Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет210/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)


РОМАНТИЗМ (франц. romantіsme) – XVІІІ ғ. соңы XІX ғ. ортасы аралығында байқалған Батыстың рухани өміріндегі идеялық және көркем қозғалыс. Германияда пайда болып, бүкіл Еуропа мен Ресейге таралды. XІX ғ. басында Еуропада тек Р-лық өнер (Д. Байрон, В. Гюго, В. Жуковский) ғана емес, Р. философия мен эстетикада (ағайынды Шлегельдер, Новалис, Ф. Шеллинг, Гельдерлин, Шлейермахер) қалыптасты. Р. – эстетикаға метафизикалық статус берді. Неміс Р-нің ерекшелігі – тарих идеясын адамзаттық рухани мәдениетінің қалыптасуы тарихы ретінде қарастыру, болашақ пен өткенге үңілу, ал осы шақты – тұрақтанбаған, ретсіз нәрсе деп түсіну. Р. тек идеологияда ғана емес, сондай-ақ сол дәуірдің белгілі бір дүние түйсінуі, дүниені қабылдауы ретінде қоғамдық психологияда да өз көрінісін тапты. Р-лық дүниетүйсінудің мәні – жалған дүниемен оған сай келмейтін жоғары мұрат арасындағы шешілмес қайшылықты мойындау.


РУССО Жан Жак (1712 – 1778) – француз философы, әдебиетші. Р. қоғамдық прогресстің құндылығы, адам табиғатының жетілуі туралы мәселені қойды. Р. қоғамдық прогресс – қарама-қарсы процесс және тұлғалардың мүдделеріне сай келмейді, ал ағартушылықтың дамуы адамзат даналағын арттырмайды деп санайды. Р. пікірінше адам ең алдымен эмоционалды жан. Тіршілік ету – бұл сезіне білу, өйткені жан сезімі парасаттан да жоғары. Тұлғаның өзегі – ұятта, ал ол ой толғауда емес, сезімде көрініс табады. Р. өзінің «Эмиль немесе тәрбиелеу туралы» атты педогогикалық шығармасында біздің барлық түсініктеріміз сыртқы дүниеден бастау алса да оларды бағалайтын (баға беретін) сезім біздің өз бойымызда ұяланады деп жазады. Жан дүниеден бастау алатын сезімді Р. әрқашан сыртқы ортадан бастау алатын рационалдыққа қарама-қарсы қояды. «Арманшылдың серуені» атты еңбегінде Р. жеке адамның жатталуы мәселесін көтереді. Мәдениеттің жаппай «күйреуін» Р. жаттанудың жеткен шегі деп санайды. Ол бұл картинаны «Жаңа Элоиза» шығармасында суреттейді: Парижде адамдар «танымастай өзгерген, қоғам оларға өз мәндеріне сай келмейтін мәндік сипат дарытқан». Ол барлық әлеуметтік шарттылықтан, көлгірсіген ақылдықтан табиғилыққа, шын сезімге, мәдениеттен табиғатқа «түп бастауларға» қайтып оралуға шақырады. Р. – мұраты өткеннің басты сипаттарын , «табиғи қалыпты» қайта жаңғыртатын болашақ: онда адамдарыдың мүліктері ортақ, тең болады, саяси сала жойылады. Адамдар еркін өмір сүреді, заңдастырылған жеке меншік болмайды, олар бір-біріне тәуелді емес, тек «еркін одақтарға» бірігеді. Мораль қалыптасқанға дейінгі жабайылар осылай өмір сүрген, оларды әлеуметтік өмір бұзбаған. Р. өткенді қайта жаңғырту адам бақытына кепілдік бере алатын мәдениетті табиғаттандыруда деп санайды.



Рух. Қоғамның рухани саласы – ең күрделі, сонымен қатар, бір қарағанда байқалмайтын құбылыс. Біз желдің бар екенін білеміз. Бірақ, ол көзге көрінбейді. Сол сияқты жалпы Р-ты ешкім ешқашанда көрген жоқ. Бірақ, оның бар екеніне ешкім күмәндәнбайды. Егер «Р.» деген ұғымның шыққан тегін қарасақ, онда грек тілінде ол «пневма» – яғни, ауа, тыныс, үрлеу – деген сөздерге жақын, латын тіліндегі «спиритус» – көрінбейтін, жеңіл, тыныс деген сөздерге жақын мағына береді, ал орыстың «дух» деген сөзінің төркіні «дуновение», «дыхание», – деген сөздерге жақын. Дүниеге ең жалпы түрде қарағанда біз материя мен Р-ты ғана табамыз. Олар бір-біріне контрарлы, қарсы, сонымен бірге, бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Ал осы екеуінің қайсысы дүниенің негізінде жатыр деген сұрақ – әрқашанда ашық, жоғарыда көрсеткеніміздей, оған ойшылдар әр-түрлі жауап береді. Болашақта да бұл сұрақ ашық болып қала бермек, өйткені, болмыстың шегіне жеткен негіздерін ашсақ, онда біз құдайлық дәрежеге көтерілген болар едік. Алайда, адам Құдай емес, ол кеңістік пен уақытта шектелген пенде, ал дүние – шексіз. Сондықтан да көп жағдайда қарапайым адамдар Р-ты дінмен ұштастырып, оның түп-тамырын Құдайдың күш-құдіретімен байланыстырады. Әрине, бұл ғылыми талдауды талап етпейді, оған тек сену керек. Сондықтан да, бүгінгі адамзат қандай білім мен техниканың биік дәрәжесінде болғанымен, миллиардтаған адамдар Құдайға сенеді. Бұл сенім оларға күш-қуат беріп, дұниедегі қиындықтарға тойтарыс беруге көмектеседі. Құдайдан адамды өзіне тартып алу үшін, Мефистофель (зұлымдықтың символы) адамға «сен маған жан-дүниеңді берсең, мен саған мәңгілік өмір, өлместік берер едім», – депті, дейді Гете өзінің әйгілі шығармасында. Мұндай жағдайда, әрине, адам дене ретінде сақталғанмен, өзінің нағыз адами өзегінен айырылып, зұлым пендеге айналар еді. Алайда, бүгінгі адамды көп жағдайда діни көзқарас қанағаттындыра алмайды. Егер Құдай идеясын жақшаның ішіне алсақ, онды біз бәрібір Р-ты табамыз. Ол – адам. Оның ішкі шаттық пен қасіретке, үрей мен қиялға, махаббат пен риясыздыққа т.с.с. толы өмірі бар. Енді осы адами тұрғыдан Р-ты талдап көрейік.
Адамның денесі болғанымен, ол ең алдымен – Р. Өткен замандағы және қазіргі ойшылдардың бәрі де адамның рухани пәнде екенін қажымай айтып келеді. Кең түрде алғанда, Р. деп біз адамның психикалық өмірінің ең биік, санамен байланысты оны жетілдіруге, кемеліне келуге итермелейтін, дүние мен қоғамды бірлікке, үндестікке шақырып, осы жолда оны өзгертуге бағытталған көріністерін айтамыз. Р-тың қайнар көзі материалдық дүниенің терең қабаттарына кетеді. Ол заттардың біртұтастығын және бір-бірімен байланыстарын қамтамасыз етіп, оларды жетілуге итермелейтін күш. Уақытында П. де Шарден айтқандай, оны біз молекуланың өз ішкі тартуынан ақ байқауымызға болады. Оны Платон «морфе» (заттың болмыс формасы), Аристотель қайсыбір дененің «энтелехиясы» ( оның болмысын анықтайтын ішкі мақсат-мұраты), В.Г. Лейбниц «монада» (көзге көрінбейтін рухани күш), – деп атап кеткен болатын. Егер өлі және тірі табиғатта оның осы ішкі күштері денесінен бөлінбей өмір сүрсе, адам дүниеге келіп, абстрактылық ойлау мүмкіндіктері пайда болысымен-ақ, олар оның санасында бейнеленіп, неше-түрлі категориялар, принциптер, нормалар, идеялар т.с.с. құндылықтарды тудырады. Сонымен, адам – дене және Р. Денесіз рух, рухсыз – дене жоқ. Дүниенің қызығына салынып, Р-ты аяққа басып, я болмаса, Р-ты биік ұстап, дене қажеттіктерімен санаспауға тағы да болмайды. Р-тың негізгі мақсаты – дүниенің бірлігін, үндестігін қамтамасыз ету, оны жетілдіру болғанымен, шынайы өмірде біз бұрмаланған, қирату, бөлу, қарсы қойу, жоюға бағытталған Р-ты да байқауымызға болады. Оны халық «зұлым Р.» – дейді. Руханияттыққа келер болсақ, ол өмірді толыққанды безендіру, материя мен Р-ты бір-біріне қарсы қоймай, бірге жетілдіру, үндестікке жеткізу, адам өмірінің жан-жақтылығын, мейлінше бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет