236-жаттығу. «Тыныс белгілері – шығарма ажары» тақырыбына ойтолғау
жазыңыздар.
237-жаттығу. Өлеңдегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріңіздер.
Бір адамға
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
117
Біздерде мынадай бар, мынадай бар?..»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын»,
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз».
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп:
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
Демейінше болмады, қарап жай-ақ!
Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба», – деп,
Кесені қолыма алып қарай бердім:
Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп. (С.Торайғыров)
238-жаттығу. Қате қойылған тыныс белгілерін тауып, тиісті орнына
қойыңыздар.
Сараңдық пен жинақтылық
Бірнеше тәуір кісілер, бір жетім-жесір қалған үй үшін жылу жиямыз деп әр
үйге қыдырып барып жүріп бір байдың үйіне келсе бай жұмыскеріне: «бір
кішкентай жіпті жаңбырда, ұмытып далада қалдырыпсың», – деп қатты ұрысып
тұр екен. Ұрысып тұрып айтады
«Сен білмейсің ол кішкентай ғана жіп те болса, малға сатып алынған нәрсе:
малдың табылуы оңай емес» – деп.
Мұны естіп; көріп; әлгі жолаушылар өзді-өзі сөйлесті – Бір жаман жіпті
далада ұмытып қалдырдың, – деп сонша кейіп тұрған адам бізге еш нәрсе бере
қоймас, аузымызды ауыртпай, келген ізімізбен қайталық. Ішінде біреуі айтты:
«Неміз кетіп барады, келген соң бұған да айтып кетелік».
Бұл сөзбен байға келіп, сәлем берді. Бай бұларды әдеппен үйіне кіргізді.
Сонан соң, келгендердің жұмысын естіп, сол жердің өзінде бөтендерге
қарағанда екі есе ақша шығарып берді және мұнан басқа төрт-бес қап астық
118
беремін деп уәде етті. Мұнысын көріп жолаушылар таңданып отырды да,
өздерінің далада байды сараңға қойғандарын айтысты. Сонда бай айтты:
«Аз нәрсені азсынбай, қадірін біліп жинағаннан осындай кем-кетікке
жәрдем беруге қолым жетісті; жинақтылық: сараңдыққа қосылмайды?» – деді.
(Ы.Алтынсарин)
Достарыңызбен бөлісу: |