Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет78/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   267
ГЕДОНИЗМ (грек. hedone көңілділік, рахаттану) Кирен философиялық мектебі (б.з.д. ІV ғ.) мен Эпикурдың (б.з.д. 341-270) дамытқан этикалық ілімі. Г. эвдемонизмнің бір тармағына жатады және ләззат алуды (негізінен сезімдік) тіршіліктің бастауы мен өмір мағынасы деп жариялайды. Жақсы игілік рахаттануға жеткізеді, жамандық қайғы-қасірет әкеледі. Г-нің салыстырмалы толық ілімін Сократ шәкірті Аристипп қалыптастырған. Эпикурейшілдікте Г. принципі сезімдік ләззаттардан рухтың тыныштығына (атараксия) және қасіреттен құтылу жолдарын іздеуге көбірек бағытталған. Қайта Өрлеу мәдениетінде Г-тік бастаулар адам құдіреттілігіне қатысты қарастырылады., Жаңа заманда моральдік Г. тұрғысынан пайымдаулармен философ-ағартушылар және жазушылар әуестенген (мыс., ХІХ ғ. ағылшын әдебиетінің классигі Оскар Уайльдтің «Дориан Грейдің портреті»). Қазіргі философиялық дәстүрде (Сантаяна, Дрейк) Г. индивидуализмді дәріптеумен байланысты.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

ГЕЛЬВЕЦИЙ Клод Андриан (31.1.1715, Франция, Париж – 26.12.1771, сонда) – француз философы. Гельвеций философиясына Локктың таным теориясы негіз болды. Гельвецийдың айтуы бойынша, дүние түйсік арқылы танылады. Ол есте сақтауды танымның екінші құралы деп санады, оған «ұзаққа созылатын, бірақ әлсіз түйсік» деп анықтама берді. Ойлауды түйсіктің араласу нәтижесі ретінде түсіндірді. Адамның ақыл-ойы, оның қабілетінің әртүрлі болуы тумысынан болады деген көзқарастың негізсіз екендігін дәлелдеуге талпынып, оның түрліше болуы қоғамдық тәртіпке, тәрбиеге байланысты; тек тәрбие арқылы адам қабілетті болады, адамның мінез-құлқын жөндеуді мемл. заңдарды өзгертуден бастау керек; адам – өзін қоршаған орта мен тәрбиенің нәтижесі деген қортындыға келген. Гельвеций – этикада ақылды эгоизм теориясының негізін салушы. Бұл теория бойынша, адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттері олардың жеке мүдделерімен айқындалады. 1758 ж. Гельвецийдың діни тәртіпке қарсы бағытталған «Ақыл жөнінде» деген кітабы шықты. Өкімет орындары бұл кітаптын таралуына тыйым салып, оны өртеп жіберді. Бұл кітаптағы ойын кеңейте түсіп ол «Адам жөнінде» деген атақты кітабың жазды. Бірақ бұл кітабы өзі дүние салған соң, 1773 ж. жарық көрді.
Әдебиет: Счастье. Поэма. М., 1936; О человеке, его умственных способностях и его воспитании. М. 1938.

ГЕНДЕРЛІК зерттеулер – қоғамдық құбылыстар мен өзгерістерді пайымдау үшін гендер деген әлеуметтік жыныс ілімінің танымдық мүмкіндіктерін пайдаланатын пәнаралық білім. Г.з. 1960 жылдардағы АҚШ феминизм қозғалысының қатты дамуына байланысты қолға алынған. Сондықтан алғашқы зерттеулер «әйелдік зерттеулер» (women’s studies) болған. Мұндай зерттеулердің кең тарағаны сонша енді еркектердің құқықтары мен ерекшеліктерін қорғау үшін «еркектік зерттеулер» (андрология) қажет болды. Сөйтіп, 70 жылдардан 80 жылдарға дейін зерттеу бағыттары күрт өзгерген.
Қазіргі кезде гендерлік зерттеулер әйелдер мен ерлердің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени мәртебесін, гендерлік рөлдері мен гендерлік қарым-қатынасын зерттеуді қамтиды. Қоғамдағы гендерлік қатынастарға ықпал ету жөніндегі саясатты, стратегиялар мен бағдармаларды әзірлеу мен жоспарлау үшін ақпарат беру.

ГЕНЕАЛОГИЯ – туысқандық қатынастарға негізделген, шыққан арғы тектен бастау алатын ұрпақтар сабақтастығын білдіретін ұғым. Г. жай хронология немесе ата-бабалар аттарының жалаң тізімі емес, ол нақтылы адамдардың тек өзінің жақын тегін біліп қана қоймай, сонымен бірге бүкіл этноспен табиғи байланысын және рухани тұтастығын сезінуге бағытталған. Г. тек адамдардың туысқандық-тектік бірлестіктерін ғана сипаттамайды. Мыс., тілдік байланыстарда «Г. ағашы» тәсілі қолданылып, тілдік шоғыр, топ, бөліктер айқындала алады. Айталық, қазақ тілі Алтай тіл шоғырындағы түрік тобы, қыпшақ бірлестігіне жатады. Г. принципі қазақтың дәстүрлі мәдениетінде кең қолданыс тапқан. Жеті аталық үрдіске негізделген туысқандық қатынастар бүкіл этносты біріктірген («қарға тамырлы қазақ»). Қазақ мәдениетіндегі Г-лық принцип әрбір адамды қауыммен тұтастырып тұрған әлеуметтік тетік қызметін атқарған. Г-ның қазақ өміріндегі нақтылы көрінісіне шежірешілдік жатады. Шежіре, әдетте, «Г. ағашы» принципі бойынша құрылып, онда бүкіл этностың арғы тектері анықталған. Орталық Азия халықтарының ең белгілі шежірелеріне жататындары: «Түрік шежіресі», «Моңғолдың құпия шежіресі», «Әбілғазы-Баһадүр-ханның шежіресі», Ұлықбектің «Сұлтандар шежіресі», Ш. Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» және т.б. Ислам діні қуат алғаннан кейінгі қазақ арасындағы шежірелерде арғы текті Адам атадан бастау да дәстүрге айналды. Сонымен қоса қазақ мәдениетінде субмәдениеттерге қатысты Г-лық құрылымдар да кездеседі: Үш жүздің шежіресі, қожаның шежіресі, төренің шежіресі, төлеңгіттің шежіресі, сунақтың шежіресі, ноғайдың шежіресі және т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет