Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз ҽрбір
адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық
стандарттары жҽне рухани қҧндылықтарын бағалайтын қоғам қҧруымыз керек», - деп атап
кҿрсетті.
Осы талаппен «Ҿзін-ҿзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының,
ҿскелең ҧрпаққа адамгершілік - рухани білім беру жҽне тҽрбиелеу басымдылығының мҽнін
кҥшейтуге бағытталған, жалпы мақсаттары ҧштасады.
Ҿзіңді-ҿзі тани біл сҿзі антика философиясының екінші кезеңі – классикалық кезең -
атақты ойшыл-философ Сократтың есімімен тығыз байланысты. Ол: . «Мен ҿзімнің тҥк
білмейтіндігімді білемін», - деген қағиданы ҿз философиясының негізгі қағидаларының бірі
етіп басшылыққа алды. Осыдан келіп, ол екінші қағиданы ҧсынады, ол – «Ҿзіңді-ҿзің танып
біл!».
Ҿзіңді біл дегенде, бҧл тек жеке басыңды ғана біліп қой дегендік емес, бҧл - ҿз
тарихыңды біл, дҽстҥрлеріңді біл, ата-бабаларыңның игі жақсылығын ҥйрен, ҥй ішіңді біл,
оның тарихын біл, ауыл-айналаңды біл дегендік. Осылардан басталған білім барлық
білімдеріңнің іргетасы болады.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №6 2010.
6
Ҿзіңді-ҿзің тану деген - ҿзіңді қоғамдық, ҽдептілік тҧлға ретінде қарастыру арқылы
барлық адамдарға тҽн ҽдептіліктің негізгі қасиеттері тҿңірегінде этикалық ҧғымдар
қалыптастыру \1\.
Қазақ халқының ғҧлама ғалымы ҽл-Фараби \2\: «Адам мақсатына ҿзін-ҿзі жетілдіру
арқылы жетеді жҽне адамның басына қонған бақтың тҧрақты болуы жақсы мінез-қҧлыққа
байланысты», - деп ой тҥйіндеген екен. Ал ҿзіңді жетілдіру жҽне бойыңда жақсы мінез-
қҧлықты қалыптастыру ең алдымен ҿзін-ҿзі танудан басталса керек. Ҿйткені, ҿзіңнің кім
екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тҽрбиесінің қай бағытта жҥретіні, қандай мінез-
қҧлық қалыптастыру қажеттігін қайдан білеміз. Ал мҧның ҿзі тек білім саласын ғана емес,
сонымен бірге ҿмірде болып жатқан ҿзгерістерді тҥйсіне білуді талап ететіні тҥсінікті.
Ҿскелең ҧрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тҽрбиелеу мҽселесі ҽрқашан ҿзекті
болып табылады. «Бҿбек» қорының президенті С.А.Назарбаеваның бастамасымен білім беру
ҥрдісіне енгізілген рухани-адамгершілік тҽрбие беретін «Ҿзін-ҿзі тану» бағдарламасы осы
рухани-адамгершілік тҽрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тҧлғаны қалыптастыруды
кҿздейді.
Ҿзін-ҿзі тану пҽні – адам мҽнінің аса маңызды кҿрінісі болып табылады.
«Ҿзін-ҿзі тану» пҽнін Қазақстан Республикасындағы білім беру процесін дҥниетанымдық
ҿзгертудің нақты бастамасы деп анық тҧжырымдауға болады. Ҿскелең ҧрпаққа
адамгершілік-рухани білім беру жҽне тҽрбиелеу қазақстандық қоғамда жалпы адамдық,
жалпыҧлттық, этномҽдениеттік жеке тҧлғалық қҧндылықтарының ҥйлесімді бірігуінің
бағдарланған, олар адамға қоғамға қызмет етуде ҿзін толық пайдалану, ҿзінің мҽнін жҽне
ҿмірдегі тағдырын білуге мҥмкіндік береді /3/.
Міне сол арқылы ғана ҿзін-ҿзі тану, білім мағынасының қҧндылығын кҥшейте отырып,
жеке тҧлғаның риясыз сҥю, ҿзіне жҽне ҿз кҥшіне сену, жақсылық жасау, кҿп білу жҽне ҿзін-
ҿзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, ҽлеуметтік жҽне шығармашылық дамуда
ҥйлесімділікке жету қабілетін ашады жҽне дамытады.
Тҧлғаның ҿзін-ҿзі тануы болашақ педагогтің рухани мҥмкіншіліктерін, оның тҧлға
ретіндегі, мҽдениет, ҽлеуметтік жҽне кҽсіби шығармашылық субъектісі ретіндегі мҽнін
дамытуды жҽне байытуды кҿздейді.
Ҿзін-ҿзі тану пҽні арқылы ҽрбір студент ҿзінің сҽйкестілігін жҽне неге арналғанын
сезініп, тҥсінуіне, жалпы адамзаттық идеалдармен, жалпыҧлттық қазақстандық идеямен
жҽне ҿзінің қайталанбас даралығымен сҽйкес келетін қҧндылықтардың ҿзіндік
жҥйесін қалыптастыруға жағдай жасап, мҥмкіндіктер тудырады.
Ғылыми тҧрғыда ҿзін-ҿзі тану айқынырақ психологияда қарастырылады.
Психологиялық концепцияның қай жағында болсын, сол бір жақтары ерекшеленеді.
Мысалы, классикалық психоанализде ҿзін-ҿзі танудың маңызды қҧрастырушысы ығысқан
санасыздықты меңгеру болып табылады.
Австриялық психолог, ҽрі психиатр З.Фрейдтің /4/ ойынша, ығысуға санаға тиімсіз, ең
алдымен сексуалдық жҽне агрессиялық тенденциялары жатады. Психоаналитиктің рҿлі
мынадан тҧрады, яғни психоанализдің арнайы техникаларын қолданып, ығыстырылғанды
меңгеріп пациентке кҿмектесу болып табылады. Нҽтижесінде тҧлға тазарады жҽне жазылады
десе, ал А.Адлер /5/ ҿзін-ҿзі танудың мҽнін адамның ҿз ҿмірлік мақсатын тануынан кҿреді
деген.
Швейцария психологы К.Юнг тҧлғаның кҿлеңке жаққа кеткен аймақтарын тануға зейін
аударады, яғни адамның ҿзінікі ретінде мойындалмайтын, шын мҽнінде бойында болатын
нҽрсе. Осы жақтарды танып, қабылдаудың міндеті сол арқылы ҿз Менінің тҧтастығы мен
толықтығын иемдену.
Психосинтездің негізін салушы, италян психологы Р.Ассаджиоли бойынша ҿзін-ҿзі
танудың негізгі идеясы ішкі гармония мен Жоғарғы Меннің бірігу жетістіктеріне сҽйкес
келуі болып табылады.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №6 2010.
6
Ҿзін-ҿзі танудың сферасын бірден бір қарастырған америкалық психолог У.Джемс /6/.
Адам санасындағы танымдық элементтердің негізінде ол мынаны бҿледі: физикалық
тҧлғаны, ҽлеуметтік тҧлғаны жҽне рухани тҧлғаны.
Физикалық тұлға – бҧл адамның денесіне ҧйымдастырылған жҽне адамға
қатыстының немесе оның айналасын қҧрайтынның барлығы: киім, жанҧя, ошақ қасы,
жағдай, ҿз еңбегіңнің жемісі.
Әлеуметтік тұлға - бҧл басқа адамның бізді тҧлға ретінде мойындауы. У.Джемстің
айтуынша, қанша индивид ҿз тҧлғалығы немесе сол жайында кҿрініс барын мойындаса,
сонша ҽлеуметтік тҧлға болады.
Рухани тұлға – бҧл нақты алынған рухани қабілеттер мен қасиеттердің, сананың
жеке жағдайының толықтай бірігуі. Тҧлғаның барлық осы ҥш типі де иерархиялы
ҧйымдастырылған. Жоғарғы деңгейі рухани тҧлға, ал ең тҿменгісі- физикалық тҧлғадан
тҧрады. Ҽлеуметтік тҧлға аралық жағдайды иемденеді.
Сонымен қатар отандық психолог А.Н.Нысанбаев пен Г.Г.Соловьева «Ҿзін-ҿзі тану»
пҽні тҧжырымдамасының ҿз нҧсқасын ҧсынды.Ал, Ж.И.Намазбаева /7/ ҿзін-ҿзі танудың
бірнеше жолдарын талдай келе, соның ішінде басқаларды тану арқылы ҿзін-ҿзі тануды
ерекше бҿліп кҿрсетеді. «Қарым–қатынас ҥрдісінде адамдар бірін–бірі танып, біріне–бірі
баға береді. Ҿзгенің осындай бағалауы ҽр адамның ҿзін-ҿзі бағалауынан кҿрініс танытатын
болады». Демек, ҿзгелердің берген бағаларын ескере отырып, адам ҿзін - ҿзі бағалайды,
таниды.
Ал студенттік шақтағы қарым-қатынас мҽселесіне келсек, ҿзінің жоғарғы
кҿрсеткіштерінде қарым-қатынас айналадағылармен контактқа тҥсудің рухани қажеттілігі
сияқты ілгері басады, сондай-ақ адамдар арасындағы басқа адамдарға оның қоғамдық
маңызын айқын кҿрсетеді. Оны Ж.Ж. Руссо ҿзінің «Исповеди» атты еңбегінде бейнелейді:
«Менің бірінші ең ҥлкен, ең кҥшті қажеттілігім тҧтастай менің жҥрегімде қортындыланды:
бҧл мҥмкін болатын интимдік жағдайда тығыз қарым-қатынастағы қажеттілік».
Қарым-қатынас – біріккен іс ҽрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы
байланыстың дамуын орнататын кҥрделі кҿп жоспарлы процесс.
Шартты тҥрде қарым-қатынастағы қажеттіліктің негізгі екі формасын бҿлуге болады:
1)
қарым-қатынас іс-ҽрекетті ҧйымдастырудың тҽсілі ретінде;
2)
қарым-қатынас адамның басқа адамның рухани қажеттілігіне қанағаттануы ретінде;
Ол жастық аспекттеде ҽр тҥрлі кезеңдерден ҿтеді жҽне ол жҥйелік тҽсіл аймағындада
ҿте қажет. Жастық аспектіні қарастыруда қарым-қатынас қажеттілігінің дамуы ҽсіресе тҽсіл
мен «кҿлем» оның тҧлғаны қалыптастыруда қанағаттануы да маңызды. Ҽсіресе, ҿзін-ҿзі тану
пҽні барысында қарым-қатынастағы қажеттілік студенттердің тҿменгі курстарында, яғни,
бірінші курстарда кҿрінеді. Олардың кҿпшілігінде жоғарғы оқу орнына тҥскенге дейінгі
жеке контакттар ҥзіледі (жанҧямен, достарымен). Ҥйренбеген жаңа ортада интенсификация
(кҥшейту) болады. Яғни тек басқаны ғана танып қоймай ҿз-ҿзін тану да қатар жҥреді.
Айналадағылармен ҥйреншікті ҿзара қатынастың бҧзылуы сирек невротикалық
бҧзылыстардың кҿрінуіне ҽкеледі. Психологиялық кеңес беруде, психотерапияда жҧмыс
істейтіндердің айтуынша оларға кҿмек сҧрап баратындардың кҿпшілік проценті 17-ден 25
жасқа дейінгі жастар. Кҿптеген адамдар дҽл осы студенттік шақта пайда болған қарым-
қатынастың стихиялы стилін тҥзетуді қажет ететінін тҥсіне бастайды. Оларға
айналадағылармен ҿзара қатынастың міндеттерін қайта қҧруға тура келеді. Бҧл ҿз кезегінде
кҿп ойланатын жастарды ҿзін терең тҥсінуге, ҿзінің жеке сапаларын, жетістіктері мен
жеткіліксіз жақтарын тҥсінуге, ҿз-ҿзін тҽрбиелеумен айналысуға итермелейді.
Қарым-қатынастың студенттер ҿмірінің барлық сферасында, тіпті олардың
профессионалдық жҽне ҽлеуметтік-психологиялық бейімделуінде де маңызы ҿте зор. Ерекше
зейінді авторлар студенттік шақтағы қатынас пен қарым-қатынас белсенділігіндегі ҿзара
байланыс қажеттілігіне аударды. Олар ҽділетті тҥрде студенттік шақтағы маңызды
ҽлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерге міндетті тҥрде іс-ҽрекеттің ҧжымдық формасына
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №6 2010.
6
тырысудан туындаған, қҧрдастарымен интенсивті қарым-қатынас қажеттілігі кіретінін
белгілейді.
Жоғарғы оқу орнында «Ҿзін-ҿзі тану» курсын оқыту ҽдістері қазіргі жаңа жҽне
классикалық ҽдістердің ҥйлесімділігі мен олардың жан жақтылығын талап етеді. Оқытушы
студенттерге білім мазмҧнын бере отырып, оны дамытуға, ҿзіндік білім алуға дҧрыс бағыт
бере отырып, жауаптылыққа дағдыландырады. Сонымен бірге, оқытушы студенттердің білім
алуға қызығушылығын арттыру мақсатында ҽрекет етеді. Студенттердің бір-біріне кҿңіл
бҿлулері барысында ҥйлесімді қарым-қатынастың қалыптасуы, бір-бірінен оқып ҥйренулері
арқылы жаңа материалды, ақпараттарды меңгерулері артады.
Сондықтан да, студенттердің арасында топтық қызығушылықтарын қорғаумен
байланысты, сондай-ақ хабарлай отырып орындауға болатын ҧжымдық бағытта жҥретін
тапсырмалардың маңызы ҿте зор. Студенттер коммуникативтік дағдылар қажеттілігінің
маңыздылығын, қатынастың дамуын анық меңгереді.
Жоғарғы оқу орнына келген студенттер алғашқы кездерде ҽр тҥрлі жағдайлық
сензитивті кезеңдерді, жаңа талаптар мен ықпалдарды жоғары қабылдауды басынан ҿткізеді.
Сондықтанда, қарым-қатынастың студенттер ҿмірінің барлық сферасында, яғни олардың
профессионалды қалыптасуы, тҧлғалық қасиеттерінің дамуы, топта жҽне студенттік
ҧжымның қалыптасуындағы тҧлғааралық қатынастың қалыптылығы, ҽлеуметтік-
психологиялық бейімділігі жағынан алатын орны ҿте ҥлкен.
Студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасқа тҥсуіне адамдардың ҽлеуметтік ҿміріндегі
ҿзара ҽрекет жасауының негізі екендігіне мҽн беруге жҽне олардың қарым-қатынас жасаудың
қуатты қҧрал - тілге деген қҧрметтерін дамыту негізгі орынды алады. Студентпен қарым-
қатынас кезінде, оқытушының негізгі назары ҽр студенттің ҿзін-ҿзі жетілдіруге, ҿмір тҥйінін
іздестіруге, оның шындыққа, адалдыққа, жақсылыққа, ҽсемдікке ҧмтылуына қабілеттілігін
дамытуға, оның субъект болу қабілетін дамытуға, мҽдениет қҧндылықтарының мҽнін
қабылдау мен тҥсінуге аударылуы керек. Оқытушы ҽрбір студенттің ерекшеліктерін ескере
отырып, студенттердің қоршаған ортада ҿзінің тҧлғалық Менін жете тҥсінуіне кҿмектеседі.
Ол дайын білімдерді жеткізуші емес, студенттердің ҿмірдегі маңызды іскерліктері мен
дағдыларын игеруге жетелейтін ҿзін-ҿзі тану процесінің жетекшісі. Оқытушы студенттермен
бірге ойланады, жаңалықтар ашады, дауларды шешеді, таңданады, кҥмҽнданады, бірлестік
ҽрекеттеріне қызығушылықпен ҿмірдің ақиқатына кҿз жеткізеді, топта жағымды жағдай
туғызады.
Психологиялық іс-ҽрекет оқытушы мен студент арасында тең қҧқықтылық сақталатын
ынтымақтастық, серіктестік ҧстанымдары бойынша қҧрылады. Оқытушы рухани
қҧндылықтарды талдай отырып бала жҥрегіне мейрімділіктің, адамгершіліктің нҧрын себеді.
Студенттер ҿзін-ҿзі тану сабағында ҥйренгендерін ҿмірде кҿрсете алуы ҥшін ҥлкендер
студенттер ҥшін ҥлгілі, досжанды, мейірбанды, шыдамды жҽне сезімталды болуы тиіс.
Кҿрнекті гуманист жҽне педагог Януш Корчак ҿзінің ―Баланы қалай сҥю керек‖
еңбегіне нағыз мҧғалім ―бҧғау салмайды, ал еркіндік береді, басымдық кҿрсетпейді, мақтап-
мадақтайды, мыжғылап тастамайды, ол қалыптастырады, бҧйырмайды, ол ҥйретеді, талап
етпейді, ол сҧрайды, балалардың қиналған сҽттерінде олармен бірге кҥйзеліске тҥседі.‖ деп
айтқан болатын. Жоғары оқу орындарының оқытушысы ҿзін-ҿзі тану пҽнін жҥргізгенде де
дҽл солай болуы тиіс деп ойлаймын.
Осындай тҿрт жҥз жыл бҧрын ҿмір сҥрген, дидактиканың негізін салушы, педагог-
гуманист Ян Амос Коменский ―Алдымен сҥю, содан кейін ҥйрету‖ деген болатын. Баланы
кішкентай кҥнінен сҥюге ҥйрету керек, ҿйткені махаббат пен сыйластық адамның ішкі
дҥниесінде жҽне қоршаған ортасында да тыныштық пен ҥйлесімділікті орнатады. Біздің
тҽрбиленушілеріміз ҽрбір жаңа кҥнді ҿз айналасына мейірімді, жағымды жағдай тудыратын
жымиюдан бастауы ҿте маңызды.
«Ҿзін-ҿзі танудың» оқытушысы студенттің психологиялық ақиқатты меңгерудегі
қозғалысының барысын нақты жҽне пара-пар бақылап, оның оқу қарым-қатынасындағы даму
процесін тҥзету жҽне бағыттау қабілетіне ие болуы тиіс. Ол ҥнемі студенттермен ҿзара
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №6 2010.
6
ҽрекеттестікте, оның тҧлғалық дамуына қатысты зерттеушінің орнында болады. Зерттеушілік
қызметінің, дҽл элегиялық ҽдістермен жҧмыс жасауында, анық кҿрініс беретіні табиғи нҽрсе.
Осы тҧрғыда жоғары оқу орындарында студенттер «Ҿзін-ҿзі тану» курсын оқыту
ҥрдісінде тҧлғаның кҿпқырлы ҽлеуметтік, психологиялық қасиеттерін тҧлға мен оны
қоршаған орта ҽрекеттерінің ҥйлесімділігін ҿзара қарым-қатынастың психологиялық
аспектілерін меңгереді.
ҼДЕБИЕТТЕР
1.
Ҽбдіғапбарова Ҧ.А., Нҧркеева С.С. Ҿзін-ҿзі тану. Оқу қҧралы. «Бҿбек». Алматы, 2010.
2.
Аль - Фараби. Философские трактаты. - Алма-Ата, 1970.
3.
Назарбаева С.А. Урок самопознания: (Беседа с автором нового предмета \ Беседовала
А.Туленова), Экспресс К. – 2001. 10 СЕН.
4.
Фрейд З. Психология бессознательного. – СПб.: Питер, 2004.
5.
Адлер А. Понять природу человека. – СПб., 1997.
6.
Джемс У. Психология М.: Педагогика 1991. с.119-140.
7. Намазбаева Ж.И. Жалпы психология. Алматы, 2006.
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақалада «Ҿзін-ҿзі» тану пҽні арқылы студенттердің ҿзара қарым-қатынас
ерекшеліктерінің ҽлеуметтік-психологиялық маңызы қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются социально-психологические особенности межличносного
взаимоотношения студентов на уроках самопознания.
«ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ» ПӘНІН БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бапаева М.К., - пс.ғ.к., доцент (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Тҧлғаның белсенді ҿмірлік ҧстанымдарын қалыптастыруды меңзейтін білімді
жетілдірудің қазіргі заманғы жағдайында еліміздің білім беру саласына енгізіліп отырған
«Ҿзін-ҿзі тану» оқу пҽнінің маңызы ерекше ерекше орын алады.
Жастар жоғары оқу орындарында ҽлеуметтік жағдайлармен бетпе-бет кездеседі,
олардың алдарында ҿмірлік мҽні бар, ҿзіндікшешімдерді талап ететін міндеттер тҧрады. Осы
кезеңде олардың бойында кҿп ҿзгерістер болады, ҿзіндік даму ҥрдісі одан ҽрі жалғасады:
студент болу, тҧлғалық дамуға қадам ретіндегі білім алуға бет бҧруы; кҽсіптік таным мен
ҿзін-ҿзі тану, болашақ ҿмірлік серігін іздеу бағытындағы сезімдік-эмоциялық қарым-қатынас
аясы кеңейеді.
Студенттік жылдардағы ҿзіне тҽн бейнесі қалыптасып, мінез-қҧлықтың ерекшелігі
жҽне темперамент тҥрі айқындалады. Тҧлғаның жеке ерекшеліктеріне сай кҽсіби,
толыққанды сапалар мен ҽлеуметтік сезімдер қалыптасады.
Қазіргі кездегі жҽне болашақтағы негізгі мақсаттар анықталып, ҿмірлік бағыт-бағдар
бойынша жауапты шешімдер қабылданады. Сондықтан да жоғары оқу орындарында «Ҿзін-
ҿзі тану» курсын оқып-ҥйрену тҧлғаның кҿпқырлы ҽлеуметтік қасиеттерін жан-жақты ашу,
тҧлға мен оны қоршаған орта ҽрекеттерінің ҥйлесімділігі, жеке жҽне ҽлеуметтік ҿмірдің
адами кҥш-қуаттық мҽнін ашу, жеке ҿмір жолын таңдай алуды қалыптастыру, кҽсіби
тҧрғыдан қалыптасуға қол жеткізу, отбасылық ҽлеуметтенуге бағыт-бағдар берумен тығыз
байланыста қарастырылады.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №6 2010.
6
«Ҿзін-ҿзі тану» курсын оқыту ҥрдісінде студенттерге берілетін білім пҽнаралық жҽне
жеке тҧлғаға бағытталған сипатта болуы тиіс. Жоғары мектепте орта мектептің жоғарғы
сыныптарымен салыстырғанда білім мазмҧны – рефлексті-логикалық деңгейде қалыптасады
да, сыни тҧрғыдан қабылданып, қарым-қатынастың қолданбалы білік, дағды тҥріне
айналады. Білімнің басты мазмҧнында қазіргі заманғы танымның ҽлеуметтік-адамгершілік
жҽне жаратылыстану сынды салаларының маңызды жетістіктері мен тҧлға қалыптастыру
саласындағы жаңалықтар біртҧтас бірлікте қарастыру кҿзделген.
Тҧлғаның ҿзін-ҿзі жетілдіруі ісінде меңгерілуге тиіс білім ҥлкен рҿл атқарады. Ҿзіндік
таным барысында ҿзін-ҿзі шыңдауға талпыныс, сезімдік-эмоциялық жағдайын бағалау жҽне
тҥрлі жағдайларда ҿз бетімен шешім қабылдай алу дағдылары қалыптасады. Бҧл тҧрғыда
кҿркем-ҽдеби шығармаларды, психологиялық, философиялық, ҽлеуметтік идеяларды ғана
талдау жеткіліксіз, сонымен бірге оқытылатын материалды бҥгінгі кҥнмен, замандас
адамдардың ҿмірімен тығыз байланыста қарастыру қажет.
«Ҿзін-ҿзі тану» ҽлемді белсенді, іс-ҽрекетті тҥрде игеру мен оны аялап, мҽпелеп сақтау
идеясының бірлігіне негізделген. Соның нҽтижесінде, адамның қарым-қатынас пен ҿзара
тҥсіністік, жақсылық пен ҽсемдікті туындатуына бағытталған біртҧтас дҥниетанымы
қалыптасады.
Тҧлғаның
қажеттіліктері
оның
белсенділігінің
бастауы
болып
табылады.К.А.Абулханова белсенділік – бҧл тҧлғаның қажеттіліктері мен қабілеттерінің,
олардың ҿмірге қатынастары мен қоғамның тҧлғаға қоятын талаптарын интеграциялау
негізінде тҧлғаға ғана тҽн, ҿмірді ҧйымдастыру, реттеу жҽне ҿзіндік тҽсілі деп тҧжырым
жасайды /1/. Адам биоҽлеуметтік организм болғандықтан оның қажеттіліктері де
биологиялық ҽрі ҽлеуметтік болуы мҥмкін.
Ҿзін-ҿзі тану процесс ретінде ерекше белсенділіктің кҿріну формасы ретінде
анықталады, демек оның негізінде ҿзін-ҿзі тану қажеттілігі деп атауға болатын қажеттілік
жатыр. Оны қанағаттандырудың пҽні ретінде ҽлем, қоршаған орта анықталады. Адамның
адам болып қалыптасуының ҿзі ҿте ерте кҿрініс беріп, алғашқысынан-ақ ҽлеуеті бар
аталмыш қажеттіліктің қалыптасуына байланысты. Еңбек, оқу, қарым-қатынас та таным
қажеттілігінсіз мҥмкін емес. Адам, оныі ішкі ҽлемі ҿзін-ҿзі танудың обьектісіне айналғанда
таным қажеттілігі ҿзін-ҿзі тану қажеттілігінің формасына ие бола бастайды.
Ҿзін-ҿзі тану қажеттілігінің ҿз бетінше ҽрекет етпей, басқа да қажеттіліктермен, атап
айтқанда Меннің қажеттіліктерімен тығыз байланыста болатындығын ескеру қажет.
Олардың ең маңыздысы: ҿзін-ҿзі силау қажеттілігі, Меннің біртҧтастығына деген қажеттілік,
ҿзін-ҿзі салыстыру қажеттілігі, ҿзінің ҿзгелердің тарапынан мойындауына деген қажеттілік
жҽне т.б.
Ҿзін-ҿзі сыйлау қажеттілігі адамның ҿзінің жҽне айналасындағылардың талаптарына
сай келу бетбҧрысын анықтайды. Меннің біртҧтастылығына деген қажеттілік адамның ҿз
Менінің біртҧтас, аяқталған бейнесін қалыптастыру ҧмтылысымен сипатталады. Ҿзін-ҿзі
салыстыру қажеттілігі Меннің бірлігін «екі ҧштыланбауын» қамтамасыз етсе, ҿзгелердің
мойындауына деген қажеттілік сол міндетті қамтамасыз ететіндей ҿмір сҥру, еңбек ету, оқу,
араласу тілегін анықтайды.
Аталмыш қажеттіліктердің барлығы ҿзара тығыз байланысады, бірін-бірі ҿзара
толықтырады, мінез-қҧлық мотивациясының кҥрделі тармақтарын шарттандырады.
Қанағаттандырылған ҿзін-ҿзі тану қажеттілігі басқа барлық қажеттіліктердің де
қанағаттандырылуын жеңілдетеді.
Аталған қажеттіліктердің негізінде адамның ҿзін-ҿзі дамытуымен байланысты, жоғары
реттегі қажеттіліктер: ӛзін-ӛзі дәлелдеу, ӛзін-ӛзі жетілдіру, ӛзін-ӛзі жүзеге асыру жҽне т.б.
қажеттіліктер туындайды.
Ҿзін-ҿзі тану қажеттілігінің жҽне Меннің оған байланысты ҿзге де қажеттіліктерінің
кҿрініс беруінің деңгейі ҿзін-ҿзі тану мақсаттары мен мотивтерінің ерекшеліктерін
анықтайды. Мотив – іс-ҽрекетке нақты ҧмтылыс, онда қайсібір қажеттілік анықталады.
Мҽселен, қарым –қатынас қажеттілігі қарым –қатынас мотивін, еңбек ету қажеттілігі –еңбек
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №6 2010.
6
іс -ҽрекетіндегі мотивтерді, ҿзін-ҿзі тану қажеттілігі - ҿзін-ҿзі тану мотивтерін белсендіреді.
Адам белгілі бір мотивтің ҽсерінен іс -ҽрекеттің нақты мақсаттарын кҿздеп, ҽрекеттердің
амалдарын, ҽдіс –тҽсілдерін, бірізділігін қолдана отырып оларға қол жеткізеді.
Мақсат бҧл - болашақ нҽтиженің бейнесі. Ҿзін-ҿзі танудың мақсаттары кең және тар,
реалды және реалды емес, шынайы және жалған деп жіктеледі.
Ҿзін-ҿзі танудың ең кең мақсаттарына адамның тҧтастай ҿзінің тҧлғасын жҽне ҿмірлік
мақсаттарын тануы жатса, тар мақсаттарға Меніміздің біз ҥшін нақ осы шақта маңызды
бейнесінің нақты мазмҧны жатады.
Реалды мақсат - ҿзімізде шын мҽнінде бар дҥниені анықтап, талдауымыз, реалды емес
мақсат - ҿзімізде шын мҽнінде жоқ нҽрсені тіркеп тануымыз.
Адамды ҿзін-ҿзі тануда кең жҽне тар, реалды жҽне реалды емес, шынайы жҽне жалған
мақсаттарды кҿздеуге сҽйкес қажеттілік кҿрініс беретін мотивтер итермелейді. Ондай
мотивтерді ҿзін-ҿзі тану іс -ҽрекетінің негізінде жатқан ерекше мотивтер жҽне ҿзін-ҿзі
танумен жанама байланысқан ерекшеленбейтін мотивтер деп екі топқа жіктеуге болады.
Ерекше мотивтерге адамның ҿз-ҿзіне деген қызығушылығы жатады. Қызығушылық бҧл
– эмоциялы боялған танымдық қажеттілік. Нақ біздің жағдайымызда бҧл – адамның ҿзін-ҿзі
тануындағы эмоциялы боялған танымдық қажеттілік. Адамның ҿз-ҿзіне деген
қызығушылығы дамуының бҽрін білуге қҧмарлық, адамның ҿз-ҿзіне деген қызығушылықтың
ҿзі, ҿзін-ҿзі тануға қҧмарлық деген бірнеше кезеңдері бар.
Ҿзін-ҿзі танудың ерекшеленбейтін мотивтеріне ҿзін-ҿзі тану іс-ҽрекетін жҥзеге асыруда
маңыздылығының дҽрежесі бойынша Менге қатысты мотивтер (ҿзін-ҿзі сыйлау қажеттілігі,
Меннің біртҧтастығына деген қажеттілік, ҿзін-ҿзі салыстыру қажеттілігі, ҿзінің ҿзгелердің
тарапынан мойындауына деген қажеттілік), ҿзін-ҿзі дамытуға байланысты мотивтер (ҿзін-ҿзі
дҽлелдеу, ҿзін-ҿзі жетілдіру, ҿзін-ҿзі жҥзеге асыру, ҿзін-ҿзі кҿрсету, ҿзін-ҿзі ҿзектендіру
мотивтері), іс-ҽрекеттің басқа тҥрлеріне қатысты мотивтер (қарым–қатынас, бедел, жетістік,
таным, оқу, моральды жҽне т.б мотивтер) деп бҿлуге болатын қалған басқа мотивтерді
жатқызуға болады.
Олардың ҿзін-ҿзі тану мотивімен ҿзара байланысу механизмдері біршама ҧқсас келеді.
Ҿзін-ҿзі танудың дамыған мотиві қалған басқа мотивтердің қызметіне жағымды ҽсер етеді.
Адамның ҿз-ҿзі қызығушылығы ҿзін-ҿзі дамыту мотивтерін ынталандырады. Ҿз кезегінде
ҿзін-ҿзі дамытудың айқын мотивтері ҿзін-ҿзі тану қажеттілігі мен ерекше мотив – адамның
ҿз-ҿзіне қызығушылының қалыптасуына жағымды ықпал етеді.
Қорыта келгенде ҿзін-ҿзі танусыз бірде –бір мотивті толықтай жҥзеге асыруға болмас,
ақыр соңында барлығы ҿзін білуге, ҿзіне қатынасына, ҿзін-ҿзі реттеу жҽне қадағалауға
тҧйықталып, тек сол жағдайда ғана барлық қалған мотивтер сҽтті жҥзеге асырылуы мҥмкін
/2/.
«Ҿзін-ҿзі тану» курсының мазмҧны халықтар мен бҥкіл адамзаттың адамгершіліктік-
рухани қҧндылықтарын тануға бағыттала отырып, студенттерге ҿз ҿмірін неғҧрлым дҧрыс
та, келісімді етіп қҧруға, ҿз рухани ҽлемін ашудағы қуанышты сезінуіне жҽне де мҽңгілік
мҽселелер тҧрғысында ойлануына мҥмкіндік береді.
ХХІ ғасырдың басы - мҽдениет, экономика, қоғамдық жҽне жеке-даралық ҿмірдің бар
салаларындағы кең ауқымды инновациялар кезеңі. Инновациялық процесстер қоғамдық
ҿмірдің бар қырларын жеделдетіп, жҽне де қоғамдық пен жеке-даралық ҽлеуметтік-мҽдени
даму қарқындары арасындағы қарама-қайшылықтарды ҥдетіп жҽне тереңдете тҥседі.
Адамның ҽлеммен ҿзара қатынасы, бір жағынан, мҽдениеттің жаһандануы,
интеграциясы, екіншіден – рухани жҧтаңдаушылық пен азғындау жағдайында тҧлғаның
адамгершіліктік-рухани қалыптасуының проблемасын ҿзектендіре тҥседі. Жаңа ҽлемдік
дҽуірдің дҥниетанымының қалыптасуы руханилықтың қайта ҿрлеуіне, жақсылық, махаббат
пен мейірімділікке бет бҧру қажеттілігімен бірлесе жҥреді.
Саяси, ҽлеуметтік-экономикалық жҽне ҽлеуметтік-мҽдени жағдайлар білім беру
саласының даму сипатына ҽсер етеді. Сонымен қатар, ҽрбір мемлекеттің адамгершіліктік,
интеллектілі, экономикалық жҽне мҽдени ҽлеуеті (потенциалы) білім беру саласындағы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №6 2010.
6
мҽселелермен тікелей байланысты, ҿйткені ол тҧлғаның ҽлеуметтенуі мен ҽлеуметтік-
мҽдени тҽжірибені іске асырушы болып табылады.
Еліміздің ҽлеуметтік-саяси жҥйесінің қайта қҧрылуы білім беру саласында да кҥрт
ҿзгерістерді талап етті. Тҧңғыш рет Қазақстанның даму тарихында, білім жҥйесі – мемлекет
іс-ҽрекетінің басты бағыттарының бірі ретінде анықталынып отыр.
Шығыстық жҽне батыстық экономикалық жҽне мҽдени белсенді қатынастарға
байланысты адамның рухани – адамгершіліктік дамуының нақты механизмдерін тҥсіну
қажеттілігі туындады. Адамның рухани дамуының негізінде сендіру мен қҧндылықтарды
адам санасына ендіруден гҿрі тереңірек механизмдер бар. Алдымен адамның - ҽлемдегі,
отбасындағы ҿзіндік дҽстҥрлері; ҿзіндік экономикасы мен саясаты бар мемлекеттегі
адамның нақты ҿмірі туралы айтылып отыр. Адамдардың рухани дамуы іс-ҽрекеттің
осындай ағымдарымен анықталады жҽне де адамның рухани жҽне адамгершіліктік
деңгейінің ҿсуі немесе тҿмендеуінің бастауларын солардан іздестіру керек.
Дегенмен қазіргі кезде ҽлеуметтену тҧрғысынан қарағанда білім беру адамды білімнен
танымға – заттар мен қҧбылыстардың мҽнін, олардың табиғаты, ҽлемдегі орны, даму
процестері мен тенденцияларын тҥсінуге жетелеуі тиіс. Міне, ҽлемдік ҿркениет, жеке
мемлекет, қоғам, ҽрбір адам ҥшін білім берудің басты мҽні осында.
«Ҿзін-ҿзі тану» курсы біріктіруші, жалпыҧлттық қазақстандық отансҥйгіштік жҽне
«евразиялық» идеяға бағдарланған.
Адамның адамгершіліктік – рухани дамуы мақсат тҧтқан «Ҿзін-ҿзі тану» курсы
философияның теориялық жҽне ҽдіснамалық негіздеріне сҥйенеді. Ғасырлар бойы
қҧндылықтардың арақатынасының қажеттіліктерге сай ҿзгертуге деген ҧмтылыс жаңашыл
«Ҿзін-ҿзі тану» бағдарламасын жасауға итермеледі, бҧл жерде білім беру мҽселелерінің
алдыңғы қатарына ҧлттық жҽне жалпыадамзаттық қҧндылықтармен сусындаған тҧлғаны
қалыптастыру шығады.
«Ҿзін-ҿзі тану» курсы білім беру процесіндегі екі міндеттің ара қатынасын ҿзгертуді,
яғни кҽсіптік дайындыққа деген бағдарды сақтай отырып, ақиқат, мейірім, махаббат пен кҥш
кҿрсетпеудің ҧлттық жҽне бҥкіл адамзаттық қҧндылықтармен сусындаған тҧлғаны
қалыптастыру міндетін алға қоюды кҿздейді /3/.
«Ҿзін-ҿзі тану» пҽні осындай жауапты міндетті шеше отырып, ізгілендіруші жҽне
жаратылыстанушы циклдегі пҽндерді оқу, материалды ҧсынудың ҽдіснамасы жҽне
ҽдістемесіне, мҧғалім – оқушы – ата-аналардың ҿзара қатынастарының сипатына - бҥкіл
білім беру процесіне жағымды ықпал етуді кҿздейді.Жаңашыл инновациялық «Ҿзін-ҿзі
тану» курсының негізінде Қазақстан Республикасындағы білім берудің шынайы
дҥниетанымдық трансформациясын жҥзеге асыруға, жаңа мыңжылдықтың кҥн тҽртібінде
тҧрған жҽне уақыттың сҧраныстарына жауап беретін руханилықтың беделіне негізделген
қҧндылықтардың жаңа жҥйесіне кҿшіруге болады. Осы орайда Қазақстан Республикасы
Білім жҽне Ғылым министрлігінің шешімімен (3.11.2010 №514 бҧйрығы) 5В012300-
«Ҽлеуметтік педагогика жҽне ҿзін-ҿз тану» мамандығы бойынша ҽлеуметтік педагог жҽне
ҿзін-ҿзі тану пҽні оқытушыларын дайындау мақсатында мемлекеттік жалпыға міндетті Білім
беру Стандарты бекітілді. Қазіргі кезеңде осы мамандық бойынша жоғары оқу орындарында
мемлекеттік грант негізінде студенттер қабылданып білім алуда.
Қазақстан Республикасы кҿп мҽдениетті қоғам ҥшін едҽуір тҧрақты болашақты
қҧрудың жолдарын іздестіруде. Ҥздіксіз білім берудің жҥйесі адамдардың адамгершіліктік
рухын жҽне тарихи жадын қолдай отырып, ҧрпақтың сҽйкесті бейнесін қалыптастыруға
бағдарлайды. Тҧлғаның рухани-адамгершілік тҧрғыда қалыптасуы, тҽуелсіз Қазақстан
Республикасының дамуында ерекше маңызға ие болуда. Жаңа ҽлеуметтік мҽдени ақиқаттар,
нарықтық экономика тҧлғаны кҿтермелеп, экономикалық жҽне ҽлеуметтік саяси іс-ҽрекетке
адами сипатты табыс ететін рухани қайнарларға, адами нормалар мен реттегіштерді ҧстануда
қҧндылықтар жҥйелерін қайта ойластыру қажеттілігін тудырады.
«Ҿзін-ҿзі тану» рухани - адамгершілік білім беру тҧжырымдамасы рет-ретімен
қолданылатын барлық тҧрғылардың жиынтықталуының маңызын танытатын теориялық
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №6 2010.
6
тҧрғыны сипаттайды. Ол Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы,
халықаралық конвенциялардағы, сондай-ақ ҿкіметтің жҽне Қазақстан Республикасының
Білім жҽне Ғылым министрлігінің басқа да нормативтік қҧжаттарындағы, Қазақстан
Республикасы президентінің «Қазақстан 2030» атты жолдауындағы тҧжырымдамалы
идеяларды бірізділікпен дамытуға мҥмкіндік беретінімен міндеттелінген. Сонымен бірге
«Ҿзін-ҿзі тану» тҧлғаның адамгершіліктік-рухани сауатын ашуға бағытталған мҥлдем басқа
бағдары, ҧстанымдары, теориялық тҧрғылары мен ҽдістемелері бар жаңашыл курс бола
отырып аталған қҧжаттардың шегінен асып тҥседі.
Ең алдымен ҿзін-ҿзі танудың нҽтижесінде адамның ӛзі жайлы білімдері туындайды. Ол
білімдер жақындық тҧрғысынан интеллектілік кҥйлер, мінез бітістері, эмоциялы қасиеттері,
қабілеттері, мінез –қҧлық сипаттамалары деп конструктілерге топтастырылады. Аталған
конструктілер ҿз кезегінде жиынтықталып Мен бейнесін қҧрайды. Мен бейнесінің
конструктілерін ҥйлестіру, негіздеу адам ҥшін оның Мен – тҧжырымдамасының мҽнін
ашады. Ҽрине Мен – тҧжырымдамасы толықтай сезілуі мҥмкін емес, ҿйткені оның біршама
бҿлігі бейсаналылық бҿлігінде орналасқан. Сол себептен айтып ҿткеніміздей ҿзін-ҿзі тану
аяқталған ҥрдіс болуы мҥмкін емес.
ҼДЕБИЕТТЕР
1. Абульханова-Славская К.А. Деятельность и психология личности - М., 1980.
2. Абеуова И.А. Человечность: прошлое и современность. Самопазнание: Курс лекций,
семинаров, тренингов для вузов. - Алматы, 2003. - с.100-117.
3. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. – М.: Академия, 2002. - 256 с.
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақалада ЖОО-ның оқу ҥрдісінің практикалық іс-ҽрекетіне «Ҿзін-ҿзі тану» пҽнін
ендірудің психологиялық аспектілері қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |