Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет103/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   111
Байланысты:
annotation30756

*Ерунда. Бұл сөздің шығу төркіні жөнінде басы ашылмаған даулы мәселелер бар. В.И.Дальдің сөздігіне сүйенсек, симбирліктер қолданған еранда сөзі ералаш, вздор, дичь, чушь, чепуха дегенді білдіреді [В. Даль, 233 б]. Ал В.И.Дальдің өзі көрсетіп отырған ералаш Н.И.Шанскийдің сөздігінде аралаш «беспорядок» деп берілген. Н.И.Шанский ерунда сөзін таза орыс сөзі ретінде түсіндіреді, семинаристер қолданған латын тілінен енген герунда (gerundium) герундий деп жасалған орыс сөзі деп берілген [. Н.И.Шанский, 139]. Орыс тіліндегі ерунда сөзінің мағынасы түк те емес, бос сөз, шатпақ дегенді білдіреді. Ал түркі тілдерінде ералаш аралас дегенді білдіреді Олай болса, ерунда сөзі – орыс сөзі емес, түркі тілінен орыс тіліне ауысқан деп ойлаймыз.

*Иван.
В.И.Дальдің сөздігінде «Бүкіл Азия, Түркі жұртында Дунайдан Кубаньға, Оралдан Амурға дейінгі аралықта ‘орыс’деген ұғымды білдіретіні» көрсетілген [80,288]. Орыс ертегілерінде Иван әртүрлі аталады: Иван – ақымақ ( Иван – дурак), Иван – батыр ( Иван – богатырь), Иван – король ұлы ( Иван – королович), Иван – мұжық баласы ( Иван –мужичий сын), Иван – көпес ұлы (Иван – купеческий сын), Иван – шаруа ұлы (Иван – крестьянский сын), Иван – ханзада (Иван-царевич), Иванушка, Ванюшка, Ваня, Васинька т.б.
Иван– орыс халқының алаңғасар, аңқау, ақымақ, әпенді кейіпкері болғанымен, сүйікті ұлттық бейнесі деп саналады. Бірақ Иван аңқау, алаңғасар ма ? «Иван-дурак волшебно-фантастической сказки вовсе не дурак в прямом смысле этого слова, а искусно замаскированной идеальный герой» [,114],– деп бағалайды зерттеушілер.
Жалпы жұртқа Иван – орыс сөзі болып көрінгенімен, түп негізі – көне еврей тіліндегі Иохаанн құдайдың сыйы, Иоанн дегеннің өзгерген нұсқасы. Иван аты Европаға да кең тараған: Иоганн (неміс), Жан (француз), Джон (ағылшын), Юхан (фин), Ян (поляк), Иванэ (грузин). Бір қызығы, аталған елдің көбінде Иван аңқау, аңғырт, аңғал, әзілкеш ұлттық бейне ретінде қабылданған.
Ішуді біз үйрендік,
Иван менен Бористан (Н.Төлепбергенұлы. Қияметтің қыл көпірі).
Иван аты – тұтас бір ұлттың бейнесінің өкілі ассоциациялық бейне түрінде алынған. Иван – прецедентті атау.

*Ләммим
Ләм мим демеді – тіс жарып сөз қатпады, үндемеді, Ләм – араб әліпбиіндегі «л» дыбысының аты [72,12 б]. Ауызды ашып, тіл, еріннің қозғалысқа келуімен байланысты ләм-мим демеу деген ұғым пайда болған. Құранда кейбір үзінділерді оқымау үшін әліп, ләм, мим деген үш әріп жазылады екен. Этимолог-ғалым Ә.Нұрмағанбетов: «Арабша «Лә» – емес, жоқ «Ма»–не дегенді білдіреді. Егер «ләм-мим демейді» деген тіркесті осыған сәйкестендірер болсақ, «жоқ та демейді», «не деп те сұрамайды» деген мағына шығады да, «үндемеу» сөзі «аузын ашпайды» сөзінің орнына жүреді [Нұрмағанбетов Ә. Қос сөздердің құпиясы,1991, 52 б].
Э.А.Вартаньянның зерттеуінде бір қызық пікір бар: «Элемент, слово латынского происхождения, первоначально – философский термин, обозначавший стихийно-изначительные силы мироиздания, то есть огонь, воздух, воду, землю. Предполагают, что слово произведено из названий трех букв, латинского алфавита: L (Эль), M(эм), N(эн). Смысл название подобно тому, как слово сложены из букв, все тела сложены из элементов» [Вартаньян Э.А,1975, 29 с]. Вартаньянның пайымдауынша, L (Эль), M(эм), N(эн) элемент деген ұғымды білдіреді.
Бұл ойды ғалым Б.Ақпанбет те қолдайды: «Бұл сөз тіркесінің алғашқы нұсқасы «Ләм-мин-нұн» болса керек, нұн түсіп қалған. Олай дейтініміз 3,4,5 әлемнің негізі деп танылса, «ләм-мин-нұн» – соның дыбыстық бейнесі. Арифметика (3,4,5), геометрия ( ), тіл дыбыстары Л, М, Н ғылымдары өзара тығыз байланыстағы тұтас тұлға» [Әділбаева Ұ.Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атауларының уәжділігі. Ф.ғ.к. дисс, 2001,125].
Ғалым Б.Ақпанбет «ләм-мин-нұн» тіркесін математикалық кескін деп қарайды. Ғалымның 3,4,5 санына кеңірек тоқталайық. «Әлемнің хисабтық, пішіндік, дыбыстық һәм мазмұндық бейнелері бір-бірінен ажыратуға келмейтін нәрсе. Ұлы үндестік заңы дейтініміздің өзі осы үйлесім – үндестікті түсіну. Шығыс ғұламалары әлемдік құрылымды 3,4,5 сандары арқылы тануға болады деген. Материалдық әлем 3 санынан басталады. Есептеулер жасайық. 3+1= 5, 3+2=5. Дүние болмыстың негізі 3,4,5 арқылы танылады деп айту осыдан. Мұны кезінде шығыс ғұламалары айтып кеткен. 3 – ерлік сипат (+); 4 – әйелдік сипат (–); 5 – ғарыш әлемі» [Әділбаева Ұ.Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атауларының уәжділігі. Ф.ғ.к. дисс, 2001,124].
Ләммимді қызық дейін десең,
Бала боп қабырғаға сызған емес,
Бұзық дейін десең,
Бәле боп біреудің тұмсығын бұзған емес.
Жынды дейін десең,
Жынды су ішіп шалшықта жүзген емес.( Т.Әлімбекұлы. «Ым-Жым») .
Сатириктердің нысаны жағымсызды сынау болғандықтан, пейоратив мәнде жасалған аттарды көп қолданады. Осылардың ішіндегі Мәңгүрт деген кейіпкер атының қойылуы, уәждік себебі, сөздің шығу төркініне тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет