Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет101/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   111
*Бипыл.
Бипыл деген сөздің шығу төркінін анықтау үшін сөзіктерден іздестірдік.
Халық әнінде айтылатын мәтінде осы бипыл сөзі кездеседі:
Ей, күлли, күлли, Күлжан-ай,
Күнде қызық үйім-ай.
Бипыл, бипыл, бипыл-ай,
Тартшы, құрбым бір күй-ай.
Бипыл – ән қайырмасында Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай, Тартшы сәлем, бір күй-ай деп айтылады. Бір қарағанда, Бипыл қыздың есімі ме деген ой келеді. Олай дейін десек, қазақта мұндай қыз есімі, тіпті осыған ұқсас та есім кездеспейді. Сонда бұл «бипыл» сөзі қандай ұғым білдіреді? Біздің топшылауымызша, орындаушы гармонь тартқанда, «бип-бип» деген дауыс естіледі, осы дыбыстың қайталауынан бип- бип -бипыл болып қалыптасуы мүмкін, -ыл сын есімнің жұрнағы, мысалы, жарқ+ыл, қарқ+ыл т.б.
Сатирик Ә.Көшеров «Осындағы күлли, күлли дегені сөз емес – дыбыс, «ля-си, ля-си» мажор, «бипыл, бипыл» дегені – «ми-фа, ми-фа» дыбыстары, яғни гармонның ритмдік дыбысы»,– дейді, оны халықтық этимология деп түсінуге болады.
К.Хұсайын «көне де байырғы сөздік қоры имитатив құбылысына, яғни табиғаттағы сан алуан дыбыс жаңғырығын, жарық сәуле рефлексін және қимыл-әрекет процестерін тіл арқылы бейнелеп көрсету нәтижесінде қалыптасқан «[хұс,44],– әрбір дыбыстың сөз құрамында тұрып, беретін өзіндік мағынасы бар дейді.
Дырдай деген бастықтың
«Шопыры» болдым, кәдімгі.
Ал біз болса ұйтқып жүрміз,
Күні бойы сиқыр желдей.
Жұрт не десе о десін,
Менің бастығым – Бипыл жеңгей (Ә.Қонарбаев.Менің бастығым – Бипыл.).
*Дайрабай.
Бейімбетің «Даудың басы – Дайрабайдың қасқа сиыры» атты шығармасында ақысы біреуге кетіп, сөзін еш жерге өткізе алмай, басы дауға қалған бейшара кейіпкер. Профессор Т.Жанұзақовтың сөздігінде дайрақбай деген сөзге тұс-тұстан андағайлап шапты деген түсінік берілген. Ал академик Ә.Қайдар дай сөзінің екі мағынасын көрсеткен: 1. түрлі пікірде, екіұдайы болу. 2. диал. дайыр белгілі, атағы шыққан [Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. – Алматы: Наука, 1986, 200 б]. Бұл жерде басы даудан кетпей, екі ұдай ойда болып, елге белгілі болып, шауып жүрген адам бейнесі осы сөздер арқылы белгілі боп тұр. Олай болса, көркем сөз шебері Б.Майлин бұл кейіпкерге кез келген атты қалай болса солай қоя салмай, белгілі бір стильдік мақсатта алған деп жорамал жасауға негіз бар. Бұл сөз бүгінде әңгіме даулы мәселе төңірегінде, неден шықты деген жағдайда қолданылатын нақылға немесе мәтелге айналып кеткен деуге болады. Әңгіме арты шуға айналып, даулы мәселеге ұласқанда, «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» деп ауызға ілігер нақыл сөзге айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет