Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет105/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   111
Байланысты:
annotation30756

*Сандалбай
«Сандал» – ағаш. а. п. [сәндәл - سندل -1. обувь, комнатные туфли; 2. сандаловое дерево; 3. небольшое судно; лодка; сандалии; стул, табурет] – 1. сандалеты, сандалии, летняя легкая обувь без каблуков. Үстіне көк барқыттан киген костюмі бар, аяғында сандал (Ж. Жұм.); 2 . изделия из сандалового дерева. Самарқан барсаң, сандал бар, Сандалды көр де тісім көр («Қ. э. »). Сандал батырлар жырында ұшырасады. Жамбасыңа болайын, Ұста соққан сандалдай (Ер Тарғын). – Б. 248. Л. Будагов та сандалдың үш мағынасын береді. Ильминский Сандал – жастық (дерево, в котором укрепляется наковльная ) Л. Будаговта да үшінші мағынасы солай. Сандал деп ағаштан ойып жасаған аяқ киімді де айтқан. Көне түркі тілінде сандал балта деген де ұғым берген.
Сандал – көне үнді тілінде санданас дегенді білдіреді [Шипова Е.Н. Словарь тюркизмов в русском языке, 1976, 276]. Сөздің негізінде сандалу, сенделу, салпылдау, тентіреу, қаңғыру мағынасы жатыр. Бай сөзі бейтарап тұрғанда өз мағынасында, ал сандалбай абстракцияланып, жаңа сөз ретінде экспрессивті мағынаға ие болып тұр. Оны ары қарай «індете зерттеу» үшін В.И.Дальдің екі ғасырды бастан кешкен сөздігіне жүгінгенімізде, «сандал – сары, қызыл, жасыл бояу беретін ағаш, сондай-ақ батыс монахтары киген аяқ киімнің түрі» деп түсіндіріпті [Даль В.И. Толковый словарь русского языка. Современная версия., 2005,27 б].
Ғалым Р.Н. Шойбеков көне үнді тілінен араб тілі арқылы енген сандал ағашы мағынасында жұмсалатын сөз деп есептейді [Шойбеков Р.Н. Зергерлік құралдарының кейбір атаулары, 1985, 113]. Сандалдың өзі шәркей тәрізді ағаш өнімінен жасалған, аяққа киюге ыңғайлы, жеңіл болып келеді. Біздің ойымызша, аяқ киімнің жеңілдігіне ұқсатып, бос жүрген жеңілтек жүрістен ‘сандалу’ ұғымы пайда болған деген жорамал жасауға болады, бай форманты стильдік құрал рөлін атқарып тұр.
Сықылықтап күлгенде бір жағына жамбастан құлап қалатын Сағдат Сандалбаев таң атқанша дөңбекшіп шығып еді, күн шықпай бүйірін таянып, түнеріп отыр.(С.Адамбеков. Қожанасыр қақпасы.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет