Психокоррекция на каз



Pdf көрінісі
бет10/59
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84040
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
Жаттығу «Пойыз» 
Ойын шеңбер бойынша жүргізіледі. Алдымен бірінші, екіншіге саналу керек. 
Біріншілер-алақанмен шапалақтайды, екіншілер аяқтарымен. Екінші 
номердегілер - екі шапалақ, біріншілер - бір рет. Қозғалыс кезек бойынша 
жүргізіледі: бірінші-екінші, бірінші-екінші. 
5 ТРЕНИНГ 
«Танысу ойыны» 
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым- 
қатынастың белсенді стилін жəне кері байланыс тəсілдерін меңгеру. 
-Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі 
бойынша, кезек-кезек əр қатысушы өз атын жəне өзінің нақты сүйікті ісін 
айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін 
қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, 
екінші адамның айтқанын қайталап, онан соң ғана өзі жайлы хабарлайды. 
Ойын осылай жалғаса береді. 


Талқылау: 
1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталды? 
2. Несімен жақсы сақталды деп ойлайсың? 
3. Қай қатысушыны еске түсіру қиынға соқты? 
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың? 
5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай əсер етті? 
Интеллектіні жақсарту үшін ең алдымен өмірге деген қызығушылықты 
дамыту керек, əр заттан қызық нəрсені алу керек. 
 Есті дамытуға арналған «Саусақтар» жаттығуы 
 
Қатысушыларға ыңғайлы отырып, шеңбер құруы керек. Саусақтарды тізенің 
үстіне қойып, үлкен саусақты еркін ұстау қажет. «Бастадық» нұскауы 
берілгеннен соң, үлкен саусакты басқа саусақты айналдыра, баяу 
жылдамдықпен, олардың бір-біріне жанасуын қамтамасыз ете отырып
қозғалту керек. Осы қимылды есте сақтау керек. «Тоқта» нұсқауынан кейін 
қимылды дереу тоқтату керек. Ұзақтығы 10-15 минут. 
Жаттығу саусақтарды мағынасыз қозғалту арқылы есте сақтаудың тазалығын 
қамтамасыз етеді. Бұл жаттығу көбіне қиындық тудырады, себебі объект 
қарапайым емес затка арналған. Егер қатысушы жаттығу кезінде «ұйықтап 
қалса», онда бұл жаттығу оған болашақта сабыр сақтауы үшін қажет болады. 
Кейбір қатысушылар қызықты сезімдер бастан кешіреді. Мысалы, 
саусақтарының үлкеюі немесе ұюы, қозғалыстарының өзгеруі. Кейбірі 
мазасыздық пен сабырсыздық сезінуі мүмкін. Осы құбылыстардың себебін 
анықтауға тырысыңыз. Ол міндетті түрде практикалық сабақтың сыртында 
болады. Егер қатысушының кулкісі келсе, оған қалағанынша күлуіне 
мүмкіндік беріңіз: күлкі мазасыздықтан қорғайды. Жаттығуды орындау бір 
затты ғана талап етсе, жаттығу кезінде түрлі құбылыстар орын алады. 
Қатысушы қимылынан түсініксіз құбылыс байкаса, сол сəтке аса назар 
аударуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет