Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; ҚҰЭ. Т. 1., 273 б.
Алтынсарин Ыбырай(1841–1889) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай. Ол ерте оқып, ерте есейген. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857–1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді. Ы-дың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ол кезде Ы. бар болғаны 23 жаста еді. Ы. инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ы. мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ы-дың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды. Ы. оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке – тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.
АЛХИМИЯ (лат. alchemia < араб. ﺍﻟﮐﯾﻣﯿﺔ), шын мәнінде табиғатта кездеспейтін ерекше зат – «философиялық тас» арқылы жай металдардың қасиетін өзгертіп, оларды құнды (асыл) металдарға айналдыру мақсатын көздеген орта ғасырдағы ізденістерді білдіретін ұғым. А-шылдар еңбектері нәтежиесінде көптеген маңызды заттар (қышқылдар, тұздар, сілтілер, т.б. элементтер) алу әдістері табылды. А. 1000 жылдан астам (IV-XVI ғғ.) өмір сүрді. Ол орта ғасырдағы діни-мистикалық және дүниетанымдық, натурфилософиялық та ілім болды. А. ілімі «философиялық тасты» тауып, оның қасиетін пайдаланса, ол жай металдарды алтын және күміске айналдырып қана қоймай, адамды жастық шаққа қайта оралта алады деп тұжырымдайды. А-шылдар жер бетіндегі құбылыстарды, жанды, жансыз тіршілікті, табиғат пен қоғамды, адам өмірі мен заттар тіршілігін тұтас алып қарастыруды, зерттеп тануды жақтады. Олардың көпшілігі мұсылман дініндегі сопылық ағымның өкілдері болды. Сопылар көзқарасы бойынша адамдардың толық жетілмеуі – олардың өз мәнін түсінбейтіндігінде. «Философиялық тасты» табу құралы әр адамның өзінде. Араб тілінде «тас, зат» немесе тағы да «аз-зат» – «күн сәулесі» деген ұғымды білдіреді. Ал «зат» (мән) «амалдан» өзге үш элементтен тұрады. Атап айтқанда, күкірттен (жан), сынаптан (мән), тұздан (тән). ықтың байланыс жайлы қарапайым тұрғыда пікір білдірді. Ағылшын ғалымы Р.Бойль (1661ж) А-ға қағидаларына қарсы шығып, химияны ғылыми жолға қоюға тырысты. Ол химиялық элементке алғаш дұрыс анықтама берді. Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Философиялық антропология. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Аударма, 2006; ҚҰЭ. Т.1. – 322 б.; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 27.