Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет183/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

МЕТАТЕОРИЯ (гр. Meta кейін, және teorema – бақылау, қарастыру, зерттеу) – басқа бір теорияларды зерттейтін теория. М. белгілі бір теорияның қағидалары мен ұғымдар жүйесін зерттейді; оның шекарасын, жаңа ұғымдарды енгізудің және оның қағидаларының, және т.б. анықтап оған әлдеқайда тиімді әдіс тәсілдер енгізуге ұмтылады. М. метатілде тұжырымдалады (метатіл және обьектіл). Қазіргі кезде логиканың М-сы (Маталогика) және математиканың М-сы (Метаматематика) ерекше даму үрдісінде; оларда Гегельдің, Гильберттің С. Клинидің еңбектері ерекше роль атқаруда. Матем. емес пәндерде М. тек алғашқы қадам ғана жасады. М-ның ең басты міндеті – ғыл. теорияларды формализациялау шарттарын және сондай ақ формализацияланған тілдердің синтаксистік (логикалық синтаксис) қасиеттері мен семантикалық қасиеттерін (логикалық семантика) зерттеу. Кибернетика мен есептеу техникасының дамуына байланысты мұндай зерттеулердің маңызы ерекше арта түсті.



МЕТАФИЗИКА. «М.» термині біздің эрамызға дейінгі І ғ. Аристотельдің филос. мұрасының бір бөлігінің атауы ретінде шықты; сөзбе сөз алғанда ол «физикадан кейін келетін» деген мағынаны білдіреді. Аристотельдің өзі мұны «бірінші философия» деп атады: ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және оймен ғана пайымдауға болатын, сезім мүшелерімен білуге болмайтын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді-мыс. «М» термині кейінгі философияда осы тұрғыда қолданады. Ортағасырлық философияда М. теологияның филос. дәлелдемесі ретінде қызмет етті. Шамамен алғанда ХVІ ғасырдан бастап «М.» терминімен қатар сол мағынада «онтология» термині де қолданылды. Декарттың. Лейбенц, Спинозаның және басқ. XVII ғ. философтардың философиясында «М.» жаратылыстану және гуманитарнлық білімдермен тығыз байланыста қолданылды. Бұл байланыс XVIII ғасырда әсірісе Вольфтың және т.б. онтологиясынан ығыстырылды. «М.» термині сол мағынада осы күнгі философияда әлі де кеңінен қолданылуда. Жаңа заманда М. ойлаудың антидиалектикалық тәсілі ретінде, заттар мен құбылыстарды өзгеріссіз және бір бірінен тәуелсіз қарастыратын, табиғат пен қоғамдағы дамудың қайнар көзі болып табылатын ішкі қайшылықтарды жоққа шығаратын дүниетанымдардағы сыңаржақтықтың нәтижесі ретінде пайда болды. Тарихи жағынан алғанда бұл ежелгі дүние мен Қайта өрлеу дәуіріндегі дүниені тұтас, қозғалыстағы, даму үстінде қарастыратын ғыл.филос. таным әдісінің орнына енді ғыл. білімнің тереңдеуіне және жіктелуіне байланысты дүниедегі нәрселерді бір бірінен байланыссыз қарастыратын бір қатар бөлек білім салаларының шығуына орай пайда болған ойлау тәсілін білдіретін болды. М. терминін «антидиалектика» мағынасында тұңғыш қолданған Гегель сондай-ақ бұрынғы «М-ның» әдетте антидиалект. сипатта құрылғанын ескерді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет