Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Пейоратив поэтонимдер (ПП



бет94/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   111
Пейоратив поэтонимдер (ПП) – қорашсыну, олқысыну, жек көру, кемсіту, жақтырмау т.б ұнамсыз мәндегі кейіпкерлер. Сықақшылар олардың бітім-болмысын, мінез-құлқын, әдет-дағдысын, жүріс-тұрысындағы жек көрінішті құбылыстарды келекелеу, мысқылдау, әжуалау мақсатын көздеген.
Борсық ~ семіз, Доңыз ~тұрпайы, дөрекі, Заржақ ~сарнауық, Итбай~ оңбаған, сұмырай, Жайынауыз ~ашық ауыз, Көбелек ~жеңілтек Құзғын~ жауыз, қанішер, Құйыршық ~ біреудің қол шоқпары, Сүлік ~ арамтамақ, Тентек~ сотқар, бұзақы, Шошқа ~ надан, топас, Ақкөз~ топас, Ақима~ қыли көз, Көкми ақылсыз, Көкіман~ көкіме, мылжың, Көктиын ~ түкке тұрғысыз, Қарақатын, Көкдолы~ ашулы, Қарабет ~ жексұрын, Қызылкөз ~ жалақор, Сұрпақпай~ сұғанақ, Семізқара, Месқара ~ семіздік, Судыр ~ өтірікші, Шиқара~ арық т.б.
1.Адамның сыртқы бейнесіне байланысты келекелеу мәндегі ПП.
Борсық~ семіз, Гүпбай~ семіз, Жалпақгүл ~ денелі, Қортық~ бойы аласа, Қисықбас~ басы қисық, Маймақ~ аяғы қисық, Мыртық~ бойы аласа, Мықыр, тапал, Іркілдек~ семіз, Тәмпіш ~ мұрны кішкентай, Алайкөзов, Бедірейгенова, Бетібелдеева, Кемпіргүл Шүйкедеева~ шүйкедей, кішкентай, Қортықов~, Қисық Мықыров~ , Сиқымбаева, Қылтиған Тыртиғанұлы, Шақшабасов~ , Мыржық Тыржықов~ ұсқынсыз, Тақырбасов~ , Талпақов~ , Сойдақов ~, Шақкөзов ~ т.б.
2.Адам бойындағы мінез-құлықты жақтырмау мәндегі ПП.
Міңкілдек жуас, Дүңкілдек дөрекі, Ақкөз надан, Шақшақай ызақор, Шыжбақай күйгелек, Шолтаң ерсі қылық, Көкдолы ашушаң, Арамқара, ниеті жаман, Тырысқақ қыңыр Тоңмойын бірбеткей, Ұрысқақ ашуланшақ, Аярова сұм, айлакер, Ақкөз Қызылкөзұлы жалақор, Әпербақанова есерсоқ, Бөспеев мақтаншақ, Долыгүл Бетпақова ашушаң, Дойырұлы дөрекі, Көбелеков жеңілтек, Қуаяқов залым, Тырайған Тырашевич бөспе, Сужұқпасов қу, Суқылдақов өтірікші, Сұрқияқызы оңбаған, Ұшқалақович алаңғасар, Тоңқылдақ, Найсап, Нойыс т.б.
Тоңқылдақ – халықтық күлдіргі персонаж. Бұл турасында этимолог-ғалым Ә.Нұрмағамбетов «Бес жүз бес сөз» еңбегінде тоң сөзінің алтай, шор тілінде дөрекі, якут тілінде білмейтін, чуваш тілінде тункалтак, есуас, ақымақ, тунгус-манчьжур тілінде олақ, тәжірибесіз деген мағынасы бар екенін айтады [172,274 б]. Қызғаншақ, күншіл ағайынды тоғыз тоңқылдақ атауының уәжінде осы есуастық пен ақымақтық деген ұғымның жатқаны айдан анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет