Психология педагогика және және и


БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КƏСІБИ-ДИДАКТИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата03.03.2017
өлшемі4,31 Mb.
#7538
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КƏСІБИ-ДИДАКТИКАЛЫҚ 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ МƏНІ
Аннотация
Бұл мақалада колледж студенттерінің кəсіби-дидактикалық құзыреттілігі мəні нақтыланады, 
мазмұны ұсынылады. Кəсіби құзыреттілік пен дидактикалық құзыреттілік ұғымдарының си-
патты  ашып  қарастырылады.  Құзыреттіліктің  бағдарлары  мен  құраушы  компоненттері  си-
патталып,  студенттердің  кəсіби-дидактикалық  құзыреттілігін  қалыптастыру  технологиялары 
баян далады.
Түйін  сөздер:  құзырет,  құзыреттілік,  кəсіби  құзыреттілік,  кəсіби-дидактикалық,  құзы рет-
тілік.
В  этой  статье  утверждается  профессионально-дидактический  компетентность  будущих 
специалистов колледжа. Рассматривается описания профессиональной и дидактической ком-

24
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
петентности. Описается установки компетентности у студентов и докладывается технология 
формирования профессионально-дидактической компетентности. 
Ключевые слова: компетент, компетентность, профессиональная компетентность, професси-
онально-дидактическая компетентность.
Annotation
This work touches upon the vocational didactic competence of future college specialists. There was 
described the ways of students’ competence formation and the technology of professional and didactic 
competence formation.
Keywords: of competence, professional competence, professional-didactic competence.
Е
лбасы Н.Ə.  Назарбаев  «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы қалыптасқан мемлекет   тің 
жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім 
жəне  кəсіби  машық  −  заманауи  білім  беру 
жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың 
негізгі  бағдары»,–  деген  болатын.  Бəсекеге 
қабі лет ті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз 
сауат тылығы жоғары елге айналуымыз керек. 
«Қазіргі əлемде жай ғана жаппай сауаттылық 
жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің аза-
маттарымыз  үнемі  ең  озық  жабдықтармен 
жəне  заманауи  өндірістерде  жұмыс  жасау 
машы ғын меңгеруге дайын болуы тиіс», − деп 
атап  көрсетті [1,27]. Білім  беруді  жетілдіру, 
үздіксіз  білім  беру  арқылы  мамандардың 
кəсіби тұрғыда жан-жақты жетілдіру мəселесі 
бүгінде іргелі міндеттердің бірі болып отыр. 
Жалпы білім беру мазмұнының негізінде қа-
зіргі кезде əлемдік тəжірибеге сай білім беру 
саясатының  аясы кеңи түсуде. Əлемдік тəжі-
рибе  мен  ұлттық  тəжірибе  негізінде  əрбір 
адамның жас ерекшеліктерін ескере отырып, 
білімнің  мазмұнын  меңгеруге  бағытталған 
үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі 
мақсат  етілген,  олар:  өзіндік  менеджментке 
жататын өмірде кездесетін мəселенің шешімін 
табу  құзыреттілігі;  ақпараттық  құзыреттілік; 
білімді  игерумен  бірге  жүретін  қарым-қаты-
настық,  коммуникативтік  құзыреттілік.Осы-
ған орай еліміздің білім беру жүйесіне «құзы-
рет», «құзыреттілік» терминдері ене бастады.
С.Ожегов  сөздігі  бойынша,  белгілі  бір 
кəсіби қызметке байланысты, «қандай да бол-
сын  мəселеден  хабардарлық,  беделділік»,  ал 
екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке 
адамның, мекеменің мəселелерді шешуге, іс-
əрекет етуге, бір нəрсені істеуге құқықтылық 
шеңбері», − деп анықтама беріледі.
«Құзыреттілік»  термині  əдетте  белгілі  бір 
əлеуметтік-кəсіби  статус  иесіне  байланысты 
қолданылады жəне оның сол істі атқарудағы 
түсінігі,  білімі,  білігінің  орындалуға  тиіс 
мəселенің  нақты  өз  деңгейінде  шешілуімен 
сəйкестілігі арқылы сипатталады [2].
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін бола-
шақ  мамандардың  кəсіби  біліктілігі  жоғары 
маман даярлау қажет-ақ. Бұл міндеттерді шешу 
педагогикалық  үдерістің  ұйымдастырылуы 
мен  жүргізілуінен  көрінеді.  Педагогикалық 
əрекет басқарушылық болып келеді. Тұлғаның 
дамуын басқару үшін педагог құзыретті болу 
керек. Демек, кəсіби құзыретті педагог деген 
теориялық жəне тəжірибелік əрекетке дайын-
дығымен анықталады [3].
Педагогтің  кəсіби  ұзыреттілігі  оның 
педа  го гикалық  іс-əрекетін,  педагогикалық 
қарым-қатынасы  мен  мұғалім  тұлғасын  бел-
гілі құндылықтарды, мұраттарды жəне педа-
гогикалық  сана-сезімді  иеленуші  ретінде 
қалыптасқандығын  айқындайтын  қажетті 
білім дер, біліктер жəне дағдылар жиынтығын 
игеру [4]. Бұл  кəсіби  құзыреттіліктерді  иге-
ру  болашақ  маманның  мамандық  сипатта-
масынан  көрінеді.  Мамандық  сипаттамасы 
–  педагогтің  теориялық  жəне  практикалық 
тəжі рибесі деңгейінен көрінеді.
Педагогикалық-психологиялық  дайын дық 
əдіснамалық  білім  негіздері  мен  педа  го ги -
каның  негізгі  категорияларын,  əлеу мет тену 
заңдылықтарын,  оқыту  мен  тəрбие  мақсаты-
мен  технологиясын,  адам ның  дамуындағы 
физиологиялық  заңдылық тарымен  жеткін-

25
Білім берудің бүгінгі мəселелері – Современные проблемы образования
шек  тер мен жасөспірімдердің психологиясы-
мен  байланысты  болады [5]. Көптеген  əде-
биеттерде 
педагогикалық 
құзыреттілік 
маман ның іскерлік сапаларының жəне педаго-
гикалық қабілеттердің жиынтығы делінген.
Аталмыш ұғымдардың жекелей анықта ма-
ларын  қарастырғанда:  іскерлік – белгілі  бір 
жағдайда  белгілі  бір  іс-əрекетті  орындауға 
мүмкіндік беретін білім мен икемді дағдының 
жиынтығы  болса,  педагогикалық  іскерлік – 
мұғалімнің  түрлі  əрекеттерінің  жиынтығы, 
олар  педагогикалық  іс-əрекет  функциялары-
мен  теңестіріледі,  елеулі  мөлшерде  мұға лім  -
нің  даралық-психологиялық  ерекшелік терін 
айқындап,  оның  пəндік-кəсіби  құ зыр  лы ғы 
жөнінде  дəлел  келтіреді [6]. Педа  гоги калық 
қабілеттер − мұғалімнің педа гот тік қызметте 
жоғары нəтижелерге жетуін қамтамасыз ете-
тіндей даралық-психологиялық ерекше лік тері 
мен кəсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің 
жалпылама  жиынтығы.  Педагогикалық  қабі-
леттердің  мынадай  түрлері  сараланады: 
гностикалық  (танып  білу  жəне  оған  қана-
ғат тана  білу),  дидактикалық  (түсіндіре  білу, 
білімді  үйрете  білу),  коммуникациялық  (қа-
рым-қатынас,  ынтымақтастық  жасай  білу), 
конструктивтік 
(оқу-тəрбие 
материа лын 
ірік теп  ала  білу,  жобалай,  жасай  білу), 
ұйым дастырушылық  (шəкірттерін  əр  алуан 
əрекет  түрлеріне  еліктіріп,  тарта  білу,  қаты-
сушылардың бəрін біріктіріп, олар дың мүдде-
лерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай 
білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүние-
сін  ұғына  білу,  олардың  сезімдері  мен  жай-
күйін  түсіне  білу,  эмпатияға  қабілеттілік), 
болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік 
жасай  білу,  педагогикалық  қызметтегі  өз-
ара  əрекеттестік  нəтижелерін  болжай  білу), 
суггестивтік  (мұғалімнің  эмоциялық,  ерік-
жігерлік  иландырушылық  ықпалы,  нық 
айтылған жігерлі сөзбен қажетті əсер нəти же-
сіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұға-
лімнің  өзінің  білімі  мен  сенімдерін  эмо-
циямен  əсерлі  етіп  айтып  жеткізе  білуі, 
артистизмі, дауыс ырғағы, ым-ишара, оңтай-
лылық элементтерін жетік меңгеруі) [7].
Кез келген педагогтің бойына тəн құзы рет-
тіліктерді ғалымдар төмендегідей жіктейді:
- Арнайы құзыреттілік – өзінің кəсіби да-
муын жобалай білетін қабілеті.
-  Əлеуметтік  құзыреттілік – кəсіптік  қыз-
метімен айналысу қабілеті.
- Білім беру құзыреттілігі – педагогикалық 
жəне  əлеуметтік  психологияның  негіздерін 
қолдана білу қабілеті.
Бұл  аталған  құзыреттіліктер  кез  келген 
педагогтің  қызметін  ұштасып  отыратыны 
баршамызға  мəлім.  Ендеше  құзыреттілік 
деге  німіздің  өзін  қазіргі  заман  талабына  сай 
педагог қабілеттілігі деп түсінуге болады. 
Демек,  əрбір  студент  оқытушы  қауымнан 
тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабі-
леттілікті қажет етіп отыр. 
Болашақ педагогтар жылдам дамып отыр-
ған  ақпараттық  қоғамнан  қалыспай  тез  ой-
лаушы;  жылдам  шешім  қабылдаушы;  ұйым-
дастырушылық қабілетті; нақты бағыт-бағдар 
беруші болып шығуы − бұл қазіргі заманның 
талабы.  Құзыреттiлiк  бiлiктiлiктi  сипаттай-
тын  таза  кəсiби  бiлiммен  iскерлiкке  қоса, 
əлеуметтiк ортада, топта, жұмыс iстеуге ынта-
лылық,  ынтымақтастық,  қабiлеттiлiк,  оқу, 
бағалау,  логикалық  ойлау,  ақпарат  алу  оны 
пайдалану  т.б. iскерлiктерден  тұрады.  Құзы-
реттiлiк үш қырынан сипатталады:
- Мəндiк қыры – ахуалды жете түсiну, оны 
ұғыну жəне оған деген қарым-қатынасын, тео-
риялық негiзiн, маңызды мəселелердi ұғыну;
- Проблемалық – практикалық қыры − сту-
денттің  алдына  мақсат,  мiндет  нормалары 
қойып жəне орындау жолдарын анықтау;
-  Коммуникативтi  қыры – студенттің  осы 
үдерiске, ахуалға қатысын жəне өзара ықпал 
жасауын қамтамасыз етедi. 
Осы  бағыттарды  талдай  отырып,  бiлiм 
беру  жүйесiндегi  педагог  құзыреттiлiгi  жат-
танды  түрде  емес,  студенттердің  тұлға 
ретiн  де  танымға,  ойлауға,  əрекетке,  белгiлi 
бір  мəселелердi  ұсынып,  шешiм  шығаруға, 
нəти жесiн  талдауға,  түзетулер  мен  ескерту-
лер  жүргізіп  отыру  белсендiлiгiнен  байқа-
лады.  Қазіргі  педагогтар  студенттерді  оқы-
ту да,  білім  беруде,  тəрбиелеуде  белгілі  бір 
құзіреттіліктерді  бойына  сіңірген  жеке  тұл-
ғаны  қалыптастыруды  талап  етеді.  Демек, 
педагог  өз  білімін  үнемі  дамытып  отыруға 

26
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
тиісті.Осы  негізде  педагог  өзінің  кəсіби  өсу 
жобасын  дұрыс  жолға  қоя  отырып,  өзінің 
кəсіптік  қызметін  нақты  орындау  арқылы 
тұл  ғаның  алған  білімін  өмірде  қолдана 
біле  тіндей  тапсырмалар  жүйесін  ұсына  ала -
тын  жағдайда  болғанда  ғана  студент  құ зы  -
реттілігін  қалыптастыруға  мүмкіндік  та ба  -
ды.  Демек,  алған  білімін  өмірдің  қандай  бір 
жағ даяттарына  қолдана  алатындай  дəре же-
де  ұсыну  педагогтің  құзыреттілігіне  байла-
нысты  болады.  Болашақ  педагогтардың 
кəсіби-дидактикалық  құзыреттілігін  дамыту-
да  қандай  жұмыстар  жүргізуі  керек  немесе 
құзыреттілікті  студенттердің  бойында  қалай 
қалыптастыруға  болады  деген  сұрақтардың 
туындайтыны  анық.  Олай  болса,  бұл  сұрақ-
тардың  жауабын  іздестіріп  көрейік.  Əрине, 
бұл  құзыреттіліктерді  сабақ  барысында  бол-
маса,  тəжірибе  барысында  қалай  қалып-
тас қанын  анықтауға  болады.  Демек,  кез 
кел ген  тəжірибе  жетекшісі  немесе  пəн  оқы-
ту шылары  студенттерді  сабақ  барысында 
тікелей байқап бақылау арқылы жауабын та-
бады. Кейбір сұрақтардың жауабының шешім 
табылмаған  таппаған  жағдайда  педагог  сол 
құзыреттілікті студентке жеткізуші тұлға бо-
лады.  Кəсіби-дидактикалық  құзыреттілікті 
қалыптастыру үшін бірнеше кезеңдер (кəсіби 
құндылықтар,  кəсіби  дидактикалық  əрекет 
жəне  шығармашылық)  мынадай  компонент-
тер  (мотивациялық,  когнитивті,  əрекеттік 
жəне рефлексия) арқылы қалыптасады.
Осы  құзыреттіліктерді  қалыпастыру  үшін 
əрбір  кезең  бір-бірімен  тығыз  байланыса-
ды.  Мысалы,  мотивация  тудыру  үшін  тап-
сырмалар  беру,  күнделік  толтыру,  ойындар, 
тренингтер  (арнайы  кəсіби  мотивтерін  ояту 
үшін)  шығармашыл  педагогтармен  жұмысы 
жəне  кездесулер  мен  сұхбаттасулар  арқылы 
қызығушылығын тудыруға болады. Когнитивті 
əрекеттік  компонентті  қалыптастыру  үшін 
практикумдар,  интеграциялық  тапсырмалар 
(мысалы,  педагогикалық,  психологиялық 
білі  мін  қолдануға  арналған  тапсырмалар, 
əдістемелер, практикалық тапсырмалар жина-
ғы, модульдік тапсырмалар немесе модульдік 
технология  «Менің  ең  үздік  саба ғым»  атты 
пікірталастар  ұйымдастыру,  іскерлік  ойын-
дар,  педагогикалық  жағдаяттар,  бірлескен 
(оқытушы мен студент) семинарлар ) өткізуге 
болады.
Рефлексивті  компонентті  қалыптастыру 
үшін  (педагогикалық  күнделік,  оқу-таным-
дық  тапсырмалар,  іскерлік  рөлдік  ойындар, 
пікірталастар)  жүргізуге  болады.  Кəсіби-
дидактикалық  құзыреттіліктерді  қалып тас-
тыру  үшін  педагогикалық  тəжірибеден  келе-
сідей шарттармен байланыс түзеді:
-  динамикалық  трансформация  (дəріс), 
іскерлік  ойын,  оқу  танымдық  жəне  кəсіби 
дидактикалық  іс-əрекет.  Бұл  шартты  түзу 
үшін модульдік технологияларды пайдалауға 
болады.
-  педагогика  мен  психология  интеграция-
сы,  оқыту  əдістемелері,  пəндік  əдістемелер 
байланысын түзеді.
- жалпы алғанда, бұндай жұмыстарда əре-
кеттің жүйелелігін, факультеттік жəне топтық 
жетекшілер мен басшының, оқытушылардың 
бірлескен жұмысын көрсетеді [8].
Демек, осы аталған шарттар бойынша сту-
денттің бойындағы құзыреттіліктерді толық-
тыруға немесе дамытуға бағыт-бағдар беретін 
бірден бір маман ол – педагог. Əдебиеттерде 
кəсіби  құзыреттілікті  қарастырып,  дидакти-
калық  құзыреттілікті  жеке  қарастырып  жа-
тады. Енді біз дидактикалық құзыреттіліктің 
құрылымына талдау жасап көрейік. Ол төмен-
дегідей құзыреттіліктер:
- мотивациялық - құндылық;
- жобалау;
- тəжірибелік;
- рефлексивті бағалаушылық. Бұларды жеке 
қарастырайық.
Мотивациялық-құндылық  құзыреттілігі 
бұл  педагогтің  кілттік  құзыреттілігі  десек 
те  болады.  Себебі,  педагог  оқыту  үрдісінде 
əрбір субьектімен тығыз байланысты жұмыс-
тар  жүргізеді.  Ол  педагогтің  тұлғалық  са-
паларынан  көрінеді.  Бұл  арқылы  педагог 
дайындығы  мен  қабілеті  студенттің  өмірлік 
жоспарын кеңейтуге немесе дамытуға, өзінің 
даму  траекториясын  байқауына,  қазіргі 
білім  беру  құндылықтарына  негіздеп,  өзінің 
шығармашылық  іскерлігіне  мүмкіндік  жа-
сайды. 

27
Білім берудің бүгінгі мəселелері – Современные проблемы образования
Дидактикалық  құзыреттіліктің  жоба-
лау  компонентінде  педагог  оқыту  үрдісін 
ұйым дастыруға,  жаңа  технологияларды  пай-
далануға, өзекті тапсырмалар бойынша тиімді 
шешім шығаруға, нəтижеге бағыттауға, жоба-
лау  мен  талдау  жасауға  негіздейді.  Педагог 
бұл курста қалыптасатын құзыреттілікті есеп-
ке  алуға,  интеграциялық  мүмкіндігін  білуге, 
оқу материалының дейгейін анықтауға, негізі 
түсініктер  мен  заңдылықтарды  ескеруге,  ма-
териалмен  жұмыс  істеуге,  жобалық  жұмыс-
тардың мəнін меңгеруге бағыттайды. 
Жобалық  құзыреттіліктің  негізі  элемен-
тінде  студенттер  пəн  мазмұнын  меңгеруге, 
интеграциялауға, пəнаралық білімді қолдану-
ға,  оқытудың  технологияларымен  жұмыс 
істеуге  мүмкіндік  береді.  Моделдеу,  жоба-
лау,  құрастыру  білім  беру  жүйесі  мен  еңбек 
сұранысы  талаптары  арасындағы  байланыс 
пен оқу əрекетінде студенттің даму перспек-
тикасын көруге мүмкіндік тудырады. 
Тəжірибелік-дидактикалық  құзыреттілік 
өз шығармашылығының мүмкіндігін өзектен-
ді румен тығыз байланыста қарастырылады. 
Дидактикалық  құзыреттіліктің  рефлек-
сив ті-бағалаушылық  компонентін  педагогтің 
жеке  дара  қасиеттер  жиынтығы  құрайды.  Біз 
бұны  екі  тұрғыдан  қарастырамыз.  Бірінші 
оқу  əрекетіне  қатысушы  студенттердің  диа-
гностикасы  (ішкі  диагностика)  жəне  пе-
дагог  өз  əрекетіне  талдау  жасауы  мен  диа-
гностикасы  ретінде  сипаттауға  болады. 
Педа гог өз көзқарасы бойынша дидактикалық 
жағдайларды  талдап  жəне  бағалап,  өз  іскер-
лігін көрсетеді, шешім шығаруда тəжірибе мен 
іскерлігін  арттырады,  өз  əрекетіне  логикалық 
түсінігін  байқатады.  Дидиактикалық  кедергі-
лер кездескенде өзінің құзыреттілігін өзек тен-
діреді,  тəжірибе  алмасады,  ізденіс  жүргі зеді, 
білімін толықтып, дидактикалық іс кер лігі мен 
дағдысын шыңдап, түзетулер жүр гізіп отыра-
ды. Осы аталған дидактикалық құзыреттіліктің 
төрт  бағыты  бойынша  мақ сатты  түрде 
жұмыстар  жүргізіліп  отырса,  педа гог  өз 
құзыреттілігін  басқа  студенттерге  үйретуге 
талпынысы да жоғарылай берері сөзсіз.
Дидактикалық  құзыреттілікке  педагог  өз 
пəнін  игеруге  студенттерді  жұмылдыруы, 
жеке  сапаларын  дамыту,  өзіндік  ізденіске 
үйрету мен қызығушылықтарын ояту арқылы 
жүреді. 
Дидактикалық  құзыреттілікті  меңгерген 
студент:
біледі:  педагогикалық-психологиялық  бі-
лім  интеграциясын,  оқу  бағдарламаларын, 
оқу  үдерісінде  жобалық  технологиялар  негі-
зін,  жеке  пəндерді  оқыту  əдістемесін,  өз 
əрекетін  тиімді  ұйымдастырудың  форма-
сы  мен  əдістерін  біледі.  Студентте  пəн дік 
əдістемелер  арқылы  төмендегідей  құзырет-
тіліктер қалыптастады:
игереді:  жеке  пəндерді  оқыту  əдісте-
месін  оқыту  үдерісінде  қолдануды,  оқу 
мате риалының  мазмұынын  оқытуда  шығар-
машылық  деңгейде  пайдалануды,  мақсатты 
анықтауды,  міндеттерді  шешуді,  тиімді  фор-
маларды  таңдауды  жобалау  жұмыстарын 
игереді; 
дамиды:  жеке  жұмыс  жасауда  жеке  сту-
денттермен тіл табысуды, креативтілікті, эру-
диция,  белсенділік  тудыру  сапаларын  дамы-
тады [9].
Сонымен  кəсіби-дидиактикалық  құзырет-
ті лік  дегеніміз – маманның  өз  білігі  мен 
білімін теориялық, əдістемелік жəне тəжірибе 
жүзінде  іске  асыра  білу  қабілеттілігі  деп 
анықтама беруге болады.
Сондықтан  да  дидактикалық  құзыреттілік 
кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктің құрам-
дас  бөлігі  ретінде  əрқашан  да  дайындықты 
талап  етіп  студентті  өз  білімін  тереңдетуге, 
білігі мен дағдысын ұштауға, өз ісінің бағасын 
нақтылауға  үйретеді.  Аталған  дидактикалық 
құзыреттіліктер  арқылы  студенттермен  нə-
ти желі  де  тиімді  жетістіктерге  жеткізу  педа-
гогтің  өзіне  жауапкершілікті  жүктейді. 
Еліміз дегі  əлеуметтік-экономикалық  жəне 
саяси  өзгерістер,  республиканың  əлемдік 
деңгейде білім беру жүйесіне жетуде жасаған 
қадамдары  осы  мамандардың  тиісті  салада 
өзінің өсу траекториясын жасай алатын жəне 
өзінің  əлеуетін  анықтап,  дамыта  алатын,  кез 
келген  жағдайлардың  шешімін  тауып,  өзінің 
білімін  құзыреттілікпен  ұштастыра  алатын-
дай мамандар сапасына бағыттап отыр. 

28
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
ƏДЕБИЕТТЕР
1 «Қазақстан-2050»:  Стратегиясы  қалып-
тас қан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты». 
Қазақстан  Республикасы  Президенті – Ел-
басы  Н.Ə.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
жолдауы. –Алматы: Юрист, 2013. – 27 б. 
2 С.Аманжолов, Құзыреттілікті қалыптас-
тырудың  теориялық  негіздері // Өскемен: 
2007. – Б. 135-140.
3 Кузьмина Н.В. Профессионализм педаго-
гической деятельности. − СПб., 1993. − 54 с. 
4  Психологиялық  сөздік. – Алматы, 2012. 
− 328 б.
5  Педагогика:  Учебное  пособие  для 
студентов  педагогических  учебных  заведе-
ний / Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Мищенко 
А.И., Шиянов Е.Н. − М.: Школа-Пресс, 1997. 
− 512 с.
6 Платонов К.К. Краткий словарь системы 
психологических понятий. −М., 1984. − 155 c. 
7 Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. 
− Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006. − 384 б. 
8  Крюкова  Т.А.  Формирование  профес-
сиональной компетентности будущего учите-
ля  в  процессе  педагогической  практики:  ав-
тореф. ... канд.  пед.наук.  −  Волгоград, 2004. 
− 200 с.
9 Штыкова Т.В. Коммуникативно-дидакти-
ческая компетентность педагога и ее структу-
ра:  автореф. ... канд.  пед.наук.  −  Челябинск, 
2003. – 186.
УДК: 373.1
А.Ə. БУЛАТБАЕВА, П.Ш. МАХАНОВА, Е.Т. КАДЕНОВ
Общественное объединение «Академия Педагогических Наук»
A.BULATBAEVA@YANDEX.KZ
Казахский национальный университет имени Аль-Фараби
ekt_91@mail.ru
г. Алматы, Казахстан
РЕЗУЛЬТАТЫ ИССЛЕДОВАНИЯ ФАКТОРОВ, ВЛИЯЮЩИХ 
НА ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ УЧАЩИХСЯ
Аннотация
В статье представлены результаты социологического исследования «Влияние семейного по-
ложения на образовательные достижения учащихся», по блоку «Образовательная среда и до-
стижения», которое было выполнено по заказу Управления внутренней политики г. Алматы. 
Из учены такие факторы как успеваемость, отношение к школе и педагогам, дополнительные 
услуги в образовательной среде школы. 
Ключевые слова: образовательные достижения, образовательная среда, успеваемость, оцен-
ка школьной среды.
Мақалада  Алматы  қаласы  Ішкі  саясат  басқармасының  тапсырысы  бойынша  орындалған 
«Оқу шылардың білім алудағы жетістіктеріне отбасы жағдайының əсері» атты əлеуметтік зерт-
теудің «Білім беру ортасы мен жетістіктер» блогі бойынша нəтижелері сипатталған. Білім беру 
жетістіктеріне əсер ететін келесі факторлар зерттелген: оқу үлгерімі, оқушылардың педагогтар 
мен мектепке деген қатынасы, қосымша қызметтер мен мектептің білім беру ортасы.
Түйін  сөздер:  білім  беру  жетістіктері,  білім  беру  ортасы,  оқу  үлгерімі,  мектеп  ортасын 
бағалау.

29
Білім берудің бүгінгі мəселелері – Современные проблемы образования
Annotation
The article presents the results of sociological study “Impact of Marital Status on the educational 
achievements of students” on the theme “Еducational environment and achievements” which was 
fulfi lled at the request of Almaty Internal policy Department. Such factors as academic achievement, 
attitude towards school and teachers, additional educational services in the environment of school are 
studied.
Keywords: educational achievements, educational environment, progress, assessment of the school 
environment.
С
оциальное влияние на личность школь-
ника,  его  учебную  мотивацию  и  об-
разовательные  достижения,  осуществляется 
разными путями. Кроме сознательного, целе-
направленного воспитания, осуществляемого 
родителями  (т.е.  семейного  воспитания) [1], 
на  ребенка  воздействует  такие  факторы,  как 
адекватность и сформированность самооцен-
ки школьника, образовательная среда школы, 
мастерство учителей.
В содержании статьи представляем резуль-
таты опроса  школьников г. Алматы по блоку 
«образовательная среда и достижения» по за-
казу Управления внутренней политики горо-
да [2]. Всего  в  проекте  было  опрошено 723 
школьника,  обучающихся  в 8-9 классах.  По 
языку обучения опрошенные школьники рас-
пределились следующим образом: 61% – уча-
щиеся различных школ и классов с казахским 
языком обучения; 39% – учащиеся различных 
школ  и  классов  с  русским  языком  обучения. 
Исследованием  были  охвачены 57% девочек 
и 43% мальчиков.  
Уровень  образовательных  достижений 
тесно взаимосвязан с возможностями школь-
ника. Это и уровень определенных компетен-
ций  для  выполнения  учебных  заданий,  удов-
летворенность  получаемым  образованием  и 
др.  Показателями  образовательных  дости-
жений выступают: отношение к учебе и ин-
терес  учиться,  дисциплина  и  посещаемость 
школы, личные учебные достижения и успе-
ваемость. 
В  качестве  одного  из  социально  значи-
мых  ресурсов,  аккумулируемых  учащимися 
на протяжении школьного обучения и затем, 
конвертируемых в образовательные достиже-
ния, можно рассматривать успеваемость. 
43,2%  опрошенных  школьников  оцени-
вают  свою  учебу  как  хорошее, 41,5% – как 
среднее, 11,3% – как отличное, как слабое и 
неудовлетворительное – 4%.
Рисунок 1 – Распределение ответов респондентов на вопрос 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет