Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


- ұлттық өнерді, эстетиканы, халықтың рухани өмірін тіл арқылы танудың жолын көрсететін лингвомәдени бағыт; -



бет109/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
- ұлттық өнерді, эстетиканы, халықтың рухани өмірін тіл арқылы танудың жолын көрсететін лингвомәдени бағыт;
- сатиралық - юморлық кейіпкер аттары ойдан шығарылған, қиялдан туған жасанды аттар болғанымен, оның астарында қазақи мінез, әзіл-қалжың, ойлау дәрежесі, философиясы, тарихы, саясаты, мәдениеті жатыр;
- қазақ сатирасы мен юмор жанры және басқа көркем-әдеби туындылар бойынша сөйлейтін кейіпкер аттары жинақталып, тізімге алынды;
- барлық ономастикалық бірліктер тақырыптық-мағыналық жағынан жүйеленіп, әр топшаның онимдері ономастикалық жіктеліммен;
- кейіпкер аттарының грамматикалық-синтаксистік ерекшеліктері де қолданыс шеңберінде қаралды, модельдік үлгілері анықталынды;
- кейіпкер аттарының лексикалық құрамының көне сөздердер мен жаңа сөздерден, кірме элементтерден жасалғанын анықтау сөздік қордың мүмкіншілігін ресурсын көрсететін фактор екендігі анықталынды;
- кейіпкер аттарындағы этнолингвистикалық арна, дерек көздерін сан- мөлшерлік, түр-түстегі салт-сана, әдет-ғұрып, табу мен эвфемистік сипаттау арқылы дәлелденді.
Диссертациялық еңбек қазақ сатиралық-юморлық кейіпкер аттарын жүйелеген, астарындағы тілдік-танымдық деректерді әдебиеттану, логикалық, этнолинвистикалық, мәдениеттану, тарих, философия ғылымдары шектестігінде зерттеген, қазақты тарихи этнотұлға ретінде тануға жетелейтін ғылыми еңбек болып табылады. Сатиралық-юморлық кейіпкер аттарынан көрініс тапқан қазақтанудың қырларын тіл арқылы ашу, ұлттық менталитетті тану – қазақ поэтикалық ономастикасында тұңғыш қарастырылған зерттеу

ЮМОРЛЫҚ АФОРИЗМДЕР

Ақыру - есектен туған идея


* * *
Аға сөзін ауырлаған ініден без.


* * *
Кешірімді, жаман істі істегенше емес, жақсы істі бітіре алмағаныңа сұра.
* * *
Сені жақсы адам да жамандайды, жаман адам да мақтайды. Осыны ажырата біл.
* * *
Күйшінің күйін емес, күйін тап.
* * *
Цирктегі аю да ақжаулығын аңсайды.
* * *
Құлаштап жүзе алмасаң, итшелеп жүз.
* * *
Жылан өз иірлігін білмей, түйенің мойнына күледі.
* * *
Саусақ таңбасынан да, өкіметтік мөрден де, тілдің таңбасы өткір.
* * *
Қасқырда тіл жоқ. Айтайын дегенін айта алмайды. Сондықтан да ұлиды. Ал адам баласы жан-жағын түсіне алмаса ән айта бастайды, сурет салады, өлең жаза бастайды.
* * *
Не айтарыңды білмесең, оны мақтай бер.
* * *
Екі күзде қошқар болмаған қозыны сойып же.
* * *
Ақыру - есектен туған идея.
* * *
Тікенектің бар білгені - балаққа жабысу.
* * *
Мені өмірді сүюіме, сүруіме қамшылаған, жігерлендірген, намыстандырған, қайраттандырған достарым емес - дұшпандарым.
* * *
Айтыс ақынымен бірге моншаға түспе! Ол сахнада көргенін жырлайды.
* * *
Медалі жоқтар ғана төсін ұрады.
* * *
Ақылсызға дау да жоқ, дауа да жоқ.
Бөрібай ОРАЗЫМБЕТ

Сорлы тышқан соқыр мысық бар дегенге сенбейді.


Өмір көрген түлкінің үш-үштен іні болады.


Есек семірсе иесін тебеді.


Тауықтың түсіне тары кіреді.


Жақсыдан қалған сөз олжа, тоқтыдан туған қозы олжа, ойнастан туған ұл олжа.


Жығылып жатып қисайғанға күлме.


Бастық кеткенше, адам өлгенше ғана сыйлы.


Қатын қысылса шағынады,


Ер қысылса сабылады.


Қатын ұшынса қағынады,


Ер ұшынса шабылады.


Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.

Бәйге алмаған жүйріктен,


Белі жуан бесті артық.

Соқыр тауыққа бәрі бидай.


Қасқырдан хал кетсе, ешкіні апа дейді.

Құнажын көзін сүзбесе,


Бұқа бұйдасын үзбейді.

Бүркіттің сайрағаны өлгені.


Есенің де есесі, есектің де шешесі бар.


Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты.


Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.

Бардың қатыны өлсе төсегі жаңғырар,


Жоқтың қатыны өлсе басы қаңғырар.
Еріншек қатынның етегі жыртық,
Ерке қатынның ерні тыртық.
Дайындаған: Алшын Матай




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет