Жалақ, Зырылдауық, Ешкіемер, Қақпақыл, Мыршым, Оңқа, Судыр-Судыр, Сылдырмак, Сырғанақ, Тымпи, Бүкшік, Топай, Оңқай, Шатыраш -дойбы, Қақпыш- текпішек. Шабандозов < шабандоз – бәйге атына мініп, шабуға машықтанған адам. Ал Шабандозов қайтер екен?!. Ол допты кез келген аяғымен соға береді, оң жақ аяғымен де, сол жақ аяғымен де тебеді. Оның тебісі қатты.( Ғ.Қабыш. Көлденең кітап).
Шақылдақ < шақылдақ – екі асық жіліктен жасаған ойыншық.
Бүкшік < бүк-шік – асық ойнағанда, асықтың оңға не солға, яғни бір жағына құлауы. Сөздікте бүге және шіге деп қолданылғанмен, ауызекі тілде балалар асық ойнағанда, асығым бүк түсті не шік түсті деп жатады.
ҚТТС-де бүге/бүк – асықтың шігеге қарсы дөңестеу жағы, ал шіге/шік – асықтың бүгесіне қарама-қарсы шұңқыр жағы деп түсініктеме берілген. Бүк сөзі ауыспалы мағынада бірнәрсені жасыру дегенді білдіреді. Бүк түсу мен шік түсу– өмірдің алма-кезектігін білдіретін философиялық ұлттық ұғым деп тұжырымдауға болады.
Тобық < тобық – этнографиялық ұғым: бірі – жастардың бір-біріне тобық беріп, күтпеген жерден қайта сұрап, жоқ болған жағдайда қандай да болмасын тілегін орындайтын ойын, екіншісі – жолы болу үшін үнемі жанынан тастамай жүретін ырым.
9.Ұлттық зат-мүлік, киім аттарын білдіретін ЭП-тер. Ертеде көшпелі қазақтың айрылыспас мүліктері болған, олардың ішінде мал терісінен жасайтын саба, торсық, мес, көнек, қауға тәріздес ыдыстарды атауға болады. Осы ыдыс түрлері де кейіпкер атын жасауға негіз болып тұр (Ақторсық, Саптыаяқ, Көнек, Қауғабай, Мес). Бұлардыаз болғандықтан, бөлек топтамадық: Ақторсық, Саптыаяқ, Көнек, Қауғабай, Мес, Дастархан, Тайтұяқ, Құрақгүл т.б.
Күнделікті тұрмыста қолданылған, ерекше қастер тұтатын ұлттық мүлік болып саналатын зат-мүлік атауынан жасалған ЭП-тер кездеседі:
Дастархан < дастарқан ~ Наркескен < наркескен ~ асыл қылыш, Қоңырқұлжа < құлжа ~ арқардың асығы, Тайтұяқ < тайтұяқ ~ кесек күміс, алтын жамбы, Зұмратбаев < изумруд < зұмрат ~ жасыл түсті асыл тас, Жүзік < жүзік ~ көзіне асыл тас орнатқан сақина, Құрақгүл < құрақ ~ , Үкісарықыз < үкі ~ 1.түнде ұшатын құс; 2.бас киімге қадайтын үлпілдек жүн.
Құрақгүл < құрақ+гүл. Қазақ әйелдері, әсіресе әжелер түрлі түсті кездеме, мата қалдықтарын қиыстырып, қиюластырып құрақ құраған, небір ғажайып дүниелер жасаған. Құрақ құрау арқылы аналарымыз ұрпағына «табиғаттағы сан алуан түсті танытуға, жадында сақтауға баулыған»дейді ғалымдар [147, 184 б]. Құрақты қалай болса, құрамайды.
Ғалым Елубаев.»Үшкілден құрақ құрастыру – қиындыларды іске асырудың жолын іздестіреді. Үш шаршы арқылы үшкілдеп қиғанда, алты қиық шыққанымен, үш сыруы оларды біріктіреді. Бұл таным әдісі – анализден синтезге өту»[150,15 б], – деп пайымды, ойға қонымды қорытынды жасайды.
Үкітай< үкі+тай. Бұл құстың көзі мен үлпілдек жүнін халық ерекше бағалаған. Жас қыздар тақияға үкі таққан , бойжеткендер шошақ бөрік киген. Таңдай өрнекті сарғылт түсті үкі қауырсыны қарағанда жағымды әсер етеді. Сонымен қоса үлпілдеген үкіде үлбіреген кескінге әр беретін, сымбаттандыра түсетін ерекше қасиет бар. Қазақ қыздарының топы тақиясына тағылатын үкі қауырсыны, аспан көктің, яғни үстігі әлемнің көрінісінің белгісі болып шығады.
Ғалым Қ.Ғабитханұлы үкінің «қараңғы түнде көретін көзінің жітілігі, дыбыс шығармай ұшатын сақтығы т.б өзге құстарда жоқ ерекшеліктері оны қасиетті, киелі құс деп санауға себеп» [151,15] болғанын айтады. Бас киімге қауырсын қадау салты америкалық үндістерде әлі де сақталған.
Демек, СЮП-тер белгілі бір затты ғана білдіріп қоймай, ұлттың өзіне тән дүниетанымдық тұрмыс-кәсіптік ерекшелігіне сай туындаған тұрмыстық бұйымды атайды.
Зұмратбаев – өте қымбат табиғи тастардың бір түрі изумруд деп аталады, қазақтар зұмрат немесе зүбаржат деп те атайды.
Дастархан әже – қазақ үшін ең бір киелі, қастерлі дүние, дастарқан аттамауырымы бар, ақ дастарқаннан дәм тату ырымы бар.
Тоқымбек ата: Тегене! Құлағыңа құрт кіріп кеткен бе?! Өкіметтің өз тілінде өтініш айтып тұрмыз ғой. Мен – Дауылбаев Тоқымбек, құдай қосқан қосағым– Алжапқышова Дастарханмен ажырасамын! Бітті шаруа! Сосын бізге тағы спрәбкі бересің.