
3. Жоғарғы қабаттардың терезелерінің (барлығы - 13 терезе)
еңістері «KNAUF» типті ылғалға төзімді гипсті картондармен жа-
салды. 1-қабаттың терезелерінің еңіс жерлерін түзеу жұмыстары
жүріп жатыр.
4. Келесі қабаттың (қабаттың нөмірі – мектеп басшысының
келісімі бойынша) терезелерінің ойығын өлшеу жоспарлануда.
БҰҰДБ өз тарапынан әрі қарай да мердігерлердің жұмыстарын
қадағалайды, жүргізілген жұмыстардың сапасын бақылайды және
орнатылған жабдықтарды бұдан әрі пайдалану үшін мектепке іске
қосу-жөндеу жұмыстары бойынша жәрдемдеседі.
Күтілетін нәтижелер:
• Ұсынылып отырған іс-шараларға тартылатын жалпы инвести-
ция 204 023 АҚШ долларына бағаланады.
• Жылдық жұмыс жоспарында көрсетілген техникалық
айырықшалауларға сәйкес іс-шаралар мен технологияларды іске
асыру және жоғары сапалы етіп орнату.
• Сапаны бақылау және орнату жұмыстарына тартылған
мердігерлерді қадағалау.
• Мемлекеттік құрылыс қағидаларына және нормативтерге
сәйкес іске қосу-жөндеу жұмыстары.
• Іске асырылған шаралар мектеп ғимаратында оқушылар мен
оқытушылар құрамы үшін температураны жайлы етеді. Заманауи
технологиялар мен жылыту жүйесін автоматтандыру пайдалану
шығыстарын азайтады және ғимарат пен инженерлік желілердің
қызмет ету мерзімін ұзартады.
• Сипатталған шаралар сондай-ақ таза ауаның берілуін
жақсартуға және ғимарат ішіндегі ылғалды кептіру нәтижесінде
пайда болатын зең мен саңырауқұлақтардың пайда болуымен
байланысты гигиеналық шараларды болдырмауға әкеледі. Жылы-
ту жүйесін автоматтандыру жылу тұтыну үшін төленетін төлемді
азайтуға септігін тигізетін жылу жүктемесін азайтады.
фанкойл – негізгі функциясы ауаның
температурасын реттейтін құрылғы
болып табылады. фанкойлдар, әдетте,
желдеткіші, сүзгісі, басқару пульті бар жылу
алмастырғыштан тұрады.
фанкойлды еденге орнатуға, қабырғаға немесе
төбеге ілуге, жалғамалы төбенің сыртынадағы
ауа айдағышқа бекітуге болады.
54
Энергия тиімді құрылыс отын-энергетикалық ресурс-
тарды ұтымды пайдалану мен оны үнемдеп жұмсауға және
жаңартылатын энергия көздерін шаруашылық айналымға
енгізуге бағытталған құқықтық, өндірістік, техникалық ша-
раларды іске асыруды білдіреді. Өзінің сұхбатында осы
отандық құрылыстың энергия тиімділігін арттырудың өзекті
мәселелері туралы бізге дәрібала Тұрышева әңгімелеп берді.
- дәрібала Ақылтайқызы, бүгінгі күні мемлекет ғимараттар
мен үймереттерді энергия тиімді етіп жобалауды алға бастыру
мақсатында қандай шараларды қолға алып жатыр?
- Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
министрлігі құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық
саласында энергия тиімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс
жүргізуде. Құрылыс нормалары мен қағидаларының энергия
үнемдеу бөлігі тұрақты негізде жетілдіріліп отырады.
Соңғы жылдары жылу желілері мен жылыту жүйелері жөніндегі
бірқатар құрылыс нормалары мен қағидаларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді.
Жылу желілерінің энергия тиімділігін арттыру мақсатында
нормативтік-техникалық құжаттардың арнасыз төсеу (айырықша
оқшаулау) тәсілімен (сейсмикалық үйлер үшін 400 мм-ге дейін)
жылу желілерінің диаметрі 800 мм болатын алдын ала оқшаулау
құбырларын қолдану бөлігіне өзгерістер енгізілді.
Құрылыс
нормаларында
қабырғалардың,
жабынның
қалыңдығын есептеу, сондай-ақ жарық өткізгіш конструкциялар-
ды таңдауға қажетті қоршау конструкцияларының жылу өткізуге
қарсыласу коэффициенттері белгіленген.
енгізілген өзгерістерге сәйкес жаңа және қайта жаңғыртылатын
ғимараттарды жылу желілеріне тек автоматты жылу пункттері
арқылы қосуға ғана рұқсат етіледі.
Жалпы есептеуіштің көрсеткіштерін ескере отырып, әрбір
пәтердің жылуға жұмсайтын шығынын анықтау үшін жаңадан са-
лынып жатқан және қайта жаңғыртылатын ғимараттарда әрбір
пәтерге автоматты жылу реттегіші және жылыту жүйелерінің
көлденең ажыратқышы бар жылу шығынын есептеуішті міндетті
түрде орнату қажет.
Құрылыс объектілеріне қойылатын осыған ұқсас талаптар 2012
жылғы 13 қаңтардағы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бар.
- Елімізде құрылыс саласында реформа жүріп жатқаны
белгілі. Осы реформа аясында энергия тиімділігін алға
бастыруға қатысты қандай қадамдар жасалған?
- 2010 жылдан бастап Қазақстанда техникалық реттеу жүйесін
реформалау басталды, оның бірінші кезеңі 2015 жылдың басын-
да аяқталады. Модель ретінде өзінің тиімділігі жоғары екенін
дәлелдеген еуропалық нормалау базасы қабылданды.
Отандық тәжірибеге әлемдік стандарттарды енгізу замана-
уи жобалау шешімдерін тиімді қолдануға, жаңа материалдар
мен технологияларды пайдалануға, жалпы, тұрғызылып жатқан
объектілердің сапасы мен олардың энергия тиімділігін арттыруға
мүмкіндік береді.
2010 жылы «ҚазҒЗСТҚСИ» РМК (қазіргі «Қазақ сәулет-құрылыс
ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ еуронормаларды
Қазақстан Республикасының жағдайына қарай бейімдеу жұмысын
бастады. «ҚазҒЗСТҚСИ» АҚ-да 2011 жылдан 2013 жылға дейін
энергия үнемдеу және энергия тиімділігі мәселелері тікелей не-
ҚР ӨдМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті
жобалау жұмыстары басқармасының
бастығы, ҚР Үкіметі/бҰҰдб/ЖЭҚ «Энергия
тиімді жобалау және тұрғын ғимараттар
құрылысы» жобасының ұлттық директо-
ры, ЖбК төрайымы дәрібала Тұрышева.
қ
азiргi заман
ғ
ы жобалау шешiмдерiн
қ
олдану тиiмдiрек
ҚР Үкіметі/бҰҰд/ҒЭҚ «Тұрғын үйлерді энерготиімді
жобалау және құру» жобасы шеңберінде әзірленген
энерготиімді КПТҮ типті сериясының жобасы
55
сисТема «Теплый пол» экономиТ ценТральное оТопление
месе жанама түрде қозғалып отыратын мынадай нормативтік-
техникалық құжаттар әзірленді:
- «Күн сәулесі арқылы ыстық сумен жабдықтау қондырғыларын
жобалау және пайдалану ережесі» ҚР ҚН;
- «Жылыту, желдету және ауа баптау» ҚР ҚНже;
- «Ғимараттарды жылумен қорғау» ҚР ҚН;
- «Жабдықтар мен құбырларды жылумен оқшаулау» ҚР ҚН;
- «Ғимараттарды жылумен оқшаулауды жобалау» ҚР Қе;
- «Энергия үнемдейтін ғимараттар» ҚР ҚНже;
- «Балама энергия көздерін қолдана отырып, энергия тиімді,
экологиялық таза коттедж ғимараттарын жобалау» ҚР Қе;
- «Құрылыс жылу техникасы» ҚР ҚНже;
- «Жылу желілері» ҚР ҚНже;
- «Автономды жылумен жабдықтау көздері» ҚР Қе.
2014 жылы энергия үнемдеу мәселелерімен байланысты
нормативтік-техникалық құжаттардың толық қатарын әзірлеу жо-
спарланып отыр.
Энергия тиімді құрылыс отын-энергетикалық ресурстарды
ұтымды пайдалану мен үнемдеп жұмсауға және жаңартылатын
энергия көздерін шаруашылық айналымға тартуға бағытталған
құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми, өндірістік, техникалық және
экономикалық шараларды іске асыруды білдіреді. Осы нормалардың
барлығы 2015 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіле бас-
тайтын жаңа нормативтік-техникалық құжаттарда бекітілген.
Атап айтқанда, жаңа нормативтік-техникалық құжаттарда мы-
надай мәселелер көрініс тапқан:
- ғимараттарды қоршау конструкцияларының жылудан қорғау
қасиеттерін арттыру үшін энергия үнемдеудің жиынтық әсерін
анықтау арқылы энергияны тиімді пайдалана отырып, жобалау;
- техникалық шешімдерді оңтайландыру мен ғимараттардың
жылыту және желдету жүйелерін басқару тиімділігін оларды пайда-
лану режимін ескере отырып арттыру;
- жаңартылатын және екінші энергия ресурстарын пайдалану
арқылы энергия ресурстарды тұтынуды азайту;
- жылуды ұтымды пайдалану, адамға жайлы өмір сүру орта-
сын және архитектуралық, сындарлы, инженерлік шешімдердің
экономикалық оңтайлылығын қамтамасыз ету кезінде қоршаған
ортаға тигізетін зиянды әсерлерді азайту;
- ғимараттардың энергия тиімділігі көрсеткіштеріне қойылатын
жаңа міндетті талаптарды пайдалану және т.б.
Қолданыстағы нормативтік базаны түбегейлі өзгерту ҚР
ішкі жалпы өнімінің энергия сыйымдылығын азайту бойын-
ша белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге және энергия мен
энергетикалық ресурстарды ұтымды әрі экологиялық тұрғыдан
жауаптылықпен пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- Өңірлік даму министрлігінің құрылысты жобалауда энер-
гия тиімділігін ілгері жылжытуда халықаралық донорлық
ұйымдармен, атап айтқанда, бҰҰдб-мен ынтымақтастығы
қалай жүзеге асырылатыны туралы әңгімелеп беріңізші.
- Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі ҚР Бюджеттік
кодексіне сәйкес бюджеттік бағдарлама аясында министрліктер
мен ведомстволардың өтінімдері негізінде, сондай-ақ мемлекеттік
бағдарламалар аясында экономиканың алуан түрлі салаларының
объектілерін салу үшін үлгілік жобалар әзірлеуді жүзеге асырады.
Үлгілік жобалар әзірлеудің басты мақсаты климаттық ауданға сәйкес
белгілі бір жергілікті жерге бекіту арқылы оларды көп дүркін қолданудың
мақсаттылығы мен экономикалық тиімділігі болып табылады.
2012-2014 жылдарға арналған ҚР ҮИИДБ аясында 2012 жылдан
бастап индустриалдық құрылыс комбинаттары әзірлейтін энергия тиімді
материалдар мен технологияларды, бұйымдар мен конструкцияларды
пайдалана отырып, көп қабатты және аз қабатты тұрғын үй құрылысы
үшін үлгілік жобалар сериясын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сондай-ақ министрлік ҚР Үкіметі/БҰҰДБ/ЖЭҚ «Тұрғын үй
ғимараттарын энергия тиімді жобалау және салу» жобасының
(бұдан әрі – БҰҰДБ жобасы) атқарушы серіктесі болып табылады.
БҰҰДБ жобасы ҚІТКША бекіткен жобалауға қатысты
тапсырмаға сәйкес (5 қабатты – 4-сыныпты, 9 қабатты – 3-сынып-
ты) Қазақстанның геологиялық жағдайлары қалыпты болып келетін
климаттық кіші аудандары үшін индустриалды панель қаңқалы үй
салу жүйесінде тұрғын үйлердің типтік сериясын әзірледі.
Жобаларды әзірлеуші – С.С.Атаев атындағы ҒЗЖТҚИ – тұрғын
үй институты» мемлекеттік кәсіпорыны (Беларусь Республикасы).
9 қабатты үйлердің типтік сериясы жайлылық деңгейі бойынша
3-сыныптың енгізгі талаптарына, ал 5 қабатты үйлердің типтік серия-
сы 4-сыныптың негізгі талаптарына сәйкес келеді.
Бұл типтік серия мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы
негізінде ҚР ӨДМ Құрылыс істері және тұрғын үй – коммуналдық
шаруашылық комитетінің бұйрығымен бекітілген.
Қазіргі кезде типтік жобаларды пайдалану бойынша ҚР ӨДМ
мен ЖАО арасында қол қойылған келісімдер негізінде тұрғын
үйлердің типтік серияларын әрі қарай сату үшін жергілікті атқару ор-
гандарына және Үй салу комбинаттарына беру бойынша жұмыстар
жүргізілуде.
БҰҰДБ жобасы ғимараттың энергия тиімділігін төмендетуге
және парниктік газдарды пайдалану шығындарын кейіннен
азайтуға және олардың эмиссиясын қысқартуға әкелетін тұрғын
үйлерді энергия тиімді жобалау мен салудың жемісті халықаралық
тәжірибесін негізу мақсатында жобалау-сметалық құжаттаманы
әзірлеуге қатысты.
Базалық ғимарат ретінде (нәтижелерді салыстыру үшін) осыған
ұқсас архитектуралық шешімі, жинақылық, қабаттылық көрсеткіштері
бар және жарық түсетін жақтарға бағдарланған тұрғын үй қызмет
етеді. Базалық тұрғын үйдің орналасқан жері – Қазақстан Республи-
касы, Қарағанды қ., ермеков көшесі, 9-ш.а., №3 блок.
Бекітілген критерийлер негізінде бағдарламаға қатысушыларды
тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Жұмыспен қамту бағдарламасы
– 2020» еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру бағыты
бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жобалауы мен салуы
бюджеттен қаржыландырылатын пилоттық тұрғын үйге іріктеу жа-
салды. Базалық тұрғын үйдің орналасқан жері – Қазақстан Респу-
бликасы, Қарағанды қ., ермеков көшесі, 9-ш.а., №5 блок.
Бұл жұмыстарды орындау үшін 2012 жылы 12 маусымда
ҚІТКША (БҰҰДБ/ЖЭҚ Жобасының ұлттық серіктесі) Қарағанды
қаласының Құрылыс бөлімі және «ЮТеКС» ЖШС (мердігер) ара-
сында үш жақты шарт жасалды.
БҰҰДБ/ЖЭҚ бағдарламасының міндеті – жобалауға қатысу және
ғимараттың энергия сыйымдылығын азайтуға алып келетін қазіргі
заманғы халықаралық тәжірибені ескере отырып (пилоттық тұрғын
үйді жобалауға техникалық және консультациялық қолдау көрсету
үшін БҰҰДБ осы объектіні жобалау конкурсының жеңімпазын -
С.С.Атаев атындағы ҒЗЖТҚИ – тұрғын үй институты» мемлекеттік
кәсіпорыны (Беларусь Республикасы) анықтады.
ҒЗЖТҚИ – тұрғын үй институтының есептеуі бойынша, энергия
тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар есебінен күтілетін эконо-
мия 30%-дан асуға тиіс, мұнда жоба құнының қымбаттауы шама-
мен 10 %-ды құрайды.
2013 жылы 29 қарашада Мемлекеттік қабылдап алу
комиссиясының актісімен объект пайдалануға берілді. Қазіргі
кезде үйге қоныстанушылар толық орналасып болған жоқ (тек
4-секцияның 2 блогы ғана), бұл үйдің энергия тұтыну көрсеткішінің
нақты мәнін анықтауда қиындық келтіреді.
Сонымен қатар, пилоттық үйдің жылыту және желдету
жүйелеріне мониторинг жүргізіліп, 2015 жылы көктемде үйге
энергиялық аудит жүргізу жоспарлануда.
Сөйтіп, инженерлік желілері мен жабдықтары дұрыс орнатылған
жағдайда пилоттық үй жылу энергиясын тұтынудың салыстырмалы
түрде төмен деңгейін, сәйкесінше тұрғындар үшін коммуналдық
қызметтерге жұмсалатын шығынның оңтайлы деңгейін қамтамасыз
етуге тиіс.
- Қызықты ақпаратыңыз үшін рахмет.
данный номер можно найти на www.eep.kz
→
Достарыңызбен бөлісу: |