Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Халық әндерінің тақырыбын білдіретін ЭА-тар



бет80/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   111
1. Халық әндерінің тақырыбын білдіретін ЭА-тар:
Япурай, Елімай, Илигай, Әпитөк, Жайдарман, Көкшолақ, Саққұлақ, Желбір Жекен, Қаракемпір, Қамажай, Қарашал,
2. Ән мәтіндерінде кездесетін сөздерден жасалған ЭА-тар:
Айдай, Әләуләй, Гәкку, Бипыл, Әлди, Әридашайдайридашайдай, Әндірбай, Гүлдерайым, Тамтарам, Тойболсын, Дәйдім, Жырдария, Көкшолақ,
Үйлендім. Әйелімнің аты Әридашайдайридашайдай.Үндемейді.Не айтсам да басын шұлғиды (Әлімбекұлы Т. Ләм-мим.).
Гәкку мен Аққу.
Гәкку: Ата қаздай, балпандаған Аққуым, сағындым!
Аққу: Көзі бақырайып, мұрны төңірейген Гәккуім, мен де сағындым. Көрмегелі көп болды... (А.Наймантаев. Теріс кітап.)
3. Күйге қатысты атаулардан жасалған ЭА-тар:
Былқылдақ, Күйдария, Келіншек, Қызбала, Жамбассипарұлы, Сыбырлақ, Діңгірбай, Серпер. Қазақ әндерінде әуенді созып, сөзін, не буындарын қайталаушылық тән. Мысалы, әри < Әридаш, әл-ди < Әлди, әл-әу-лай< Әләулай, гәк-гәк-гәк-ку < Гәкку, бип-ыл < Бипыл, әуп < Әупілдек, дәй-дім, дәй-дім, дәй-дім-ай < Дәйдім, там-тарам < Тамтарам, діңгір-діңгір < Діңгірбай (домбыраның дыбысы), тыңқ < Тыңқыбай (домбыра шерту),
Илигай.
Илигай: Түсіндірейін! Мадам, Ләтірләй! Әупілдек Япурайовичтің қара шаңырағына ие болып отырған Илигай деген жұбайы біз боламыз!
Илигай: Түсіндірейін! Мадам, Ләтірләй! Әупілдек Япурайовичтің қара шаңырағына ие болып отырған Илигай деген жұбайы біз боламыз!
Әпитөк: ( Әпитөк әнімен ).
Қамысы әупілдектің мүше-мүше
Сарғайдым индиский шайды іше, Әпитөк,
Күлмендер, ей балалар, кәрілерге
Боларсың, сен де біздей басқа түссе, Әпитөк
Гүлдерайым (Гүлдерайым әнімен)
Ахау, Гүлдерайым
Күн мен Айым
Күлсең күл кәрілерге, неғылайын.
Бипыл: ( Бипыл әнімен)
Е-е-ей, шалым, шалым,шалым-ай,
Осы менің әнім-ай
Бипыл, бипыл, бипыл-ай
Таршы, сәулем бір күнді-ай. (А.Наймантаев. Теріс кітап.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет