Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. Алматы: Бастау, 2008



бет211/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   267
Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. Алматы: Бастау, 2008

Рухани бастаулар а) адам болмысының табиғаты мен оның тұтастығынан, адам дүниесінің тұрлаулы байлығынан, адамның тұрмыс-салттағы болмысының ережелерінен туындайтын төл құндылықтар; ә) адамды Құдайға жақындату, Жаратқан сый еткен байлықты адамзаттың берекесін келтіруге, мәртебесін көтеруге жарату жолдары; б) әрі-сәріден түңілдіретін ауызбірлік пен өзара ықпалдастықта. Р. б. – адамгершіліктің тұнығында, адамзаттың бітімінде, әлемнің руханият тұрпатында, құдіретке құлшылық етуде. Р-лықтың мұндай шоқтығында шындық пен шымырлық, тазалық пен табандылық, жақсылық пен жарасымдылық астасады; өмірлік кеңістіктің кеңдігі мен үдемелі талпыныстың теңдігі тұрақты ұстанымға айналады; сезім мен сенімнің тереңдігі біртұтастық пен серіктестіктен демеушілік табады; еркіндік пен жігерлілік тұлғалықтың тұрақты табандылығын құрайды.
Р. б-да: а) көзбен көретін бейнелік және ұйып тартатын ұғымдық ағымдар тоғысты; ә) адамның жасампаз күшінің қайнар көзі ашылды, индивидтің тұлғалық бейнесі жасалынды; б) ішкі және сыртқы агрессияшыл пиғылдың өрісі тарылды; в) өткеннің азғындығын тоқтатуға болады деген сенім мен болжам жалпы ұғым мен қағидаятқа айналды. Бейне, ұғым, тіл, мәтіндегі басым да бағдарлы қатынастар үйлестігі, әрі дүниетанымдық маңызы айқын ұстанымдар Р-лықтың негізі мен құндылығын қалыптастырды. Бағдарлы ұстаным деп отырғанымыз: психикалық қызметтің түрлерін – түйсіктің, қабылдаудың, көңіл назардың, естің, түсініктің, ойланудың, қиял-арманның байланыстарын реттеу; қобалжу мен қуаныш барысында адам болмысындағы құдіреттікті іздеу; әлем мен адамның руханият тұрпатын толықтыру; басқа рухани перспективаларды ескеру. Іргелі ұстанымда – бастама мен бағыт түптес, руханилық шептес. Жаңа қағиданың қуаты – өзара түсіністік пен құрметтеушілікте. Ізгі бастаулар адамдар арасындағы тұтастық пен бірлікті дамытуға ыңғайлы, ықпалды. Тең тұрмыс, әділ әрекет халықтардың өзара ықпалдастығын арттыратын, асқақтататын жетістікті қомақтады. Р. байлықты қоғамдық болмыстан, қарым-қатынастан бөле-жара қарауға болмайтынын ұғынушылық нығайды. Өмірдегі құдіреттілікті іздеу дегеніміз діни төзімсіздікке ұрынбау, әділетсіздікке көнбеу, күш көрсетуге немесе өзінше азып-тозуға берілмеу. Өркениет салтанатын құру – бүгінгі ұрпақтардың, ұлттардың ұлағатты ісі. Ол санадағы салтанаттан, өзара түсініктен басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет