Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет181/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

М. – адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері. Әлеуметтік болмыс адамсыз тірлік етпейді, оның табиғаттан айырмашылығы да дәл осы қасиетінде. Көне гректер күтімді, қолмен өңделген мәдениет әлемін күтімсіз, өңдеусіз, жабайы әлемнен айырғанда осы туралы ойланған еді. Осы айырмашылық жасанды, өнерлі мен табиғи, өнерсіз нәрселердің оппозициясынан да байқалады. Философия тұрғысынан мәселе мәдениеттің анықтамасында емес, адамзаттың әлеуметтік болмысын сақтау ісіндегі эволюция нұсқаларын анықтауда. Мұндағы ең басты нәрсе сақтау мен жаңарудың нақты кескіндерін суреттеуде, олардың өзара байланысын табуда. Мәдениеттану жағынан келсек, әрбір нақты М. әлеуметтік болмыстың жандануы мен жаңаруының белгілі баспалдақтары ретінде көрінеді. Бұл тұрғыда М-тің ең басты мәселесі адамзат болмысының жандану мен өзгеріске түсуінің, немесе жаңару нұсқаларының арақатынасы. Бұл мәселенің жалпыға бірдей әмбебап шешімі жоқ. Егер адамзаттың еретедегі қауымдастықтарында басты қалып ретінде әлеуметтік ұйымның өзгерместігін қамсыздандыратын дәстүр көрінсе, одан кейінгі кездері жаңарудың маңызы артады, ал соңғы онжылдықтарда әртүрлі дәстүр мен түрлі жаңашылдықтың өзара кірігуі басты бағытқа айналғандай.



МӘдениет философиЯсы. М. ф-ның пәні мәдениет формаларын, олардың мағынасын философиялық талдау болып табылады. Басқаша айтқанда, М. ф. мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін, әмбебапты және барлығын қамтитын феномен ретінде мәдениетті философиялық пайымдауға бағытталған философиялық пән болып табылады. «М. ф-сы» терминін XІX ғасырдың басында неміс философы А. Мюллер енгізді. М. ф. дербес сала ретінде XVІІІ ғасырдың аяғында – XІX ғасырдың басында бөлініп шыға бастағанымен, ХХ ғасырда ерекше қарқынды дамыды. ХХ ғасырдың басында М. ф. мәдениет эволюциясының әртүрлі кезеңдерін зерттеуге бет бұра бастайды. Осыған байланысты мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы пайда болды. Мысалы, жаңакантшылдар В. Виндельбанд (1848 – 1915) пен Г.Риккерт (1863 – 1936) «мәдениет туралы ғылымдар» мен «табиғат туралы ғылымдарды» ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың концепциясы М. ф-ндағы оппозициялардың бірін – мәдениет пен табиғаттың арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық (аксиологиялық) мәнін айқындады.


Мәдениеттің теориялық суреттемелерінің көптігі бұл феноменді пайымдаудың мүмкін болатын барлық варианттарын түгеспейді. Ғылымда танымал және белсенді түрде түсіндірілетін олардың кейбіріне тоқтала кетейік. Және де бұлар әртүрлі ғылыми теориялар негізінде М. ф. принциптер мен тәсілдерін айқындап көрсетеді.
Мәдениетті бағалаудың, түсінудің, зерттеудің әртүрлілігі сияқты мәдениет әлемі де алуан түрлі. Біз «дәуір мәдениеті», «этнос мәдениеті», «ұлттық мәдениет», «христиандық мәдениет», «мұсылмандық Шығыс мәдениеті», «апполондық мәдениет», «Қытай мәдениеті» және т.б. ұғымдарды көп кездестіреміз. Осыған ұқсас барлық ұғымдар әртүрлі мәдени тұтастықтарды тарихи, немесе әлеуметтік, немесе философиялық көзқарастар тұрғысынан жіктеу нәтижесінде тізбектеледі. Білімнің әрбір гуманитарлық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін өз негіздеріне сай белгілі бір классификацияда жіктеуге ұмтылады, мұның ақыры, бүтіндей алғанда, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі.

МӘН – белгілі бір нәрсенің мазмұны, барлық басқа заттармен салыстырғанда белгілі бір жағдайдың әсерімен өзгеріске ұшыраған қалпымен салыстырғанда оның ешнәрсеге қатыссыз бірегейлігі «М» ұғымы кез келген филос. Жүйе үшін, М-нің болмысқа және зат М-нің санаға, ой тұжырымдауға қатысы тұрғысынан алғанда бұл жүйені ажырату үшін өте маңызды. М-нің заттан тыс орны жоқ, оның басты қасиетінің өзі осында. Адам танымы бірте-бірте обьективті дүниенің М-ін меңгеріп, барған сайын оған тереңдей түседі. Бұл ілім обьективті дүниеге керісінше, оны іс жүзінде қайта құру үшін пайдаланылады. М. мен құбылыс әрекеті және сонымен бірге бір-бірінен ажырағысыз. М. алдымен құбылысқа ауысып, осыдан кейін барып М. ретінде көрінеді, ал М. құбылысы М-ді көрсетеді және тек сондықтан ғана ол құбылыстың бейберекет табиғатын аңғаруға және сол жөнінде ой тұжырымдауға мүмкіндік береді (салыстырмалы: Шындық, М. және Құбылыс).

МӘТІН – бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. М. сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе элементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. М-тану қарастырылып отырған М-нің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика М-ді түсіндірумен айналысады. Киелі М-дер герменевтикасы экзегетика деп аталады. М-ді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол М-нің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). М-ді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В. Рудневтің жасаған М. тұжырымы жеті баптан тұрады. 1) мәтіннің барлық элементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі). 2) мәтін элементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі); 3) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау); 4) М-нің әрбір жекеленген және үстірт көрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы); 5) М. шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы); 6) бір М-дегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін (мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы); 7) М. қатып семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сұхбат (Бахтин поэтикасы).

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі М. т. болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі М.т. болып бекітілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет