Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


Үндістанда М. т. ағылшын тілі болса, хинди тілі тек тұрмыстық тіл деңгейінде қалып қойған. Марокконың, Алжирдің, М. т. араб тілі болғанымен, ресми тіл ретінде



бет182/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   267
Мысалы: Үндістанда М. т. ағылшын тілі болса, хинди тілі тек тұрмыстық тіл деңгейінде қалып қойған. Марокконың, Алжирдің, М. т. араб тілі болғанымен, ресми тіл ретінде француз тілі онымен бірдей дәрежеде қолданылады. 1995 жылы қабылданған Конституцияда да қазақ тілі М. т. болып бекітілді, алайда сонымен қатар орыс тілі ресми түрде М. т- мен қатар қолданылады. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы» мақұлданды. Қазір Қазақстан барлық ғылым-білім, мәдениет, техника салаларын М. т-ге көшіру кезеңін бастан өткеруде.
М. т. – көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. М. т-ді жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын (сфера) кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-жақты бағдарламалар жасалады. М. т. әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. Демократиялық қоғамда белгілі бір тілге мемлекеттік мәртебеге (статус) беру оның басқа тілдерге қысымшылық көрсету болып табылмайды. Бұл туралы Республикамыздың Тіл туралы Заңында (1997 ж.) анық айтылған. Кеңес заманында КСРО-ның Конституциясында және басқа да мемлекеттік құжаттарда ашық айтылмаса да, орыс тілі іс жүзінде (де-факто) М. т. функцияларын орындады. Орыс тілінің осындай ерекше ролі геральдикалық әдіспен анықталады. Мысалы, КСРО-ның елтаңбасы мен ақша бірліктерінде орыс сөздер үлкен әріппен беріліп, басқа ұлттық тілдердегі лексемалар кіші әріппен берілгені дәлел бола алады. Кейбір көпұлтты (көптілді) мемлекеттерде тілге берілетін мәртебе басқаша аталуы мүмкін: ресми тіл, ресми түрде қолданылатын тіл, ұлттық, конституциялық және аймақтық тілдер. Осыған байланысты «көпұлтты» және «көптілді» деген терминдердің синоним сөздері ретінде қолданылуын сөйлеу тіліміздегі қателердің бірі деп қараған жөн. Кезінде КСРО (Югославия т.б.) көпұлтты мемлекет болатын, себебі Одаққа өздерінің белгілі бір территориясы, шекарасы, басқару-әкімшілік органдары бар субъектілер енген болатын. Ал Қазақстан жайында ол басқаша, мұнда жоғарыда көрсетілген Одаққа тән ерекшеліктер болған жоқ, сол себептен де Республикамыз, әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан қарағанда көпұлтты емес, көптілді елдер санатына жатады деу шындыққа сәйкес келеді. Көпұлтты елдердің қатарына жататын мемлекеттің субъектілері (ұлттық республика, облыс, аймақ т. б.) өздерінің ұлттық тілдеріне мемлекеттік мәртебе беруге құқылы болса, көптілді елдерде мұндай еркіндік жоқ. Себебі көптілді елдің құрамына диаспора ретінде енген ұлт-ұлыстардың қалыптасуы солақай саясаттың, депортация т.б. нәтижелері болуы мүмкін, яғни бұл құбылыстардың тарихи мән-мазмұны жоқ.

МЕНТАЛИТЕТ, д і л (лат. menta жан құрылымы) – әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, наным-иланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы. М. жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда М. өзгеше ойлау типі. М. табиғат және әлеум. жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық. М. терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып, американ философы Р. Эмерсон (1856) енгізді. М. қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филос., діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаұғым болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет