*Симпанский. Симпан+ский(Ү.Уайдин, жылпос, қуаяқ бейне)деген бір-ақ кейіпкер фамилиясы жасалған. Бұл патроним (фамилия) орыс сөзі емес, симпан сөзі еш сөздікте кездеспейді, бірақ оның диалектизм не жаргондық сипаттағы, не ауызекі тілде қолданатын сөз екеніне шүба жоқ, өйткені батыс өңірінде бір нәрсесін ұрлатып алған не ақшасы жоқ адам симпанский болдым дейді. Бұл туралы ғалым Ғ.Мұсабаев «Ерте уақыттан адай тілінен орын алған талай орыс сөздері бар. Солардың бірі сипанский болды – сыйпап кетті. Бұл сөз формалары Торғай, Тарбағатай, Зайсан аудандарында да бар. Оларда да сипанский түрінде кездеседі»,– дейді.
Орыстың сатирик жазушылары Н.Гоголь мен С.Щедрин -ский суффиксін сатиралық-юморлық тәсіл ретінде комикалық эффект беру үшін көп қолданған: Деркач-Дришпановский, Сквозник-Дмухановский, Бобчинский, Добчинский, Перегеренский, Пешеморепереходященская т.б. А.М.Селишевте мынандай фамилия тіркелген: Через – забор - на – девок – глядящен-ский [Селищев А.М., 1973, 36 б].
*Сапалақович. ҚТТС-дедиал. Ат айдайтын ұзын шыбыртқы деп түсініктеме берілген. Тілімізде «сайтанның сапалағы» жексұрын, берекесіз деген жағымсыз мәнде жұмсалатын сөз бар. Түбірінде сап сөзі жатыр, ҚТТС-де оның 5 мағынасы көрсетілсе, Ә.Қайдардың «Структура односложных корней и основ в казахском языке» кітабында сап сөзінің 10 мағынасы берілген. Сапалаққа ұқсас тілімізде жапалақ, шапалақ, қопалақ деген сөздер кездеседі. Сапалақ > сап+ал+ақ. Бұлардың ішінде сап – кенеттен пайда болды,
*Шендібай. Кейіпкер атының түбірінде шен сөзі қазақ тілінде әскери дәреже, атақ, мансап дегенді білдіреді. Б.Бафиннің түсіндіруінше, «шен атауы орыс тіліндегі чин, чиновник сөздерімен түбірлес, сабақтас болу керек» [ЭС,220]. В.И.Дальдің сөздігінде «чин – учиненный для чеге-либо, устроенный порядок, устав, обряд; степень на коей человек стоит в обществе, звание, сан, сословие, состоянье» деп, осы түбірден туындаған чиновник сөзін былай түсіндіреді: «служащий государю и жалованный чином, обер или штаб-офицер, или генерал, хотя высшие чиновники более зовутся сановниками»[ В.И.Даль,712].
Бұл сөзді Н.И.Шанский жалпыславян тілінің сөзі деп есептейді: «В общеславянском языке чинъ образовано с помощью суффикса -нъ от основы пареллельной др.инд. cayáti – «собирает, строит». Первоначальное значение –»порядок, действие». Дальнейшее развитие значение представляетсяв следующем виде : подчинение > определенное место > должность» [Н.И.Шанский, 494].
Бұл пікірлерге қарағанда, шен сөзі таза славян тілінікі деуге келеді. Бірақ Ш.Уәлихановтың жазбасында мынандай пікір бар: «Қытайда барлық халық мин және чен деп екі топқа бөлінеді. Мин – халық бұқарасы, ал чен болса барлық өызметкерлер, атап айтқанда, патшаның қызметкері болып есептеледі» дей келе «Орыстың чиновнигі қайдан шыққан? Осыған байланысты біреулер обрядчик, урядчик мағынасында шіркеудегі чиновниктен алынған десе, тағы біреулер оны қытайдың чен-нен шыққанын» [Ш.Уәлиханов Таңдамалы шығармалар, 410] келтіреді. Қытай тілінде чэн, чэнь, цин атаулары министр, вельможа, атақ, сановник, канцлер деген мағынаны білдіреді. Б.Бафин осы негізге сүйене отырып, шен сөзі қытай тілінен ауысқан болу керек деген қорытынды жасайды. Біз де осы пікірге қосыламыз. Баламды медіресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім (Абай)дегендей шен мен қазіргі қолданыстағы шенеунік сөздеріқазақ тіліне әбден сіңіп кеткен кеткендігі соншалық кірме сөз ретінде білінбейді.Оның себебі Қазақ елінің Ресей құрамында болған кезден бастап бұл сөздер де енген болу керек.
*Тоқалешкиева > тоқал ешкі – мүйізі жоқ ешкі.
Тілімізде мүйізі жоқ мал, шатырсыз үй тоқал сөзімен тіркесіп, шашы тықыр алынған бас тоқыр бас деп қолданылады. Сөздің түбірінде тоқ жатыр.
Тоқал – әдетте жасаусыз кедей қызы. Олардың басында әшекейлі, асыл тас, ою-өрнекпен сәнделген сәукеле болмайды. Әйелдің мүйізі жоқ ешкі тәрізді тоқал атануы содан. Қазақ әдеттік заңында некелік тұрғыдан тоқалдың рөлі үнемі төмен болған. «Тоқалдан тудым ба», «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, құлағынан айрылыпты» деген сөздің бәрі тоқалдың рөлінің тым төмен болғандығының дәлелі.
Қазақ поэтикалық ономастикасын этнолингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеу – ұлттық сипатты айқындаушы лингвомәдени көрсеткіштер. Қазақ тіліндегі сатиралық-юморлық поэтонимдер қазақ танымында өз әлемін құрап, сол әлемнің тілдік көрінісін бере алады, әртүрлі қаламгерлердің не белгілі бір автордың туындыларының идеялық мазмұнын байланыстырушы рөл атқарады. Күлкінің қоғам мен адам өмірінде алатын орны ерекше. Олай болса, әрбір халықтың күлу ерекшелігі, күлкісі – психофизиологиялық күйінде ғана емес, тілінде. Қазақтың юморын еш халықпен салыстыруға болмайды. Қазақ күлкісі – халық болмысы.
Ал сатиралық-юморлық кейіпкерлер – халықтың рухани қазынасы. «Заманның сырын патшаның бейнесі арқылы ашасыз ба, әлде қайыршының бейнесі арқылы ашасыз ба – өз еркіңіз» [Әбдіков Т. “Жапон болсам Жапонияны жазар ем !..” // Ара. –2003. – № 11.,7 б] деп жазушы Т.Әбдіков айтқандай, қазақ тілінде кездесетін екі мыңнан астам сатиралық-юморлық кейіпкер аттарына ономасиологиялық-этнолингвистикалық талдау жасалды.
Сатира сардары, профессор Т.Қожакеевтің «Сықақталатын сабаздың аты туындыға ерекше әсер береді, оқушының айызын қандырады. Өйткені ол сатириктің кімді айтып, кімді нысанаға алып отырғанын біле қояды» деген сындарлы пікірі – осы зерттеу жұмысының Темірқазығы.