МЕРЛО-ПОНТИ Морис (1908 – 1961) – француз философы, мәдениеттің феноменологиялық концепциясының өкілі. М. пікірі бойынша адамды қоршаған әлем, мәдениет әлемі сияқты мағына мен маңызға толы әлем. М.-П. мағынаның пайда болуын шегіне жеткен, одан әрі бөлініп-бөлшектенбейтін интегративті құрылымның бір-бірімен байланысты үш деңгейде: жеке-тұлғалық өмір, интер субъективті коммуникация және мәдениет тарихы пайда болуын зерттейді. Мәдени әлемнің дамуы спонтанды алғашқы қабылдау деңгейінен кейін: сөз, тіл, әдебиет, өнер, ғылыми, саясат және т.б. конвенционалды символдану деңгейінде дамиды. Жеке өмірде әртүрлі себеп-дәйектер, мінез-құлық пен қимыл-әрекеттердің астасып-өріліп жататыны сияқты мәдениет тарихында да мораль, дін, өнер мен экономикалық құрылымдар әлеум. оқиғалармен астасып-өріледі. Адам өмірі мен мәдениеттің мағына мәнін мойындай отырып, белгісіздік, көп маңыздылық пен көп мәнділік танымның қандай да болсын жетімсіздігі-кемшіндігінің қарапайым салдары деп емес, адам өмірінің, тарих пен мәдениеттің жайылмайтын, антологиялық құрылымы деп танылуы керек. Осы негізгі жағдайды ескергенде ғана біз табиғатпен, өзге мәдениеттермен және өзге адамдармен жемісті диалог орнату өнерін меңгереміз, ол қазіргі өркениет үшін өмірлік маңызды және қажет.
Шығ.: Көз бен рух // ХХ ғасырдағы француз философия мен эстетикасы. 1 бас., М., 1995; Философияны қорғау. М., 1996.
МилльДжон Стюарт (1806 – 73) – ағыл. философы, логик, экономист, позитивизмнің өкілі. Философияда Юм мен Берклидің және Конттың ізбасары. Адам тек «құбылысты» ғана танып біледі, оның шекарасынан тыс шыға алмайды. М. логикада индуктивизмнің белді өкілі білім алудың әдісі ретінде дедукцияны теріске шығара отырып, ол индукциялық жолмен зерттеудің әдістерін жасау болды. М. этикада Бентамның утилитаризмінің ықпалында қалды. Саяси экономияда М. еңбек құнынң классикалық теориясын өндіріс шығындары жайлы вулгарлық теориямен аустырды, Мальтустың тұрғын халық теориясын (Мальтусшілдікті) жақтады. Әлеум.саяси көзқарасы жағынан М. – либерал.
МИМЕСИС (грек. – ұқсау, еліктеу) – антика эстетикасының негізгі ұстанымы. Алғаш рет музыканы ғарыш үйлесімнің еліктемесі ретінде қарастыратын пифагоризмде көрініс тапты. М-тің салыстырмалы түрде алғандағы біртұтас теориясын Платон мен Аристотель қарастырды. Аристотель – еліктеудің объектісі, материалы, әдісі мен мақсатын ажырата отырып, эстетикалық категорияларды, өнердің табиғатын, оның түрлері мен жанрларын бір принциппен түсіндіреді. Өнер өмір құбылыстарының көптүрлігін: кескіндеме өнерінде – бояу, әдебиетте – сөз, мүсін өнерінде – тас, кескіндемеде – көру, музыкада – көрерменге әсер етудің этикалық және эстетикалық үйлесім беріледі. М. өнердегі еліктеудің үш түрін белгіледі: қандай да болсын олардың өзіне еліктеу, көпшіліктің ойындағы не айтуындағы өмірге еліктеу және болуы тиіс өмірге еліктеу.