Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет245/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   267


ТҮРКІ ФИЛОСОФИЯСЫ – әлем өркениетінің озық тәсілдеріне сүйенген, түркілік дәстүрлі дүниетанымды жаңаша зерделеуге талпынған герменевтикалық философия.Егер батыс классикалық философиясы әр философтың жеке дүниетанымына байланысты жаңа рухани кеңістік ашып, осы кеңістіктер кезегімен бір-бірін жойып отырса, Т. ф-сы дәстүрлі түсініктер мен тұлғаларға жаңа нәр беріп, жаңа сұхбатқа шақырады. Т. ф-ның міндеті бұрынғы кеңістіктерді жою емес, қайтадан ашу. Т. ф-сының мазмұндық болмысы – ақиқат іздеу, білім мен таным мәселелерінен гөрі белгілі құндылықтар жүйесін зерделеуге бейім. Демек, Т. ф-нда таза ф-тан гөрі біз және өзгелер пайымына негізделген идеологиялық ұстаным басым. Т. ф. дәстүрінің тарихына үңілсек, ой машығының дамуының алғашқы кезеңі көне Түркі, Шығыс өркениетіне қатысты, екінші кезеңі исламдық Шығыс өркениетіне, үшінші кезеңі қазіргі Батыс өркениетіне байланысты. Алғашқы түріктер, Ашина түріктері, Алтай тауларынан көшіп, тарала қоныстанғанымен Шығыстық ой дәстүрін сақтады. Т. ф-сының екінші кезеңі исламдық Шығыс өркениетіне байланысты. Бұл белгілі. Бірақ Шығыс өркениеті тек ислам мәдениетімен шектелмейді. Егер жоғарыда айтылған жағдайлардың бәрін пайымдауға көшсек, түркілер үш өркениеттік кезеңде басқа өркениет иелерімен тең дәрежелі ғұмыр кешкенін көреміз. Бұл түркілердің өркениет үстіндегі өркениет екенінің дәлелі. Бар жұмбақтың шешуі түркілердің көшпенділік табиғатында жатыр. Көшпенділер бір шеңберде тұрмайды. Еуропалық танымдық білімнің ерекшелігі, ол зейініне түскен затты қабылдаумен шектелмей, оған әртүрлі қатынас жасап, мазмұнын өзгертіп жібереді. Сондықтан еуропалық эллинистік мәдениетінен құралған танымның құралы кітап, ал түркілік иероглифтік зерденің құралы – таңба. Егер әріптер бір-біріне қосып оқығанды қажет етсе, таңба – жалқы және ерекше. Тілін білмеген адам таңбаны оқи алмайды. Осыдан таңбалы мәдениеттің құпиялылығы туындайды. Осы құпиялылық, белгілі білімді сыртқа шашпай, іште сақтап қалу әдеті түркі ұлтының менталдық ерекшелігін қалыптастырған. Түркі сөйлегенде мақалдап, жұмбақтап сөйлейді. Мақалдап сөйлейтіні, ол өзін алдын ала ақтап алады. Себебі мақал әрқашанда дәстүрдің беделіне сүйенеді. Ал түркінің жұмбақтайтыны, бұл тәсіл арқылы ол ашықтан-ашық жатқан дүниені құпиялылықпен бүркеп, тағы да дәстүр аясына кіргізеді. Сонымен, мақал мен жұмбақ дәстүрдің, дәстүрлеудің құралы, дәстүрдің ауызша кітабы мен философиясы. Біздің осы ойымызды «Тәңірі – таңу – таңба» үштігінен құрылған сөзтізбегі де растайды. Тәңірі түркі санасын менталдық ерекшелікке таңушы, осы ерекшелік белгісімен бүкіл дүниені таңбалаушы. Сондықтан ол жәй Тәңірі емес «түркі Тәңірісі» деп аталады. Орхон ескерткіштерінде түркі қағаны былай дейді: «Түркі ұлты жоқ болмасын деп Түркі Тәңірісі менің ата-бабаларымды және мені жіберді. Мен қаған болғаннан кейін күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым. Түркі ұлты аш еді, тойындырдым, жалаңаш еді, киіндірдім, кедей еді, бай қылдым.»Түркілер де қағанынан айырылған сәттерде: «Дәулетті ұлт едім. Дәулетім, қуатым қане? Қағаны бар ұлт едім, қағаным қане? Қай қағанға жұмысымды, шаруамды сеніп, тапсырамының деп қайғыратын. Ұлт пен қаған арасындағы қатынастың қаншалықты сенімді екені осы сөйлемдерден түсінікті болса керек. Міне, ежелгі түркілерде отансүйгіштік сезімі осыншама биік деңгейде болатын. Ешқандай түрік өз елі, яғни, ұлты үшін өмірін және сүйікті нәрселерін пида етуден тартынбайтын. «Өйткені ил (ел) Көктәңірінің жер бетіндегі көлеңкесі болатын. Көктәңірі түркілердің пікірінше өте қасиетті болатын. Махаббат түнінде жер бетіне түсіп, бір бойдақ қызды, немесе, ағашты жүкті етіп, осы құтты-берекелі елдің өрбуіне себеп болыптың. Біздің бұдан байқайтынымыз ежелгі түркілерде жарату идеясынан гөрі тұқым өрбіту идесы басым болған. Түркілік құдай сондықтан ғана түрік Тәңірісі деп аталады. Біз бұдан түріктердегі құдай түсінігі тотемизмнен дамығанын байқаймыз. Себебі бұрын түріктер өздерін бірде Көк бөріден, бірде Бөрі-анадан өрбіткен. Оғыз-намеде Көк бөрі Оғыз қағанның қолын бастаушы. Осы мысалдардың бәрінде Көк бөрі адамзат пен Көкті, космосты біріктіруші киелі ата, тотем. Өсе келе түркілер жабайы тотемистік көзқарастардан бас тартып, абстракты құдай ұғымына дейін көтерілген. Осының нақты дәлелі ретінде «Иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар» деген қазақтың мақалын келтіруге болады. Мұнда ит адамнан қорықса, бөрі Тәңіріден именеді. Тәңірі барлық дүниені ымыраға келтіруші, хұзырында ұстаушы орасан кең ауқымдағы құдырет. Тәңірлік ұстанымы бұзылған қатерлі замандарда түркі азаматтары жағдайды түзетіп, қалпына келтіру керек. «Өлімнен намыс күшті» – бұл түркі жауынгерлерінің бұлжымас қағидасы. Түркілерде намыс ұғымы ажал ұғымынан басым болған. Бұл тұжырымды растайтын мысалды жыраулар поэзиясынан да келтіруге болады.»Жалаңаш барып, жауға ти, Тәңірі өзі біледі, Ажалымыз, Қайдан-ды...». Бұл жолдар «Күлтегін» ескерткішіндегі «Уақытты Тәңірі жасар, Адам баласы бәрі өлгелі туған» деген мізбақпас ой нұсқасымен керемет сәйкестікте.Егер Т. ф-ның стилистикасы мен эстетикасына көшсек, бұл құбылыс таңбалық мәдениетке жататын болғасын, онда ішкі монологтан сыртқы таңба, автордан – өнер туындысы басым. Мыс., Йоллығтегіннің жазулары кейіпкерлерінің атында, Қорқыт – Қорқыт туралы аңыз арқылы әйгіленеді. Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк туралы жазулар түркі мәдениетінің дәуірлеу шағында жасалған империялық мәдениеттің нұсқасы. Сондықтан мұнда халықшылдықтан гөрі дегдарлық, жыраулық, эпостық поэзиядан гөрі тарихи хроника басым. Шынында да бұл жазулар ауыз әдебиеті туындысы емес, таста қашалып, буындық сынтас әрібімен жазылған. Ал таста қашалған әріптер Хаммурапи заманынан бері империялық мәдениеттің белгісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет