Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет73/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   267
ВИРТУАЛДЫ шындық (лат. vіrtus ақиқат) компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік-уақыттық континуумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесі. В.ш. сөздің тар мағынасында «электронды көзәйнек» киіп алғаннан кейін пайда болатын ойындық немесе техникалық қажетті жасанды шындыққа жатады. Бұл жағдайда сана компьютер құрастырған мүмкін әлемге енеді, онда виртуалды түрде көріне, сезіне және әрекет ете алады. Сөздің кең мағынасында В.ш. – бұл сананың кез келген өзгертілген түрлері: жүйкелік шатасу, наркотиктік немесе шараптық мас болу, гипноздық қалып, наркоз, ұзақ уақыт тар кеңістікте қалған адамдардағы психикалық өзгерістер (түрмедегілер, су асты кемелеріндегі т.б.). «Виртуалды» (ақиқат) ұғымында парадокс бар: қарапайым сана оны «қиял, иллюзорлы, ойдан шығарылған» деп есептейді. Бұл парадокс шындықты бағалаудан да туындайды. Өйткені, ХХ ғ. философиясында реалдықты мойындауға қатысты материалистер мен идеалистер бөлінуі бұрмаланып жіберілді. «Қайсы бұрын болды?» деген сұрақтың орнына тіл мен шындықтың прагматикалық маңызын айқындау алдынғы қатарға шықты. «Шындық» сөзінің өзі тілдік формаға жатады. Сол себепті жасанды иллюзорлы шындық виртуалды деп аталады, ол басқа «шындықтардан» шынайы болып табылады. Бақытты және бақытсыз адамдардың шындығы әртүрлі. Еуропалық экзестенциалист әлемді шығыстық дзэндік уағызшыдан басқаша көреді. Сондықтан кез келген шындық виртуалды болып табылады.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007.

Витгенштейн Людвиг (1889 – 1951) – аналитикалық философияны жасаушылардың бірі, неопозитивизмнің негізін қалаған. Ол өзінің алғашқы шығармашылық кезеңдерінде логикалық талдауға ден қойып, тілдің логикалық, әмбебаптық белгілерін, оның ақпараттық-танымдық белгілерін кеңінен зерттеген. Осының айқын айғағы ретінде В-нің 1921 жылы жарық көрген «Логикалық-философиялық трактатын» айтуға болады. Осы шығармасында «әлем мен логиканың» салыстырмалы байланысын тіл мен таным арқылы шешуге ұмтылды. Нақты, дұрыс, анық сөйлемдер мен тілдің маңызы арқылы объективті дүниені тануға болатынын дәлелдеп, білім формасының жалпы негізін жасауға әрекеттенді. Бірақ қайшылықтар мен өзгерістерге толы өмір, әсіресе, адам тағдырының үнемі қылдың үстінде тұратыны В. сияқты ойшылды толғандырмай қойған жоқ. Ол осы тілдің өзі, таным мен логиканың процесі адамдардың шым-шытырық өмірінің формасымен, дүниедегі өзгерістермен тығыз байланысты екенін аңғарды. Сөйтіп, оның философиясы тіл мен сөйлемнің ішкі логикалық жүйесін талдаумен шектелген, әрбір айтылған пікір мен ойдың мәнін ашуға ұмтылды. 1953 жылы жарық көрген «Философиялық зерттеулері» осының айқын көрінісі. В. шығармашылығының осындай екі кезеңінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның бірінші кезеңі тілдің логикасы арқылы математика мен басқа да жаратылыстану салаларының үлкен қарқынмен дамуына жол ашты. Әсіресе лингвистика, психология мен семиотиканы, олардың логикасын, ішкі байланыстарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Батыс Еуропадағы ғылым мен техниканың өркендеуіне, олардың өзін-өзі тереңірек тануына Л. В-нің осы кезеңде зор үлес қосқаны даусыз. Ал екінші кезең алғашқының жалғасы ретінде дами келе оны көптеген жаңалық ашуға бастап әкелді. Ол, ең алдымен, қарапайым ақиқатты анықтауды қолға алды. Яғни тіл мен сөйлемнің ақпараттық-танымдық бейнесі арқылы адам көптеген мәселені шеше алмайды екен. Адам үшін ең басты, көкейтесті мәселе – оның өмірі, мақсаты, бақыты, борышы, тағдыры. Ал бұл мәселелер білімнің шекарасынан тыс жатыр. Оларды білімнің логикасымен түсіну, анықтау оңай емес. Ендеше оларды музыка, поэзия, дін мен философия арқылы өмір тәжірибесінің формалары ретінде ғана сипаттауға болады. Алғашқы кезеңнің өзінде-ақ неопозитивизмнің көш басшысы тіл мен танымның, сөз бен сөйлемнің мәселелерінің өте қиын процесс екендігін атап көрсетті. Қаптап жатқан шым-шытырық ұғымдар мен түсініктер адамға арналып жасалынып қойған, бірақ оны адастыратын қуыс-қуыс, ұшы-қиыры жоқ жолдар сияқты одан екінің бірі адасып, шыға алмайды. Өйткені осы жолдардың өне бойы толып жатқан белгілер, түсініксіз көрсеткіштер, бұралаң-бұралаң жолдар. Оның үстіне осы шым-шытырық жолдарда түрлі сөздермен, оның тізбектерімен белгіленген философиялық көмескі жарықтар, көлеңкелер, сансыз ұғымдардың «патшалықтарында» әр дәуірдің философтары тудырған елестер қуыс-қуыстарда, шығар тесік таппай адасып жүр. Философтың міндеті осы шытырманға толы қуыстардан адамдарға жол көрсетіп, аман-есен, адастырмай алып шығу. Ал ол үшін, ең алдымен, әрі дұрыс, әрі нақты әдіс қажет. Л. В. өзінің философиялық міндетін осы әдісті тудырудан бастады. «Менің барлық берерім әдіс, ал сіздерді жаңа бір ақиқатқа үйрету менің қолымнан келмейтін жүк» дейді ол. Сөйтіп философия жаңа әдіс ұсынды. Бірақ философия Л. В. үшін логикалық тұжырымдардың, дайын нәтижелер мен тәжірибелердің жиынтығы емес, керісінше, шығармашылықтың, іс-қимылдың негізі болатын. Философия теория емес, қызмет. Ол «Мәдениет пен құндылық» атты еңбегінде «Философияны шын мәнінде тек тудыруға болады» өз ойын ашық айтты. Ендеше, философия ғылымдардың, логикалық ойлардың жиынтығы ғана емес, ол өмір сүрудің формасы. Енді философия адамға, оның тағдыры мен тіршілігіне ерекше назар аудара бастады. Философия тек логикамен, таным процесімен ғана айналысып, әдіснама мен жалпы теория мәселелерінен әлемдегі болып жатқан жан түршігерлік процестерден тыс қала алмады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет