Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Кейіпкер аттарының қойылуының әлеуметтік ерекшелігі



бет99/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   111
3.6 Кейіпкер аттарының қойылуының әлеуметтік ерекшелігі
Қандай жанрда, қандай туындыда болмасын, қаламгер қаламынан туған кейіпкер аттарының замани ерекшелігі болады, яғни саяси-әлеуметтік жағынан ерекшеленеді. Ұлы француз жазушысы Эмиль Золя «Нередко даже в сочетании слогов мы видим весь характер человека» деп пайымдаса, Гюстав Флобер «Когда нет имени – нет и романа» деп әсірелейді [Әбдіков Т. “Жапон болсам Жапонияны жазар ем !..” // Ара. –2003, 3 б].
«Жүз жылдық» кейіпкерлер
ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдың басы деп, жүз жылды бөліп алып, ғасырлық кейіпкер аттарына хронологиялық талдау жасаймыз. «Жүз жылдық» кейіпкерлерді тарихи жағдайдарға қарай топтастырдық. Өйткені, әр кейіпкер – әр дәуірдің жемісі. А.А.Фадеев КСРО Жазушылар Одағының ІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «в сатирическом жанре как и всяком другом, существует еще один герой – может быть самый главный – это он самый автор»,– деген.
Қазақ сатирасы мен юморлық шығармаларының садағы мен нысаны саясат пен көркемдік тұрғыдан әр жылдарда түрліше болды, оны көркем туындылардағы кейіпкер аттарын ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдың басы деп, жүз жылды бөліп алып, ғасырлық кейіпкер аттарына хронологиялық талдау жасаймыз. Қазақ халқының тарихында әр кезеңге , әр ғасырға сай қалыптасқан, тарихы мен мәдениетінің куәсі іспеттес кейіпкер аттары қаншама, соларды тізіп, «жүз жылдық» кейіпкерлерді ғасырдың әр кезеңіндегі тарихи жағдайларға қарай топтастырдық. Қазақ әдебиетінде сатиралық ағыстың баяу тартқан тұсы болғанмен, бұғып қалған, тоқтап қалған кезі болған жоқ. Өйткені сатира – қоғамның әлеуметтік-саяси, моральдық-этикалық өміріне белсене араласып отыратын үлкен күш. Сатираның садағы мен юмордың жебесі, яғни көздеген нысаны әр кезеңді салыстырсақ, ұқсас та айырмашылық жағы да болды.
ХХ ғасырдың басы– жалқаулық, көнбістік, сауатсыздық, төрешілдік, партияшылдық, жікшілдік, оңшылдық, солшылдық т.б. Бұл кезеңге Абай (Күлембай, Өрім, Шотқара), Ж.Аймауытов (Байпақ, Бозінген, Босаға Салықбайұлы, Бақыраш, Доға, Жылтыр, Итбас, Көксау, Қасқырбай, Қойтеке, Құсқымбай, Мүсәпір Жайтуғанұлы, Тайкөт, Томарбай, Тышқанбай, Ұлтарақ, Ыстықбай, Тықырдың Жалтыр), А.Байтұрсынұлы (), М.Дулатов (Тікбақай), С.Көбеев (), М.Әуезов (Бойбермес, Жүзтайлақ, Жұман қырт) шығармаларындағы кейіпкерлерді алуға болады.
20-30-жылдар – арамза молда, пысықой қулар, белсенді, қу мен сұм, дүмше бақсылар, әйел саудалау, ескілік сарқыншақтары, неке бұзушылық, сауатсыздық, таптық күрес, асыра сілтеушілік т.б.
Б.Майлин (Боқбасар, Итаяқ, Қайқытөс, Шауыпкел Төбетов, Қарықбол,), І.Жансүгіров (Сұрпақбай, Жыланкөз, Бұқамойын, Бұзаутамақ, Алымшыл Алмасов, Зікір, Астыртын Жалғасаров,), С.Сейфуллин (Шоқай, Бүйенбай, Қоңырқожа), Қ.Тайшықов (Қапсыңқа, Салқамбай, Малқамбай, Сыбанкүл), М.Дәулетбаев (Сұрпақпай), Ғ.Мүсірепов ( Көтібардың Итемгені, Жылтыр Омар, Талтаяқ, Сілекев), .
41-45-соғыс жылдары – атаққұмарлық, діншілдік, cауатсыздық, сатқындық, опасыздық, дүмше мұғалімдік. Ш.Смаханұлы (Бөсір, Қалақай,), С.Төлешов (Алакөзов, Сылқым, Қарсыбаев), А.Тоқмағанбетов (Дүмшебай,).
50-жылдар – көзбояушылық, шаруаға қырсыздық, маскүнемдік, арамтамақтық, бақталастық. Бұл кезең сатираның бәсеңсіген, еңсесін енді көтеріп келе жатқан тұс болатын.
А.Тоқмағанбетов (Маймұрын), Ш.Смаханұлы (Зузула, Сұрқия,), Ш.Хұсайынов (Ақжарқын, Мойтық, Тәйтік, Қарақыз, Үкілім, Тоқыр, Қырықсақина), М.Рәшев (Көзжұмбаев), Ж.Алтайбаев (Шайпаубике, Қисықбасов, Арбакешова),
60-жылдар – алаяқтық, жалқаулық, мансапқорлық, жағымпаздық, даңққұмарлық, саудагерлік, екіжүзділік т.б.
О.Әубәкіров (Зымзия, Дүдәмал, Мимырт), О.Дастанов (Әтіргүл), Ш.Смаханұлы (Шимайбек, Шыңқетпе), Б.Соқпақбаев (Қожа), Ғ.Қабышев (),Б.Қыдырбекұлы (Күлбет, Месқара, Тойған Тойғаныч, Суқылдақов), М.Рәш (Шотбасов, Дүмбілезов, Арақбаев ), С.Адамбеков (Айтақ Шоқшашаров, Майлыбас, Жаманқара, Зыпберген),
70-жылдар – парақорлық, жалқаулық, маскүнемдік, қоғамдағы жолсыздық, саудагерлік, алып-сатарлық, қылмыскерлер, қоғам мүлкін тарантаражға салушылар, рушылдық, заң бұзушылық, семьядағы берекесіздік, ажырасушылық, дінді сынаушылық т.б.
Ш.Смаханұлы (Қоян Қорықпасов, Күншілбай, Шошаңкүл,) О.Әубәкіров (Көди,Сөди, Пәштуан), Б.Қыдырбекұлы (Байбатша, Жәдігөй), Ж.Алтайбаев (Совхозбек, Фермебай, Барымталин), Ахметчин (), Ү.Уайдин, (), Ғ.Қабышев (), Қ.Ілиясұлы О.Иманәлиев (Қытқытбек, Шықшытбек, Зырдай Жұқпасов, ), М.Рәш (), З.Асабаев (Майжеген, Маймыш, Майшық,), Т.Құлиясов (), Қ.Шыңғысов, (), С.Кенжеахметов (Ебіл, Себіл, Түлен Түрткенов, Ым,Жым),
80-жылдар – жайбарақаттық, сән-салтанат қуушылық, парақорлық, көлгірсу, күнбағарлық, әлеуметтік әділетсіздік, күншілдік, көре алмаушылық, дарақылық, енжарлық, көзбояушылық, көңіл жықпастық, жатып ішер жалқаулық, салғырттық т.б.
О.Әубәкіров (Әусек, Сәусек, Басабайдың Бөдені), Ш.Смаханұлы (Шіңке, Елпекбай, Телпекбай ), Ж.Алтайбаев (Сумұрын, Қойқойбек, Тәйтік), С.Адамбеков (), К.Әмірбек (Ахахау Одағаев, Ерке тотай ), Е.Жаппасов (Суаяқов, Сужұқпасов, Жылпылдақ, Ақылкөп, ), Ғ.Қабышев (Аққас Көккөзов, Алмақ Салмақов, Омпай Томпаев), Ә.Қазыхан (), М.Рәш (), С.Әлжіков (Ақылқалта, Тастесер, Қық, Гүлдерайым), Т.Әлімбекұлы (Ырду, Дырду), Қ.Демеубергенов (Шишагүл, Жұпан Жұпиевич), Ү.Уайдин (Змилә, Ерунда, Ақырзаман), Ө.Жаппарханов, Қ.Шыңғысов (Дәңкіскүл, Азынагүл, Базынагүл), (Бүлік,Сүлік,Түлік), Т.Қожакеев (Жертесер Таққұмаров,Тоймас Қоймасов), Т.Кенеев (), О.Иманәлиев (), О.Кенжебеков (), Ә.Қонарбаев Ж.Құрманғалиев(), Ә.Табылды (Сыпсыңгүл, Заржақ, Сужұқпас).
90-жылдар – берекесіздік, ұрлық, маскүнемдік, мәңгүрттік, тіл білмейтін дүмшелер, жершілдік, топшылдық, сыбайлас жемқорлық, халықтық енжар, жалқаулық, самарқаулық, немқұрайлық, тоғышарлық т.б.
А.Асылбеков (Былпық, Қырпық, Теңгебай, Шөңгебай), Ғ.Қабышев (Дұғай, Шұғай, Бақырбасов, Ырғытпаұлы Сырғытпа, Саққұлақ), М.Рәш, Е.Жаппасов (Десбермесов, Шиборбай, Тыртиған Қылтиғанұлы), Н.Елтай (Бүкшік,Зілбас), Н.Әлімбеков ( ), Ж.Ақбердиев (), Қ.Әшенов (Мәржапия, Дәлду), Б.Әділов, (), Ө.Әлімгерев (Алқаш, Ыржалақ), А.Боранбаев (Бұлдыр), С.Жанысбаев, С.Жортанов (Қораз Қоқиев),, Т.Кәрімов (), Д.Тұрлыбек (Тәшкенбай, Жанбағыс, Тезекгүл,Шалқақбай), Б.Кірісбаев (), А.Қонақбаева, Б.Садыр, Ж.Сабыржан, М.Шерімов (Мыжбан, Тыжбан, Жалаңашбике, Саунагүл, Спидбек), С.Шұқынов, С.Шомақов, Н.Бектемірова, М.Серғалиев (Сарқытбек, Сылқымбай), К.Әмірбек (Ауыз Жаппасов), Т.Әлімбекұлы (Әкіреңбай, Бәдік, Тымпи Тілқатпасов), С.Кенжеахметов (Әлду, Бәлду, Жембасар Жымқырбаев, Қиқым Сиқымов, Азғанбай, Тозғанбай),Ү.Уайдин (Ақпатша, Әпитөк), Қ.Демеубергенов (Зілғайша, Қиту, Дәлдүріш), Ә.Көшеров (Жезтырнақ, Күлкімкелді, Мыстанқыз)
ХХІ ғасырдың басыморальдық азғындық, арызқойлық, қатігездік, мейірімсіздік, көзбояушылық, марапатшылдық, рушылдық, ұранқойлық, қулық, қызмет бабын пайдаланушылық, зинақорлық, бұзақылық, пайдакүнемдік, партияшылдық, жікшілдік, оңшылдық, солшылдық т.б. М.Шерім (Мәңгүртбай, Сандалған Қаңғырғанов, Түтінгүл Газова, ),Т.Шапай (), Е.Жаппасұлы (Жылмағай Жылпосов, Жалақор Пәлеқоров, Келіншек Көңілшекова), А.Наймантай (Аққу, Гәкку, Двкәлі,), Т.Әлімбекұлы (Бейберекет, Жертебер Көрпеберов ), Ғ.Ахметчин (Әлітірі, Дікдік, Сықпырт ), Т.Аязбаев (Бытпылдық, Шүрегей, Елімай), А.Төреқұл, Е.Шайқыұлы (), Ғ.Қабышев (), М.Рәш(), А.Алхан (),Ә.Көшеров (Аңырақай шал), Ж.Құрманғалиұлы (Судыргүл), Н.Төлепбергенұлы (Тасжүрек, Иван, Далбаса, Заңғой, Даңғой), Н.Жұбатқан (Тақылдақ, Сақылдақ), Ә.Табылды (), Б.Кемал (Спіртқали, Мінтапқышұлы),
Әр қаламгердің өз кейіпкері бар, ол кейіпкердің өз тағдыры, өз әлемі болады десек те, бір-біріне көшіп жүрген кейіпкер аттарының бар екені зерттеу барысында анықталды.
«Бізде әзіл-сықақтың сонау көне ауыз әдебиетімізден жаңа жазба әдебиетімізге келіп жалғасқан еңселі, абыройлы мектебі бар. Бұл мектепте дәріс тыңдаған, творчестволық тәлім-тәрбие алған бүгінгі үлкен-кіші сатирик-сарбаздар өз алдына бір қалың қол. Олардың көпшілігі алдарында жатқан даңғыл жолға түсіп тарта береді, ешқайда бұрылмайды, еш жаққа қарамайды, аялдамайды»,– дейді сатирик Ғ.Қабышұлы. Сардар сықақшы қазақ сатирик-юмористерінің бір-бірін оқу, үйрену жағынан осал екендігін айтып отыр.
Оқу болмаған жерде, «алдында не болғанын білмеген жерде» кейіпкер аттарының да қайталанатыны айтпаса да түсінікті. Үш мыңға жуық кейіпкерлердің ішінде 60-тан астам кейіпкер аттары – осы «қалың қолдың көкпары» немесе бір шығармадан екінші шығармаға көшіп жүрген «көшпелі кейіпкерлер» деуге болады: Азынакүл, Базынакүл (Қ.Тайшықов, Қ.Шыңғысов), Бипыл (Ә.Қонарбаев, Ө.Әлімгереев, Ә.Көшеров), Әпитөк (Ү.Уайдин, А.Наймантаев, Н.Төлепбергенұлы), Әйдік (Т.Әлімбекұлы, Т.Кенеев), Әпербақан (Н.Ысмағұлов, Н.Төлепбергенұлы), Әтіркүл (О.Дастанов, Б.Садыров, М.Юсупов), Десбермес (Е.Жаппасұлы, Т.Әлімбекұлы), Дүдәмал (О.Әубәкіров, Б.Кірісбаев, А.Наймантаев), Қиқым, Сиқым (М.Рәш, С.Кенжеахметұлы, Ә.Табылды, Н.Аманжолов, М.Юсупов), Көди, Сөди (О.Әубәкіров, Н.Төлепбергенұлы), Мәстек (Ж.Алтайбаев, Т.Құлиясов, Қ.Демеубергенов), Сәндігүл (Ш.Смаханұлы, О.Иманәлиев, А.Асылбеков, А.Қонақбаева, Т.Шәріпжанов), Тәмпіш (А.Тоқмағанбетов, Е.Жаппасұлы, Ә.Табылды), Ілдебай (Ғ.Қабышұлы, Б.Садыров) т.б. Ескертетін жайт: жақшаның ішінде бірінші тұрған авторлар сол кейіпкерді алғаш қолданғандар.
И.В.Гете де «кез келген жазушы қажет ете ме, етпей ме, бәрібір өз шығармасында өзін бейнелейді» деген, яғни қаламгер өзі туралы айтпаса да, өзінің дүниетанымы, ой-өрісі, өзіндік мәнері көрінеді.
Сатириктердің саяси-моральдық бейнесі оның өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшіліктерін барынша ашып көрсетіп, аяусыз әшкерелеуінде, адам құбылысының иірімдерін тап басып, сыртқа шығарушы психологиясында. С.Адамбеков – ескілікті жек көрген, күні өткен, етектен тартқан келеңсіздікпен күрескен, кейіпкерлері Шынтас, Айнаш автор секілді ойлайды, сол тәрізді қимыл-әрекет етеді. Сатира жампоздары Ж.Алтайбаев, Ғ.Қабышев – насихатшы, данагөй. Адамдар арасында кездесетін барлық келеңсіздікті сынайды, жирендіреді, олардан бойды аулақ салуға үгіттейді. Сатира тарланы О.Әубәкіров пен юмордың тұлпары Ү.Уайдин – өз атынан да, өзге атынан да сөйлеп, сөйлегенде жұртты қыран-топан күлдіріп отырады.
Осындай қоғамдағы жағымсыз құбылыстар әлеуметтік дамуға, тарихи ілгерілеу жолында көлденеңінен тұратын өмір құбылыстары болғандықтан, жиналған кейіпкер аттарының 70 пайызы пейоратив (латын. pejor «кемсіту») болып келеді. Келеңсіздік атаулыға қарсылық сатираның жауапкершілігін арттырады.
Сатира мен юмор десе «жарғақ құлағы жастыққа тимейтін», сөзі уытты, қаламы қуатты, жазушы-ұстаз, юморист Ү.Уайдин: «Сатира жаратылысы – шабуыл. Шабуыл болғанда оның мақсаты – адам өлтіру емес, адам ойланту»,–дейді. «Шабуылшылардың» көбіне-көп нысанасы – адам бойындағы пысықтық пен пасықтық. «Пысық» семасында ‘епті, еті тірі, ширақ’ мағынасын білдіргенімен, қазіргі қолданыста ‘ылдым-жылдым, пәле, бәлекет’ деп ұнатпаушылық мәнде қолдану басым. Пысықбек атында пейоратив те, мелиоратив те мағына бар.
Ұлы Абай «Пысықтықтың белгісі – арыз беру, Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы» деп, оларды арыз жазушылар, жала жабушылар, өз халқын өзгеге жем етушілер, құр көкірек, бос кеуделер деп сынады. Абай айтқан «пысықтар»– заманындағы өз бас пайдасын ойлаған би-болыстар, тілмаштар. Кейін олар сталинизм диктатурасы кезінде «шолақ белсенділер», «атқамінерлер» деген жаңа әлеуметтік типтерге айналды.
Қазақтың көрнекті философы Ғ.Есімов ұлттық консолидация басталған кезде интеллигенция арасында пайда болған «арам шөптерді « бюрократтар деп атайды [Сыздық Р., Шалабай Б., Әділова А.Көркем мәтінді лингвистикалық талдау (Оқу құралы) – Алматы: Ғылым ғылыми баспа орталығы, 2002, 108]. Бұл топқа жататын адамдарды Р.Сыздық, Б.Шалабай, А.Әділовалар «қоғам өмірінде өте жағымсыз іс-әрекетпен айналысатындар, олардың қылықтары өзгелерге қиянат жасау, өтірік айту, өсек айту, бірді бірге айдап салу, пысықсып, тілін безеп, көзге түсу сияқты болып келеді»,– деп анықтама береді [Мүсірепов Ғ. Таңдамалы. Үш томдық. Бірінші том, 1987, 37].
Мұндай кейіпкерлер ХХ ғасырдың жырын жырлаған Ж.Аймауытов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Тайшықов сынды әдебиет алыптарының туындыларында (Астыртын Жалғасаров, Алымшыл Аямасов, Әккібаев, Белденбоқ, Ептібек, Жұлқарбай, Итбаеш, Тасқайнатаров, Пысықбек, Қасқырбай, Көкшолақ, Қабанқара, Майбасар, Талтаңбай, Тілмар, Шұбар т.б ) молынан кездеседі.
Бұлар қазақ әдебиетінде нағыз әзіл-сықақ, зілді мысқыл, кекесін, келемеж, тұспалдың, тіпті сатираның іргесін қалап, негізін салып кеткендер. Пейоратив мәндегі аттардың өмірдегі жағымсыз, ұнамсыз, сұрықсыз құбылыстарды келекелейтіні туралы айтылды. Оларды тілдік жағынан талдау арқылы экстралингвистикалық факторлар кейіпкер аттарының уәжделуін, олардың ұлттық санамен, болмыспен, тарихпен, рухани мәдениетпен, халықтың әдет-ғұрып, наным-сенім, салт-дәстүрлерімен тығыз сабақтасқан жүйелілігін түсінуге жол ашады.
Ғ.Қабышұлы қоғамда белең алған жағымсыз құбылыстарды сынай отырып: «Пәлеқор, жалақор, парақор, сотанақ, түртіншек, тебеген, емеген, суайт, суқит, өтірікші, өсекші, айлакер, саудагер, ұрлықшы, жаңа «пенжақ-шалбар» киіп, қатары «жаңа» қайраткерлермен толығып, топырлап, қаланы да, даланы да жаулап алды»,– олардың шынайы бет-пердесін ашады.
«Жаулап алғандардың» аты-жөні де өздерінің кім екенін айтып тұрғандай: Аспанды Тірептұрғаныбыш, Былқетпес, Бетонбетұлы, Дамылбай Дайрабайұлы, Дұғай Дүрбелеңұлы, Дүмбілез, Дүрмекбаев, Домалақарызов, Діңгірбай, Жертесер Таққұмаров, Жымқырбаев, Жалақор Бәлеқоров, Жылпос Қуаяқов, Жембасар Жұқпасов, Заман Зауытбекович, Қалпағыбар Адамов, Қызылтазы Жұлқаров, Лауазымбеков, Маймақ Мысықмұртов, Пәштуан Пәленбаев, Суайтбек Судырахметович, Сайтанбек, Тырнабай, Пысықбаев, Төкеш Түлкібаев, Тайғанақбай, Шауыпкел, Айдашап, Ырғытпаұлы Сырғытпа, Іліптарт Іремесов.
Кейбір кейіпкер аттары ойдан шығарылған аттар немесе дыбыстардың орнын ауыстырған жасанды аттар болып келеді: Идош, Ләтем, Кібән, Ашот, Бәжіми, Дөдек, Ладой, Мофық, Гануфа, Тамала, Понетекэ, (Ү.Уайдин), Әлти, Мөйтен, Пишәң (С.Кенжеахметұлы), Әтөк, Шөтік, Митөк (Т.Кәрімов) т.б. Бірқатар кейіпкер аттарының мазмұны айқын, анық, мөлдірлігімен, ирониялық бояудың қанықтылығымен ерекшеленеді: Әдесемә, Ұрдажық, Маймөңке, Сықпырт (Ғ.Ахметчин), Мыстанқыз (Ә.Көшеров), Жылмаңбет т.б. Сатирик, юмористердің мұндай түсініксіз аттарды қоюының себебі күлкі тудыру, яғни белгілі стильдік мақсаттан туған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет