Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет246/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   267



ТІЛ – таным мен коммуникация мақсаттары үшін қолданылатын таңбалық жүйе.ХІХ ғ-дың 60-70 ж-да иелдік тілтанушы Д. Уитни тілді ерікті және шартты белгілердің жүйесі деп тұжырымдайды. Т. – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі. Адамзат Т. арқылы табиғаттағы барлық заттар мен құбылыстарға атау береді. Ұлттық таным мен ұлт тілінің бірлігі, байланысы осы арада тоғысады. Әрбір ұлт өкілдерінің парасат-пайымы, білім деңгейі, көзқарасы мен менталитеті, өзіндік дүниетанымы, болмысты тануы, игеруі тілде бейнеленеді, тілде сақталады. Ата-бабадан мирасқа қалған ана тілі – адамдар арасындағы қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар көнеден келе жатқан тарихи танымды жеткізуші қызметін де атқарады. Адамзаттың табиғатты танудан түйсінгендері негізінде жеке адамның түсінігі қалыптасады. Егер халықтық дүниетаным Т. арқылы жетпесе, қоғам да, мәдениет те дамымаған болар еді. Демек, тілдің дамуы қоғамдық өмірмен, мәдени дамумен тығыз байланысты. Тілдік таңбаның ұғымды таңбалауы мен оның болмысқа қатынасы өте күрделі. Т. мен ойлаудың арасы, болмыс пен атаудың байланысы туралы мәселе ертеден-ақ ғалымдардың назарын аударған. Ежелгі философтар еңбектерінде тілге көп көңіл бөлінген. Осыған сәйкес номинация теориясының зерттеле бастауының да терең тарихы бар. Платон, Сократ, Аристотель, әл-Фарабидің ғыл. трактаттарында сөз жүйесі жайында жазылған толғамды ой-тұжырымдар молынан кездеседі. Тілсіз рухани мәдениет те биікке жете алмайды, халықтың рухани күші – тілде. Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес. өйткені «өнер алды – тіл» (М. Қашқари), сөз атасын таныған қазақ халқы үшін («Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би») сөздің киесі, қасиеті де биік. Халық тілінің рухпен бірлігін тілдің ішкі табиғатын тану арқылы ғана түсінуге болады. Т. – заман ағымы негізінде түзілген таным, халықтың өмір сүру тәсілінің, әдет-ғұрпының, дәстүрінің, мінезінің, жалпы болмысының көрінісі. Білім шыңы – Т. десек, оның жасаушы иесі – халық. Т-дің дамуы адам баласының ішкі рухани қажеттілігін қанағаттандырудан туындайды. Бұл қажеттілік заттар мен құбылыстардың сандық, сапалық белгілері мен қимыл-қозғалысын, әрекеттің амалын, түр-түсін, мөлшерін, т.б. ерекшеліктерін атау, таңбалау негізінде болады. Адам түйсігінде танылған ұғымды белгілеу нәтижесінде сөз қалыптасып таңбаланса, сөз арқылы дүниетаным, ұлттық ойлау жүйесі көрінеді. Демек, дүниенің кілті – Т-де. Т-дің дамуы арқылы адам баласының дүниетанымы сатылы дамиды. Яғни, ата-баба білігі балаға Т. арқылы дарып, болмыстың қасиеті мен белгілері терең таныла түседі. Т-де ертедегі танымның ізі, ел жасаған парасат пен кісіліктің пайымы жатыр. Басты мақсат сөздегі ойды оқу, пайым тереңіне зерделеу мен дұрыс байлам жасай білуде. Т. – жалпы мәдениет пен адамзат дүниетанымының тұғыры. Болмысты тану арқылы жасалған ұғым Т-дік таңбаға айналғанда, мифосимволик. бейнелер жүйесі қалыптасады. Т. – «дыбыс-таңба» жүйесі ғана емес, тілдің сақталуы арқылы халықтың бүкіл ғұмырындағы таным-түсінігі ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Басқаша айтқанда, сөз жүйесі арқылы халықтың ойлау жүйесі, материалдық және рухани мәдениеті жетеді. Ғ. Мүсірепов «Т-ін білмеген түбін білмейді» дейді. Т. – танымның дамуына сәйкес жетіліп, өркендеп отыратын тарихи процесс. Т-дің дамуы адам түсінігінің артуымен байланысты, тіліміздегі туынды сөздердің молдығы – осы дамуды белгілеуден туындаған таңбалар. Сөз – болмыс туралы адам ұғымының баламасы, танымның эквиваленті. Сөзжасамдық процесс нәтижесінде жасалған туынды сөздер де – таным баламасы. Ойлау, тіл, қарым-қатынас – Т-дің өмір сүруінің негізі. Болмысты тек ойлау арқылы тану мүмкін емес, Т. – ойдың ең басты қаруы. Адам баласының табиғаттағы заттар мен құбылыстарды тануы тек Т. арқылы ғана жүзеге асады. Т. мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының ойлау жүйесінің өресі тілдің оралымдылығымен, бейнелілігімен астасып жатады. Бұл туралы ХІ ғ-да шығыс ойшылы Ж. Баласағұн «Сөз – ойдың көрінісі» деп жазған болатын. Адам қоршаған ортаны танып-біліп, алған білігін, таныған ұғымын сөзбен таңбалайды, атау туындатады. Сөздің жасалу жүйесі мен атау ретінде қалыптасуы күрделі де ұзақ процесс. Табиғат болмысының адам санасындағы бейнесін таңбалау мүмкіндігі негізінде атау жасалады, сөйтіп танылған зат не құбылыс туралы хабар жеткізу, жадта белгілеу қажеттігі орындалады. Т. – шындық өмірдегі зат пен құбылыстың адам санасында бейнеленген таңбасы, осы таңбаның тілдік жүйеде анықталып, атау ретінде қалыптасқан мағыналық түрі. Атау арқылы әлем бейнесі тілде таңбаланады. Әлем бейнесінің белгісі, қасиеті, қимыл-қозғалысы, әрекеті, сапасы мен мөлшері, жағдайы, көлемі, т.б. көрініс табады. Т. адам танымының бейнелеуіш қызметінің нәтижелерін де таңбалайды. Адамзаттың әлем бейнесі белгілері мен қасиеттерін тануы бірте-бірте болатын күрделі құбылыс. Осы тұста зат не құбылыстың түрлі ерекше белгілері танылып, түрлі мағыналы атаулар жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет