Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет100/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

239-жаттығу. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 
Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық – әр адамға керекті ең ұлы 
қасиет. Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, 
сол ата-анадан бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, 
қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені өз 
әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Үйде бауырмал 
болмаған, түзде интернационалист болмайды. Өз ауылының тасын сыйламаған, 
өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген, өзге ұлттарды 
ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей 
екенін жастар ажырата білуі шарт. 
Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс 
болады. Оларды ұялтпайын, сүйегіне таңба түсірмейін, өлсем өлейін, бірақ ата-
анамды, ағайын-жұртымды жерге қаратпайын дейді. Ер жігіттің елі – ата-анасы, 
Отаны – өз үйі. 
Патриотизм – «Отаным сені сүйемін. Сен үшін құрбан болуға әзірмін» деп 
құрғақ сөзді гүмпілдете беру емес. Ол – формализм. Елді, жерді, Отанды 
сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент 
сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруакер, адал, әділ 
болып өседі. (Ә.Нұршайықов) 
240-жаттығу. М.Мақатаев өлеңін мәнерлеп оқып, тыныс белгілерінің 
қойылу мәнін түсіндіріңіздер. Егер сіздер осы өлеңді қабылдаудағы өз 
тебіреністеріңізді жеткізгілеріңіз келсе, онда қандай тыныс белгілерін қосқан 
болар едіңіздер? Ойларыңызды дәлелдеңіздер. 
Музаға 
Отырғанын қарашы күйім келмей, 
Қайда кеттің? 
О, Муза! Құйын желдей. 
Аузымды ашсам, өкпемнен жел үреді, 
Қаңыраған иесіз диірмендей. 
Мұздатады жанымды бұйым көрмей. 
Жел үреді желпініп, көрік-кеудем, 
Күйім келмей отырмын неліктен мен?! 
О, Муза! 
Қайдасың сен желік берген? 
Жалын мен отқа ғана ерік берген 


119 
Серігім, қайдасың сен сеніп келген?
Дәптер жатыр парағы аударылмай, 
Аударылмай шынымен қалғаны ма-ай! 
Ойлар жатыр еңсемді бір көтертпей, 
Тонна-тонна қорғасын салмағындай. 
О, Муза! 
Әуреге салғаның-ай! 
Күтемін сенен үміт, сенен жігер, 
Қисаң маған, биік пен тереңді бер! 
О, Муза!
Маған алыс сөреңді бер! 
Ғайыптан кел де, мені демеп жібер. (М.Мақатаев) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет