Әдебиет: Сартр Ж.П. Слова. М., 1966; Сартр Ж.П. Пьесы. М., 1967; Сартр Ж.П. Экзистенциализм – это гуманизм. // Сумерки богов. М., 1989; Сартр Ж.П. // Әлуметтік философия. А.,1997; Кузнецов В.Н. Ж.П. Сартр и экзистенциализм. М., 1970; Киссель М.А. Философская эволюция Ж.П. Сартра. М., 1976; Ж.П. Сартр. Первичное отношение к другому: любовь, язык, мазохизм.// Проблема человека в западной философии. М., 1988.
СегізбаевОраз Аманғалиұлы(1929 – 2006). 1929 ж. Қызылорда қаласында дүниеге келді. 1951 ж. М.С. Киров атындағы ҚазМУ-дің тарих факультетін тәмамдайды. Аталмыш университетте 1956 – 1959 жж. аға оқытушы, 1959 – 1963 жж. философия кафедрасының доценті, 1968 – 1976 жж. философия және экономика факультетінің деканы, 1977 – 1980 жж. философия тарихы кафедрасының доценті, 1980 – 1982 жж. жаратылыстану факультеттеріндегі философия кафедрасының профессоры, 1982 – 1986 жж. этика, эстетика және ғылыми атеизм кафедрасының меңгерушісі, 1986 – 1995 жж. әлеуметтік таным философиясы мен методологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессоры және 1995 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ғылым философиясы мен методологиясы кафедрасының профессоры қызметтерін атқарды. 4 ғылым докторлары мен 19 ғылым кандидаттарын дайындады. Негізгі еңбектері: «Традиции свободомыслия и атеизма в духовной культуре казахского народа» (1973), «Исследователь, мыслитель» (1974), «Казахская философия XV – начала ХХ века» (1996) және т.б.
СейтахметовНұрлан Қадырұлы (1950 – 2009) –философия ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясында, Жоғары партия мектебінде, Абай атындағы ҚазҰПУ-да, Абылайхан атындағы ҚазМХҚХТУ-да, ҚазМемПУ-де қызмет атқарды. Ол өзінің саналы ғұмырын қазақстандық философиялық мектебінің тұлға философиясы деп аталатын жаңа бағытын негіздеуге арнады. Оның терең айналысқан саласы философия тарихы, оның ішінде немістің классикалық философиясы болып табылады. Ол сонымен қатар әлеуметтік философия және мәдениеттану саласының білікті маманы болатын. Өзінің ғылыми жұмыстарын шәкірттерге дәріс берумен сабақтастырды. 2007 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына иеленіп, грант арқылы Германия жерінде болып қайтты және соның нәтижесінде «Герман идеализмінің тұлғалық мағынасы» деген іргелі еңбек пайда болды. Н. Сейтахметов философиялық ақиқаттың қайнар көздерін анықтаумен айналысты, философияға тән адамгершілік негіздерді айқындады. Ол көптеген халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, философиялық шығармашылықтың болмыстық мағынасын анықтаумен айналысты. Оның жарық көрген көрнекті жеке және ұжымдық еңбектерінің қатарына «Диалектика свободы как творчество», «Личностный смысл философской культуры», «Общение и личность», «Нравсвенный смысл германского идеализма», «Полисемантические и социально-философские контексты формирования толерантного сознания» және т.б. шығармалар жатады.