Еркек →Еркек+басымен Өсекайтқанов.
Жігіт → Мың+жігіт, Майлы+жігіт, Сері+жігіт Шал → Қаңбақ шал, Бармақ+шал, Мати+шал, Ақ+шал, Моти+шал, Саңырақ шал Қара+шал, Тырнақ+шал, Ырым+шал, Пәлен қарт, Ақсақал, Қыршаңқы қария., Асаған Жасағанұлы, Кәрі+ғали, Қалт-құлт Еткенов т.б.
Талдау жасалынған ГП-дің -дің жалпы саны – 70-тей, ең өнімдісі бала, қыз, ұл, шал сөздерінен жасалған. Қарашал ↔қара шал тіркесі тілімізде бар, ақ шал деп көп жұмсалмайды. Қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевта «Ақ шалдары – қазақтың ақ таулары» деген өлең жолдары бар. Сатирада Ақшал деген ат стильдік мақсатпен қойылған: Әйелбек, Әліқыз, Қызтапқан, Мыстанқыз, Сүрбойдақ, Ұлболмаған, Ұлемес, Ұлкерек, Тырнақшал тәріздес аттар – экспрессиялық бояуды қалыңдату үшін стилистикалық мақсаттан туындаған аттар.
Тазша бала– басы таз (айна тақыр) жас жігіт. Тазша дегенде көз алдымызға басында тақиясы бар көзге қораш, елеусіздеу шынашақтай баланың кейпі елестейді.»Шашы жоқ, басы жылтыр адам да, басқа түскен жараның орны да таз» деп аталады. Біздің ойымызша, ойға жүйрік, тапқыр, ділмар баланың Тазша аталуы басының таздығынан ғана емес. Бұрынғылардан «ақылды алпыстан асқаннан» деген сөз қалған. Адамның жасы алпысқа толғанда, «дана, көпті көрген көсем» болатыны да, шашы сиреп, не мүлдем түсіп қалтыны да табиғи құбылыс. Қаршадай бала «қырық кісінің ақылы бар» ханды сүріндіріп жатса, оның ақылды, дана қарттардан несі кем ? Олай болса, халық ерте толысқан ақылды баласын «шал», «қарт» демейді, орнына күлкілі етіп таз емес, тазша таз+ша, яғни кішірейту жұрнағы арқылы оның кішкентай бала екендігіне назар аудартады.
Тазша бала тапқыр, қу-айлакер кейіпкерлер қатарына жатады. Халықтың оны тазша деп атауында тұрмыстық мән жатыр, өнебойы мал соңында жүрген баланың басына жара түсіп, таздануы физиологиялық құбылыс. Тазша бала «Қырық өтірікте» мұздың үстіне құрығын, қамшысын, пышағын, пышағының қынын шаншып, биіктетіп, жан-жаққа қарайды. Оның үстіне тебен инесін шанышқанда, Темірқазықтың ар жағында жайылып жүрген құлынын көреді. Ғажайып фантазияның, тебеннің арқасында Тазша бала өз дегеніне жетеді. Тебен – магнит екенін Тазша бала қалай білді ? Бұл жерде халықтың физикалық құбылысты ертеден аңғарғанын байқауға болады.
Профессор А. Машанов осы фантастикасының құдіретін былай деп түсіндіреді: «Ол фантазия – тебенде. Тебен – магнит. Ал магниттің қандай құпия қасиеті барын қазіргі ғылымның өзі әлі күнге дейін толық шеше алмай отыр». Ғалым А.Машанов Тазша баланың бұл әрекетіне қулық, айлакерлік деп қарамайды, ақылды, дана деп қарайды. Тазша балаға қатысты өз ойын фантаст – жазушы Абдул-Хамид Марқабаев: «Бізге керегі – атам заманда қазақтың көрер көзге қораш бір баласының аузынан бүгінгі таңдағы, ғылым мейлінше шарықтап өсіп, қарыштап кеткен заманда адамды ойландырып тастай фантастикалық идеяның шығуы. Осыған қарап, мен қазақтың тұңғыш фантасы– осы Тазша бала дер едім» [Мархабаев А., 1974,306],– деп түйіндейді.
Сонымен Тазша – қуақы, күлдіргі, тапқыр, бала ғана емес, магниттің, тебеннің қасиетін білген ғана кейіпкер деп атауға болады. Қарабайыр айлакер-қулықтың астарында ежелгі мифтік данышпандық жатқанын ескерсек, фольклорлық кейіпкер Тазшаның құпия да киелі танымға ие пенде екендігін анықтауға болады. Ғалым Б.Тілеубердиев Тазша концептісінде «қазақ халқының дүниетанымдық, мифологиялық, этникалық танымдары мен көзқарастары сақталған» [Тілеубердиев Б., 2007, 192] деген қорытынды жасайды.