Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


тарау бойынша тұжырымдама



бет107/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
3 тарау бойынша тұжырымдама
- Сатириктердің кейіпкер атына туыстық аттарды беру мотиві – сол атаудың бойындағы жаман қасиетті көрсету. Қазақ ұғымында туыстық атауларға байланысты жағымсыз қалыптасқан біраз ұғымдар кейіпкер аттарында көрініс тапқан.
- Сатира мен юморда қолданылған кейіпкер аттарындағы сандық ұғымдар қазақ халқының өз тұрмысына, кәсібіне, салтына сай нақышты, ұлттық өрнекті бейнелейді. Қазақтың санау жүйесі, өлшемдері – қазақтың мәдениеті жоғары халық екендігінің дәлелі.
- Қарғыс мәндегі сөздер экспрессивтілік пен эмоционалдық реңкте қолданылады.
- Өзінің табиғатына қарағанда халықтың әр кезеңіндегі тұрмыстық, әлеуметтік тәжірибесінің негізінде жасалып, ғасырлар бойында атадан балаға ауысып, сөйлеу тілімізде, әдебиетімізде сақталған элементтер.
- Ономостикалық кеңістіктегі бірліктердің қайнар көзі жан-жақты сан қырлы бастаудан: мифтер, аңыздар, тарихи оқиғалар, нақыл сөздер, тіпті ауызекі қалжыңға айналып кеткен әзіл-оспақ сөздерден де көрінеді.
- Тұрақты тіркес құрамындағы жалқы есімдердің уақыт өте келе нақтылық мағынасы солғындап, біртіндеп жоғалып, абстракт мағынасы, яғни жалпыға өту тенденциясы байқалады.
- Кейіпкерлер аттарындағы жағымсыз өмір салты, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, іс-әрекеті, жүріс-тұрысы бар. Олар: тоғышарлық, маскүнемдік, жағымпаздық, күншілдік, арызқойлық, жемқорлық, мәдениетсіздік, т.б
- Мифонимдер тарихи тұлғаның топтарының лексика-семантикалық үлгілері «бағзы замандар тарихи шындығының түрлі қабаттарын диахронды және гомогенді түрде, онимдік тілдің лексикасы хронологиялық тұрғыдан көп қабатты ғажайып кумулятивтік қызметке ие.
- Кейіпкер аттарындағы эмоция-экспрессия, коннатация апеллятивтену, пейоратив-мелиоратив т.б тілдік құбылыстарды танытуға тырыстық.
- Балағат, қарғыс мәнді сөздер – қазақтың көне, байырғы классикалық сөз өрнектері, оның қойнау-қабатында небір деректер, сан сыр бар,сондықтан айрықша экспрессивті мәнде мінездеме беру мүмкіншілігі мол.
- Сатиралық - юморлық кейіпкер аттары ойдан шығарылған, қиялдан туған жасанды аттар болғанымен, астарында қазақи мінез, әзіл-қалжың, ойлау дәрежесі, философиясы, тарихы, саясаты, мәдениеті жатыр деуге негіз бар.
- Қаламгердің ат қою мәселесіне бейжай қарамай, әртүрлі экспрессивтік бояуда жұмсауы олардың стилін, шеберлігін көрсетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет