Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Адамның жүріс-тұрысын ұнатпау мәндегі ПП-тер



бет95/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   111
Байланысты:
annotation30756

3.Адамның жүріс-тұрысын ұнатпау мәндегі ПП-тер.
Алқаш араққор, Ішкішбек арақ ішкіш, Тілемсек сұраншақ, Селтеңбай бос жүріс, Айдашап, есерсоқ, Жандайшап, қол шоқпар, Қызылкөзұлы пәлеқор, Шошаңгүл жеңілтек, Қыдырымпазов жеңілтек, Адыраңбаев, Ардыңгүрдіңова ардың-гүрдің, Бүлкілдекич бүлкілдек, Былқылдақ Сылқылдақович былқ-сылқ, Апырай Дікілдекова дік-дік, Қисайған Талтаңбаев қисаң, ~ талтаң т.б.
4. Адамның біреуді менсінбеу мәнінде жұмсалатын ПП-дер.
Шөпжелке қыз баланы кемсіту мәнінде жұмсалатын сөз, Маубас ұйқышыл адам, Болбыр сылбыр, босаң, Құйысқан кез келген жерге қыстырыла кету, Жылаңқы ештеңеге көңілі бітпейтін адам, Міңкілдек міңгірлеп сөйлеу, Қарақатын жексұрын әйел, Бестиын құнсыз т.б.
5.Адам басындағы топастықты мінейтін мәндегі ПП-тер.
Ақпақұлақұлы сөз ұқпайтын парықсыз, Саппас санасыз, Көкми топас, Дүмбілез шалағай, Дүмшебай надан, Мисыз топас, Жетесізов ақылсыз т.б.
6.Адамның біреуді жақтырмау мәнінде жұмсалатын ПП-дер.
Суаяқов < су аяқ ~ алаяқ, Сұғанақ ~ ұры, Сұрпақпай ~ ұры, Нансоғар ~ жалқау, Жүгірмек ~ баланың мінезін ұнатпау, Жылмаңбет ~ қу, жылпос, Заржақ ~ тынбай сөйлейтін адам, Сужұқпас ~ өтірікші, Шибұт ~ жіңішке борбай, Сотанақ ~ сотқар, Ыржаңгүл жөнсіз күле беретін адам, Құйыршық ~ жағымпаз, Таскене ~ мезі ететін адам, Ашқарақ, Қомағаев, Мешкей, Судыр Ахмет, Судыр Сары, Көкіме, Салақ, Шойқара, Шиқара.
7. Қарғыс мәнді ПП-дер.
Мифологиялық танымдағы «тілдік қалдықтар»– табиғи құбылыс. Тіл мұндай қалдықтарды қатырып (консервілеп) сақтап қана қоймайды, сонымен қатар мағынасын жаңартады, танымдық тұрғыдан жаңаша көзқараспен қабылдайды. Соның нәтижесінде тілдік бірліктердің тарих қойнауында ұзақ уақыт сақталуы - осының куәсі. Миф қабаттарын ақырындап аша отырып, біртіндеп ертедегі дүниетанымның ошақтарына жол аша аламыз, бабалардың өмір тіршілігін өз қөзімізбен көруге мүмкіндік аламыз.
Тіл мен мифологияны сабақтастықта қарауға ерекше көңіл бөлген, өзіндік із қалдырған орыстың көрнекті ғалымы – А.А.Потебня. Ол тілдік құбылыстардың тарихи негіздері мифтік семантика сөздердің ішкі формасында деп есептейді. Ғалымның пікірінше, мифтік танымда сөздердегі бейне мен мағына әлі бөлінбеген заттың қасиеттері одан бөлінгенде ғана мифтік бейне тілдік метафораға айналады. А.А.Потебняның пікірінше, миф тілдің, барлық рухани эволюцияның алғашқы нүктесі, бастауы [,Потебня А.А. Из лекции по теории словесности. Басни. Пословицы. Поговорка. – Харьков, 1894, 18 б].
Фольклордағы мифтік аттар туралы Д.Керімбаев пен С.Қондыбайдың еңбектерінде қызықты баяндалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет