Байланысты: Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)
МИНИМАЛИЗМ (ағыл. mіnіmal art – минимальды өнер) – шығармашылық процесінде пайдаланылатын материалдарды мейлінше аз ауыстырып өзгертуден, қарапайымдылық пен формалардың біркелкілігіне шығатын көркемдік ағым. М-ге субъективтіктен – репрезентация, иллюзионизмнен – бас тарту тән. М. шығарм.-та калассикалық әдістер мен дәстүрлі көркемдік материалдарды қабылдамайтын, қарапайым геометриялық формалы, бейтарап түсті (қара, сұр) шығын көлемді өндірістік және табиғи материалдарды, индустриалық өндірістің сериялық әдістерін пайдаланады. Көркемдік құрал-жабдықтарды кескіндеме және мүсін өнерінде, өнердің басқа да түрлерінде театр, кинематографя үнемдеп пайдаланылатын болды. Шығарм.-тың М-дік концепциясының артедерегі – оның дүниеге келу процесінің нәтижесі алдын-ала белгілі болуы. М. ХХ ғ. 60-шы ж. АҚШ-та пайда болды. Оның бастауы конструктивизм, суперматизм, дадаизм, абстракционизм, поп-арте. М. терминін енгізген Руолхейм. М-нің синонимдері (мағыналас сөздері) «салқын өнер», «сериялық өнер», «жүйелі кескіндеме өнері», «АБВ өнері» болып табылады. М-дегі шығарм. процестің концептуалды түрде алдын-ала белгілілігі идеясы концептуализмде дами түсті: өнерді қимыл-әрекет, айналаны қоршаған ортаны игерудің кеңістіктік-уақыттық формасы ретінде тану антиформа, өз-өзінен қирайтын өнер мен постминимализм ағымдарында үндес.
МИСТИЦИЗМ (грек. mіstіkos – сырлы, жұмбақ) – білімнің объектісін жанмен сезіну арқылы тура білуге болады дейтін діни-философиялық ілім. Болмысты мистика арқылы ұғыну рәсімі әлемді бейнелер, сезімдер, таңбалар арқылы қабылдау ұғымына қарама-қарсы. Егер тар мағынада алсақ, М. дегеніміз құдаймен ешбір дәнекерсіз тура араласу тәжірибесі, осы сезімнің қуанышы, Болмыстың бірлігін сезінудің діни практикасы. Пантеистік діндерде М. адамның тұлғасыз шектен тыс Абсолютпен, осы Абсолют үкімі арқылы бірігу деп пайымдалады. Теистік жүйелерде имандының өз иманымен сұхбаты ретінде зерделенеді. Және бұл сұхбат құдай үкімі бойынша ғана емес діндардың ерікті қалауы негізінде де жүзеге асады.