Прологті, эпилогті, екі бөлімді тарихи драма Қатынасушылар



бет3/10
Дата19.04.2023
өлшемі68,56 Kb.
#84451
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Үшінші сурет
Крайком. Сол бұрынғы көрініс. Тек Голощекин түрегеліп, ары-бері теңселіп жүр. Қолы дірілдеп графиннен су кұйып ішпек болады. Стақанын аузына апара беріп, ішпестен қайтадан қоя салады. Бюро мүшелеріне сүзіле қарайды.
Голощекин. Енді түсіндіңдер ғой жаудың қайдан шыққанын? (Әркімнің бетіне сынап қарайды. Кейбіреулер бас изейді.) Ал бұған қандай шара бар?
Құрамысов (қозғалақтап). Бұл хаттан оңшыл оппортунистердің иісі аңқып тұр. Партиялық жолмен жазалау керек.
Жантоқов (жарыса). Олар – пантюркист!
Голощекин (сақалы селкілдеп, ұзын саусақтарын ербеңдетіп). Алашорданың иісі аңқып тұр десеңші? Ай-ай, қандай улы жыланды қойнымызға салып отырғанбыз! Ақыры шақты міне! Осы жазушысымақты Крайкомның аппаратына алдырған сен емес пе едің? (Құрамысовқа шүйіледі).
Кұрамысов (сасқалақтап). Ол былай ғой...
Голощекин (сөзін шорт кесіп). Саяси соқырлық! Байқамадық. Мен әрдайым айтамын, 25-ші жылға дейін, яғни мен келгенге дейін Қазақстанда қазақтардан шыққан таза коммунист болған жоқ деп. Содан да бері жеті жыл өтті: бұлар әлі жетіліп болған жоқ! Әлі шикі. Кадр мәселесін шешіп отырған адамның түрі... (Құрамысовты меңзейді.)
Исаев. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде. Кім білген... Ондай ала Мәскеудің өзінен де шығып жатқан жоқ па?
Голощекин (шатынап). Иә! Иә! Дәлелдерің көп. Троцкий, Каменев, Зиновьев, Рыков... Солар ғой айтпағың?
Исаев. Солай-ақ делік...
Голощекин. Ендеше сол сабақ. Неге біз өз Троцкийлерімізді әшкерелемейміз? Неге оларды төңкеріп тастамаймыз?
Елеусіз (жанындағы Құрамысовтың құлағына сыбырлап). Не дейді? Бізде де Троцкий бар дей ме?
Құрамысов (жақтырмай, тыржың етіп). Иә!
Голощекин (алара қарап). Не сыбыр-күбір?
Құрамысов. Жай, мына кісі...
Голощекин. Түсінбей отыр ма? (Елеусізге таяп келіп.) Біздің арамызда да жаулар бар. Троцкийлер бар. Не істеу керек? (Құрамысовқа). Аудар.
Кұрамысов (Елеусіздің құлағына). Жау бар дейді. Не істеу керек дейді.
Елеусіз. А-а. Жау ма? Жауды аяған жаралы. Иә. кұрту керек. Мен қол көтерем. (Қолын көтереді.)
Голощекин. Әне, көрдіндер ме, қазақтың оқыған зиялылары! Сендерден гөрі оқымаған Елеусіз Елемесовичтің көзі әлдеқайда ашық. Адамда жай көз бар да (көзілдірігін шешіп), саяси көз бар.
Елеусіз (өзін Голощекин мақтап тұрғанын сезіп, екиеніп). Иә, жауды кұрту керек. Мен қол көтеремін. (Қолын ербитеді, бірақ басқа ешкім көтермегенін көріп, таң қалып.) Иә... кұрту... керек...
Голощекин (сәл саябырлап). Сонымен, бірауызды болайық. Бесеуін де партиядан аластау керек. Алашордашылармен қаншалықты қатынасы барын ОГПУ анықтасын. Шетінен бір-бірлеп шақырыңдар (Қоңырауды басып-басып қалады. Көмекші кіреді). Бәрі де келді ме әлгі бүлікшілердің?
Көмекші. Мүсіреповтен басқасы...
Голощекин. Ол жазушысымақ неге кешігеді? Айттың ба тез жет деп?
Көмекші. Иә. Екі рет...
Құрамысов (қыстырыла кетіп). Ол маңғаз ғой. Бір-бір басып жеткенше таң атар.
Голощекин (арық алақандарын ысқылап). Жынынан айырылған бақсыдай етерміз әлі, сонда маңғаздықтан не қалар екен. Осы жазушысымақтар неге кесірлі? Әне біреу Сейфуллин дегені тіпті кұдайдың өзімен қатар отырғандай шіренеді. Табылған екен Толстойлар!
Иванов. Филипп Исаевич, дегенмен тым қатты кетпейік. Бұл бесеудің жазып отырғаны, бір жағынан, шындық та ғой. Одан да хаттағы жайттарды кәперге алып, елге жағдай қарастырайық та.
Голощекин (талып қалғандай көзін алайтып, қолын жайып). Міне, тағы бір «қайырымды» басшы шыға келді. Сонда немене, кім жаман – Голощекин жаман, ә?! Сен ғой жақсы көрініп шыға келмекшісің ә?! Мүмкін, Голощекиннің орнына отырарсың ә?!
Иванов (қабынып). Не деп кеттіңіз, Филипп Исаевич? Құдай үшін, қиянат жасамаңыз!
Голощекин (қыбы қанғандай). Ә, қиянат Киянаттың көкесі міне! (Хатты сілкілейді.) Құрамысов! (Құрамысов селк ете қалады.) Саған ерекше тапсырма: бұл басбұзар ұлтшылдар мұндай хатты Мәскеуге де жолдауы мүмкін. Поштаға, телеграфқа мұқият бол, бұл сипаттағы бірде-бір қағаз Мәскеуге жіберілмесін. Тікелей бақылауға ал!
Құрамысов. Құп болады, Филипп Исаевич! Мен... қазір. (Шығып кетеді.)
Иванов. Егер бұл хат жала болса, Мәскеуге жөнелтілгенінен несіне қорқамыз?
Голощекин. (шоқ басқандай ұшып тұрып). Қорқып отырған ешкім жоқ, Иванов! Голощекин ешкімнен де қорықпайды. Голощекиннің іс-әрекетін Сталин жолдастың өзі жүз пайыз құптайды!
Иванов (ығыңқырап). Онда еркіңіз білсін.
Голощекин (қоқиланып, қоңырауды басып-басып қалады. Көмекші кіреді). Келді ме әлгі маңғаз жазушы?
Көмекші. Келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет