Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Тайтұяқ – тайдың тұяғына ұқсас тұтас бір кесек күміс. Қию



бет79/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   111
Тайтұяқ тайдың тұяғына ұқсас тұтас бір кесек күміс.
Қию – тұскиіздің шетіне жүргізген жиек, кей жерде тонның сыртқы жиектеріне салынған барқыт мата.
Ұлттық киім атауларынан жасалған СЮП-тер біраз кездеседі: Ақжаулық, Алжапқыш, Көкжаулық, Малмагүл, Бәтеңке+қызы, Орамал+ова, Тазтелпеков, Шапанқызы, Кебісбай, Байпақ, Бөрікбай, Құлақшын, Тымақбай, Етікбай, Мәсібай, Киімбай, Шұлғаубай, Қалпағыбар т.б.
Ақжаулық – әйел адамның басына тартатын ақ матадан тігілген ұлттық бас киім.
Тазтелпек. Таз адамның басының төбесін ғана жасырып киетін тақиясы.
Профессор Ж.Манкееваның «Киім-кешек атаулары ұлттың, мәдени тілдік процестер туралы ақпарат беріп қоймайды, олар тілдік шығармашылықтың тірі қазынасы «[145,44] деген пікірі жоғарыда талданылған кейіпкер аттарына қатысты деп санаймыз.


3.1.2 Этномәдени аттар
Қазақ тілі лексикасының ең бір сүбелі қабаты – этнолексика. Оның бойында өткен өмір тарихын бейнелейтін әртүрлі саладағы сөз қазынасымен қатар халқымыздың өткендегі рухани да материалдық мәдениетінің көрінісі іспетті СЮП-те сақталған. Этномәдени лексиканы рухани мәдениет лексикасы және заттық мәдениет лексикасы деп бөлудің шарттылығын ұлттық сана мен ұлттық талғам сабақтастығының нәтижесінде пайда болып қалыптасатын туындының тілдегі бейнесі ретінде қазақтың күнделікті тұрмысында қолданылатын бұйымның, ия бір заттың атауынан көреміз. Американдық этнолингвист Эдуард Сепирдің тұжырымына сүйенсек, тілдегі лексика – өзі қызмет етіп отырған халықтың мәдениетін сол қалпында бейнелеп көрсете алатын қазына.
Тіл – мәдениеттің бір көрінісі. Ол екеуінің арақатынасы ерекше де маңызды. Кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, кумулятивтік қызмет арқылы көрінетіні, ұрпақтан ұрпаққа жеткізілетіні белгілі. Басқаша айтқанда, СЮП-тің құрамында «ұлттық рух» сақталған, яғни көптеген қазақ тіліндегі тұрмыстық этнолексика – ұлттық заттың мәдениетінің реликті, әрі рухани байлығымыздың түбірі. Қазақ сөз мәдениетін жан-жақты теориялық жағынан негіздеген ғалым Н.Уәлидің пікіріне сүйенсек, «тілдік бірліктерде мәдени ақпарат, мәдени семалар, мәдени ая, мәдени концепт және мәдени коннатация арқылы беріледі» [152,15б].
Мәдениет – «бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым» [153,13 б].
Жалпы мәдениет, оның ішінде қазақтың ән-күй өнері – өзімен бірге туып, бірге жасасып келе жатқан құбылыс. Осы ұғымға қатысты сөздерден жасалған сатиралық-юморлық аттар зерттеуіміздің бір арнасын құрайды. Қазақтың ән-күйі, ұлттық өнері, ұлттық ойын, ұлттық әуен сияқты мәдени құндылықтарды білдіретін СЮП-тер де біршама кездесті.
СЮП-тің қалыптасуының номинациялық қырларын қарастыру – диссертацияның негізгі мәселелерінің бірі. Сондықтан осы саладағы атаулардың даму заңдылығы мен уәжделуші лексемалардың байланыстылығы көрсетіліп, атаудың нақты семантикалық уәжі іздестіріліп, құрылымы мен түпкі уәждеуші негізі – түбірі анықталады. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» (Абай) демекші, қазақтың ән салуы, оның ырғағы, ән айту мотивінің қырлары көп.
Қазақ ән-күйі – адамның жан-дүниесін, ішкі сезімін, өзіндік көзқарасын т.б. психикалық көңіл-күй қалыптарын білдіретін мағыналарды білдіреді. Халық әндері мен кеңінен танымал әндерді қолдану, яғни претекст ішінен алынған сөзден кейіпкер атын жасау қазіргі лингвистика мен әдебиеттануда цитация () делініп жүр.
Зерттеуші ғалымдарымыздың айтуы бойынша, қазақ халқының 5 мыңнан астам күйі, 12 мыңнан аса әні бар екен. Адамның көңіл-күйі мен сезімінің өзіндік бейнеленуі, ұлы гармонияны түсінуі, әсіресе халық музыкасында, өнерінде көрініс тапқан. Осы тұрғыдан алғанда, халық өнерінің көрінісін бейнелейтін кейіпкер аттарын үш топқа жіктеуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет