ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АУТОДЕСТРУКТИВТІ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация
Бұл мақалада аутодеструктивті мінез-құлыққа түсініктеме жəне мазмұны, сонымен қатар,
жасөспірімдердің арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың орын алуы, түрлері жəне оның
алдын алу жолдары жайлы баяндалған.
Түйінді сөздер: аутодеструктивті мінез-құлық, жасөспірім, аутоагрессия.
В этой статье дается понятие и содержание аутодеструктивного (саморазрушающего) пове-
дения, выявляются причины данного поведения, предлагается система мер его профилактики.
Ключевые слова: аутодеструктивное поведение, подросток, аутоагрессия.
Annotation
The prevention of self destructive behavior of adolescents and its types are enlightened in the
paper. The concept and content of self-destructive behavior and causes of such behavior are identifi ed
and also given a system of measures for its prevention.
Key words: self-destructive behavior, adolescents, teenager, self-aggression.
Т
əуелсіз еліміздің қазіргі даму кезеңі,
қоғамның барлық саласындағы өзгеріс-
термен яғни, экономикалық жəне əлеуметтік
қарым-қатынастардың ерекшеліктерімен си-
патталады. Қазіргі кезеңдегі жасөспірімдердің
əлеуметтік жағдайға бейімделуіне, мінез-
құлықтарының қалыптасуына, тұлға ретінде
дамуына əсерін тигізетін тиімді жолдарын
көрсету, анықтау да басты проблемалардың
бірі болып табылады.
Егемен еліміздегі білім ұйымдарының ал-
дына оқушыларға берілетін білім мен тəрбие
сапасын көтеру жəне жақсарту міндеттері
қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына
байланысты білім мазмұнында көптеген
түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының «Білім тура-
лы заңында» [1] «Қазақстан Республи касы
азаматтарының жаңа əлеуметтік мінез-құл-
қын қалыптастыру», Қазақстан Республи-
касы мəдени-этникалық білім беру», «Білім
мазмұнын гуманитарландыру» тұжырым-
дамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-
мəдени құндылықтарды игеруге, ұлттық
сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау,
кəсіби білім берудің сапасын көтеруге кең
жол ашу талап етілгені жайлы айтып кеткен.
Қазіргі өмірдің талабы мен қарқынының
əлеуметтік-экономикалық өзгеруі салдарынан
туындаған жанұядағы күрделі əлеуметтiк-
экономикалық
күйзелістің,
дағдарыстық
ахуал дың артуын халқымыздың келешегі
бо лып саналатын жап-жас өрендеріміз көте -
ре алмайды. Осыған орай, жыл сайын жас-
өспірімдердің аутодеструктивті əрекет терге
қарқынды бейімделуі көкейкесті мəселеге ай-
налып отыр.
Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлек-
сивті жаттығуларын бағалайтын кезең.
Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы
136
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
арқылы өзінің негізін, мəнін ашады. Ол нəзік
жанды, тез уайымдауға, сəтсіздікке берілгіш
болады. Қандай болмасын ерекше бөгде
көзқарас, əсерлі сөз, ерекше əсерлі болып
оны жолынан тайдыруы мүмкін. Л.Ф. Обухо-
ва психологиялық зерттеулерінде жасөспірім
тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа
құрылымдардың түп тамыры, жеткіншектік
шақта қалыптасып қойған туындысы болып
табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген
қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың
көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткін-
шек тік шақта сақталады, бірақ, олар мəн ді
өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейне-
ленеді. Жасөспірімдердің негізгі мəнді өзге-
рісі − бұл тұлғаның өзіндік дамуы.
Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті
мінез-құлықтың орын алуы жиі көрініс та-
буына байланысты өзекті мəселе ретінде
қарастырған шет елдік ғалымдар Лапшин,
В.Е., Амбрумова А.Г., Горобец Т.Н., Гусакова
М.П., Берно-Беллекур И.В., Ипатов А.В., Ло-
бов Г.А., Бисалиев Р.В., Сысоев А.М., Мурат-
кина Ю.Н., Тормосина Н.Г.
Сондай-ақ, аутодеструктивті жəне де-
виантты мінез-құлықты жасөспірімдермен
педагогика-психологиялық жəне əлеуметтік
жұмыс жүргізу бойынша жəне осы мəселе-
лерді шешуге біздің отандық ғалымдар
Жиен баева Н.Б., Абдрахманов А.Э., Арымба-
ева К.М., Джаманбалаева Ш.М., Қыдырбаева
Г.А., Казахбаева Г.И., Кeрiмов Л.К., Успанова
З.У., Дүйсенбиева С., Сұлтанбекова А., Мал-
дыбаева А., Қойжігітов А., Ақажанова А.Т.,
т.б ғалымдардың зерттеулерінде ғылыми тұр-
ғыда негізделіп, əртүрлі аспектіде қарасты-
рылған.
Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау
үшін арнайы терминдер қолданылады −
делинквенттілік жəне девианттылық. Делинк-
вентті мінез-құлық − заң арқылы жазалана-
тын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан
өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тəртіпсіздіктер,
айыптылықтар.
Девиантты
мінез-құлық
дегеніміз − қоғамда қабылданған ержелерге
бағынбау, ауытқу [2]. Аутодеструктивті мінез-
құлық дегеніміз − адамның қалыпты дамуына,
дене бітімі мен психологиялық денсаулығына
қауіп төндіретін мінез-құлық. Бұл ұғым өте
кең, оған делинквентті мінез-құлық жəне
т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте
маскүнемдіктен
суицидті
мінез-құлыққа
дейін) жатады. «Мінез-құлық ауытқушылығы»
ұғымын «дамудағы ауытқушылық», «дамудың
жеткіліксіздігі» ұғымдарынан айыра білу ке-
рек. Соңғы екі термин ғылыми əдебиеттерде
синонимдер ретінде қолданылады.
Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар
бар балаларды бейнелейді. Көптеген ғылым-
дарда «қалыпты» жəне «аномалды» құбы-
лыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура
мағынасында «қалыпты», «аномалды» мінез-
құлық түсініктерінің анықтамасы қиындай
түсуде. Бірақ ғылымда жəне үйреншікті өмірде
бұл түсініктер барлық жерде қолданылады.
Қалыпты мінез-құлықты көптеген адамдарға
тəн, ауру бұзылыстарға байланысты емес,
нормативті-қабылдаулы мінез-құлық деп
түсіндіреді.
Жасөспірімдердегі аутодеструктивті мінез-
құлық формалары əр түрлі болып келеді. Мектеп
психологы аутодеструктивті мінез-құлықтың
уақытша жəне күнделікті формаларымен (де-
виация ұзақтығының критерийлеріне бай-
ланысты), тұрақты жəне тұрақсыз формала-
рымен (моно жəне полифеноменологиялық
формалар критерийлеріне байланысты) кез -
десуі мүмкін. Девиациялар саналы жəне
санасыз (қабылдану деңгейіне байла нысты),
құрылымды жəне құрылымсыз (ұйымдас-
тырылу критерийлеріне байланысты), төтен -
ше жəне жоспарланған (мақсатты крите-
рий леріне байланысты), экспансивті жəне
экспансивті емес (қоршаған адамдар өміріне
ену деңгейіне байланысты), эгоистік жəне
альтруистік (өзін жəне жан жағындағы адам-
дарға қызығушылығының бағытталуына бай-
ланысты), болуы мүмкін.
Аталған тақырыпқа деген қызығушылық
теориялық жəне тəжірибелік жағынан қа-
жет болғандықтан туындап отыр. Аутоде-
структивті мінез-құлықтың «болашақтың
үрейі не» айналғандығы ересектерге де, бала -
ларға да, тіпті жалпы қоғамға да бел гілі.
Ауто деструктивті мінез-құлқы бар жасөс-
пірімдер өз уақыттарын тиімді ұйымдастыра
137
Тəрбие мəселелері – Вопросы воспитания
алмайды, сонымен қатар ойлаулары мен
мақсатқа бағытталуы жəне де уақытқа де-
ген құндылықты қатынастары жеткілікті
қалыптаспаған. Қазіргі таңдағы жастар өмірін
ұйымдастыратын мекемелер дұрыс жұмыс
істемегендіктен бұл атаулы мəселе күннен
күнге күрделене түсуде.
Осыған байланысты оқытушылар мен пси-
хологтардың оқушылармен жүргізген жұ-
мыс тары олардың моральдық нормасы мен
тəртіптік талаптарына сəйкес келуі керек.
Мектептегі практикалық жұмыста мұндай
оқушыларды «мінез-құлқында ауытқушы-
лығы бар оқушылар», «педагогикалық төмен-
детілген», «əлеуметтік төмендетілген», «қиын
тəрбиеленетін» оқушылар деп аталады.
Аутодеструктивті жəне девиантты не-
месе ауытқушы мінез-құлық психологтар-
да жəне басқа да ғылымдар да əлі де зерт-
теу лерді қажет ететін өзекті мəселенің бірі
[3]. Аутодеструктивті мінез-құлық тақы-
рыбы пəнаралық жəне пікір-таластық сипат-
ты көрсетеді. Əлеуметтік норма түсіні-
гі мен
терминнің
кездесетіні
мəселені
күр де лендіреді, себебі норманың шектері
шарт ты түрде берілген, ал адам барлық көр-
сеткіштері бойынша қалыпты болуы мүмкін
емес. Көптеген көзқарастар жасөспірімдердің
аутодеструктивті мінез-құлығының диагно-
стикасы жəне əлеуметтік-психологиялық
көмек пен игеруі ретінде практикалық тапсыр-
ма ларды шешуде қалыптасады.
Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-
құлқының қалыптасуында нақты іс-əрекетті
ұйымдастырушы психолог, ата-ана, мұғалім
болғандықтан, олардың кəсіби даярлығына,
ғылыми психолого-педагогикалық негіздерін
қарастыру қажеттілігі туындайды. Бүгінгі
жасөспірім, ертеңгі белгілі бір маман иесі
немесе қарапайым ғана қоғамдық ортаның
мүшесі десе де болады, олардың тұлғалық
түр сипатын даярлауда қарым-қатынас мəде-
ние тін қалыптастыруда олардың психо фи-
зиологиялық негізін жетілдірудің ажырамас
бөлігі ретінде қарастырылып келеді [4].
Жеке тұлғаның мінез-құлқын қалыптас-
тыру, дағдарыстардың алдын алу үшін келесі
мəселелерді ескеруіміз қажет, яғни саналы
көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнату-
да, жүйелі іс-əрекет жасауға мүмкіндік беру.
Мінез-құлық дағдарысын психологиялық
көзқарас тұрғысынан қарастыратын болсақ
кез-келген жеке адам басқа адамдармен
олардың ой-пікірімен, бағдарымен, жағымды
эмоцияны сезінген кезде жүріс-тұрыста
ауытқушылықтар болмайтындығы сөзсіз.
Сонымен қатар бұл мəселені педагогика,
психология, əлеуметтану, практикалық пси-
хология салаларының позициясынан зерттеу
қажеттілігін негіздеуге ұмтылыс жасалды.
Көздеген осындай проблемалардың негізін
жəне ғылыми тұжырымын жасаушылар да
жоқ емес.
Аутодеструктивті
əрекеттерді
зерт-
теу үрдісі суицидология мен клиникалық
психологияның негізгі теорияларына сүйе-
не ді, осыған орай, Э.Шнейдман өз пікі-
рін былай деп жеткізедi: «бұл əрекет,
өзі нің соматикалық немесе психикалық ден-
сау лығына қандай да болмасын зақым келті-
руге бағытталған». Бұл əлеуметтік мінез-
құлық ережелері, психологиялық аспектілері
мен жасөспірімдердің əлеуметтену мəселесі,
жыныстық барабарлық мəселесі, бейімделу
мен өзін-өзі реттеу, сонымен бірге əлеуметтiк
патологиялардың əртүрлі көрінісі сияқты кең
ауқымды мəселелерді қамтиды [5].
Н.В. Агазаде аутодеструктивті əрекеттерді
төмендегідей топтастырады:
1. Жеке тұлғаға ықпалы ету бойынша:
физикалық, психикалық, əлеуметтiк, діни;
2. Құрылымдық мінездемелер:
- деңгейлі көрсеткіштер: идеаторлық,
аффек тивті, сыртқы тəртіптік;
- орындау əдісі бойынша: тікелей, ұлғай-
малы, жанама түрдегі, трансагрессивті [6].
Аутодеструктивті мінез-құлықты жасөс-
пірім дер əр түрлі факторлардың əсерінен
қауіпті топқа кіреді. Мұндай балалар катего-
риясына келесілерді жатқызуға болады:
- суидцидке бейім жасөспірімдер;
- химиялық заттарға тəуелділік (наша қор-
лық, ішімдікке бейім, таксикомания);
- əртүрлі субмəдениет түрлеріне табынуы;
- экстремалды спорт түрлерімен айна-
лысуы;
138
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
- заңды күші жоқ жағдайларға байланысты
ата-анасыз қалған балалар;
- бейəлеуметті, жағдайы нашар отбасылар-
да тəрбиеленген балалар;
- əлеуметтік-психологиялық көмек пен
қол дауды қажет ететін отбасы балалары.
Мұндай жасөспірімдердің дамуы үшін
шарттары жоқтығының салдарынан психо-
ло гиялық жəне элеуметтік жағымсыз нəти-
желерге тап болады. Мұндай жасөспірім
бір жағынан өмірлік қиын жағдайды неме-
се əлеуметтік қауіпті ситуацияны өзгерту-
ге, екінші жағынан оның əлеуметтік, психо-
ло гия лық, педагогикалық мəселелері мен
қиындықтарын шешу мақсатында минимили-
за циялауға бағытталған көмекті қажет етеді.
Қорыта айтқанда, мінез-құлқында ауыт-
қу шылығы бар балалармен жұмыс жасау-
дың сан алуан жолдары бар. Ең алдымен
жасөспірімдермен дұрыс тіл табысып, сөйле-
се білу керек. Жақсы беделге ие болған
мұғалімнің жеке өнегесі қандай оқушыға бол-
са да күшті əсер етеді.
Көмек көрсететін психологтар баланың
ішкі жан дүниесін алыстан көріп білуі шарт.
Мінез-құлқы ауытқыған оқушыны ешқандай
ұжым өмірінен, қоғамдық пайдалы еңбектен
тыс қалдыруға болмайды, олар барлық үйірме
жұмысына, басқа да шараларға қатысуы керек.
Бұл олардың зиянды істермен айналыс пай,
жауапкершілік сезімін туғызуға жол салады.
Қазіргі кезде жасөспірімдердің мінез-
құлқындағы ауытқушылықтарынан əртүрлі
қылмыстық əрекеттер мен жағымсыз істер
көбейіп отыр. Осы жағдайлардың алдын
алып, түзету үшін əрбір педагог, ата-ана, пси-
холог бірлесе жұмыс жасай отырып, əрбір
жасөспірімнің дербес ерекшеліктері мен
мінез-құлқын ескеріп, анықтап, соған сəйкес
жұмыс тар жүргізу керек.
Демек, жасөспірімдердің бойында ауыт-
қы малы мінез-құлық нышандарынан ары-
лу арқылы, олардың бойына қоғамымызда
қабыл данып, орнығып келе жатқан рухани
жаңа құндылық бағдарларды соның ішінде,
əсі ресе, ең алдымен, ұлтжандылықты, аза-
мат ты лықты, жоғарғы моральдық жəне адам-
гершілік қадір-қасиеттер мен мұрат тарды, өзге
ұлт өкілдеріне деген құрмет пен сыйластықты,
қоғамдық тəртіп ережелері мен құқықтық
нормалардың талаптарын мүмкіндігінше ор-
ын даушылықты қалыптастыруға болады.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Қазақстан Республикасы «Білім» мемле-
кеттік бағдарламасы. – Алматы, 2000. – 479 б.
2 Кочетов А.Н. Работа с трудными детьми.
– М., 1991.– 251 с.
3 Ауталипова Г., Бапаева М. Практикалық
психология, Алматы, – 2007. – 160 б.
4 Змановская Е.В. Девиантология. − М.,
2003. –345 с.
5 Берно-Беллекур И.В. Социально-психо-
логические аспекты аутодес-труктивного по-
ведения. – СПб., 2003.
6 Личко А.Е. Типы акцентуаций характе-
ра и психопатий у подростков. – М.: Эксмо-
Пресс, 1999. – 416 с.
7 Қойжігітов А. Девиантты іс-əрекетті ба-
лалар мəселесі // Ұстаздар пайымы. 2007. – №
3. – Б. 2-9.
139
Тəрбие мəселелері – Вопросы воспитания
ƏОЖ: 37.018.1:376.545:373.3
А.Т .ТУРАЛБАЕВА
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Магистратура жəне PhD докторантура институты
turalbaeva_a@mail.ru
Алматы қ., Қазақстан
ОТБАСЫ МЕН БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
ЖАҒДАЙЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ТƏРБИЕЛЕУДІҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ ҮЛГІСІ
Аннотация
Бұл мақалада отбасы мен мектеп ынтымақтастығы жағдайында дарынды балаларды тəрбие-
леудің мазмұндық-құрылымдық үлгісі ұсынылады. Көрсетіліп отырған үлгіде үш компоненттің
бірлігі анықталады.
Түйін сөздер: отбасы, мектеп, ынтымақтастық, дарынды бала, мотивация, мотивациялық-
тұлғалық, мазмұндық-танымдық, іс-əрекеттік-процессуалды.
В данной статье расматривается структурно-содержательная модель в воспитании одарен-
ных детей в условиях сотрудничества семьи и школы. В данной модели определяется единство
трех компонентов.
Ключевые слова: семья, школа, сотрудничество, одаренный ребенок, мотивация, мотиваци-
онно-личностная, содержательно-познавательная, деятельностно-процессуальная.
Annotation
This article deals with structural and content model in educating the gifted children while family
and school are in cooperation. This model is defi ned by the unity of the three components.
Keywords: family, school, cooperation, gifted children, with structural-content.
Е
л Президентінің білім беруді дамыту
жөніндегі саясатының негізгі мақсаты
əр баланы адами капитал деп тауып, оны
дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын
алға қойып, білім беру жүйесін реформа-
лауды бастауға жəне жүргізуге жан-жақты
қолдау көрсетуінің нəтижесінде білім беру ді
қарқынды дамыту мен жаңғыртуға мүмкін-
шілік болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім тура-
лы» Заңында «Əр баланың қабілетіне қарай
интеллектуалдық дамуы, жеке адамның да-
рындылығын таныту» тəрізді күрделі мəсе ле
енгізіліп отыр [1]. Дарынды тұлға өркен деуді
көздеген мемлекетіміздің бас ты байлығы бо-
лып саналады, сондықтан бүгінгі күні бастау-
ыш сыныптағы дарынды баланы тəрбиелеуде
оның табиғи дарындылығына бағыт-бағ дар
беретін, жеке қабілетін анықтайтын, шығар-
машылық ізденіске жетелейтін жəне көптеген
саладағы танылатын əрекеттің зор қабілетке
ие болуы үшін отбасы мен мектептің ынты-
мақтастығы жағдайында жұмыс атқаруы
өзекті мəселенің бірі болып отыр.
Республикамыздың бірқатар білім беру
ұйым дарында нақты əлеуметтік-педаго гика-
лық жағдайларды ескеретін педагогтар мен
ата-аналардың, балалардың сұраныстарына
бағытталған тəрбие беру жүйесі құрылып,
нəтижесінде бастауыш сыныптағы дарынды
балаларға тəрбиелік ықпал жасаудың диапо-
зоны кеңеюде.
140
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
Баланың отбасылық жағдайы, оның ерте
балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпа-
раттарды жинаудағы түрлі əдістерді (ата-ана-
лармен əңгіме, сауалнама алу, балалар шығар-
малары, күнделік жазбалары т.б.)
- арнайы психо-диагностикалық тренинг-
тер;
- баланың іс-əрекетін мұғалімдер, ата-ана
тарапынан экспертті бағалау;
- ұжымдық-шығармашылық іс-шараларды
жүргізуде балаларды қатыстыру;
- балалардың шығармашылық жұмыста-
ры ның нақты нəтижелерін мамандар тарапы-
нан сараптау;
- белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне
байланысты түрлі əдістерді пайдалана оты-
рып, психодиагностикалық зерттеулер жүргі-
зу, – деп қарастырсақ, оңды нəтиже болар еді.
Біздің ойымызша, оқудың барлық кезең-
дерінде дарынды жəне талантты балаларды
тəрбиелеу мен дамыту мəселесі, сондай-ақ,
балалардың өзінің дарындылығын жəне өз
шығармашылығы үшін жеке басының жауап-
кершілігін түсіну мəселесін мұғалім мен ата-
ананың ынтымақтаса отырып шеше білуі ең
маңыздысы болып келеді.
Осы тұрғыда ғалым Қ.Т. Əтемова «Оқушы-
ларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда
мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы»
деген еңбегінде отбасы баланың өмір жо-
лын бастайтын жəне қоршаған орта туралы
тиянақты да терең əсер алатын ұжымы екенін,
соның негізінде білім, əдет, мінез-құлықпен
өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын
нақты дəлелдеп, келесідегідей: «Отбасын-
да балалар мен ересектер де тəрбиеленеді.
Əсіресе отбасының ықпалы жасөспірімдерге
ерекше əсер етеді. Сондықтан отбасының
тəрбие берушілік қызметі үш аспектіден
тұрады, олар:
– баланың жеке басын қалыптастыру, оның
қызығушылығы мен қабілетін дамыту;
– үйдегі əрбір адамның жеке басына отба-
сы ұжымының үнемі жүйелі түрде тəрбиелік
ықпал етіп отыруы;
– отбасындағы балалардың үнемі ересек-
тердің өздерін-өздері белсенді түрде тəрбиелеп
отыруына мəжбүр ететіндей əсер етуі», −
дейді. Бұл айтылғандардың барлығы дерлік
өмірлік тəжірибелер арқылы жүзеге асыры-
лады дейді. Олар: өмірге ғылыми көзқарас,
еңбекке деген жоғары адамгершілікті қарым-
қатынас, достық пен бауырмашылдық сезімін
ояту, қоғамдық мінез-құлық талаптарын
сақтай білу, интеллекттік, шығармашылық
ізденіс жəне эстетикалық дамуды дене жағы-
нан дамумен ұштастыру, денсаулығын сақтау
мен санитарлық-гигиеналық білімін жетілдіру
секілді қоғамнан алған өмірлік тəжірибелері
болуы мүмкін.
Сөйтіп, оқушы тұлғасын қалыптастыруда
мектеп пен отбасының ынтымақтастығының
маңызы ғалымдарды терең толғандырып, бір-
шама ізденістер болғанын білеміз [2].
Дарынды балаларды тəрбиелеу мəселесінің
теориясы мен тəжірибесін зерттеудегі белгілі
бір жетістіктерге қарамастан, шешілмеген
мəселелер де аз емес. Оларға мыналарды жат-
қызамыз:
- жанұяның əлеуметтік-экономикалық жағ -
дайына, елдің аймақтық-мəдени ерекше лік -
теріне байланысты дарындылықты дамы ту-
дың баламалы əдістерін жасауға бағыт талған
зерттеулер қажет;
- дарынды балаларды тəрбиелеуде əлеу-
мет тік-мəдени қағидалар мен аймақтық ерек-
шеліктерді ескеретін əдістемелерді жасау
жұмыс тары аяқталған жоқ;
- ата-аналарға, оқушылардың өздеріне ке-
ңес беретін мектепішілік жəне т.б. үйлестіру
орын дары жоқ;
- ата-аналардың дарынды балалардың ерек-
ше қасиеттері туралы, олардың дарынының
қиындықтары, балалардың жеке тұлғалық да-
муын түзету туралы білімі орташа жағдайда;
- ғылыми зерттеулер нəтижелерінің мұға-
лімдер мен ата-аналардың арасында тараты-
луы жеткіліксіз;
- дарынды балалармен жұмыс істейтін мек-
тептерге қаржылай жəне ұйымдастырушылық
жағынан қолдау көрсетудің жеткіліксіздігі;
- колледждерде, жоғары оқу орындарында,
сондай-ақ, мұғалімдердің білімін жетілдіру
институттарында дарынды балалармен жұмыс
істеу үшін мұғалімдер мен ата-аналардың,
басқа да мамандардың (психологтар, дəрі-
141
Тəрбие мəселелері – Вопросы воспитания
герлер т.б.) ынтымақтастығы жағдайында
жүйеленген арнайы дайындығының жаппай
тəжірибесі қажет.
Осылайша, дарынды балаларды тəрбиелеу
мəселесі педагогика ғылымындағы мəселе-
лердің бірі, оны зерттегенде білімнің əртүрлі
салаларының кешенді тұрғыдан келуін талап
етеді.
Ал психологиялық зерттеулердің көбісінде
(П.Я. Гальперин, М.И. Дьяченко, В.А. Крутец-
кий, Н.Д. Левитов, Н.В. Мясищев, К.К. Плато-
нов, С.Л. Рубинштейн, Д.Н. Узнадзе, т.б.) мек-
теп пен отбасы ынтымақтастығының жағдайы
нақты талаптарға сəйкес дарынды тұлғаның
жан-жақты дамуының нəтижесіндегі оның
күрделі, тұтас көрінісі ретінде қарастыры-
лады [3].
Мамандардың
ғылыми-педагогикалық
дай ын дығының нəтижесін сол маманның өзі-
нің кəсіби қызметін шебер пайдалануға даяр-
лығы көрсетеді, оның кəсіби іс-əрекетінің
жемісті болуы да осыған байланысты. Кез
келген іс-əрекеттегі ата-ана мен мұғалім
бірлігін қалыптастыру үшін ең алдымен оның
теориялық үлгісін ашып алу қажет, яғни
құрамдас бөліктерін анықтап алуымыз керек.
Зерттелініп келген мəселелердің көбісі
мəселеге бірдей əдіснамалық жағынан келген.
Біріншіден, мұғалімнің ата-анамен бірлескен
əр түрлі қырларын олар оның іс-əрекетінің
нысанымен – тұтас педагогикалық үрдіспен
байланыстырады. Екіншіден, бірлесіп жұмыс
атқару педагогтың интегративті кəсіби-
маңызды қасиеті ретінде қарастырылады,
бұл қасиет жеке қасиеттер мен қажетті білім,
білік, дағдылардың үйлесімі болып табыла-
ды, ол өз алдына мотивациялық-тұлғалық,
мазмұндық-танымдық, жəне іс-əрекеттік-
процессуалды сияқты үш компоненттің бір-
лігімен сипатталады, яғни əрбір адам өзінің
кəсіби іс-əрекетінде оның үш қырымен:
ғылы ми-теориялық, психологиялық жəне
тəжі рибелік (технологиялық) жақтарымен
бетпе-бет келеді
«Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы
жағдайында дарынды балаларды тəрбиелеу»
ұғымының анықтамасы негізінде, ойша
тəжі рибе жүргізу əдісімен дарынды бала-
ларды тəрбиелеуде мұғалім мен ата-ананың
ынтымақтастығының жоғарыда аталған: мо-
ти вациялық-тұлғалық, мазмұндық-таным дық
жəне іс-əрекеттік-процессуалды сияқты үш
бөлшектен тұратын жүйе ретінде нормативті
үлгісін ұсынып отырмыз.(3-кесте) Бұл үлгінің
мазмұнын анықтауда біз мынадай ұстанымға
сүйенеміз – жалпы білім беретін мектептің
əрбір мұғалімі жəне оқушының ата-ана-
сы балалардың мұндай деңгейімен жұмыс
істеуге қажетті білім, білік, дағдыларға ие бо-
луы керек.
Кез келген іс-əрекеттің, соның ішінде да-
рынды балалармен кəсіби-педагогикалық іс-
əрекеттің ең басты құрамдас бөлігі – түрт кі,
ол қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағыт-
талған нақты əрекеттердің тікелей əрі психика-
да көрініс табатын себебі. Белгілі бір түрткінің
əрекетке итермелеуін мотивация дейміз, ол
– əрекетті реттеп, оны түрткі үшін арнайы
мақсатты күйлерге жетуге бағыттайтын үрдіс.
Мотивация адамды іс-əрекетке ынталандыра-
тын қажеттіліктер мен мүдделерден тұрады.
Мұғалім мен ата-ананың дарынды балалар-
ды тəрбиелеудегі қажеттіліктерін мұндай
іс-əрекетті ұйымдастыру мен іске асыруға
қажетті білім, білік, дағдыларға ие болуға
белсенді ұмтылысы ретінде қарастырамыз.
Бұл қажеттілік осы саладағы өз білімін үнемі
толықтырып тұруға, біліктілігін ұштауға,
жалпы ой-өрісін кеңейтуге деген талпыны-
сы арқылы көрінеді. Жеке тұлғаның бел-
сенділігінің тəжірибесі құндылық бағыт-
бағдарларында бекіп, олар жеке тұлғаның
белгілі бір іс-əрекетке іштей даярлығын си-
паттап, мінез-құлықтың, жеке қасиеттерінің
тұрақты болуына жағдай жасайды.
Осылайша, мұғалім мен ата-ананың ын-
ты мақ тасқан түрде дарынды балаларды тəр-
биелеуінің мотивациялық-тұлғалық бөл шегі
деп біз тұрақты түрткілердің жиынтығын
түсінеміз, олар жеке тұлға ретінде дарынды
балалардың тəрбиеленуін қамтамасыз етеді.
Мұғалім мен ата-ананың бірлігінде да-
рынды балаларды тəрбиелеуінің мазмұндық-
тұлғалық бөлшегі кəсіби білімдер қаншалықты
қорытындыланғанымен, олар сандық сипат-
тан (құбылыстар, деректер, объектілер мен
142
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
үрдістер туралы мəліметтерден) сапалық
сипатқа (қағидалар, əдістер, əдіснамалар ту-
ралы мəліметтерге) қаншалықты көшкенімен
сипатталады.
Іс-əрекеттік-процессуалды бөлшегі дарын-
ды балаларды тəрбиелеуге қажетті біліктерді
қалыптастыруға жағдай жасайтын меңгерген
білімді іс-əрекетте қолдана алумен сипатта-
лады.
3-кесте − Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы жағдайында дарынды
Достарыңызбен бөлісу: |