Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет104/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   111
Байланысты:
annotation30756

*Мәңгүрт.
Мен қазақша билмейм. Тусинбейд, қазақша!(А.Наймантаев).
Мәңгүрт сөзінің «астарында жатқан этнолингвистикалық деректі тамыршыдай тап басып, тани білу және таныта білу» (Ә.Қайдар) үшін алдымен көркем шығармаға жүгінейік. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» атты әлемге әйгілі шығармасында қолға түскен тұтқынның қолынан мерт болған ана туралы оқиға – Ана-Бейіт тарихы баяндалады. «Тұтқынның шашын тақырлап ұстарамен қырып, басына жаңа сойған түйенің көнтерісін қаптап кигізеді. Шаш өскен кезде теріден тесіп өте алмай, кері қарай иіліп, басты бұрғылайды. Күн шыжыған сәттерде кепкен көнтері одан сайын басты қысып, адамның жанын көзіне көрсетеді» [Ш.Айтматов, Боранды бекет,113 б].
«Мәңгүрт»сөзінің шығу төркініне қатысты көптеген пікірлер бар: 1.мәңгір – басы зеңіп есеңгіреу, мең-зең болу [,163 б]. Бұл сөздің шығуы жөнінде «тіл тамыршысы» Ә.Қайдар мынандай талдау жасайды: «Мәң (нечто психически ненормальное, несообразное, не от мира сего, отупевшее): мәңгір < мәңгір быть одурманенным, не соображать, мәңкүр < мәң+күр олух, идиот; мәңки < мәң+кій – стоять, ничего не соображая» [Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке, 1986, 260 б].
Ғалымның ертеректегі тағы бір талдауы – «меңдуана» шөбіне байланысты. Меңдуана – басты айналдыратын, ащы жабайы шөптің аты. Бұл атау түркі тілдерінің (өзбек, ұйғыр, қырғыз) біразында кездескенімен, иран тілінен енгендігі туралы былай дейді: «парсы тіліндегі банг – 1. үнді қарасорасы (конопля); 2. осы өсімдіктен алынатын наркотиктер түрі. Девона – ақылынан адасқан, есерсоқ, есуас. Банг сөзінің қазақ тілінде мең формасына девона сөзінің дуана түріне ауысып барып, меңдуана болуы фонетикалық заңды құбылыс [Қазақ тiлiнiң қысқаша этимологиялық сөздiгi.–Алматы: Ғылым,1966, 145 б].
Б.Сағындықұлы «мәңгүрт – ақылы кем есуас жынды» дей келе, осы ұғымға қатысты төмендегідей ғылыми жорамал жасайды: «Тіліміздегі мәңгір, «мәңгүрт» сөздерінің моделіне қарағанда, «құрт» түбірінің архетипі «соғурт» екені шексіз дәлелденіледі. Мұны конверсияланып, етістіктен зат есімге айналған лексема деп түсінген жөн. «Со» буынының түсіріліп айтылуы нәтижесінде «курд» формасы қалыптасқан. Тіліміздегі «сық» етістігі «соғ» етістігінің жаңарған формасы болуы мүмкін, содан «құрт» – сүттің сылып алған маңызы» [Сағындықұлы Б. Қазақ тiлi лексикасы дамуының этимологиялық
негiздерi. – Алматы: Санат, 1999, 81].
Бұған біздің қосарымыз: кепкен көнтері бастың – Мәңгүрт, сығылған, кептірілген сүт өнімінің – құрт аталуында қандай да ішкі мағына байланысы бар сияқты. Мәңгүрт сөзінің ғылыми анықтамасы: «салт-дәстүрден жұрдай, рәміздік, рәсімдік мағынасын білмейтін, күнделікті өмірде ұлттық мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар типі» [153,308].
Мәңгүрт аты Қарынбай, Шығайбай, Мырқымбай, Дайрабай, тәрізді жалқыдан жалпыланып кеткен, мәңгүрт ~ мәңгүртшілдік ~ мәңгүрттік ~ мәңгүртизм дейтін өз тілін, дінін, ата тегін, жұртын білмейтін, білгісі де келмейтін рухани тамырынан айрылған, тоғышар адамдар туралы айтылатын атауға айналды. Адамда құлақ кесті құл ғана емес, тілсіз мақұлықтан да жаман, ақыл-естен ада, өзінің кім екенін мәңгі ұмытатын тірі өлік-мәңгүрт – өткен заманның ойлап тапқан сұмдықтарының бірі болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет