Әдебиет: Юлина Н.С. Философия Дж. Сантаяны и американский реализм.// Современный объективный идеализм. М., 1963;Луканов Д.М. Дж. Сантаяна и экзистенциализм. //Вопросы философии. М., 1981, 7 с
Байланысты: Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)
Әдебиет: Юлина Н.С. Философия Дж. Сантаяны и американский реализм.// Современный объективный идеализм. М., 1963;Луканов Д.М. Дж. Сантаяна и экзистенциализм. //Вопросы философии. М., 1981, 7 с.
САРТР Ж. П. (1905 – 1980) – француз философы, жазушы, атеистік экзистенциализмнің негізін салушылардың бірі. С.-дың филос. көзқарастарының қалыптасуына феноменология мен экзистенциализм ерекше ықпал етті. Сондықтан да оның шығарм-нда С. Кьеркегор, З. Фрейд, Э. Гуссерль, М. Хайдеггердің алатын орны зор. С. экзистенциалистік гуманизм қағидаларын қалыптастыруды өзіндік мақсат деп таныған, сондықтан да оның шығармаларының орталық мәселелері қашанда адаммен, оның әлемге, басқа да өзі сияқты жандарға, құдайға деген қатынасымен байланысты. Экзистенциализмнің «тіршілік (экзистенция) мәннен бұрын тұрады» деген негізгі идеясын бетке ұстаған С. адам тіршілігін шынайы болмыс деп түсінеді. «Адам субъективтілігі әлемінен, адамның өзіндік әлемінен басқа еш әлем жоқ», – дейді С. «Экзистенциализм дегеніміз гуманизм» атты шығармасында. Адами шындықта болмыстың үш көрініс түрі бар: «өзіндік болмыс», «өзі-үшін – болмыс» және «басқа-үшін – болмыс». Осылардың үшеуі де өмір сүрудің қарапайым нақтылығын құрастырады, тек абстракты түрде ғана ажыратылады. Адам тіршілігі, яғни экзистенциясы рационалды тануға келмейді, сондықтан да ол ешқашан зерттеу объектісі бола алмайды да, өйткені ол, біріншіден, өзіндік біртуар жеке даралық, сол себепті жалпы мәнділікке ұмтылмайды; екіншіден, экзистенция – біздің әрқайсымыз, өзіміз. Экзистенция күнделікті өмірдің сезімі мен тілегінен, сенімі мен қаупінен, тәжірибесі мен үмітінен, қамы мен мұқтажынан құралады. Олай болса, экзистенцияға біз ғылымда қалыптасқан дәстүрлі объективтілік тұрғысынан қарай алмаймыз, оған өнерге жақын суреттеу әдісі ғана лайық келеді. Сондықтан болар С. өзінің көзқарасын жүйелі филос. трактаттар арқылы ғана емес, көркем шығарм. туындылары – романдар, пьесалар, эсселер т.б. арқылы жеткізуге тырысты. Тіршілік онтологиялық тұрғыдан алғашқы болып табылған күнде тіршілік өзін жоқтан бар етеді, жоқтан жасайды. Адам мәнсіз әлемге лақтырылып жіберілген, әуелде ол ешкім де еш нәрсе де емес. Адам өмір сүре бастағаннан кейін ғана өзі туралы, өмір туралы, басқалар туралы түсінік құрады, келешекке ұмсынады, өзін-өзі жобалайды. Адам, ең алдымен, жоба, «өзі-үшін – болмыс», тек содан кейін ғана сол жобаны жүзеге асыру немесе асырмау, қол жеткізу немесе қол жеткізбеу. Сонымен адам өз мәнін өзі жасайтын тіршілік иесі болып шықты, ендеше өзімен болып жатқан жағдайлардың барлығы үшін адамның жеке басы ғана жауапты. Адамға таңдау еркі жазылған. Әрбір адам өзінің қандай болатындығын әрбір іс-әрекетімен, әрбір тілек талабымен анықтап отырады. Өмір сүру дегеніміз адамдардың біріккен тіршілік болмысы. С. да басқа экзистенциалистер сынды жеке экзистенцияның «басқаларға» салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Бұл мәселені шиеленістіре түскен С. «Басқаны» тұлға болмысының «бас ауыртарлық» сұрағы деп біледі. Менің «басқа үшін-болмысым» менің «өзім-үшін – болмысыммен» кереғар келіп, қақтығыс көзіне айналады деп түсінеді С. осы тұста ол адамдар арасындағы қарым-қатынастың гегельдік «үстемдік ету және бағыну» моделін келтіреді. «Басқаға» деген қатынас қашанда басқаның көз алдында өз басыңды еркін мойындатудан тұрады деп ұғынады С. үстемдік көрсету позициясы адамның жобаларының жобасы, іргетасы – «құдай болу тілегінен», өзіне-өзі жеткілікті «өзі-үшін – болмыс» күйіне талпынудан туындайды деп көрсетеді С. бостандық пен таңдау еркін иемденген адам үшін жауапкершілік мәселесі өте маңызды. Адам тек қана өз болмысы үшін емес, сонымен қатар әлем үшін, ондағы болып жатқан оқиғалар үшін өзінің ойымен, сөзімен, іс-әрекетімен, тілек-талпынысымен жауапкершілікті. «Адам еркін болуға келгендіктен әлем тауқыметінің бәрін өз арқасымен көтереді», – дейді С. С-дың филос. және көркем әдебиеттік шығармалары жеке тұлғаның қадір-қасиеті, құндылығы, шығарм. мүмкіншілігі туралы көп сөз қозғайды. Саяси көзқарастары жағынан С. демократизм, марксизм, волюнтаризм эклектикасын құрайды.