Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


(грек. amphі – екі жағынан, лат. valentіa – күш



бет25/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

АМБИВАЛЕНТТІЛІК (грек. amphі – екі жағынан, лат. valentіa – күш) – бойында қарама-қарсы сезімдер (қуаныш қайғы, махаббат жеккөру т.б.) туғызатын жағдайды білдіретін психологиялық ұғым. А. адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасының күрделілігін, екіұштылығын және құндылықтар жүйесінің қайшылығын білдіреді. А. терминнін алғаш швейцарлық психолог Э.Блейлеф ұсынған. К.Юнг оны мәдениеттануда қолдана бастады. К. Юнгтің ұжымдық бейсаналық ілімінде архетиптік сананың мазмұнына екіұштылық тән, себебі тұрақты ескі сананың бейнелері жаңа мазмұн динамикасының салдарынан адамның тылсым дүниесіне ығыстырылады, бірақ ол күнделікті өмірде жоғалып кеткен жоқ, тылсым дүниеден бастау алатын А. көріністеріне әкеледі. М.Бахтиннің мәдениеттану теориясында А. орта ғасырлар мен Қайта Өркендеудің күлкі-әзіл мәдениетіне тән көркем бейнелерде байқалады. А. бұл жағдайда ортағасыр адамына тән дене мен рухтың дуализмінен туындайды және жеке тұлғаның тіршілігіндегі циклдік өзгерістерге (ескі жаңа, туу өлім, жас кәрі т.б.) қатысты байқалып отырады. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіне де А-тік көріністер тән: көшпелі тынымсыз қозғалыс және әлеуметтік тұрақтылық, мұсылманшылық және тәңіршілік, күнделікті тіршілік және сауық мәдениеті, еркіндік және қауымдастық т.б.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

Анаксагор (ναξαγόρας) Клазомендік, (шамамен б.д.д. 500 – 428 жж.), ежелгі грек философы, математик, астроном, афиналық философиялық мектептің негізін қалаушы. 30 жылдардың соңында құдайсыздығы үшін куғындалған, өмірінің соңын Ламсакта өткізген. А. шығармаларынан 20 үзінді сақталған.
А. көзқарасы милет мектебінің және Парменидтің болмыс туралы ілімінің әсерінен қалыптасты. А. әлемнің мәңгі элементтері, «тұқымдар» (немесе «гомеомериялар») туралы ілімді таратты. Әлем алғашында сансыз көп ұсақ сезіммен қабылданбайтын бөлшектер, «тұқымдардан» тұратын қозғалыссыз формасыз қоспа ретінде суреттеледі. Белгілі бір уаққыта, кеңістіктің бір бөлігінде бұл қоспа сыртқы күш Ақылдың (νος, ум (нус) әсерінен тез айнала бастады. (Бұл концепция кейіннен Аристотельдің «мәңгі алғашқы қозғаушы күш», Жаңа дәуірдегі «алғашқы күш» идеяларының негізін құрады.) Кейін ол баяулап, аспан денелерінің тізбегін құрайды. Айналу жылдамдығының әсерінен қараңғы, суық және ылғал ауа ашық, ыстық және құрғақ эфирден арылады. Қозғалыстағы тұқымдар өзінен айрықша нәрселерден бөлініп, өзіне ұқсастармен қабаттасады, сөйтіп бірқалыпты заттардың массасы пайда болады. Бірақ ол массалардың тұтастай ажырап кетуі мүмкін емес, өйткені «әрқайсысында біртұтастықтың бөлігі бар», әр зат өзінде не нәрсе көбірек болса, соны білдіреді. Осы өзгерістер кезінде кез келген заттың жалпы саны өзгермейді, өйткені «ешнәрсе пайда болмайды және жоғалмайды, бар заттармен бірігеді және олардан бөлініп шығады. Бұл принциптер бір түрлі заттардың тұқымдарына ғана емес (перипатетикалық мектепте «гомеомериялар» деп аталған), жылы мен суық, ақ пен қара, кұрғақ пен ылғал, сұйық пен қою сияқты қарама-қарсылықтарға да қатысты. А. концепциясының тағы бір ерекшелігі: бос қуыстықты теріске шығару, заттың шексіз бөлшектенуін мойындауы, үлкен мен кішкененің салыстырмалылығын бекітуі, шексіз кішкене физикалық өлшемдер идеясы. А. күн мен айдың тұтылуына бірінше рет дұрыс түсініктеме берген ғалым.
Әдебиеттер: Рожанский И. Д. Анаксагор. М: Мысль, 1983; Фрагменты ранних греческих философов. Часть 1: От эпических космогоний до возникновения атомистики. Изд. А. В. Лебедев. М.: Наука, 1989.

Анаксимандр Милеттік (Άναξίμανδρος, шамамен б.д.д. 610 – 547/540 жж.) – ежелгі грек жаратылыстанушысы, милеттік мектептің екінші өкілі, географ және натурфилософ, доксографтар бойынша, Фалестің «шәкірті», «туысы», «жолдасы». 547/546 ж. Прозаикалық «Табиғат туралы» трактатын жарыққа шығарған. Оның негізгі мазмұны космогония, космография, метеорологиялық феномендердің этиологиясы. Трактаттың бір ғана үзіндісі сақталған, онда космостың пайда болуынан бастап, тірі жаратылыстардың және адамнің пайда болуына дейін сипатталған. Әлем олимпиялық құдайлардың қатысынсыз, өздігінен дамиды. Барлық заттың негізі бір нәрсе ғана емес, ол шексіз бастаудан (апейрон) тұрады, оған үздіксіз қозғалыс тән. Апейрон құйын тәріздес процестің нәтижесінде ыстық пен суықтың, ылғал мен құрғақтың, т.б. физикалық қарама-қарсылығына айналады, олардың өзара әсерлесуі шар тәрізді космосты тудырады, космостың ортасында қатты және суық бөлшектерден пайда болған цилиндр түріндегі Жер тұр, ал жеңіл және ыстық бөлшектерден аспан мен жұлдыздар пайда болған.
А. әлемді тірі жаратылысқа теңейді. Ол қартаймайтын уақытқа қарағанда, пайда болады, өседі, қартайады, өледі, содан соң қайта пайда болады. Яғни, әлем мәңгі емес, ол жоғалады, оның орнына апейроннан басқа әлем пайда болып отырады. Алғашқы бастаулардың тіршілік ету күйлері туралы айта келіп, А. материалды күйлердің паритеті туралы идеяны ұсынды. Ылғалды кебеді, құрғақ ылғалданады және т.б. Қарама-қарсы күйлер ортақ негізге ие, олар ортақ бірлікке шоғырланады, содан бөлініп шығады. Бұл принцип Гераклиттің «қарама қарсылықтардың бірлігі мен күресі» ілімінің тууына жол ашты.
Әдебиеттер: Лосев А. Ф., История античной эстетики, Ранняя классика, М., Ладомир, 1994, с. 312–317; Лебедев А. В.TO APEIRON:не Анаксимандр, а Платон и Аристотель//Вестник древней истории.1978.№ 1-2.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет