Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет155/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

КИРЕЕВСКИЙ Иван Васильевич (1806 – 1856) орыстың діни философы, әдебиет сыншысы, публицист. К. – славянофилдік философияның өкілі. Оның пікірінше, Еуропа Ағартушылығының тоқырауы олардың діни бастаудан кетіп, рухани біртұтастықты жойып алуында жатыр деп есептеді. Жалпы батыс ойшылдарының еңбектеріне талдау жасай отырып, К. Гегельді рационалист ретінде қарастырып, оны Аристотельдің ілімін жалғастырушы деп санады. Гегельдің ілімі батыс ойының ең биік шыңы. Осыған қарамастан К. оған таза ортодоксалды сенім мен сезімге негізделген орыс дүниетанымын қарсы қою керек деп түсінді. К. түсінігінше, өзіндік ерекшелігі бар орыс философиясының міндеті – батыс ойшылдарының алдыңғы қатарлы идеяларын өздеріне сіңіре отырып, шығыс патристикалық ілімі негізінде ілгері даму. К-дің еңбектері 1861 ж. 2 – томдық кітап болып шықты.
КЛАССИКА (лат. classіkus көрнекті, үлгілі) – көрнекті, үлгілі, жұртшылық таныған көркемөнер және әдебиет шығармалары, әлемдік және ұлттық мәдениетте мәңгілік құндылық ретінде бағаланатын дүниелер.

КОГЕН Герман (1842 – 1918) неміс философы. 1876 – 1912 ж.ж. Марбург қаласында тұрған. Наторп сияқты К. де марбург мектебінің негізін қалаушылардың бірі. К. бойынша, ойлау идеяны ойлау ретінде, ал болмыс ойлау пәні ретінде тепе-тең, бірдей. Шындықтың (нақтылықтың) ешқандай да метафизикалық негізі жоқ. Тәжірибе үрдісі дегеніміз зат қалыптастыру процесі. Кез-келген ғылымның (философияның да) тәсілдік символы – математика. К. пікірінше, Канттың моралі «Ежелгі өсиет» моралі. Сондықтан, мемлекет – ең басты мақсат емес, ол жеке адамдардың моральдық дамуын ұйымдастырушы және гуманистік идеалды жүзеге асырушы құрал. Құдай – барлық идеялардың ортасы, ол – ақиқат идеясы.
КОГЕРЕНЦИЯ теориясы (өзара байланыс). К. қағидасы барлық өмір сүріп тұрған денелер өзара байланыста болады деген тұжырымды басшылыққа алады. Онтологияның когеренттік заңы әртүрлі қабаттардың категориялары арасында бар байланысты көрсетеді. К. – факторлар психологияда ерекше қаралады. Ес бөлімдері өздерінің ұқсастығымен, кеңістік және уақыттық жақындығымен, симметриялы орналасуымен т.б. ерекшеленеді, осының арқасында олар межеленген қабылдаумен бірігуі мүмкін. Қазіргі психологияның айтуынша, К-тілік факторларының объективті қасиеттері мен белгілері әртүрлі байланыстардың қалыптасуына тікелей себепкер болады.
КОГНИТИВИЗМ (лат. – білім, таным). ХХ ғ. 50-жылдарында пайда болып, көптеген пікір-таластар тудырды. К. – қоршаған орта, қоғам және адамның өзі туралы қалыптасқан ғылыми білімнің жаңа деректерге, ақпараттарға, ғылыми жаңалықтарға қайшы келуінен туындайтын интеллектуалды қақтығыс. Қақтығыстың нәтижесінде пайда болған дискомфорт пен шиеленісті шешу жолдарын көрсететін концепциялар пайда болды. Олар қақтығыстан шығу үшін әртүрлі шараларды ұсынды: зерттеуші жаңа ақпаратты мойындамайды, не одан қашқақтайды; немесе шындығында ешқандай да қайшылық жоқ деп өзін-өзі сендіреді; немесе қайшылықтарды келістіруге тырысады, немесе өзінің көзқарасын сақтау үшін әртүрлі шараларға барады. Дискомфорт айналып келгенде ескі біліммен жаңа білім арасындағы «қашықтық» ретінде тек таным процесінің өзінде ғана шешіле алады. Дискомфорттың шешілуі бар білімді эвристикалық қайта құрылымдау арқылы жаңа ақпаратты түсінуге бағытталғанда ғана мүмкін болады.
КОЛЛИЗИЯ (лат. collіsіo қақтығыс) – қарама-қарсы күштердің, көзқарастардың, ұмтылыстардың, мақсаттардың қақтығысын білдіретін термин. Көркем К. – көркем шығармадағы кейіпкерлердің, ондағы оқиға шиеленістерінің, қақтығыстарының көрінісі. Көркем К. тікелей шығарманың сюжетінде, оқиғадағы тартыста байқалады.

КОМИКАЛЫҚ адам сезіміне әсер ететін зілсіз, көрнекті, қызық қарама-қайшылықтағы іс-қимылы. Мыс. әйел даусымен сөйлейтін ұзын бойлы, толық еркектің жағдайын К. деп атауға болады. Кейде адамдар комикалық жағдайға әдейілеп, не байқаусызда тап болуы мүмкін. («Бриллиантты қол» фильмін еске түсіріңіз). Комизмнің бірнеше түрін атауға болады: әсерлі комизм, нәзік комизм, қызықты комизм, гротескті комизм, трагикомизм және т.б. Қалжыңдарда көбінесе ашық айтылған күлдіргі сөздермен қатар, жасырын астары бар сөздер де қолданылады. К. жағдай табиғи жолмен қалыптасуы мүмкін, жасанды жолмен де қалыптасуы мүмкін. Біріншісі адам сезіміне оң әсер етсе, екіншісі – берекесіздікке, өрескелдікке әкелуі мүмкін. К-тың жоғарғы сатысы ретінде юморды атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет